Ауырмаңыз!

«Дельтакрон» деген тағы бар…

Кипр аралында коронавирустың гибридті нұсқасы – «дельтакрон» анықталды.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы коронавирус жұқтырған 25 адамның үлгілерінен жаңа штамм табылғанын хабарлады.

«Дельтакрон» таралуы мен жұғуы бойынша өте жылдам және қауіпті «дельта» штаммен генетикалық негізі бір, «омикронға» да тән мутациялар бар жаңа мутация. Дегенмен, ғалымдардың пікірінше, бұл нұсқа айтарлықтай қауіп төндірмейді.

Кипр университетінің профессоры Леонтиос Кострикис: «Омикронның» басқа штамдардан ерекшелігі оның геномында 30 түрлі мутация бар. «Дельтакроннан» соның кемінде 10 үлгісі анықталды», дейді.

Ал Оңтүстік Африкадан келген иммунологтар «омикронды» белгілі бір аумаққа тән болады деп санайды. Зерттеушілер омикронды және бұрын анықталған штамдары бар 466 пациенттің деректерін зерттеп, COVID-19 жағдайларының тек 4,5%-ы осы толқын кезінде ауруханада қайтыс болғанын анықтады, бұл бұрынғы орташа есеппен 21%-ы. Сондай-ақ стационарда болудың орташа ұзақтығы бұрынғы 8,8 күннен төрт күнге, ал жансақтау бөлімдеріне жатқызылғандар саны – 4,3-тен 1 %-ға дейін қысқарды.

… Десек те осы «омикрон» ел-елге тарап бара жатыр.

Жарас ҚАСЫМ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button