Басқа БАҚ-тар не дейді?

Немістер тісін емдету үшін Қазақстанға келіп жатыр

Коронавирус пандемиясы аяқталысымен Қазақстан әлемдегі медициналық туризмнің орталығына айналған. Мамандар еліміздегі жеке клиникалар мен мемлекеттік емханаларда емделетін шетелдіктер саны артып келе жатқанын айтып отыр.

Алыс-жақын шет елдерден ем іздеп келгендердің басым бөлігі Алматыға тоқтайды.

Қазақстандағы шетелдіктердің басым бөлігі стоматологтардың, экстракорпоральды ұрықтандыру, ортопедия, нейро және кардиохирургия мамандарының қызметіне жүгінеді.

Туристердің Қазақстанда емделуін қамтамасыз ететін компания директоры Руслан Күшенчерековтің айтуынша, отандық клиникаларға қаралып жүрген шетелдіктердің үлесі бүгінде 15-17 пайызға жеткен.

«Бізге келетіндердің басым бөлігі көршілес Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Таяу Шығыс елдерінің азаматтары. Пандемияға дейін бізге Германия азаматтарының Қазақстандағы стоматологиялық турын бастаудың сәті түсті», — дейді Руслан Күшенчереков.

Компания директорының айтуына қарағанда, немістердің арасында Қазақстандағы стоматологиялық турға қызығушылық танытқандар арасында Германияға көшіп кеткен бұрынғы Қазақстан азаматтары көп болған.

«Олар үшін бұл тур тек медициналық тұрғыда ғана емес, өскен өлкеге ат басын бұрып, туған-туыс, дос-жарандарымен кездескенімен де пайдалы болды. Әрі Германиядағы тіс емдеудің құны бізден үш-төрт есе қымбат. Олардың жол құнын есептегеннің өзінде Қазақстанда емделгені Германиядағыдан арзан. Себебі ол елде стоматологияның қызметі сақтандыруға жатпайды. Әрі біздегі мамандардың біліктілігі олардан еш кем емес», — дейді Руслан Күшенчереков.

«Еxk.kz».

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button