01 | 03 | 2015
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
Бізде қонақта:
Қазір 79 қонақ онлайн
Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін

Біз Сіздерге сенеміз!
Қадірлі оқырман! Бүгінде алдағы, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына газет-журналдарға жазылу науқаны басталып та кетті. Жыл сайын ұйымдастырылатын мұндай шараның алғашқы кезеңі біршама тыныш өткенімен, қыза келе небір құйтырқы әрекеттердің орын алатынын Сіздер білесіздер. Сондықтан өздеріңіз қалаған басылымға ерте бастан жазылып қоюды ұмытпаңыздар. Сонда жазылым барысында оқырман құқын таптап, өзге газетке зорлап жаздыратындардың құрығына түсіп қалудан аулақ боласыздар. Осы орайда біз Сіздерді «Замана» газетіне алдын-ала жазылып қоюға шақырамыз.
«Замана» алғаш жарық көргелі бергі уақыт ішінде тек қана оқырман мүддесі үшін қызмет етіп келеді. Біз жұртшылықты әрқашан да ел ішіндегі, республикамыз бен шет мемлекеттердегі айрықша жаңалықтардан дер кезінде құлағдар етіп келеміз. Адамды ізгілікке үндейтін танымдық-тағылымдық мақалалар да «Заманада» үздіксіз жарияланып тұрады. Сондықтан да ел ішінде газетімізге таңдау жасап, оны жаздыртып оқитын жанкүйер-жанашырларымыз көп. Біз ол азаматтарға деген алғыс сезімімізді білдіреміз.
Дегенмен бүгінде «Замананы» аяқтан шалып, оның оқырман қолына жетуіне кедергі келтіретіндер де аз болмай тұр. Осыған орай біз Сіздерге кезекті жазылым науқанында ондайлардың жымысқы әрекетіне, өз таңдау еркіңізді өзгелердің арсыздықпен таптауына жол бермеңіздер дегіміз келеді. Біз Сіздердің өз заңды құқыларыңызды қорғай алатындарыңызға, «Заманаға» әрқашан да қолдау білдіретіндеріңізге сенеміз.
«Замана» республикалық каталогқа ендірілген, оған еліміздің барлық аумақтарындағы «Қазпочта» мен «Ернұр-пресс» мекемелері арқылы жазылуға болады. Газетіміздің индексі – 65416.
Алдағы уақыттарда да бірге болайық, ардақты оқырман!
«Замана» редакциясы.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

umitbek-v

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін

kz-2015-03

Ауғанстанда жұмыс істеген
...Қомақты жалақы төлейтін шетелдік құрылыс компаниясы бір топ азаматты Ауғанстанға жұмысқа жіберіпті. Ал олар аталған елде көптеген оқиғаларды бастарынан өткерген. Бұл жөнінде «Замананың» қосымшасы – «Қызық газет» басылымының осы аптада шыққан жаңа нөмірінде «Ауғанстанда жұмыс істеген қазақ жігіттері» деген тақырыпта қызықты хикая жарияланып отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!


Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Керек кеңестер

Күлудің де құпиясы бар
* Біреу сізге ызалана ұрысып жатса, үндемеңіз, онымен текетіресіп, ұрыспаңыз. Бұл оны одан бетер «оталдыруы» мүмкін, бірақ ашуы басылғасын ол өзін сіздің алдыңызда қолайсыз сезінері анық.
* Біреумен сөз арасында «мен ойлаймын», «маған солай сияқты көрінеді» деген секілді сөздерді көп қолданбаңыз. Мүмкін болса мұны «тіл байлығыңыздан» алып тастаңыз. Өйткені ол сөзіңізге өзіне сенбеушілік рең береді.
* Біреумен кездескенде шын көңілден қуанғаныңызды (расында да) сездіре алсаңыз, кейін ол адам сізді көргенде шын қуанатын болады.
* Біреуден «түйе» сұрасаңыз, ол сізге кейін «бие» беруге оңай көнеді. Яғни сұрай қалсаңыз, көп, көлемді нәрсені бергісі келмеген адам сізге одан аз нәрсені аса қиналмай беруі мүмкін.
* Егер қызмет көрсету орнында жұмыс істейтін болсаңыз, артқы жағыңызға айна орнатыңыз. Сізге біреу кәрін төге қалса, айнадағы өз бейнесінің «жаман-жаман» болып тұрғанын көргісі келмейді, сізбен әлденеге келіспеген жағдайда ұрыспайтын болады.
* Адамға алғаш қарағанда оның көзінің түсін анықтауға тырысыңыз. (Әрине, бақырая тесіліп ұзақ қарамассыз). Осы арқылы ол санадан тыс күйде сізді ұнатып қалуы мүмкін.
* Көп адам күлгенде бір адам өзіне ұнайтын адамға қарап күледі. Яғни өзіңізді жақсы көретін жанды осы кезде аңғара аласыз.
* Аса бір жауапты іске кірісерде сағыз шайнаған немесе бір нәрсе жеген жақсы, ол адамға қауіпсіздікті, тыныштықты сездіреді. Яғни адам тамақ ішкенде негізінен тыныштық күйде болатыны белгілі.
* Егер біреуге сұрақ қойғанда ол сізге толыққанды жауап бермесе, немкетті қараса, үндемей, оның көзіне тура қараңыз. Сонда ол өзінікі дұрыс болмағанын сезінеді.
* Көбірек жымиып, күліп жүріңіз. Сонда адамдар сізбен көбірек араласқысы келетін болады.
* Жиында немесе ортада тәртіптік жазаға тартылып, өз атыңызға әлдекімнің атынан ащы сын айтылса, осыны істеген адамның жанына барып отырыңыз. Сонда ол тынышталып, жуасып қалады.
* Өзіңізге сенімді болып жүрсеңіз, өзгелер де сізге жақын жүргісі келетін болады.
* Егер қызбен (жігітпен) кездесуге барар болсаңыз, оны кейін еске алғанда жандарыңызға жайлы әсер ететін жерге шақырыңыз.

Негізгі бет
Ардагер ата Елбасыға арыз жазуға мәжбүр болыпты

Президенттің тапсырма­сымен қазақстандықтар Ұлы Жеңістің 70 жылдық мереке­сін кең көлемде tbqweатап өтуге дайындықты бастап та жібер­ді. Ардагерлерді марапаттау жөнінде арнайы бағдарлама да қабылданды. Жалпы, Отан үшін от кешкен аталарымыз­ға жағдай жасалып-ақ жатыр. Дегенмен осындай қамқорлық­тан қағыс қалып жатқан жандар да жоқ емес екен. Таяуда редакцияға хабар­ласқан Жаңбырбай Байдаров есімді соғыс ардагері (суретте) осы кезге дейін бірде-бір жеңілдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтып қынжылды.

 
Жаңа театр қойылымға әлі дайын емес

fserbtwТаяуда Ж.Шанин атындағы облыстық драма театры Шымкенттегі жаңадан ашылған әкімшілік орталығына қоныс аударған еді. Бірақ осы өзгерістер жөнінде ел арасында әртүрлі сөздер айтылуда. Тіпті бұрынғы жерде отыра бермей, жылы орнымызды бекер суыттық деп өкініш білдіріп жүргендер де жоқ емес секілді. Сондықтан біз кешегі аптада театрдың жаңа ғимаратына барып, ол жердегі қызметкерлерді әңгімеге тарттық.

 
Сүндет тойға харам араластырмауға шақырамыз

Шымкенттегі облыстық орталық мешіттің мәжіліс залында қала, аудан имамдарының қатысуымен «Халал тойларды сүндет тойдан бастайық!» атты іс-шараны қолдауға арналған жиын болып өтті. Оны ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл – имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды.­

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға­сы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасы бойынша 2014-2018 жылдар «Дін мен дәстүр жылдары» деп жарияланған болатын.

 
Мырзабеков пен Мырзахметовтің соты басталды

 Созақ ауданының тұрғыны Қойшыбай Мырзабековтің (суретте) облыс әкімі gq453А.Мырзахме­товтің үстінен шағымданып, Шымкенттің әл-Фараби аудандық сотына арызданғаны, соттың ол арызды түзетуге қайтар­ғаны жөнінде газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде жазған едік.

