02 | 08 | 2014
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
Бізде қонақта:
Қазір 88 қонақ онлайн
Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Заманаға» жазылу тоқтамайды
Кешегі аптада редакциямызға шымкенттік Рәзия есімді әйел телефон шалды. «Заманаға» жазыла алмай қалып едім, редакцияларыңызға барып жазылсам бола ма екен?» – дейді ол кісі. Біз Рәзия апайға газетімізге кез келген тарату мекемесі арқылы әлі де жазыла беруге болатынын айтып түсіндірдік.
Ел ішінде Рәзия апай сияқты газет-журналдарға жазылудың кезекті науқаны кезінде қандай да бір себептермен «Заманаға» жазыла алмай қалған басқа да оқырмандарымыз болуы мүмкін. Ондай азаматтарға айтарымыз, жазылуға кешіктім деп алаңсыз отырып қалмаңыз, «Заманаға» жыл бойы жазыла беруге болады, газетімізге жазылу тоқтамайды. Мысалы, осы айда жазылсаңыз, тиісті газетіңіз қолыңызға келесі айдан бастап тиерін ұмытпаңыз.
Біз ел ішінде «Замананың» оқырмандары, жанашырлары көп екенін білеміз, жұрттың осындай ықыласына лайық қызмет көрсетуге тырысамыз. Сіздердің бізді бұрынғыдан да еселеп қолдайтындарыңызға сенгіміз келеді. «Заманаға» өздеріңіз жазылып қана қоймай, тағы да қосымша екі-үш адамның жазылуына ықпал етіп, жәрдем көрсетсеңіздер тіпті жақсы. Сіздер ол үшін еш өкінбейтін боласыздар
«Замананың» жазылу индексі – 65416. «Замана» Сіздердің газеттеріңіз, ол Сіздер үшін қызмет етеді, құрметті оқырман!

Құлағыңыз түрік жүрсін!

umitbek-v

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін

kz-2014-15

 «Қызық газет» –қызық газет!

 «Замананың» қосымшасы – «Қы­зық газет» басылымында қоғам­да­ғы түрлі әлеуметтік топтардың өмірі туралы егжей-тегжейлі суреттелетіні белгілі. Осы аптада аталған басылымның кезекті нөмірі жарыққа шықты. Ондағы жарияланған «Жас жігіттің түбіне жеткен аяр әйел» деп аталатын хикаяда жайлы өмір сүру үшін өз жолында өзгелерді құрбан еткен әйелдің іс-әрекеттері туралы баяндалады.

 

«Қызық газетті» оқысаңыз, одан Сіз көп нәрселерді білесіз, қажетті сабақ аласыз.

 

