Білгенге-маржан

20 жасыңызда не істедіңіз? 

«Бір Аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық», – деп Ыбырай Алтынсарин атамыз 20 жасында Торғай мектебіне өзі сұранып мұғалім болып барған.

Оған дейін ел ішінде мектеп пен онда алар білімнің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы 4 жыл өз үйінде оқытады.

Шоқан Уәлиханов 19 жасында «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты алғашқы ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін зерттей бастаған.

Міржақып Дулатұлы 20 жасында Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға араласып, патша үкіметіне қазақ халқының атынан петиция (латынша «petіtіo»  – өтініш – билік орындарына,  өкілдеріне қаратылған ұжымдық  өтініш) жазады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 20 жасында «Айқап» журналының жауапты хатшысы қызметіне орналасып, өзінің бірқатар әңгімелері мен мақалаларын сол журналда жүріп жаза бастайды.

Мұхтар Әуезов 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықтағы сахнаға қойылым қылып шығарады. Келесі жылы  Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.

Бауыржан Момышұлы 18 жасынан бастап газетке мақала шығарып, өлеңдер жазған. 20 жасында Жуалы аудандық ат­қару комитетінің жауапты хатшысы, аз уақытқа төрағасы да болған.

(Әлеуметтік желіден алынған).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button