28 | 01 | 2012
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
< Желтоқсан 2009 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      
Әріптестер

www.baq.kz

Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Керек кеңестер

Бақыт Сіздің өз қолыңызда

Біз ылғи асығып жүреміз. Тұра салып жұмысқа, жұмыстан үйге асығамыз. Ай басталса, тезірек ортасы болса, ортасына жетсек, тез аяғы болса дейміз. Қыс болса – жазды, жаз болса – қысты аңсаймыз. Сөйтіп, зымырап өтіп жатқан алтын уақытымыздың, басымыздан өткен бақытты сәттердің бағасын кеш біліп жатамыз. Уақыт өткен соң сол кез менің ең бақытты сәтім болған екен ғой деп сағынышпен еске аламыз. Осындай өкінішке қалмас үшін не істеу керек? «Орал өңірі» газетінде мынадай кеңестер жарияланыпты:

* Ұйқыдан оянған сәтте тағы бір таңды қарсы алғаныңызға шын ниетіңізбен қуаныңыз. Сізге ғұмыр сыйлаған Алла-тағалаға алғысыңызды айтып, осы күніңіздің сәттіліктерге толы болуын тілеңіз.

* Айнаға қарап, әлемдегі ең сүйкімді жан – өзіңізге алыстан күліп, сәлем беріңіз. Сол күлкіден кешке дейін жетердей қуат алыңыз. Содан соң көтеріңкі көңіл-күймен шаруаңызға кірісіңіз.

* Қызметке келе жатып, айналаңызға көз салыңыз. Әсем табиғат, көңілді адамдарға көбірек назар аударыңыз. Мүмкіндігінше жымиып жүріңіз, ішкі жан дүние­ңіз­ге өкпе-ренішті жолатпауға, адамдар туралы теріс ой-пи­ғылдарды сақтамауға тырысыңыз.

* Өмір болған соң, әрине, Сіздің де жаныңызға сызат түсірген, көңіліңізге қаяу салған жандар болады. Бірақ олар да Сіз секілді адам, сондықтан оларды шын пейіліңіз­бен кешіріңіз. Өйткені басыңыздан өткен жағымсыз сәттерді жиі еске ала беретін болсаңыз, оның бәрі жүрегіңізді жаншып, ауруға ұшыратуы мүмкін. Өкпе-реніш жүрегіңізде шемен болып қатып қалмауы керек.

* Қол жеткізген әр жетістігіңізге шын қуана біліңіз. Есіміңізді айтып, өз-өзіңізді мақтап қойыңыз. Бағаңызды біліңіз, дегенмен дандайсымаңыз. Қандай жағдайда да ішкі даусыңызды тыңдаңыз.

* Шыны керек, біз әлдекімді сынағанды жақсы көреміз. Біреулер туралы теріс пікір айтқанды, сөздің тура мағынасында жамандағанды ұнатамыз. Ал ол адамның да дәл өзіміздей адам екенін, оның да сүрініп, қайта тұруға қақысы бар екенін ескере бермейміз. Егер Сіз жан дүниеңіздің кіршіксіз тазалығын сақтап, өміріңіздің ұзақтығын қаласаңыз, біреулер туралы теріс пікір айтудан мейлінше аулақ болыңыз.

* Өмірдің тосын дауылдары мен сынақтарынан абыроймен өтуге тырысыңыз. Мұндай сәттерде ең бірінші Алла-тағалаға, сосын өзіңіздің ішкі күш-жігеріңізге сеніңіз. Абай атамыз «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап» деп бекер айтпаған. Сізге осынау әлемді көруге жағдай жасаған Жаратушы иеміз бұл сәтте жалғыз қалдырмайды. Көмек қолын созатын жақсы адамдарға жолықтырады.

* Мүмкіндігінше айналасын шуаққа толтырып жүретін көңілді жандардың қасында көп жүруге тырысыңыз. Өтіп жатқан қоңырқай, сұрғылт күндердің өзінде көңіл күйіңізді көтерудің амалын іздеңіз. Басыңыздан өткен қиындықтар үшін әлдебіреуді кінәламаңыз. Егер абайсызда сүрін­сеңіз, оған тек өзіңіз кінәлісіз. Әрі бұған бола мүжіліп, жа­ныңызды жегідей жеп, езіліп кетпеңіз. Керісінше, беліңізді бекем буып, қиындықтан шығудың жолын іздеңіз.

("Керек кеңестер", №22(30) 2011 ж.)

Сізге арналған сәлемхат

Құттықтаймыз!

* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күнде­ріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.

* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.

* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы кө­реміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөле­лерің. 8-775-956-21-89.

* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жү­ректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қа­рындасы Жазира. 8-775-648-93-21.

* Анаргүл, туған күнің құтты болсын! Тілек білдірушілер – Досым, Гүлжан. 8-702-811-65-33.

* Айман жеңгемізді өткен ту­ған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Жаңа кітап

012

Тез байығыңыз келсе...

Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқ­ып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жет­­кізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.

 

Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

 

Негізгі бет
Шымкентте пирамидаға ұқсайтын мешіт салынуда
08.02.2010 11:51

pyramydaСоңғы кездері Оңтүстікте мешіт­тер саны көбейіп келеді. Ал таяуда Шымкенттегі Гагарин және «Ленинград» көшелерінің қиылысында пирамида пішінді ерекше мешіт пайда болды. Қасындағы азан шақыру мұнарасының көрінісі көкке өрлеген зымыранды көз алдыңа елестетеді. Мұндай жобаны дүниеге келтірген шымкенттік Дәуренбек Ахметов пен ол кісінің досы Амангелді Бердаш деген кісілер.

Мешіттің іші кең әрі таза. Жамағат жиналып намаз оқығанда дыбыс күшейткішті керек етпейді, дауыстар жаңғырып шығады. Ішке жарық төбеге орнатылған пластикалық терезелерден түседі. Мешіттің сырты толықтай кераммогранитпен қапталып, ауланың сырты оюлы темір шарбақпен қоршалған. Қасында жас балаларды оқытатын медресенің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сол жерде жұмыс істеп жүрген бірнеше жігіт мешіт таяуда пайдалануға берілетіндігін айтады. Біз бұдан кейін сол төңіректегі ауыл тұрғындарын сөзге тартып, жаңа мешіт жөнінде пікірлерін сұрадық.

Тұрсынай Әбділ­да­е­ва: (суретте) – Бұл мешітті Құрбан айт күні ашылады деп күтіп едік, сәл кешігіп қалды. Енді наурызға ашылады дегенді естіп pyramyda-3қуанып жүрміз. Ауылда мешіттің көп болғаны жақсы. Жастар уақыттарын босқа өткізбей, имандылық жолына түседі. Бұл үшін Дәуренбек бауырыма мың алғыс. Мешіт Оңтүстіктің мақтанышы болатынына сенімдіміз.

pyramyda-2Раушанбек Османов: (суретте) – Біздің көшеде бұған дейін мешіт болмаған, тұрғындар шайханадағы шағын мешітке баратын. Енді, Құдай қаласа, намазды өз мешітімізде оқитын боламыз. Бұл үшін ауыл тұр­ғын­­дарының Дәуренбек бауырымыз бен оның әкесі Шәкірбай қа­жыға алғыстан басқа ай­тары жоқ.

Сұлтанбек Юлдашов: (суретте) – Біз ме­шіттің ашылуын асыға кү­тіп жүрміз. Бұрын ме­шітке өте сирек баратынмын. Енді үйдің қасындағы мынадай керемет мешітке бармасам, тіпті ұят шығар. Сондықтан мешіт ашылса намазды қаза қылмауға дайындалып жүрмін. Дәуренбек ініме айтар алғысым мол. Егер осы жерден тойхана немесе үлкен сауда үйін ашса не істер едік? Жеке өзінің пайдасын емес, халықтың қамын ойлаған осындай азаматтар көбейе берсін деп тілеймін. Тұрғындар қажет болса асар жолымен көмектесуге дайын едік, бірақ Дәу­ренбек барлығын өзі жасағысы келді. Оған Алланың нұры жаусын.

...Расында да қалталы азаматтар тойхана мен зәулім сауда үйлерін сала бергенше осындай халықтың игілігіне жарайтын жұмыстар ат­қар­са нұр үстіне нұр болар еді-ау.

Ұ. ҮМБЕТ.


 

Пікір қосу

Қорғаушы код
Жаңалау

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама
juldiznama
(23.01 - 28.01)
Тоқты (21.03-30.04)

Жұмысыңыз біршама көбеюі мүмкін. Өзгелермен түсінісе, тіл табыса қимылдауға мән беріңіз.

Торпақ (21.04-21.05)

Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Әсіресе отбасылық мәселелерде мұқият болғайсыз.

Егіздер (22.05-21.06)

Жақын адамыңызбен тізе қоса қимылдағаныңыз дұрыс. Оның пайдасын молынан көреріңіз анық.

Шаян (22.06-23.07)

Апта күндері сізден жинақылықты талап ете­ді. Негізгі шаруаларды бір жүйелеп алғаныңыз абзал.

Арыстан (24.07-23.08)

Жолыңыз ашық, көңі­ліңіз көтеріңкі болады. Сізден біреу жәрдем сұрауы мүм­кін, демеп жібергеніңіз жөн.

Бикеш (24.08-23.09)

Қай шаруаға да ойланбай қойып кетуден сақтаныңыз. Бұл аптада осыны ұмытпағаныңыз дұрыс.

Таразы (24.09-23.10)

Басты жұмысты бір жүйелеп қоюға тырысыңыз. Денсаулық мәселесін де назарда ұстағайсыз.