19-ақпан күні ре­дакция­мызға Қ.Мыр­забековтің сенімді өкілі Жаңабек Әбі­шев (су­ретте) хабарласып: «Судья тарапынан көрсетілген кем­шіліктер түзетіліп, 14-ақпанда талап арызды қайта тапсырдық.

 
Әкімдік пен басқармалар жаңа ғимаратқа орналасып жатыр

xfgbrgeКешегі аптадан бастап Шымкенттегі жаңадан бой көтерген әкімшілік-іскерлік орталығына облыстық әкімдік пен басқармалар көше бастады. Осыған орай біз 16 қабаттан тұратын жаңа ғимараттың жай-күйімен танысу мақсатында оған арнайы барып қайтқан болатынбыз.

Бұл жерде құрылыс, жуып-шаю жұмыстары толығымен аяқталды деп айту қиын.

 
«Заманамен» қайта қауышқаныма қуаныштымын

Мен қазір Қарағанды қаласында тұрамын. Еңбек ардагерімін, жоғары оқу орындарында 33 жыл қызмет атқарған жанмын.

 Қарағандыдан қазақша газет табу қиын

Мен биылғы жыл басынан бастап Шымкенттен шығатын «Замана» апта­лығына жазылдым. Әрине, менің бұл таңдауым кездейсоқтық емес. Керісінше, осы басылым арқылы артта қалған сағымды өмір жолымды қайта еске алып отыр­ған жайым бар.

 
Прокурор полицияның мәселесін қарауды ұсынды

Соңғы кездері Шардара ауданында жасөс­пірімдер арасында қылмыс көбейіп барады.fdzsres Бір баланың екіншісін мылтықпен атуы, оқу­шының мас халде саябақты бүлдіруі, сабақ арасындағы үзілісте оқушының­ қаза табуы шардаралықтар үшін оңай тиіп жатқан жоқ. Бұдан кейін ауданда­ полиция жоқ па деген сұрақ туындайтыны да рас. Осы сұрақты біз Шардара ауданының прокуроры Талғат Сейдуәлиевке (суретте) қойдық.

 
Әкімге қарсы әңгіме айтатындар қатары артып тұр

gtfve6wg4v5Кешегі аптада редакцияға Мақтааралдан Мекенбай Атабайұлы есімді азамат (суретте) келді. Ол кісі аудан басшысы Серік Тұрбековтің жұмысына көңілі толмайтынын, сондықтан әкімнің тұрғындарға есеп беру кездесуінде айта алмаған сөздерін көпшілікке газет арқылы жеткізгісі келетінін айтып, хат тастап кетті. Онда былай делінген:

 
Ұшқын мектебінде ұят іс болыпты...

Жуырда Сарыағаш ауданының Ұшқын ауылында болған едік. Сонда мектеп оқушыларына қатысты бір қолайсыз әңгіме туралы естідік.

«Оқиға №138-ші мектепте оқитын қыз­дың жүкті болып қалуынан басталды, – деді Ержан есімді такси жүргізушісі. – Бір түнде аласапыран болып, екі жақтың ана-аналары мен мектеп басшылары аяғынан тік тұрды. Әңгіме тарап кетпес үшін оқу жылы аяқталғанша өзара «жабулы қазан» күйінде қалдыруға келісті. Екі жастың мәселесін ше­шу кейінге қалдырылды.

 
«Жұлдыз той» Бақытты ата-ана 6 қызына арнап, айрықша той жасады

Той – алыстағы ағайын мен жақындардың басын қосып, қуанышты бөлісудіңfdsxwa бір жолы. Кешегі аптада Шымкент қаласындағы «Нұр – 777» тойханасында көпшілік көп ести бермеген ерекше той болып өтті. «Замана» газетінде бұрын тілші болып жұмыс істеген әріптесіміз Құндызай Қалауова мен оның жары Мұрат Әсілбек өсіріп отырған алты қызына арнап «Жұлдыз той» жасады.

