Қазір қолдағы малдың жаппай төлдеп болған кезі. Яғни шаруаның малына мал қосылды. Енді оны аман сақтап, одан әрі көбеюіне жағдай жасау әркімнің де ойында бар. Әсіресе малдың күтіміне жіті қарау, оны түрлі жұқпалы кеселдерден қорғау қажет. Ал ол үшін көп нәрселерді білу маңызды. Олай болса «Замана» баспасынан шыққан «Малың аман болса, май ішесің» деп аталатын кітапты алып оқыңыз. Ол сізге бұл істе сенімді көмекші бола алады.
Жаңа кітап
Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Жаңа кітап
Тез байығыңыз келсе...
Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жеткізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.
Жаңа кітап
Шариғат шарттарын біле жүргейсіз
«Замана» Баспа үйінен «Жаназа пәтуасы. Шариғат шарттарына қатысты өзге де сұрақтарға жауаптар» атты кітап жарық көрді. Онда барлық жерде бірдей орындалуға міндетті жаназа пәтуасы мен жерлеу рәсімдері туралы айтылған, сонымен бірге дінге қатысты түрлі сұрақтарға нақты жауаптар қамтылған.
Сондай-ақ бұл кітаптан иман мен исламның шарттары жайлы, халал мен харам, неке, бал ашу, өсімге ақша алу, үлкен күнәлар және одан құтылу жолдары, тағы басқа да көптеген мәселелер жөнінде толыққанды мағлұматтар алуға болады.
Аталған кітап қазір сауда нүктелерінде сатылып жатыр. Оны барлық жердегі газет сатушылардан сұраңыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
Иманыңызды күшейтеді
Алматы қаласында тұратын оқырмандарымыздың бірі мынадай сұрақ қойды: «Мен жастықпен түрлі күнәлар жасадым. Әсіресе мектепте оқып жүргенде, студент күндерімде талай қыздың көз жасына қалғанымды енді сезінетін болдым. Бәлкім тірлігімнің кері кетіп, алға баспай қоюына сол да себеп болған шығар деп ойлана бастадым. Қазір бес уақыт намазға жығылып, Алла-тағаладан сол күнәларымның кешірілуін сұрап жүрмін. Жалпы, күнәлар намазбен жуыла ма?»
Бұл сұраққа және оқырмандардың басқа да сауалдарына берілген жауаптарды «Кәлима» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Сондай-ақ «Кәлима» газетінде бұдан өзге мынадай мақалалар жарияланған:
* Ауыз бекітпегендерге Алланың берген мүмкіндігін білесіз бе?
* Жас баланы зорлағандарға шариғатта қандай үкім белгіленген?
* Біреудің сыртынан ғайбат сөйлеп, жала жабудың күнәсі қандай?
* Иманды жандардың шаңырағы шайқалмайды.
* Қарызды қайтармай қоюға бола ма?
«Кәлимада» иманыңызды күшейтетін бұдан басқа да мақалалар бар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Қызық газет» – қызық газет!
«Қызық газеттің» кезекті, 15-ші нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөміріндегі «Әйелдерге интимдік қызмет көрсеткен жігіт» деген тақырыппен жарияланған хикаяда жалданып жүкші болып істеген бір азаматтың осы жұмыс барысында және басқа кездерде басынан өткерген ерекше оқиғалары туралы баяндалған.
Енді санаулы күндерден кейін жаңа 2010 жыл есіктен енгелі тұр. Ол жыл Барысқа тиесілі. Ал бұл аңның қандай жыртқыш екенін білмейтін адам жоқ шығар, сірә. Демек, Барыс жылы туылғандардың мінезінде, жалпы жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысында сол аңмен ұқсастықтар болмай қалмасы белгілі. Ендеше, Барыс жылы туылғандар қандай адамдар? Осы жағын талдап көрейік.
Ежелден жұлдыз-жорамалдың неше түрін жасап келе жатқан Қытай халқы Барыстарды бүкіл әлемді төрт жағынан қорғап тұратын қорғаушы күш деп санайды. Ал Азияда ол құрмет пен қорқыныш сезімін тудыратын аң. Яғни Барыстан қатты қорқумен бірге оның аса күштілігін, тәкаппарлығын қатты құрметтейді. Тіпті Барысқа құрбандық шалып та тұрған. Өйткені сол замандағы халық оны қаласа адамға айналып, бір мезетте қайтадан Барыс кейпіне ене алады деп сенген. Себебі сиқыршылар мен бақсы-тәуіптері Барыстың терісін жамылып алып, адамдар арасында қорқыныш сезімін ұялататын еді. Сондай-ақ ежелгі түркі батырлары мен ел билеушілері өздерінің өрлік мінездері мен ерлік істерін паш ету үшін Барыс терісін жамылып жүрген.
