Ел іші

Түркістанда 2,5 миллиард теңге ұрланған

Түркістан облысында қашықтықтан оқыту үшін ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 миллиард теңгеден аса қаржы жымқыру дерегі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті «МТ-Сервис» ЖШС басшысына және облыс әкімдігінің Адам әлеуетін дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

«Атап айтқанда, мемлекет «2020-2025 жылдарға арналған «Білім және ғылымды дамытудың» бағдарламасы аясында коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқушыларды қашықтан оқыту үшін ноутбуктер сатып алуға ақшалай қаражат бөлді. «МТ-Сервис» ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігінің «Адам әлеуетін дамыту басқармасы» ММ-мен 3,4 млрд теңгеден астам сомаға 21 мың дана ноутбук жеткізуге шарт жасасқан. Алайда 2,5 млрд теңгеден астам сомаға жеткізілген тауарлар тапсырыс берушінің техникалық сипаттамасына сәйкес келмеген», – дейді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта кәсіпорын директоры ұсталып, қамауға алынған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button