Ауырмаңыз!

Шаш ағаруын тоқтатуға бола ма?

Кейбір зерттеу нәтижелеріне қарағанда, шаштың ағаруына ағзада В тобы, әсіресе В12 витаминінің жетіспеушілігі себеп көрінеді. Осы қажеттілікті толтыратын немесе осындай витаминдері бар құрамдастырылған қоспаларды қабылдап тұруға кеңес береді.

Дегенмен шаш ағаруына басқа да факторлар әсер етеді. Үнемі стрессте жүру, көңіл күйзелісі шаш ағаруын тездетеді. Ең бастысы, ол шашқа түс беретін пигменттер мен олардың құрамындағы меланин мөлшеріне тікелей тәуелді. Ал стресс гормондары мен меланиннің түзілуіне тирозин деп аталатын амин қышқылы әсер етеді. Сондықтан стрессті тежей отырып, күніне 1 грамдай тирозин қабылдау шаш ағаруын тежеуге көмектесуі мүмкін.

Ал ақ шашын жасырғысы келетіндер оны табиғи көкөністерден алынған бояулармен бояғаны дұрыс.

Осы орайда адамды мазалайтын тағы бір нәрсе – әжімге қарсы күреске де тоқтала кетсек дейміз.

Терінің қартайып, созылғыштығынан айырылуына негізінен ағзадағы қышқылдану процестері әсер етеді. Өйткені ағзаға үнемі ауа әсер етеді, одан бөлек, егер адам темекі шегетін немесе түтіні көп ортада жиі болатын, үнемі күнге қыздырынуды ұнататын болса да ол әжім түсуін тездетеді.

Ал ағзадағы қышқылдануды барынша тежеу үшін мынадай тәсілдер қолдануға болады:

Сәбіз, помиидор (А витамині мол), жемістер мен көкөністер (С витамині көп) және жидектер мен қызыл түсті жүзім (антицианидиндері бар) жеп тұру керек, бұлардың қышқылдануға қарсы әрі жақсы қоректік әсері бар. Бұдан бөлек, тағамға антиоксиданттар аптап кезінде күн сәулесі әсерінен қорғайтын кремдер қолданған дұрыс. Теріні ылғалдап, суды жеткілікті мөлшерде ішу оны құрғаудан қорғап, жұмсартады, қышқылдануды тежейді, сол арқылы әжімге қарсы күреседі.

Жастығыңызды ұзақ сақтағыңыз келсе, осы айтылғандарды есте ұстаңыз.

Жарас ҚАСЫМ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button