 
Жұлдызай Жетісайға келін болған ба?

hfytf«Замана» газетінің өткен нөміріндегі «Уә­ли­бек пен Жүсіп теріс ағымға еріп кеткен бе?» деген тақырыппен жарияланған мақала біраз адамдардың езуіне күлкі үйірген болар деп ойлаймын. Осындайда біздің қазекең­дердің де көрмейтіні жоқ па деп қаласың.

Кезінде бірін-бірі толықтырған төрт азамат – Уәлибек, Жүсіп, Нұржан Төлендиев және Жұлдызайлар сатираның шыңына шықты. Қайдағы жоқты тауып алатын таланттар езуімізді жидырмады.

 
Шәмшінің ғұмырлық геометриясы (Қалдаяқов туралы эсселер)

Жуырда Қазақстанның Халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік fsrvәлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шаханов өзінің аға-досы, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов туралы «Шәмшінің ғұмырлық геометриясы» атты кітап жазып бітірді. Енді сол кітаптан үзінді жариялай бастаймыз.

 
«Қазақстан дауысы» 5 миллион теңге Бауыржан Ретбаевқа бұйырды

hfyfgБірнеше айдан бері елді елеңдеткен «Қазақстан дауы­сы» жобасы да өз мәресіне жетті. Газетіміздің бұған де­йін­гі нөмірінде жазғанымыздай, финалға жерлесіміз Данияр­ Исмаи­лов пенмаң­ғыстаулық Бауыржан Рет­баев шыққан болатын. Кө­рер­­мен көзайымына айнал­ған қос қатысушының ішінен бағы мен бабы қатар ша­уып, Бауыржан Ретбаев­ жеңімпаз атанды. Ол 5 миллион тең­гені ұтып алды.

Сайыс бар жерде түрлі пікірлердің де айтылатыны жасырын емес. Кейбіреулер байқау әділ өтпеді, жершілдік пен рушылдық белең алды деп жатыр.

 
Баукеңмен жүздескен күндер (Соңы. Басы өткен нөмірлерде).

Бауыржан батыр 1964 жы­лы мамыр айында Сарыағаш­қа бесінші рет емделуге келді. Негізі zxsddsdбатырдың ауруы Мос­ква­дан 30 километр қа­шық­тықтағы Крюково селосы үшін болған шайқаста алған жарақаттарына байланысты. Сол кезде омыртқаға оқ тиген­, оны дала жағдайында поляктың дәрі­геріне зорлап алдырады. Өзі ұрыс даласынан кетсе, сол­даттардың да қалуы екіта­лай еді. Сол жарақаттың зардабы нерв жүйесіне әсер еткен.

 
Уәлихан Сүлейменовтің кітабы шықты

gnsreКезінде партия, кеңес органдарында қызмет еткен, кейін Шымкент қалалық ардагерлер кеңесін басқарған Оң­түстік өңіріне белгілі азамат Уәлихан Сүлей­ме­новтің кітабы шықты. Ол «Өт­кен өмір бе­лестері» деген атпен Шым­кенттегі «Кітап» баспасынан жарық көрді.

Аталған кітаптың бірінші және екінші бөлімдерінде – Бекасыл Әшірбекұлы, Асанбай Асқаров сынды Ұлы Отан соғысының ардагер­лері, есім­дері ел есінде қалған азаматтар жөнін­де айтылады. Ал үшінші бөлімінде ав­тордың Ұлы Отан соғысынан оралмаған өз әкесі Сүлеймен Сарт­байұлы жайын­да естелік жазылған.

 
Бәйдібектіктер Садық батырды неге ұмытты?

Енді көп ұзамай Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткелі отырмыз. Бұл же­ңісті жақындатуға талай қазақgfybrty жауынгері атсалысқаны белгілі. Солардың бірі – Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Садық Әбжаппаров еді.

Садық Әбжаппаров бұл жоғары атақты жасы 19-ға толар-толмаста алған. Ол Батыс Двина өзенінен өтерде өшпес ерлік жасаған. Жалғыз өзі өзеннен жүзіп өтіп, гранатамен, автоматпен қорғаныстағы жаудың 30 солдатының көзін жойған. Жауды әрі қарай шегінуге мәжбүр еткен. Әскердің өзеннен өтіп, шабуылға шығуына жағдай жасаған.

