Басқа БАҚ-тар не дейді?

Жансейіт Түймебаевтың ұлы бүлікшілер қолынан қаза тапты

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қайтыс болды.

Оның бүлікшілер қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат осыған дейін тараған болатын.  Бүгін университет басшысының баспасөз хатшысы Қаншайым Байдәулет бұл ақпаратты растады.

«Иә, қайтыс болғаны рас. Біраздан кейін істің мән-жайына қатысты толық ақпарат таратамыз», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілі. Сондай-ақ 5 қаңтарда Сәкен Битаев есімді азамат бұзақылардың қолынан қаза тапқан. Ол қазіргі кино саласында талантты әрі жас режиссер. Бұл туралы белгілі продюсер, телехикаялар түсірумен айналысатын Толқын Сейдоллақызы айтты.

«Сәкен – менің күйеу балам. Досы екеуі отырған көлікті бүлікшілер тартып алмақ болып шабуыл жасап, оқ жаудырған. Ол – кино саласында көп жылдан бері оператор, монтаж режиссері, дыбыс режиссері болып қызмет атқарған еді. Артында 76 жастағы анасы, жары, кішкентай екі қызы қалды. Өте ауыр қаза. Бір әулеттің қорғаны, асыраушысы, жалғыз ұлы дүниеден өтті», – деді продюсер.

«Іnbusiness.kz».

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button