
Ақтауда жаңбырдан кейін асфальт жол опырылып түскен.
Оқиға 26 наурызда Ақтаудағы 21 ықшамаудандағы «Строитель» гараж-құрылыс кооперативінің жанында шиномонтаж қызметі жанында болған. Бұл туралы «Lada.kz» cайты жазды. Көп ұзамай осы жағдайға байланысты «Каспий жылу, су арнасы» директорының орынбасары Ислям Үсенов:
«Мекенжай бойынша кәріз коллекторының жарылып, асфальт опырылып түсті. Бүгінде периметр бойынша қоршаулар орнатылған», – деп түсінік берді.
Оның айтуынша, ешкім зардап шекпеген.
«Замана» -ақпарат.