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Керек кеңестер

Жазды жайлы өткізудің жолы бар
Шілденің шіліңгір күндері басталды. «Массагет. кз» сайтында жарияланған мына кеңестер жаздың ыстығынан қорғанып қана қоймай, оны қызықты өткізуге септігін тигізеді деген ойдамыз.
Су ішіңіз. Далада жүріп, ыстық ауа райы әсерінен қатты терлейміз. Терлеу – дененің табиғи салқындану әдісі. Ысыған су тер бездері арқылы теріміздің бетіне шығады. Бірақ бұлай ағзамыз бар сұйықтығынан айырылады. Оның орнын толтыру үшін су ішу керек. Далаға шыққанда әркез бөтелкеге құйылған су ұстап жүріңіз. Әрине, түрлі сусындар мен суытылған шайлар да шөлді жақсы қандырады. Алайда олардың құрамындағы газ, қант таза мөлдір судай пайдалы болмайды. Сондай-ақ бұлардың өте суық түрлерін мүлдем ішпеңіз, ондай жағдайда жаздың ортасында суықтап қалуыңыз мүмкін. Жақсы шөл басатын құрал ретінде өзіңіз үйде компот әзірлеп көріңіз. Оңай жасалынатын компот шөлді жақсы қандырады, тәтті әрі пайдалы.
Тағам ерекшеліктері. Жазда өзіңіздің рационыңызға көбірек көңіл бөліңіз: ауыр тағам жемеуге тырысыңыз, салат, көкөністер мен жемістерді көбейтіңіз. Жеміс пен көкөністердің көбісі жазда пісіп, дүкен мен базарларда пайда болады. Маусымды жіберіп алмай, барлық пайдалы тағамдарды жеп үлгеріп, денсаулығыңызды дәрумендермен қуантыңыз.
Өмір тәртібі. Жалпы, жазда физикалық тым белсенді болудан сақтаныңыз. Тым көп терлеу, шаршаудан, күннің астында көп жүріп қалудан абай болыңыз. Бұның бәрі ағзаңызды шаршатып, денсаулығыңызды құртады.
Демалыс. Әлбетте әр адамға жазғы демалыс қажет. Жазда демалысқа тауға, таза ауаға серуенге, ұзақ демалысқа теңізге, көлге барыңыз, тым болмаса бассейнге түсіңіз. Адам жазда сергіп, көлде шомылып, жағажайда жатып демалуы керек. Алыс сапарға емдік қасиеттері бар көлге, не теңізге барып келу – нағыз пайдалы демалыс болмақ. Теңіз суындағы микроэлементтер теріге, жалпы денсаулық үшін өте пайдалы.
* Жеңіл киім. Жазда қалың не қара киінген болсаңыз, оның қандай азап екенін білетін боларсыз. Расымен қара, күңгірт түсті, қалың маталы киімдер ыстықты тартып, күн өтуге әкелуі мүмкін. Сондықтан маусымға сай жеңіл, теріге жабыспайтын, «дем алатын» маталардан тігілген, дұрыс пішілген киім киіңіз. Күннің астында көп жүрсеңіз, күнсіп қалмау үшін бас киім киіп, көзілдірік тағыңыз. Ал аяқ киімдердің арасынан әдемісінен қарағанда, ыңғайлысын таңдаңыз. Жазда басқа мезгілдерге қарағанда көбірек жүреміз. Сондықтан ыңғайлы аяқ киім өте қажет.
* Ыстықтан сақтану. Әрине, қазірде заманауи технологиялық шешімдер ыстықтан сақтанудың сан қилы жолын ұсынады. Алайда желдеткіштер мен кондиционерлердің, кеңселердегі желдету жүйелерінің барлығы да адам денсаулығына, терісіне зақым тигізе алады. Сол себепті ыстықтан сақтанудың барынша табиғи тәсілдерін қолданғанымыз дұрыс. Мысалға, үйде жүргенде иығыңызға сулы сүлгі жамылып алыңыз. Не терезеге әлі кеппеген су перде іліп қойыңыз. Қайта-қайта суға түсіп, таза су ішіңіз.

Негізгі бет
Жарияға жар салып ашылған «Бадам» демалыс аймағының жағдайы өте нашар Ал оған 2 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған едi

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент traktorқаласының іргесінен ағып өтетін Бадам өзенінің жағалауынан демалыс аймағы ашылған болатын. Өзеннің үш шақырымға жуық жағалауына бетондар құйып, көпірлер салып, жарықтандырып, абаттандырып, ел игілігіне тапсыру үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард 950 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп еді.

Кешегі сәрсенбіде біз аталмыш дема­лыс­ аймағына арнайы барып, ондағы демалушылармен тілдесіп қайтпақшы болғанбыз. Бірақ қыруар қаржыға жа­салған жұмыстың шикілігін көріп, көңі­ліміз түсіп қайтты.

 
«Қазағым жаман нәрселерден қашық жүрсе екен», – дейдi бiздiң тұрақты оқырманымыз Жақсыбай қария

jaksibaiШымкент қаласының тұрғыны Жақсыбай Оңалбек­ есімді қария біздің редакциямызға жиі хабарласып тұрады. Ол кісі «Замананың» тұрақты оқырманы, сондық­тан газетімізде жарияланған мақалаларға байланыс­ты пікірлерін білдіреді, өзін толғандырып жүр­ген жайлар жөнінде ой бөліседі. Жақсыбай атаның айтқандарының негізінде газетімізде бұдан бұрын да бірнеше мақала жарық көргені оқырманның есінде болар. Ал кешегі дүйсен­біде ол кісі редакциямызға келіп, мынадай әңгіме айтты:

 
Автобустағы айқай

Қоғамдық көлік – кішінің үлкенге деген ізетін айқындап тұратын құрал avtofysіспетті. Сондықтан да болар, соңғы кездері бағыттағы автобустарда жастар­дың қарттарға орын бермейтіні туралы сын-пікірлер жиі айтылады...

