Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

Қазақстанда өткен тәулікте 2087 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
«Мұндай күрт өсудің негізгі себептерінің бірі – «омикрон» коронавирусының жаңа штамының таралуы және азаматтардың қозғалысымен байланысты. Сонымен қатар қорғаныс шараларын елемеуі, яғни маска тақпау, адамдар көп жиналатын жерлерге баруы себеп болып отыр», – дейді ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Ал бүгінгі күнге вирус жұқтырғандардың аймақтар бойынша көрсеткіші мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласы – 1442;
Алматы қаласы – 93;
Шымкент қаласы – 123;
Ақмола облысы – 31;
Ақтөбе облысы – 19;
Алматы облысы – 28;
Атырау облысы – 42;
Шығыс Қазақстан облысы – 16;
Жамбыл облысы – 35;
Батыс Қазақстан облысы – 55;
Қарағанды облысы – 49;
Қостанай облысы – 19;
Қызылорда облысы – 35;
Маңғыстау облысы – 25;
Павлодар облысы – 35;
Солтүстік Қазақстан облысы – 9;
Түркістан облысы – 31.
Бүгінге дейін жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны – 997.438.
«Замана»-ақпарат.