Бірінші байлық

Варикозға қарсы 5 рецепт

Қан тамырларының кеңеюі – варикоз қазір жасты да, кәріні де мазалайтын дерттің біріне айналып отыр. Одан айығудың медициналық тәсілдерінен бөлек, ауырсынуды азайтып, жазылуға көмектесетін дәрілік шөптер тұнбасы да бар. Қаласаңыз оны үйде өзіңіз әзірлей аласыз.

Каштан мен арақ

Каштан ағашының 3 ас қасық кептірілген гүлін 500 миллиграмм болатын бидай арағына 14 күн тұндырып қоясыз. Ара-арасында қозғап тұру керек. Осы тұнбаны 1 ай бойы 30-40 тамшыдан күніне 3 рет тамақтан 20 минут бұрын ішкен пайдалы.

Түйежапырақ тұнбасы

250 миллиграмм қайнаған суға түйежапырақ тамырының 1 ас қасығын қосып, баяу отта 10-15 минут қайнатыңыз. Суыған соң дәкемен сүзіп алып, күніне 1 ас қасықтан күніне 4 рет ішіп тұрыңыз.

Картоп пен бал

Қабығы аршылған 100 грамм картопты үккіштен өткізіп, 1 ас қасық балға араластырыңыз. Бұл қоймалжыңды салфеткаға тегістеп жағып, тамыр түйіндеріне басыңыз. Сыртынан орап тастау керек. Күніне 2 рет 2 сағаттан осылай етсеңіз, көп ұзамай пайдасын көресіз.

Мыңжапырақтың көмегі

Қан тамырларының кеңеюінде мыңжапырақтың да көмегі көп. Ол үшін 2 ас қасық кептірілген мыңжапырақ гүліне 250 миллиграмм қайнап тұрған су құйып, 30-40 минут тұндырып қойыңыз. Сүзіп алып, күніне 3 рет 2 ас қасықтан ішіп жүрсеңіз тамырлардың түйілуін реттеп, қан айналымын да жақсартады.

Балшықтан мазь жасаңыз

Таза, тереңірек жерден алынған балшықты күнге кептіріп, ағаш немесе эмаль ыдысқа салыңыз. Үстінен азырақ су құйып, жарты сағат қойып қойыңыз. Одан кейін араластырып, аяқтың ауырған жеріне жағып, сыртын орап тастасаңыз ол шаршағанды басады, тамырлардың түйілуін реттейді.

Жарас ҚАСЫМ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button