Күн жұма болатын. Әдеттегідей жұмысыма баратын­ бағыт бойынша №93 автобусқа мінген­мін. Екі аялдама өтер-өтпес толықша денелі, бірақ сонысына қарамай денесіне жабыстыра шал­бар киген, жасы 60-тар шамасындағы бір әйел мінді.

 
Иса Омардың «Рухнамасы» тыңдарманға жол тартты

 

isaagaiЖурналист-жазушы, «Замана» Баспа үйінің бас директоры Иса Омардың «Рухнама» деп аталатын ән-жинағы жарық көрді. Бұл күйтабаққа барлығы 50 ән топтастырылған. Олардың бәрінің сөздерінің де, әуендерінің де авторы – Иса Омардың өзі.

«Рухнама» ән-жинағына енген туындылардың тақырыптары кең ауқымды. Онда елдік, ұлттық мәселелерден бастап, өмір, қоғам, заман жайлы, достық пен махаббат туралы әр алуан тақырыптар қамтылған.

 
«Бiзге қазақ телеарналарын көретiн күн қашан туар екен?» – дейдi Қызылжардың тұрғыны

Редакциямызға Сарыағаш ауданындағы Қызылжар ауылынан бір оқырман телефон шалды. Өзін Эмадия Мұхамбетова деп таныстырған ол кісі ауылдарының бүгінгі таңдағы үлкен бір проблемасы туралы айтып, ол жөнінде газет бетінде жариялауымызды өтінді.

«Біз бірнеше айдан бері теледидардан қазақстандық те­леарналарды көруден қалдық, – дейді ол кісі. – «Хабар» ар­насы тіпті де көрсетпейді.

 
Сүйiктi, Мейiрбан, Жақсы адамға арналған билборд

Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылының бойында ерекше билбордkonaev тұр. Ұлты орыс бір әйелдің жас кезіндегі және қазіргі кезде түскен суреті ілінген онда: «С Юбилеем, Любимая мамочка, Добрая бабушка, Лучшая свекровь!!!» деген жазу бар.

 
Әкiм мен қария әлi де соттасуда

     akim«Замана» газетінің маусым айындағы нөмірінде «Ақсақалмен соттасқан Аймұр­заев енді айтқанынан қайтар ма екен?» деген тақырыпта мақала жарық көрген болатын. Онда созақтық қария Қойшыбай Мырзабеков пен аталған аудан әкімі Аманғали Аймұрзаевтың арасында дау туып, оның соңы сотқа ұласқаны, қарияның бірінші және екінші сатыдағы сотта жеңіліп, аудан әкімімен соттың пайдасына моральдық және басқа да шығындар үшін 163 мың теңге төлеу міндеттелгені, бірақ кассациялық сот алқасы апелляциялық сот шығарған шешімнің күшін жойғаны туралы айтылған еді.

 
Қазына қаржысы толық қайтарылыпты

Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде «Қазына қаржысына қол kazinaсалған, қол салғанда мол салған» деген тақырыпта мақала жарияланған еді. Онда облыстық Тәртіптік кеңес отырысында талқыланған мәселелер жөнінде айтылған. Осы мақалаға байланысты кешегі аптада Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Батырбек Серікбаевтан (суретте) хат келді.

 
Жұрттың даусын айнытпай салу арқылы ақшаның астында қалыпты... Алайда ол алаяқтығы үшiн ақыры сотталып тынды

karjiТаяуда Қазығұрт аудандық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев бірнеше адамды алдап, алаяқтық жолмен қылмыс жасаған Дәулетияр Мырзалиевке қатысты үкім шығарды. Бұл жігіт біраз адамды ерекше жолмен сан соқтырыпты. Яғни телефонмен жәбірленушілердің туыстарының дауысын салу арқылы ірі көлемде ақша алып жүрген.

