Ел іші

Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Zamana.kz» ақпараттық порталы «Stan.kz» сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше,  «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізілуде.

“2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай оның үйде ем қабылдап жатқанын хабарлаған болатын.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button