Ел іші

Бірқатар облыста ҰҚК басшылары ауысты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады.

Бұған дейін Алматы қаласы Ұлттық қауіпіздік комитеті департаментінің басшысы болып полковник Марат Ирменов тағайындалды. Ол бұған дейін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментін басқарған.

М. Ирменовтың орнына Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің басшысы болып Нұрлан Кәрібжанов тағайындалды. Н. Кәрібжанов жаңа қызметіне дейін ҰҚК-нің орталық аппаратында бөлім басшысы болған. Дегенмен Жамбыл облысы оған жат емес: ол 2011-2016 жылдары да бұл қызметті абыроймен атқарған.

Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің басшысы болып Алмас Наймантаев тағайындалды. Ол бұғанҰҚК-нің орталық аппаратында кадр департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

 «Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button