 

 
Полицейдi бопсалап, одан ақша алыпты

«Естімеген – елде көп» деген рас. Бұрын кейбір полиция қызметкерлері polisaқарапайым адамдарды қорқытып, бопсалап ақша алыпты дегенді еститінбіз, ал бүгінде сол полицейлердің өздерінен де ақша бопсалайтындар шыға бастапты. Ал олар 10-20 мыңдап емес, 400-500 мыңдап алады екен. Жуырда сондай екі азаматтың қолға түскенін естіп, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне хабарластық.

 
Мұхтар Әуезовтің Мырзашөлде өткен бір күні(Екі баяндаушы, үшінші тыңдаушы аузынан)

 auezov І

Мұхтар Әуезовтің 1959 жылы Оң­түстік өңірінде айға жуық уақыт болғаны мәлім. Ұлы жазушы «Өскен өркен» романына да­йындық кезінде барлық кездесу, сұх­бат кезеңдерінде қойын дәп­теріне күнде­лік жазбалар түсіріп отыр­ған. Әдебиетші Талатбек Әкімов осы болашақ кітапқа айналуға тиіс жазбаларды әзірлеп, «Қа­зақ әдебиеті» газетінде (1986 жыл, 14 ақпан) жариялады.

 
Қосағашта қонақжай қария бар

Мен Сарыағаш ауданының тұрғынымын. Газ және kosagэлектр қуатымен дәнекерлеуші деген мамандығым бар. Таяуда Төлеби ауданындағы Алатау ауылдық округіне жұмыс бабымен бар­ған едім. Біз осы ауыл округіне қа­райтын жеті елді мекенге газ құбырларын тартумен айналы­судамыз. Ал жұмысты Қосағаш ауылынан бастадық.

Бұл жақ таулы аймақ болғандықтан бізге жұмыс істеу қиынға соқты. Өйткені жері қиыршық тасты болып келеді екен, қазу оңай емес.

 
Өнер адамдары ауызашар бердi

amanҚасиетті Рамазан айында естіген ел ризашылығын білді­ретіндей сауапты істердің қатары көбейіп тұр. Осындай игі істі таяуда шардаралық өнер адамдары да ұйымдастырды.

Қасиетті айда ауызашар беріп, өмірден өткен әріптестерін еске алу мақсатында «Динара» мейрамханасына бас қосқан өнерпаз қауым алдымен әруақтарға құран бағыштады. Одан кейін жұртшылық өнерпаздар туралы арнайы дайындалған фильмді тамашалады.

 
Қазақ қызы Сабинаның сымбатына әлем сүйсiнуде

Таяуда Қытайдың Тайпэй қаласындаsa111 (Тайваньның ор­талығы, онда 3 миллионға жуық адам тұрады) волей­болдан қыздар арасында 17-ші Азия біріншілігі өтті. Қа­зақстан құрамасы бұл са­йыста жаман өнер көрсеткен жоқ, алғашқы сегіздіктің ішінен кө­рінді. Ал осы жарыста өнер көрсеткен Қа­зақ­стан құра­масының ойыншысы, 17 жастағы ару Сабина Алтынбе­кованың аты қы­тай­лық ғаламтор пайда­ла­ну­шы­лардың арқасында әлемге таралып кетті.

 
Шымкенттік азамат 4 гектар жерге лимон өсіруді бастады

sam 0249Бұдан былай Оңтүстіктің аты өзімізде өсірілген лимонмен де шығуы мүмкін. Себебі шым­кенттік Серғазы Бекмұрат есімді жас кәсіпкер лимон өсірудің қыр-сырын жетік меңгеріп қана қоймай, аумағы 4 гектардай жерге лимон егуді бастап та жіберді. Бұйыртса, ендігі жылы базарларда өз өніміміз сатылатын болады.

Серғазының сөзіне сүйенсек, ци­трустық өнімді баптауға асқан шы­дамдылық қажет көрінеді. Есесіне бұл кәсіптен түсетін табыс та мол.

 
Бастырылығып қалудың басты себебі неде?

Таяуда түнде бір өзгеше жайды бастан өткердім. Бір емес, бірнеше мәрте.

Сол күні үйде жалғыз өзім едім. Көрген-сезгенімнің не өңімде, не түсімде екенін ажырата алмастай күй кештім. Қиналып оянған сияқтымын, көзге көрінбейтін біреу келіп кеудеме отырып алатындай сезінемін. Ол жақындап келе жатқан сияқты. Басым айналып бара ма...

