Ел іші

Биыл жаз қандай болады?

«Қазгидромет» РМК биылғы жазға маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Zamana.kz» ақпараттық порталы «Sputnik.kz» сайтына сілтеме жасап.

Биыл жазда құбылмалы ауа райы – нөсер жаңбыр, найзағай және жел, сондай-ақ ашық әрі ыстық күндер күтілуде.

Консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығысында нормаға жақын болады.

«Тамыз айы салқын болады деп күтілуде. Қазақстанның көптеген облысында температуралық фон климаттық норма шегінде болады. Елдің қиыр солтүстігінде ғана нормадан жоғары болжанып отыр», – дейді синоптиктер.

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз түседі. Тек республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал.

Ал шілде мен тамыз айларында, керісінше, елдің көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынды — климаттық нормаға жақын.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button