Ауырмаңыз!

Вирустан қорғанудың жолын біліңіз

Қыс мезгілінде белең алатын жедел респираторлы жұқпалы вирусты (ЖРЖВ) қаңтарда күшіне мінетіні белгілі. Тамақты жыбырлатып, мұрыннан су ағудан басталатын бұл ауруды көп адам суықтау деп қабылдайды да, адамнан адамға жұқпайды деп санайды.

Ал мамандар ЖРЖВ-ның да тұмау сияқты ауа арқылы таралатынын, жұғатынын, тіпті оның 300-ге тарта түрі барын айтады. Асқындырып алған жағдайда бұл вирустан айығу қиындай түспек. Өйткені ол ағзаны әлсіретіп, иммундық жүйеге соққы береді. Сондықтан бұл жұқпаның алғашқы белгілері біліне бастағаннан тиісті ем-дом жасасаңыз төсек тартып жатып қалмайсыз, әрі тез жазыласыз. Ол үшін не істеу керек?

Біріншіден, үйіңіздегі дәрі қорапшасында вирусқа қарсы соққы беретін «Анаферон» дәрісінің болғаны жөн. Көз жасаурап, тамақ жыбырлап, мұрыннан су кете бастаса. Дене қалшылдап тоңғанда осы дәріні қабылдаған дұрыс. «Анаферон» – бұл иммунитеттің респираторлы вирусқа қарсы күресін күшейтетін дәрі. Дегенмен қолданар алдында оның нұсқаулығымен танысып алған абзал. Өйткені қарсы көрсетілімі ауруды дендетіп жібермеуі керек. Дұрысы дәрігермен кеңесу.

Екіншіден, С витаминін көбірек қабылдауға тырысыңыз. Бұл витамин адамның тәбетін ашып, ағзаны құрсауға алған суықты қууға көмектеседі. Оны күніне 1000 миллиграмға дейін қабылдауға болады. Тек одан асырып жібермеңіз.

Үшіншіден, жылы суды – шайды, шырынды, компотты көбірек ішіңіз. Күніне 5-6 стакан сусын ағзадағы токсиннің тезірек сыртқа шығуына сеп болады.

Жоғарыда ЖРЖВ-ның да жұқпалы ауру екенін айттық. Ендеше онымен ауыра қалған жағдайда айналаңыздағы адамдардың да денсаулығын ойлаған жөн. Вирус тез таралатын болғандықтан отбасының басқа мүшелерінің де ауырып қалмауы үшін мұрындарына «Оксолин» майын жағып жүргені жөн. Отбасының кішкентай мүшелеріне күніне бір рет балаларға арналған «Анаферон» беруге болады. Ал жалпы, бұл дәріні қандай кезде және қанша уақыт қабылдауға болады? Вирус жұқтырған адам бұл дәріні толық жазылғанға дейін қабылдай береді. Ал айналадағы, тығыз қарым-қатынастағы адамдар вирус жұқпасының қаупі сейілгенше қабылдайды. Тұмау мен вирусты аурулардың өршіп тұрған кезінде жас балаларға оны айына бір рет үш-төрт күн иммунитетті күшейтіп, аурудан сақтану үшін беріп тұруға болады. «Анаферон» адамды өзіне тәуелді етпейді және ағзаның суққа қарсы қорғану қабілетін күшейтетін қасиетке ие. Оның балаларға арналған түрін алты айлық сәбиге ішкізуге рұқсат.

Алайда дәрі қабылдадық, енді ауру бізден аулақ болады деп жүрмеңіз. Қандай ауру кезінде де санитарлық-гигиеналық тазалық басты назарда болуға тиіс. Әсіресе эпидемиологиялық маусымда әр адамның жеке ыдысы мен жеке сүлгісі болғаны дұрыс. Сонда ағза сау, ауру алыс болмақ.

Жарас ҚАСЫМ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button