 
Бауыр еті – баласын уайымдайды

«Замана» газетінің редакциясына Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылынан Болат Рүстембеков есімді азамат хабарласты. Ол кісіні азамат болып қалған ұлының жағдайы қатты алаңдатуда екен. Осыған байланысты газетімізде мақала жариялауымызды сұрады. Б.Рүстембеков өздеріне «Замана» оқырмандарының бірі болмаса бірінің ақыл-кеңесімен септігі тиюінен үміттенеді.

 
Шәуілдір жақта қасқыр өріп жүр дейді

hnuyueЖылда қыс мезгілінде ауылдарда даладағы мал былай қалып, қорадағы қойларға да қасқыр шап­қанын естіп жүрміз. Сондай жағдай биыл да болып жатыр. Әсіресе түз тағысы отырарлықтарды қатты састырып жатқанға ұқсайды. Бұл жөнінде кешегі аптада Шәуілдірден хабарлас­қан Мұхтар Тұрманов (суретте) былай дейді:

«Қазір тоғайда қасқыр толып жүр. Аш қасқырлар сиыр мен жыл­қыларды жеп кетіп жатыр. Кімнен қанша кеткенін есептеп жатқан ешкім жоқ. Бірақ үш-төрт жылқы мен сиыр­ларынан айырылғандар көп.

 
Олар Ауғанстанда ерлік көрсеткен еді

Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына орай Шардара қаласының Абай атындағы мәдениет сарайында мерекелік іс-шара өткізілді. Аудан басшылары, Ауған соғысының ардагерлері, мектеп оқушылары мен басқа да азаматтар ең алдымен театр фойесіндегі көрмені тамашалады. Ау­ғанстанда ерлікпен қаза тапқан шардаралық боздақтар – Мұхтар Оразбеков пен Тимирьян Сұлтанғараевтың ескерткіші басындағы мәңгілік алауға тағзым етіп, олардың ерліктерін еске алды.

 
Өз әйелі мен қызын қорлаған азғын жазаланды

Осыдан біраз уақыт бұрын Сайрам ауданынының орталығы Ақсукент ауылында айтуға ауыз tf4tvy45бармайтын сұм­дық оқиға орын алған­ болатын. Аталмыш ауылдың тұрғыны О. есімді 1979 жы­лы туылған азамат өз әйе­лі мен кәмелет жасқа толмаған туған қызын айуан­дық­пен зорлаған. Осы қыл­мысы әшкере болып, ол көп ұзамай тұт­­қын­далған еді. Таяуда Оң­түстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Темірәлиев осы іске қатысты үкім шығарды.

 
Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөнінде жұрт жарыса айтуда

Өткен аптада болған Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесінде ас­самблея төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауын­ өткізу жөнінде бастама көтерді. «2016-жылы бізде екі бірдей сайлау – Президент және Парламент сайлаулары өткізі­леді. Ал сарапшылардың айтуынша, әлемдік дағдарыс та осы жылы шарықтау шегіне жетеді. Бұл кездегі сай­лаулар қоғамның да, биліктің де назарын аударып, оған қо­са қосымша шығындар әкелетін­дік­тен мен Пре­зи­дент­ сайлауын осы жылы өткізуді ұсынамын», – деді Башмаков.

 
Бейкүнә бала дәрігердің қамқорлығынсыз қала ма?

gsБүгінде дәрігерлердің сапасыз іс-әрекеті жөнінде сын аз айтылып жүрген жоқ. Соған қарамастан бұл салада кемшіліктер түбегейлі жойылды деп айтуға әлі ерте секілді. Біздің бұлай деуімізге жуырда редакцияға келген қазығұрттық Бибігүл Құралбаева есімді азаматшаның (суретте) шағымы себеп болып отыр.

«Менің Қазығұрт ауданындағы дәрі­герлерге айтар алғысым шексіз, тіпті талай­ рет өлімнен арашалап алды де­сем­ де қателеспейтін шығармын, – дейді Бибігүл Кеңесқызы.