Жалпы, Барыс біз ойлағандай тым қатыгез емес. Тек ол тумысынан үнемі өзіне қорек іздеп жүретін күшті әрі қауіпті жыртқыш аң. Барыс жылында туылған адамдардың да мінезі осындай. Яғни Барыстарда шабуылды алдымен бастайтын, сонымен қатар қай жерден, не болмасын, әйтеуір, бірнәрсені жұлып алғысы келіп тұратын қасиеттер бар. Сондықтан оларды бекерге ашуландыра беруге болмайды.
Келе жатқан жаңа жылды әр адамның жақсы үмітпен күтетіні белгілі. Сондай-ақ келер жылда өзін не күтіп тұрғанын білгісі келетіндер де жоқ емес. Әрине, адамның алдында не күтіп тұрғаны бір Аллаға ғана аян.Дегенмен осыған қарамастан, көпшілік көбінесе жұлдыз-жорамалдарға да назар аударып тұрады. Яғни аты айтып тұрғандай, олар өз болашағын жұлдыздардың орналасуы арқылы жасалынған жорамалдардан да білгісі келеді. Ендеше, әр жыл иелерін 2010 жылы не күтіп тұрғаны жайында жасалынған Шығыс жұлдыз-жорамалын оқырмандар назарына ұсынамыз.
Тышқан жылы туылғандар 2010 жылы барлық жағынан сақ болғандары жөн. Себебі бұл жылда олардың көп жағдайда жолдары онша бола бермейді. Дегенмен, не істесе де ақылмен, байыппен кіріссе ісі оңға басатын болады. Сондай-ақ Тышқандарға өзіне қатысы жоқ жұмыстарға кіріспей-ақ қойғандары дұрыс.
Қала шетіндегі орналасқан көлік базарындағы неше түрлі жеңіл көліктен көз сүрінеді. Әсіресе жексенбі күні базардың іші-сыртына симаған машиналар Ташкентке бағытындағы тасжолдың екі жиегіне дейін шығып кетеді.
Менің бір досым Қостанайда қазақ-стандық жаңа автокөлік шыққанын, жаңа жылдан кейін ескі көліктердің құны арзандайтынын естіп, өзінің құны 10 мың АҚШ долларлық «Тойота» автокөлігін сатпақ болып көлік базарына бірнеше мәрте барыпты. Бірақ ол көліктің бағасын сұрамақ түгілі маңына ешкім жоламайды. Үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүретін ол соңғы күндері көлігін өткізе алмай, енді не істерін білмей басы қатып жүрген жайы бар.
Көп адам Жаңа жылдан жаңа табыс, бақ-береке күтетіні жасырын емес. Ал қазақ халқы жыл басында жасалған ырымдардың міндетті түрде орындалатынына сеніп келген. Сондай-ақ мерекелік шыршаны безендірудің де адам өміріне елеулі әсері бар көрінеді. Яғни әр ойыншықты ілген сайын өзіңізге, отбасыңызға тілектер тілегеніңіз жөн.
Мысалы, қарапайым шар тәрізді ойыншықтарды ілерде: «Отбасымнан қайғы-қасірет қашып, мейірім мен қуаныш ұяласын», – деу керек. Ал жеміске ұқсайтын ойыншықты ілгенде: «Дастарханымызға ағаштағы жемістей береке келсін», – десеңіз болады.
Жан-жануар кейіпіндегі ойыншықтарды ілгенде: «Бәрімізге төзім, күш-қуат, денсаулық бер», – деген жөн. Ал шыршаның ең басына міндетті түрде жұлдызша іліңіз. Оны сіз мақсатыңызға жететіндігіңіздің белгісі деп біліңіз. Сондай-ақ жаңа жылдық мерекеде шыршаңыз ешқашан назардан тыс қалмасын. Оны мақтап, мадақтап, жеті рет айналып, жасыл шыршаға қызыға ойланып қарап отырыңыз.
