Бірінші байлық

Тамақ шаятын тұнбалар

Күзгі салқынмен бірге суық тигізіп алу қаупі де көбейе түседі. Осы кезде өршитін инфекциялық аурулар негізінен адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы түседі. Ертерек әрекет етсе, бастапқы кезде оны ерітінді және тұнбалар көмегімен шайып шығаруға болады. Тамақты шаюға арналған тұнбалар мынадай:

Фурацилин

Фурацилин дәрісінің 1-2 данасын бір стакан жылы суға ерітіңіз. Ол ауыз бен тамақтағы бактериялардың көбеюін тоқтата алады. Оның микробтарға және қабынуға қарсы қасиеті аурудың асқынуына жол бермейді. Тұмау кезінде, суық тигенде тамақты күніне 3 рет шайыңыз.

Теңіз тұзы ерітіндісі

Теңіз тұзы тамақ пен ауыз микрофлорасына пайдалы болатын түрлі минералдарға бай. Тұз бактерияларды өлтіріп, қабынуды басады. 1 шай қасық ас тұзын 1 стакан қайнаған жылы суда ерітіңіз. Осылай күніне 3-4 рет қайталаңыз.

Ас содасы

Тамағыңыз ауыра бастағанда, ас содасының ерітіндісімен шайған дұрыс. Бұл ерітінді микробтардың 70 пайызын өлтіріп, жаңа басталып келе жатқан тұмауды жеңе алады. Бастысы соданың судағы концентрациясы: 1 ас қасық ас содасын 1 стакан суда ерітіп, күніне 2-4 рет шайыңыз.

Қырмызы тұнбасы

Қырмызы (календула) тұнбасы тамақтың ауырғанын керемет кетіре алады. 4 ас қасық қырмызының кептірілген күлтелерін қайнап тұрған суға салыңыз. 15 минут өткеннен кейін, қажет болған жағдайда тұнбаны сұйылтып, ерітіндімен тамағыңызды күні бойы 3-4 рет шайыңыз.

Жалбыз тұнбасы

Емдік өсімдіктердің арасында жалбыз антисептикалық және бактерияға қарсы қасиетке ие. 1 ас қасық құрғақ шөпті 1 стакан ыстық суға салыңыз. 15 минуттан кейін шөпті алып, тағы да 1 стакан су қосыңыз. Осы ерітіндімен тамағыңызды күніне 2-4 рет шайыңыз.

Бұл бес амал да зиянсыз, тиімді, пайдалы. Ауыз қуысындағы инфекцияны бастапқы сатыда шайып жібере алады. Ал егер жағдай күрделі – дене қызуымен, қалтырай тоңумен қатар жүретін болса, онда дәрігер кеңесіне жүгіну керек.

Жарас ҚАСЫМ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button