 
21 жылдан соң емшілікті қайта қолға алыпты

Кешегі аптада «Замананың» редакциясына Ордабасы ауданының nurlanорталығы Темірлан ауылынан Төлепбай Бейсенов есімді қария келді. Ол өзінің ұлы Нұржанның басынан өткен таңғажайып оқиғаны газет бетіне жариялауымызды өтінді.

«Мен ұзақ жылдар бойы ішкі істер саласында қызмет еттім, – дейді Төлепбай ақсақал. – Кейіннен майор шенін алып, зейнеткерлікке шықтым. Кемпіріміз екеуміз Құдайдың берген 11 ұл-қызын тәрбиелеп өсірдік. Бүгінде бәрі үйлі-жайлы болып кеткен.

 
Машинаны екіге бөліп тастауға мәжбүр болған

   22-шілде күні Шымкенттен Сайрам ауданына шыға берістегі Қызылсу ауылының орталығында ірі жол-көлік апаты орын алды. Апат салдарынан төрт адам сол жерде қаза болып, тағы бірнешеуі әртүрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
   Оқиға «Жібек жолы» көшесінің бойында болған, ол жерде «Мерседес» пен «Ауди» көлігі соқтығысқан. Құтқарушылар барамын дегенше сол жерде жүргіншілер екі адамды өз күштерімен машина ішінен алып шығыпты.

 
Кінәлілер кешіріле берсе, ұрлық қайтіп тыйылады?

dsc06632   Соңғы кездері ауылдарда мал ұрлығы басты мәселеге айналғаны белгілі. Талай адам үйір-үйір жылқысын жоғалтып, не істерін білмей жүр. Полицияның есігін тоздырғанмен одан пайда болмағандықтан үміттерін үзіп отырғандар бар. Ел ішінен жетіп жатқан мәліметке сүйенсек, ұрлықпен ұсталғандар да аз емес. Соған қарамастан ұрылардың сотталғаны жөнінде көп есіте бермейміз. Себебі олар тергеу және сот барысында жәбірленушімен татуласу арқылы жазадан құтылып кете береді.
   Осыған ұқсас оқиға жуырда Шардара ауданында да орын алды.

 
Дәріханаға кеткен қыз үйіне қайтып оралмады

    Таяуда Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында сегіз жасар қыз бала жоғалып кетті. Бұл жөнінде сол күні аудандық ішкі істер бөліміне хабар түсіп, іздестіру шаралары жасалғанымен еш нәтиже бермепті. Келесі күні ауыл ортасымен ағып жатқан Дүйсенбек Алтынбеков атындағы каналдың суын жауып, іздестіруді қайта жалғастырған. Бұл жөнінде аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орыбасары Мұрат Әлімқұлов былай дейді:
   «Суыт хабар түсісімен біз жедел іске кірістік, кез келген болжам зерттеліп, тексерілді.

 
Ибрашова Артаевқа жала жапқан ба?

Естеріңізде болса, осыдан бірер апта бұ­рын белгілі боксшы, Афины Олимпиадасыныңphoto 17182 чемпионы Бақтияр Артаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде Айсұлу Ибрашова есімді бойжеткенге қол көтерді деген сөз таралған еді. Рас-өтірігі белгісіз бұл оқиға мен одан кейін орын алып жатқан жайлар жөнінде біз «Замананың» өткен нөмірлерінің бірінде жазған болатынбыз.

 
Қажымұқан Ғабдолла: «Мен айтсам, шындықты айттым»

36fdb1a35cd2f54f95cf2119fb5bc7ed mПенденің ғұмыры қызық пен шыжыққа толы. Күн са­йын, сағат жеткен сайын, ми­нөт өткен сайын адам өзінің өмірінің там-тұмдап азайып, кеміп, таусылып бара жатқанына мән бере бермейді...

Тал бесік пен жер бесіктің арасы, шындап келгенде, қас-қа­ғым ғана сәт... Осы қас-қағым сәтте бір-бірімізбен күресеміз, таласамыз, тар­тысамыз, ұрысамыз, бет жыртысамыз...

