Бірінші байлық

Ағзаны тазартуды талап ететін 9 белгі

Дәрігерлер анда-санда ішкі құрылысты тазалап тұрудың қажеттігін айтады. Адам ағзасы зәр шығару мен терлеу арқылы табиғи түрде уытты заттардан арылу процесін жүргізеді. Дегенмен онымен уытты заттар толық кете қоймайды. Олар әлі де болса ағзада қалып, ауруларға себеп болады. Ағзаны тазарту қажет екенін мына белгілерден байқауға болады:

Бас ауруы. Еш себепсіз жиі бас ауруы ағзаны тазарту керек екенін білдіреді.

Өт қабы проблемасы. Майы көп тамақты жегеннен кейін асқазан мен өт тұсында ауырлық сезімі білінсе, бұл сіздің ағзаңызда уытты заттардың мол деген сөз. Егер бұл жағдай жалғаса берсе, онда өтте тас түзіледі.

Энергия жетіспеуі. Тез әлсіреу, энергия жетіспеуі, жиі және еш себепсіз шаршау ағзане мейлінше тезірек тазарту керек екенін білдіреді. Бұл ретте сіз таң азаннан бастап, бойыңызды таза ұстауға үйретуіңіз қажет.

Мұрынның бітіп қалуы. Мұрынның бітіп қала беруі, содан тыныс алудың қиындауы да қауіпті токсиндердің симптомы.

Ағзаның қызынуы. Табанның қызып кетуі, дененің бірден қызып кетіп, өз-өзінен ыстықтау қан тамырлары қызметі мен ағза жұмысында кінәрат бар екенін айғақтайды. Бұдан ағзаңызды тазарту арқылы құтыла аласыз.

Тілдің сары немесе ақ болуы. Егер тіліңіз сары немесе ақ түске боялып, ауызыңыздан жағымсыз иіс шықса, онда мейлінше тезірек детоксикация жасау керек. Ағза тазаланғанда тілдің түсі әдеттегі қалыпты түске қайта оралады.

Белдегі май. Бел (мықын) аумағына май жиналуы да ағзада түрлі токсиндердің көп екенін білдіреді. Бұл ретте дұрыс диета сақтап, ағзадағы зат алмасуды жақсарту керек.

Тері проблемасы. Құрғақ тері, қышыну және бөрту белгілері байқалса, онда дәрігерге қаралу және ағзаны тазарту мәселесін ойлану керек. Бұл кезде химиялық қоспалары бар дәрілер мен кремдерді пайдаланбаған дұрыс.

Ұйқысыздық. Ұйқысыздық та ағза жұмысының дұрыс еместігін аңғартатын белгі.

Егер ағзаңызды табиғи жолмен таза ұстағыңыз келсе, онда міндетті түрде таңертең 15 минут жаттығу жасауға уақыт бөліңіз. Массаж алып, саунаға барып, фитобочкаға түсуге де болады. Табиғи шырындар ішу де ағзаның тазаруына мүмкіндік береді. Дегенмен мына амалдар жайлы да ойланып көріңіз:

  1. Күніне міндетті түрде 1,5-2 литр су ішу керек. Сонымен қатар көк шай, фито шайлар ішу (әсіресе майлы тамақ жегеннен кейін), жемістер мен көкөністерді жақсылап жуып жеуді әдетке айналдырғаныңыз жөн. Алайда қан қысымы төмен кісілерге көк шайды көп ішуге болмайды.
  2. Таңертең белсендірілген көмірді ашқарынға бір стакан газдалмаған минералды сумен бір аптадай ішіп жүріңіз. Оны әр 10 кило салмаққа 1 таблеткадан деп есептейсіз. Мысалы, салмағыңыз 50 кило болса, 5 таблетканы бірден ішесіз. Таңғы асты 1-2 сағаттан соң ғана ішуіңізге болады. Бұл күндері майлы тағамдардан бас тартқаныңыз абзал.
  3. Ұйқы алдында айран, қатық ішу. Оны диетологтар да мақұлдайды. Айран денесі ісініп кететін, сондай-ақ қан қысымы жоғары адамдарға да өте пайдалы.
  4. Хош иісті ванналар қабылдаңыз. Ол терідегі жиналған зиянды токсиндерді де шығарып, тазартады.
  5. Моншаға барыңыз. Ыстық булы моншада терлеу арқылы ағзаңыздағы зиянды нәрселерден (шлак, токсин) арыласыз.

Жарас ҚАСЫМ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button