Білгенге-маржан

Оразаның соңғы он күнінде не істеу керек?

Бүгін биылғы Рамазан айының соңғы онкүндігі басталды. Қасиетті айдың осы бір бөлігінде қандай ізгі амалдар жасау қажет?

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Бұл он күн – өзіңе есеп беретін, болашағыңа жоспар құратын мүмкіндік. Өткен-кеткен қателіктер көз алдыңнан өткенде Алладан кешірім тілейсің, жоспарыңды Аллаға айтып, көмек сұрайсың.

Былтырғы Рамазан мен биылғы Рамазанның қандай айырмашылығы болды? Алламен қарым-қатынаста, адамдармен қарым-қатынаста, мінез-құлықта қандай жетістіктерге жеттіңіз? Өзіңізге осындай сауал қоятын уақыт келді.

Рамазан айындағы соңғы он күн мұсылман қалағаны үшін емес, Алла ардақты еткені үшін ерекше. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазанның соңғы он күнінде құлшылықты көп ететін. Рамазанның соңғы он күні кіргенде түнді толығымен ғибадатқа арнайтын», – дейді.

Бас муфтидің айтуынша, рамазанның соңғы он күні барлық дұға-тілектер қабыл болатын уақыт болғандықтан, мына амалдарды жасаған жөн екен:

– Ізгі амалдар жасауға ниет ету;

– Құран кәрімді толық оқып шығу;

– Уақыттың көп бөлігін құлшылықпен өткізу;

– Мейлінше көп жақсылық жасау, садақаны көбейту;

– Күнделікті ізгі амалдардың санын арттыру.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button