 
Шаруалардың шырылы Елордаға жетіпті

Естеріңізде болса, «Замананың» биылғы 25-ші нөмірінде «Шаруалар неге шырылдайды?» деген тақырыпта мақала жарияланып еді. Онда Қазығұрт, Ордабасы аудандарының бір­қа­тар тұрғындарының «Ауыл ша­руашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алмай жүргендігі туралы жазылған болатын. Редакциямызға келген шаруалар аталмыш қордың облысымыз­да­ғы филиалының қызмет­кер­лері өз жұмысына салғырттық танытып, тіпті қарапайым халыққа таратылып жатқан не­сиенің 10 пайызын дәмететінін айтып шырылдап еді.

 
Сіз нәрсуды білесіз бе?

 Ол сізге сусын, шипа әрі қуатimages

Жаздың аптап ыстық күндерінде адамның сусынды жиі тұтынатыны белгілі. Ал қазір қаладағы, тіпті ауылдардағы сауда нүктелерінде олардың түр-түрі самсап тұр. Бірақ көзге аса түсе бермейтін бір түрі бар, ол – баршамыз «компот» деп атап жүрген сусын. Қынжылтарлығы, оның өзгелерден әлдеқайда пайдалы сусын екеніне көпшілік мән бере бермейді.

 
«Өзімді өкіметке «сатқым» келеді», – дейді сәулетші Бақытжан Әшірбаев

img 0488Бүгінде Шымкент қаласындағы Қошқарата өзенінің жағалауын көріктендіру жұмысына қыруар қаржы бөлініп, ол жер ретке келтіріліп жатқаны белгілі. Ол демалыс аймағын қайта жөндеуден өткізу жобасының авторы – облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақытжан Әшірбаев. Ол кісі өзен жағалауын қайта жөндеу барысында азды-көпті кемшіліктердің кеткенін айтады. Ол қандай кемшілік? Бәкеңнің көңілі неге толмады?

 
Елорданы тәнті еткен «Той-думан»

 Кешегі өткен Астана күні мерекесінде Елордаға республи­камыздың барлық img 0911облыстарынан, шет мемлекеттерден түрлі өнерпаздар мен өнер ұжымдары барып, оны ән мен күйге бөлегені белгілі. Осы іс-шараларға Шымкенттегі «Той-думан» этномәдени продюсерлік орталығының өнерпаздары да қатысып, Астана жұртшылығының ықыласына бөленді.

 
Жас жігіттер намаз басқарады, азан шақырады

Қасиетті Рамазан айының аяқ­талуына да санаулы күндер қалды. Мен бұл айда ораза тұтушы ағайын­дардың қатары жылдан-жылға артып келе жатқанына қуа­намын. Әсіресе жастардың ықыласына риза боламын.

Шымкенттің іргесіндегі Қарабастау елді мекенінде де биыл ауыз бекіткендер көп. Кейбір жерлерде мешіт алыстау болғандықтан топ-топқа бөлініп, діни рәсімдерді жеке үйлерде өтеп жүргендер бар.

 
Айрықша арбасы бар адам

img 3574Кентау қаласының тұрғыны Жәнібек Бекмұратов күн күшін пайдалану арқылы жүретін арбамен қала көшелерінде жүйткіп жүр. Бірінші топтағы мүгедек жанға күн көзінен қуат алатын бұл арбамен жүру өте ыңғайлы. Әрі шағын, әрі үлкен шығынды да қажет етпейді. Көліктермен кепте­лісте тұрып қалу деген мүлдем жоқ. Қажет кезде жүргін­шілер жолымен де жүре береді.

Бұл арба Жәнібек үшін әрі вело­сипедтің, әрі автокөліктің қызметін атқарады. «Күн-арбаны» Йассауи атындағы ХҚТУ қызметкері Сатылмыш Чайыр жасаған.

 
Айтамын жарамазан «соткаңызға»...

 Біз көпқабатты үйде тұрамыз. Бірде түнгі сағат 23.30-дар шамасында есік қоңырауы басылды. Қараңғыда жүрген кім екен деген оймен есікті ашып едім, иықтарына баян мен домбыраны асынған екі жігіт әуелетіп жарамазан айта жөнелді. Тағы бірі бейнекамерамен болып жат­қан жайтты түсіріп жатыр.