22 тамыз – қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың өмірден өткен күні. Осыған орай, Шымкент қаласындағы Тәукехан мен Қонаев даңғылдарының қиылысында орналасқан Димаш атаның ескерткішіне шымкенттіктер гүл шоқтарын қойып, кемеңгерді еске алды. Артынша Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан «Бәйтерек» мейрамханасына Әбілдәбек Шардарбеков деген ақсақал Дінмұхаммед Қонаевқа арнап құран оқытып, арнайы ас берді.
Димекең өмірден өтетінін көп жыл құдайы көршісі болған Сұлтан Сүлейменұлына айтып кеткен екен. Оған: «Әй, Сұлтан, бәріміздің сүйегіміз осы үйден шығады. Сондықтан сыйластығымызға сызат түспесін», – деген сөзді жиі айтып жүріпті.
Көрмеген болсаңыз, оны көруге сізде мүмкіндік бар!
Ал сіз иесіз иттерді қалай аулайтынын, өлген иттерді қайда апарып тастайтынын білесіз бе?
Әрине, оны білу де өзінше бір қызық.
Көшеде ән салып күн көретін адамның өмірінен хабарыңыз бар ма?
Ал көзі мүлде көрмейтін зағип жанның кәдімгідей қой сойып, жиһаз жөндегенін естіп пе едіңіз?
Міне, бұл айтылғандардың бәрін де естіп қана қоймай, сіз өз көзіңізбен көре де аласыз.
Мұның бәрі «Замана-фильм» студиясы түсірген заманауи бейнебаяндарда қаз-қалпында көрсетіледі.
Қазір барлық жерде сатылып жатқан «Замананың» №2-ші дискісінде жоғарыда аталған тақырыптармен бірге басқа да қызықты әрі тың мазмұндағы он түрлі фильм топтастырылған.
Ол фильмдердің бәрі де өмірдің өзінен алынған, оқиға ортасынан түсірілген. Сөз жоқ, оны көрген адамдардың өмірге көзі ашыла түседі, ойына ой қосылады, ең бастысы, алуан түрлі ақпарат алады.
Ендеше, «Замана-фильмнің» заманауи бейнебаяндарын көруге асығыңыздар!
«Замананың» бұл дискілерін Қазақстанның барлық жеріндегі газет сатушылардан сұрауларыңызға болады.
Әрбір дискінің босатылу бағасы – 150 теңге. Оның қолда сатылу бағасын 200 теңгеден асырмауды сұраймыз.
Жұлдызнама
(06.09 - 12.09)
Тоқты (21.03-20.04)
Бұл аптада жұмысыңыз көбеюі мүмкін. Уақытты тиімді пайдалансаңыз, біраз шаруаны еңсересіз.
Торпақ (21.04-21.05)
Ойға алған істеріңіз рет-ретімен шешімін таппақ. Жағымды жаңалықтар мол болғалы тұр.
Егіздер (22.05-21.06)
Жұртпен аралас-құраласыңыз арта түседі. Сәрсенбіде бір маңызды мәселеңіз шешімін таппақ.
Шаян (22.06-23.07)
Отбасылық шаруалармен көбірек айналысасыз. Сізге бауырларыңыздың көмегі тиюі мүмкін.
Арыстан (24.07-23.08)
Көптен бері мазалап жүрген мәселе сіздің пайдаңызға шешілмек. Сейсенбіден қуаныш күтсеңіз болады.
Бикеш (24.08-23.09)
Жолыңыз ашық, көңіліңіз көтеріңкі болады. Бір жақсы адаммен одақ құруыңыз ықтимал.
Таразы (24.09-23.10)
Қолыңыздан не келетінін көрсетуге қолайлы апта. Сәрсенбіде мақтау сөз естуіңіз мүмкін.
Сарышаян (24.10-22.11)
Сізге аптаның алғашқы жартысы қолайлы болмақ. Негізгі істерді осы күндері қолға алғайсыз.
Мерген (23.11-21.12)
Жақсы қасиеттеріңіз жарқырай көрінеді. Өзіңізге сеніміңіз артып, ізгі істерге құлшына түсесіз.
Тауешкі (22.12-20.01)
Шаруаларыңыз жүйеленіп, тың іске аңсарыңыз ауады. Жаныңызға жақын ортада жиірек боласыз.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жұмысыңыз бір қалыпты жүреді. Бұл аптада бойыңызда ерекше жігер пайда болуы мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Бастаған ісіңізді жеріне жеткізіп, көңіл демдейсіз. Жұмадан жағымды жаңалық күтіңіз.
