Басқа БАҚ-тар не дейді?

Премьер-министр міндетін атқарушы Әлихан Смайылов туралы не білеміз?

Үкімет басшысының міндетін бұған дейін бірінші вице-премьер болған Әлихан Смайылов атқаратын болады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің міндетін Әлихан Смайыловқа жүктеді.

5 қаңтар күні таңертең мемлекет басшысы Асқар Мамин бастаған республиканың қазіргі үкіметін қызметінен босатты. Ол өз шешімін Ақордадағы кеңес барысында жариялады.

Үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Смайылов туралы не белгілі?

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.

Отбасы

Әлихан Смайылов үйленген, екі баласы бар.

Еңбек өтілі

«А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы (1993-1995);

Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы (1996-1998);

Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары (1998)

Президент әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор (1998-1999);

Статиститка агенттігінің төрағасы (1999-2003);

Сыртқы істер вице-министрі (02.2003-2003);

«Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы (2003-2006);

Қаржы вице-министрі (2006-2007);

«ҚазАгро» Ұлттық холдинг президенті (2007-2008);

Қаржы вице-министрі (2008-2009);

Статистика агенттігінің төрағасы (2009-2014);

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы (2014-2015);

Қазақстан президентінің көмекшісі (2015-2018);

Қаржы министрі (2018-2019).

2019 жылы 25 ақпанда президент жарлығымен премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда президент жарлығымен осы лауазымға қайта тағайындалды.

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап уақытша премьер-министр міндетін атқарады.

Марапаттары

«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдері.

«1 рангты кеңесші» дипломатиялық рангы бар.

«Sputnik.kz».

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button