«Айтамын жарамазан есігіңе,

 
92 жастағы ақсақал шахматтан ешкімді шақ келтірмеді

 Таяуда маған Шымкенттегі Ардагерлер үйінде демалудың сәті түскен еді. Сонда облысымыздың waxmatwyәр аудандарынан келген біраз қариялармен сұхбаттас болып, өмір тарихтарымен таныстым. Солардың ішінде сарыағаштық Сүлеймен Шәменов ақсақалмен болған әңгіме маған ерекше әсер етті.

Сүлеймен қария 1922 жылы Құркелес ауылында туылған. Өзінен он жас үлкен ағасы Мелдебек Алматыда заң оқуын бітіріп, Ташкентке тергеуші болып барады.

 
Қария қиналған қызға қол ұшын беруге дайын

«Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінде таяу­да «Қайда барарымды, кіммен бірге тұрарымды білмеймін» деген тақырыпта мақала жарияланған бола­тын. Онда Жансұлу есімді жасөспірім қыздың әке-шешесі кішкен­тай күнінде ажырасып, әжесінің қолында тәрбие­ленгені, анасы басқаға тұрмысқа шығып, әкесінің өзгеге үйленгені туралы жазылған. Әжесі қайтыс болған соң анасы Жансұлуды қолына алғанымен өгей әкесі күн бермеген соң ол өзі өскен үйге қашып барады. Мұнда оны анасының баласы жоқ әпкесі асырап алады­. Алайда оның да үйіне сыйыса алмаған қыз енді туған әкесін іздеп барады, ал әкесі қызды қабылдамай, кері қайтарады. Амалы құрыған қыз қайтадан нағашысының үйіне барып, жеңгесінің қас-қабағына қарап күн кешіп жатқанын,­ болашағына­ алаңдайтынын айтып редакциямызға хабарласқан еді.

 
« БіріншіАлдыңғы12345678910КелесіСоңғы »

Бет 1 , барлығы 102
Құлағыңыз түрік жүрсін!

umitbek-v

Біздің кітаптар
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама

juldyz

(28.07 - 03.08)

Тоқты (21.03-20.04)
Ортаның ыңғайына қарай жүргеніңіз дұрыс болмақ. Ұстамдылықты серік еткейсіз.
Торпақ (21.04-21.05)
Ойыңыздағы іс орындалып, көңіл демдейсіз. Күтпеген жерден олжалы болуыңыз ықтимал.
Егіздер (22.05-21.06)
Сізге тың міндет жүктелуі мүмкін. Жанашыр адамның кеңесіне құлақ аса жүргеніңіз абзал.
Шаян (22.06-23.07)
Жоспармен қимылдаңыз. Көңіл-күйіңізді көтеретін жайларды көбірек ойлағаныңыз жөн.
Арыстан (24.07-23.08)
Ізгі істердің ортасынан табыласыз. Сейсенбіде атыңызға мақтау сөз естуіңіз мүмкін.
Бикеш (24.08-23.09)
Әңгімелерге құлақ түре жүріңіз. Сіз табысқа жетелер ақпарат алғалы тұрсыз.
Таразы (24.09-23.10)
Шамаңыздан артық міндет алмауыңыз керек. Демалыс күндерін тиімді пайдаланыңыз.
Сарышаян (24.10-22.11)
Сіз жұрт назарындасыз. Әрбір сөзіңіз бен ісіңізге мән бере жүргеніңіз дұрыс болмақ.
Мерген (23.11-21.12)
Белсенділігіңіздің пайдасын көресіз. Біраз жұмыс бітіріп, пайдаға кенелуіңіз мүмкін.
Тауешкі (22.12-20.01)
Көздеген мақсатыңызға жақындай түсесіз. Сізге достарыңыздың жәрдемі тимек.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Бұл апта қаржы еселеуге қолайлы болмақ. Өзіңізді қамшылап отыруыңыз керек.
Балық (20.02-20.03)
Сізге дүйсенбі – сәрсенбі аралығы қолайлы. Басты шаруаларды осы күндері реттестіріп алғайсыз.

