Ел іші

«Бір терезе қағидаты» жемісін бере бастады

Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары жыл басынан бері 1 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның ішінде 200 мың қызмет жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілген.

Сонымен бірге автокөлік иелеріне арналған 3 мамандандырылған ХҚКО-ғы мамандандарымен жыл басынан бері 273 мың автокөлік қайта тіркеуден өтсе, 70 мың жүргізуші куәлігі беріліпті.

«Бүгінде біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін барынша қолайлы жағдай жасаудамыз. Біз 10 айдың топ-5 мемлекеттік қызметтерінің рейтингін жасадық. Ең көп сұратылғын қызмет жеке куәлік пен паспорт, оны алу үшін 450 мынға жуық азамат жүгінген, одан кейін автокөлікті қайта тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтері мен ЭЦҚ алу және жүргізуші куәлігін беру қызметі», – дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков.

ХҚО бөлімдері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталған. Ал егер клиент қандай да бір себептермен орталыққа келе алмаса, онда қызметкерді үйіне шақыруына болады. Ол үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыру қажет. 2021 жылы мекеме қызметкерлері 1 мыңнан астам тұрғынның үйіне барып қызмет көрсеткен.

Жалпы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 690 мемлекеттік қызмет көрсетсе, электронды үкімет порталы арқылы 645 мемлекеттік қызмет онлайн форматта қолжетімді. Оларды «Egov» порталы, «Egov mobile» мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы өз бетінше алуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, үшінші мегаполисте 10 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Онда 600 қызметкер жұмыс істейді.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button