Білгенге-маржан

Әлемдегі табысы ең көп спортшылар

Америкалық «Forbe»s басылымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі табысы ең көп спортшылар тізімін жариялады.

Табысы ең көп спортшы – жапон теннисшісі Наоми Осака болып шықты. Оның табысы – 57,3 миллион доллар. Бұл соманың 2,3 миллион доллары жарыстардан алған жүлдесі болса, қалған 55 миллион доллары спорттан тыс кірістен түскен.

Одан кейінгі орында 45,9 миллион доллар табыспен тізімде америкалық теннисші Серена Уильямс тұр. Ол жарыстарда 900 мың доллар жүлде алған, ал корттан тыс тапқан табысы – 45 миллион доллар.

Үшінші орында теннис жұлдызы атанған Винус Уильямс тұр. Оның кірісі 11,3 миллион доллар. Оның 300 мың доллары жарыстардан түскен, қалған 11 миллион доллары спорттан тыс табысы.

Үздік үштіктен кейінгі топ – 10 тізімі мынадай:

Симона Байлз (спорттық гимнастика) – 10,1 миллион доллар;

Гарбиньо Мугуруса (теннис) – 8,8 миллион доллар;

Ко Джин-янг (гольф) – 7,5 миллион доллар;

Пусарла Венката Синдху (бадминтон) – 7,2 миллион доллар;

Эшли Барти (теннис) – 6,9 миллион доллар;

Нелли Корда (гольф) – 5,9 миллион доллар;

Кэндис Паркер (баскетбол) – 5,7 миллион доллар.

Көріп тұрғанымыздай, спортшылар ішінде әзірге теннисшілердің табысы тәуір болып тұр.

Жарас ҚАСЫМ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button