 
«Тіл туралы заңды бұзғандарды жауапқа тарту керек», –дейді шымкенттік азамат

«Замананың» өткен нөмірлерінің бірінде «Мемле­­кеттік тілді қорғағаны үшін жазықты болған ба?» деген тақырыпта мақала жарияланғаны белгілі. Бұл мақалада Түлкібас ауданынан редакциямызға хабарласқан Марат есім­ді азаматтың басынан өткен жай туралы сөз болған. Яғни ол бір кәсіпорынмен келісім-шарт­қа тұрғанын, құжат тек орыс тілінде тол­тырыл­ғандықтан оның қазақша да жазылуы тиістігін ескерткені үшін әлгі кәсіпорынның арадағы келісім-шартты бұзғанын айтқан еді.

 
Түрмедегі әйелдерге де жағдай жасалуда

Шымкенттің орталығында ор­­на­лас­қан қатаң режимдегі әйелдер колониясындағы жазасын өтеуші­лер fdgterақылы еңбекпен қамтылған. Коло­ния­дағы азамат­шалардың 80 пайыз­дан­ астамы ақы төленетін жұмыс жасап жүр. Оларға жұмыс беруші «Еңбек-Шымкент» филиалы болып табы­лады.

Жазасын өтеушілердің тиімді жұмыс жасауы үшін арнайы жұмыс бөлмесі бөлінген. Түзеу мекемесінің өндіріс аймағындағы тігін цехында олар екі ауы­сымда жұмыс істейді, жазасын өтеу­шілердің киім-кешек­терін, мекеме қыз­меткерлеріне арналған киімдерін тігіп, басқа да тапсырыстар қабылдайды.

 
«Ол адам басшы болу үшін 650 мың доллар беріп қойыпты...» – деді қария

dhdfБүгінде жұртшылық ертегі айтатын адамдар азайғанын айтады. Дегенмен ондай жандар мүлде жоқ десек, қателеседі екенбіз. Жуырда бір жиында жұртты аузына қарат­қан қарияның әңгімесі мені ертегі­ше елітіп, еріксіз өзіне баурап алды.

«Дүниеде асты-үсті байлыққа толы бір ел болып­ты,­ – деп бастады әңгімесін әлгі кісі. – Ол елдің тұр­­ғын­дары өте бай тұрыпты. Адамдарының мінгені шетел­дік көлік, жегені шетелдің тағамы, кигені де им­порт екен.

 
Жұртты алдап, ақшасын алатын ару

Елімізде телефон алаяқтарының құрбаны болып, қомақты қаражаттарын алаяқтардың есеп-шотына салып, жер сипап қалғандар аз емес. Оңай жолмен олжалы болғысы келгендер енді әлеуметтік желілерді де жағалай бастапты. Бұлай деуімізге бірнеше аптадан бері «Фейсбук» қолданушыларын таңдандырған оқиға себеп болып отыр.

«Фейсбукте» шығып тұратын Асыл Талғатжан деген қызды біз де танитынбыз.

 
Мәмет Темешов Серік Тұрбековке турасын айтты ма?

Аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру жиын­дары да мәресіне таяп келеді. mamet2-ақпан күні Мақтаарал­ ауданының әкімі Серік Тұрбеков әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан тұрғындарына есеп беріпті. Бізге осы басқосудың соңы аудан әкіміне көрсетілген наразылыққа ұласқаны жөнінде мәліметтер түсті. Қырық бес жыл прокуратура саласында қызмет ат­қарған Мәмет Темешов (суретте) залға жұлқынып кіріп, облыс әкімінің атына жазған хатын оқып беріпті.

 
Болып жатқан жайды жұрттан жасырған дұрыс па, бұрыс па? Сарыағаш ауданының Жартытөбе ауылдық округінде орын алған оқиға талай жанға терең ой салды.

aidossarimБүгінде бұл оқиғаға қатысты әлеуметтанушы, саясатта­нушы азаматтар да өз ұста­нымдарын білдіріп жатыр. Мысалы, саясаттанушы Айдос Сарым­ «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Сарыағаш ауданында болған оқиғаның себебі жөнінде айта келіп, сол кездегі биліктің әрекетіне байланысты: «...Кейбір сайттар сол күні таңертең бұл оқиға жө­нінде хабар таратты, бей­не­жазба, суреттер жариялады. Ал кейін оның бәрі көрінбей қалды. Негізі ресми органдар ол жөнінде халыққа барынша ашық ақпарат беруі, проку­ратура, жергілікті билік жағдайды қадағалап отырғанын біл­діруі керек еді. Олар үнсіз отырды. Осының себебінен ақпараттық вакуум туды, түрлі сөздер таралды», – деген тұр­ғыда өз пікірін білдірді.