Біздің газеттер
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
Құлағыңыз түрік жүрсін

auyrmanyz

«Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірі жарыққа шықты. Газеттің бұл нөмірінде оқырманға мынадай тақырыптағы мақалалар ұсынылып отыр:

* Жазда да балалардың мазасызданып, сырқаттанып қалатын кезі көп. Оның кейбірі ата-аналардың білместігі мен жауапсыздығынан туындап жатады. Жаздағы жайсыздықтар неден болады және мұндайда балаға қандай күтім жасаған жөн?

* Аптап ыстықта адам ағзасы басқа мезгілдегідей көп энергияны талап етпейтіні анық. Соған байланысты бұл мезгілде тамақтануға да басқаша мән беруге тура келеді. Әйтпесе денсаулығымыз сыр беруі әбден мүмкін. Күн ыстықта қалай тамақтану керек?

* Кейбір адамдар артық салмақтан арылу үшін аздыратын шайлар пайдаланады. Бұл шайлардың бәрі де ем­дік шөптерден жасалатыны белгілі. Алайда мамандар олардың пайдасымен қоса зияны да барын айтады. Аздыратын шай туралы не білеміз?

...Газеттің жаңа нөмірінде денсаулық күтімі, аурудың туындау себептері мен емделу тәсілдері жайлы бұдан басқа да тақырыптағы мақалалар жарияланған.

«Ауырмаңыз!» газетіне жазылу жалғаса беретінін естеріңізге саламыз. Біздің индексіміз – 64233.

 

Құлағыңыз түрік жүрсін!

til

Қыстың да таңқалдырар
құпиялары бар
* Қыс мезгілінің құпиялары.
* Төрт түлік пен табиғат құбылысы.
* Қымыранның құдіреті.
* Жұлдызыңыз не дейді?
* Жұмбақ кейуана бақыт сыйлады.
«Замананың» қосымшасы – «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірі жарық көрді. Жоғарыда аталған тақырыптарды қамтитын мақалалар газеттің осы нөмірінде жарияланып отыр. «Тылсым дүниенің» жаңа нөмірінен тылсым сыр, ғажайып жайлар, табиғат құбылыстары мен құпиялары туралы бұдан басқа да тақырыптардағы мақалаларды оқи аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

 * Умеренная цена

 Наш адрес:

г. Шымкент,
 ул. Акпан батыра, 23.
 (уг. улицы Майлыкожа.).

 Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

 Будьте нашим гостем!

Құлағыңыз түрік жүрсін

kerek-2014-15

«Керек кеңестерде» кеңес көп
Тұрмыс-тіршілікте, жалпы, өмірдің барлық салаларында адамның түрлі ақыл-кеңестерді қажет ететіні рас. Ондай пайдалы кеңестер керек кезінде табылып жатса, адам адаспайды, дұрыс шешімдер жасайды. Осы орайда оқырманға «Замананың» жанынан шығатын «Керек кеңестер» газетінің де берері мол.
«Керек кеңестер» газетінің редакциясына еліміздің түкпір-түкпірінен хабарласып, ой бөлісетін, өз кеңестерін ұсынатын жандар көп. Басынан өткергендері жайлы жазып, жұрттан ақыл сұрайтындар, оларға шама-шарқынша көмек қолын ұсынып жататындар да бар.
Міне, көпшілікке берері мол осы «Керек кеңестер» газетінің жаңа нөмірі жарық көрді. Одан сіз мынадай мақалалар мен кеңестерді оқи аласыз:
* Қария қиналған қызға қол ұшын беруге дайын.
* «Баламның жалғыздығын уайымдаймын», – дейді редакцияға хабарласқан ана.
* Өз туған қызы өзіне келін болды.
* Оның екінші мәрте қателескісі келмейді.
* Тілекті дер кезінде, белгілі бір тәртіппен тілесеңіз, кереметін көресіз.
* Танымал болу қиын емес.
* Ыстықтан қорғану әдістері.
* Қандай әйел мен қандай еркек үйлеседі?
* Бақытқа жетелейтін бұл жолдарды жаттап алыңыз.
«Керек кеңестердің» жаңа нөмірінде бұдан басқа да кеңестер бар. «Керек кеңестер» Сізді ешқашан жалықтырмайды, өкіндірмейді.