Ауырмаңыз!

Алатікеннің емдік кереметі

Біз шипалық кереметін әлі толық білмей жүрген шөптің бірі – алатікен (расторопша). Дархан даламызда да, дәріханада да толып тұрған, бағасы арзан осы шөптің денсаулыққа көмегі көп. Оны радикулит, артрит, құрысулар, несеп шығарудың іркілуі, бауыр, көкбауыр, өт тас аурулары, өт шығару жолдарының қабынуы, холецистит, гепатит, колит, геморрой, терінің аллергиялық аурулары, таздану, псориаз, безеу жағдайында қолданған жан өкінбесі анық.

1.⠀Бауыр мен асқазан ауруы

1 ас қасық дәріханалық өсімдікке 200 мл. ыстық су құяды. Оны эмаль ыдыста бетін жауып, «су моншасында» 30 минут қайнату керек. Дайын болған қайнатпаны бірнеше қабатталған дәкемен мұқият сүзіп алып, 200 мл. болғанша үстіне қайнаған су құю қажет. Оны таусылғанша күніне 3 рет, 1 ас қасықтан, тамақтан 20 минут бұрын ішеді. Бұл тұнба бауыр аурулары, асқазан-ішек жолдары, беттің безеу басуы, ішектерді тазалау үшін де тиімді әрі зиянсыз.

  1. Гепатитті жеңеді

30 грамм ұсақталған алатікен тұқымына 500 мл. су құйыңыз. Оны баяу отта жартысы қалғанша қайнатады. Бетін жауып, жылы орап, 10 минутқа қалдырыңыз. Сосын сүзіп алып, таңғы 8-ден кешкі 20-ға дейін әр сағат сайын 1 ас қасықтан ішу керек. Емдеу курсы – 21 күн. Одан әрі 2 апта үзіліс жасап, қайтадан 21 күн ішеді.

3. Ағзаны уыттан тазарту

Дәріханадан алатікеннің тамыры мен шөбі аралас қоспасын алу керек. Тұнба әзірлеу үшін 2 ас қасық ұсақталған шикізатқа 0,5 литр қайнаған су құйыңыз. Оны жылы орап, түн асырыңыз. Таңертең сүзіп алып, қолдана беруге болады. Күніне 3 рет 3/4 стаканнан ішеді.

Улану кезінде күніне 3-5 рет 1 ас қасықтан әр 1,5-2 сағат сайын ішеді. Емдеу курсы – симптомдар толық жойылғанға дейін.

Сәулелік және химиотерапия жүргізу кезінде 1 десерттік қасықпен күніне 4 рет, әр 6 сағат сайын ішеді. Ішу арақашықтығын қатаң қадағалау керек. Одан әрі қарай 20-25 күн бойы 1 шай қасықтан күніне 4 рет ішуді жалғастырады.

  1. Алатікен шайы

1 шай қасық алатікен тұқымын 250 мл. қайнаған суға салып, 10-20 минут тұндырыңыз. Сүзіп алып, таңертең аш қарынға, түскі астан 30 минут бұрын және кешке ұйықтар алдында 1 стакан ішеді. Ол ас қорытуды жақсартады, бауырды тазалайды, көңіл-күй жақсарады.

5. Тамақ қабынуын жояды

Жарты литр өсімдік майына 5-6 шай қасық алатікен тұқымын салыңыз. Оны зәйтүн майы құйылған ыдыстағы «су моншасында» 10-15 минут қайнатыңыз. Сосын өсімдік тұқымын сүзіп алып тастайды. Оны ауырған буындарға, тамақ қабынуында жұқалап жағып жүруге болады.

Л. АРАЙ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button