Құлағыңыз түрік жүрсін
Ауырмаудың жолы бар
Алда жаңбырлы күндермен қатар тұмау сынды қауіпті вирус маусымы келе жатыр. Бұл кезде көпшілік тұмауратпаудың амалдарын қарастыра бастайды. Жеке тәжірибеңіздегі сол тәсілдердің ішінде қарапайым, оңай әрі сенімді амалдардың да жүргені жақсы ғой. Ал ол қандай амал? Оны «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар.
«Ауырмаңыз!» газетінен сондай-ақ әрбір шаңыраққа қажетті мынадай пайдалы ақпараттарды алуға болады:
* Бір айда барлық аурудан айықтыра алатын дәрігер.
* Қобыз арқылы сырқатынан сауықтырған.
* Қатерлі ісік неден пайда болады?
* Кезек айы деген не?
* Алаяқ дәрігерлер арамызда жүр.
* Ұзақ өмір сүруге болады екен.
* Әжімді кетіретін дәрі жасап шығарыпты.
* Борсық майын қалай таңдау керек?
* Лямблиоз деген қандай құрт?
* Иммунитетті қалай көтеруге болады?
* Бүйректегі құмды су арқылы алады.
«Ауырмаңыз!» газетінде бұдан басқа да қызықты мақалалар көп.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
"Шартарап" арқылы әлемді шарлайсыз
«Замана» газетінің қосымшасы – «Шартарап» басылымының жаңа нөмірі оқырманға жол тартты. Газеттің бұл нөмірінен әлемдегі ең қызықты оқиғалар туралы оқи аласыз.
...Өткен шілде айының соңы Ресей үшін аса жайсыз қалыптасқаны белгілі. Онда мыңдаған гектар жерді алған орман өрттері болып, халықты қатты әбіржітті. Ал осы өрттің шығу себебі неде?
...Елімізде шетел асып жұмыс істеп жатқандар қатары көп. Солардың кейбірінің тасы өрге домалап, үйлеріне жақсы табыспен оралса, енді біреулері елге аман-есен жеткеніне тәубе етіп жатады. Ал жұмыс іздеп барып, жат елдікке бала болып қалған жан туралы естуіңіз бар ма?
...Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Карлос Слим байлығының жартысын қайырымдылық қорына беруден бас тартыпты. Олай етуіне не себеп болды екен?
...Өнерімен көрерменді өзіне тәнті еткен атақты кино жұлдызы асқа құрт-құмырсқа жейді екен. Ал оның пайдасы қандай?
Осы және басқа да қызықты тақырыптағы мақалаларды «Шартараптың» жаңа нөмірінен оқи аласыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
"Сәуегейде" қандай болжамдар бар?
* Теңгенің құны көтеріле ме?
* Алдағы қыс қандай болады?
* Тек қана әйелдерді емдейді.
* Тұмар мен тәспі қатерден қорғай ма?
* 2029-жылы адамзатты не күтіп тұр?
* Қытайда апаттар неліктен көбейді?
* Украина мемлекеті жойыла ма?
* Сегізаяқ тағы да сәуегейлік жасады.
Осындай тақырыптағы мақалаларды сіздер «Замананың» қосымшасы – «Сәуегей» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Басылымның жаңа нөмірінде бұдан басқа да қызықты болжамдар, жұлдыз-жорамалдар молынан жарияланып отыр.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!
«... Өзге біреумен кездесіп тұрады деп әйелінен күдіктенетін Мұхит Зарифаның өзінің қызы екеніне сенбейді. Сол себепті сотқа әкеліктен бас тарту туралы арыз тастаған болатын. Олардың қан құрамдарын 15 түрлі тексеруден өткізген генетикалық сараптама күтпеген қорытынды шығарыпты».
Туған қызынан бас тартқан шымкенттік азаматтың соты жайлы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Заңнама» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен оқи аласыздар.
«Заңнамада» бұдан басқа мынадай тақырыптағы мақалалар жарияланған:
* Кафеде төбелес шығарған қай әкім?
* Шымкентте қанша нашақор бар?
* Қыз сатуды кәсіп еткен екен...
* Прокурорды «қораға» кіргізбек болды.
* Сатып алған үйіңіздің қарызы көп болса не істеу керек?
«Заңнамада» оқырманның құқықтық сауатын арттыратын бұдан басқа да мақалалар молынан жарияланған.