 
«Кеңестік педагогиканың жақсы жақтарын жоққа шығармайық», – дейді байырғы ұстаз

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын «Заманада» Тоғайбай Нұрмұратұлы есімді оқырманымыздың «Біздегі білім жү­йесінде қазақтың жанына қабыспайтын жайлар көп» деген тақырыпта мақаласы жарық көрген болатын. Онда автор қазіргі білім жүйесіндегі кемші­ліктер мен бала тәрбиесіндегі олқылықтар жөніндегі пікір­лерін білдірген еді. Кешегі аптада редакциямызға аталмыш мақалаға қатысты Нышанбек Бектанұлы есімді қария келді. Ол кісі Шымкенттің іргесіндегі Таскешу ауылында 36 жыл ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шыққан екен. Қария білім беру жүйесіне қатысты ой-пікірін қағазға түсіріп әкеліпті. Н.Бектанұлы былай дейді:

 
Арыстың әкімі бастығынан мақтау естіп қайтты

Жыл басынан бері тұр­ғындар алдында есеп берген аудан және қала басшылары енді облыс әкіміне akimбір жыл бойы атқар­ған жұмыстары жөнінде баяндап жатыр. Ал өткен аптада Арыс қаласының әкімі Сейіт Ертай өз командасымен облыс басшыларының алдында тапсырған емтиханнан жоғары баға алып қайтты.

Оның баяндамасы көпшіліктің көкейінен шықса керек, оған қойылған сұрақтар көп бола қойған жоқ.

 
«Жастарға көңіл бөлінгенде мұндай болмас еді дейді», – ауыл тыныштығын ойлаған азамат

nurjigitКешегі аптада редакцияға Сарыағаш ау­данының Жартытөбе ауылдық округінен Нұр­жігіт Қалмұр­заев есімді азамат (суретте) хабарласты. Ол ауылдарында қалыптасқан төтенше жағдай бойынша өз пікірін былайша білдірді:

«Біздің ауылда қазір стадион деген атымен жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын ескі стадионның орнына мектеп салды.

 
« БіріншіАлдыңғы12345678910КелесіСоңғы »

Бет 1 , барлығы 80
Құлағыңыз түрік жүрсін!

umitbek-v

Біздің кітаптар
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама

juldyz

(23.02 - 01.03)

Тоқты (21.03-20.04)
Бір игі іске бастамашы болуыңыз мүмкін. Сізді қолдаушылар қасыңыздан табылады.
Торпақ (21.04-21.05)
Жақсы нәтижелер аптасы. Сіз үшін жақын адамыңызбен бірлесе әрекет ету маңызды болмақ.
Егіздер (22.05-21.06)
Мазалаған мәселе оңды шешімін табады. Қосымша табыс көзіне қатысты ұсыныс білдірілуі ықтимал.
Шаян (22.06-23.07)
Басты шаруаны бірінші кезекте реттеп қойыңыз. Бейсенбіге қарай жұмысыңыз еселенуі мүмкін.
Арыстан (24.07-23.08)
Күрделі міндет жүктеле қалса, саспаңыз. Қай істі де абыроймен атқару қолыңыздан келеріне сеніңіз.
Бикеш (24.08-23.09)
Байланыс орнатқысы келетіндер бой көрсетеді. Жанашыр адамыңызбен жиі кеңесіп тұрғайсыз.
Таразы (24.09-23.10)
Жауапкершілікті күшейтуіңіз керек. Тапсырылған шаруаларды ой елегінен өткізіп алғаныңыз абзал.
Сарышаян (24.10-22.11)
Аптаның алғашқы бөлігінде белсендірек болғайсыз. Осы күндері көп іс тындырудың орайы келмек.
Мерген (23.11-21.12)
Өзіңізге деген сенімнің арта түскенін аңғарасыз. Апта соңына қарай олжалы болуыңыз ғажап емес.
Тауешкі (22.12-20.01)
Жаныңызға жағымды ортада жиірек боласыз. Жақын адамыңыздың жетістігі қуантқалы тұр.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Отбасы бюджетін еселеуге мүмкіндік мол. Қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмағайсыз.
Балық (20.02-20.03)
Өзіңізді қамшылап, алға ұмтыла түсіңіз. Іс-қимылыңыздың оңды нәтижелері көп күттірмейді.

Біздің газеттер
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
Құлағыңыз түрік жүрсін

auyrmanyz

* Маскүнемдіктен құлан-таза құтқарады
Бүгінде ел ішінде ішкіліктің шырмауына ілігіп, маскүнемдік жолына түсіп бара жатқан адамдар аз емес екені байқалады. Оларды осы жаман әдеттен арылтуда оңды нәтижеге қол жеткізіп жүрген орталықтың бірі – «Полинер».
* Қай кезде үйленген жөн?
Адамда қиындыққа сабырлы қарап, салмақты шешім қабылдай алатын, кейбір күрмеулі мәселелерді ушықтырмай, дер кезінде басып, өз бетінше оңды шешім шығара алатын кезең болады. Отбасының беріктігін сақтауға сеп болатын бұл қай жас?
* Токсикозды жеңілдетудің тоғыз тәсілі
Токсикоз дегеннің не екенін ересектердің бәрі біледі. Бұл әсіресе жүктілік кезеңіндегі әйелдерге жақсы таныс құбылыс. Ол әйелді әбіржітеді. Сондықтан токсикоз кезеңін жеңілдетуді әркім-ақ ойлайды. Ал оны жеңілдетудің тоғыз түрлі оңай тәсілі бар екен.
* * *
Бұл мақалалардың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінен оқи аласыздар. Онда денсаулық күтімінің құпиялары, артық салмақтан арылу жолдары, еңсені езген жағымсыз күйден арылу амалдары, халық емі тәсілдері жайлы басқа да мақалалар ұсынылып отыр. Газетіміз Сізді көп жайлардан хабардар етеді. Ендеше, «Ауырмаңызды» алуды ұмытпаңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін!

til

Қыстың да таңқалдырар
құпиялары бар
* Қыс мезгілінің құпиялары.
* Төрт түлік пен табиғат құбылысы.
* Қымыранның құдіреті.
* Жұлдызыңыз не дейді?
* Жұмбақ кейуана бақыт сыйлады.
«Замананың» қосымшасы – «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірі жарық көрді. Жоғарыда аталған тақырыптарды қамтитын мақалалар газеттің осы нөмірінде жарияланып отыр. «Тылсым дүниенің» жаңа нөмірінен тылсым сыр, ғажайып жайлар, табиғат құбылыстары мен құпиялары туралы бұдан басқа да тақырыптардағы мақалаларды оқи аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

 * Умеренная цена

 Наш адрес:

г. Шымкент,
 ул. Акпан батыра, 23.
 (уг. улицы Майлыкожа.).

 Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

 Будьте нашим гостем!

Құлағыңыз түрік жүрсін

kenecter 2015-03

«Керек кеңестерде» кеңес көп
«Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің жаңа нөмірі жарыққа шықты. Басылымның бұл нөмірінде мынадай тақырыптағы кеңестер мен мақалалар жарияланып отыр:
* Қайырымдылық та қаржыны арттырады
* Ажырасуға апаратын белгілер
* Құдаларға арақты күштеп ішкізген дұрыс па?
* Кедейлік қайдан келеді?
* Желілік маркетингте жұмыс істесеңіз...
* Айыппұлдың жартысын төлеуге де болады екен
* Қажетсіз бұйымнан құтылмасаңыз, қиын
* Айтқаны айнымай келген көріпкел
...«Керек кеңестердің» жаңа нөмірінде оқырман назарына бұдан басқа да тақырыптарды қамтитын кеңестер мен тұрмыстық–танымдық мақалалар ұсынылып отыр.