Сарышаян (24.10-22.11)

 

Сізге аптаның ортасындағы күндер жайлы тимек. Маңызды істерге бел шеше кіріссеңіз болады.

Мерген (23.11-21.12)

 

Сөзіңіз бен ісіңіздің бір жерден шығуын назардан тыс қалдырмаңыз. Сізге көз тігушілер бар.

Тауешкі (22.12-20.01)

Ойда жүрген шаруаға осы аптада кіріскеніңіз дұрыс. Сізге досыңыздың жәр­демі тигелі тұр.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Белсендірек болуыңыз қажет. Бұл – мүмкін­діктер аптасы, қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмаңыз.

Балық (20.02-20.03)

 

Ішкі түйсігіңізге сеніп әрекет етсеңіз, адаспайсыз. Қомақты олжаға қол жеткі­зуіңіз мүмкін.


Құлағыңыз түрік жүрсін

aur2012

«Ауырмаңыз!» газетінде не жазылған?

*Аязды күндері кейбір адамдарды терісі қышып, әбіржі­тетіні, ісініп, онда бөртпелер пайда болатыны бар. Медицина тілінде бұл «суыққа аллергия» деп аталады. Суыққа аллергия көбіне бұрын жұқпалы аурулармен ауырған адамдарда 25-30 жастан кейін пайда болады екен. Мұндай аллергиядан қа­лай арылуға болады? Аяздан болатын аллергияға шалдықпас үшін не істеу керек?

* Қыстыгүні жас балаларды жиі мазалайтын баспаны (ангина) болдырмайтын тәсіл бар. Ол қандай тәсіл?
* Көздің көру қабілетін жақ­сар­тып, бұлдырағанын халықтық тәсілдермен де емдеуге болады екен. Ол үшін аса көп шығындалудың керегі жоқ. Тек...
* Көп адам моншаға түсуді тек кір­ден тазару деп қабылдайды. Сөйтіп, аптасына бір, ары кетсе екі рет моншаға түседі. Бірақ ыстық бу мен жылы судың қадірін білгенмен, пайдасын білмеген күйі моншадан шомылып қана шығады. Егер олар тиісті ережені біліп, оны орындайтын болса, монша арқылы ағзаны артық қалдықтан тазартқан болар еді. Ағзаға саулық сыйлайтын ол қандай ереже екенін білгіңіз келе ме?
* Омыртқааралық жарық (грыжа) – оңай дерт емес. Буын-буынды қақсатып, отырып-тұруды қиындататын бұл дерттің жазылуы да қиын. Дегенмен Шымкентте ине салу арқылы өзіне ғана белгілі массаж түрімен осы аурудан он күн ішінде айықтыратын дәрігер бар. Оның еміне жұрт дән риза. Себебі сүйегі сырқырап келгендер санаулы күнде үйлеріне қуана қайтады. Ол дәрігерді қайдан табуға болады?
* Ауырып қалған кей адамдарға дәрігерлер, кейде үлкендер де «қанды тазарту керек» деп жатады. Қан тазартудың денсаулыққа әсері қандай? Оны қалай тазарту керек?
...Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірінен табасыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
sss
«Қызық газет» жаңаша сипатта шыға бастады
«Замана» газетінің қо­сымшасы – «Қызық га­зет­тің» жаңажылдық жаңа нөмірі жаңаша сипатта жа­рық көріп отыр.
«Қызық газетте» бұдан былайғы жерде бүгінгі өмір шындығын суреттей­тін қысқа-қысқа әңгімелер бері­ліп тұрмақ. Басылымның биылғы жаңа нө­мі­­рін­де нақ осындай бағыт ұс­тан­дық.
Атап айтқанда, Сіздер «Қызық газеттен» бұл жо­лы өте қызықты тақырыптар төңірегінде жазылған үш бірдей әңгімені оқи ала­­сыздар. Олардың бәрі де өмірде болған оқиға­лар, бүгінгі күннің шындығын арқау еткен шығармалар. Сондықтан біздің бұл ізденісіміз де қалың көпші­ліктің көңілінен шығады де­ген үміттеміз.
Сіздер «Қызық газетті» барлық жердегі газет дүң­гір­­­шектерінен сұрауларыңызға болады. Сондай-ақ «Қызық газетке» жазылып үлгермеген болсаңыз, әлі де кеш емес. Оған жыл бойы жазыла беруге бола­ды. Егер осы айда жазылсаңыз, келесі айдан бас­­­тап газет қолыңызға тиеді.
«Қызық газетке» жа­зылу бағасы жарты жылға – 500 теңге шамасында ға­на. «Қызық газеттің» жазылу индексі – 65418.
«Қызық газетті» Ұлу жылын­да да өзіңізге серік еті­ңіз.
Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

* Умеренная цена

Наш адрес:

г. Шымкент,

ул. Акпан батыра, 23.

(уг. улицы Майлыкожа.).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Будьте нашим гостем!

"Керек кеңестер"

«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз

Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.

«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

SMS

sms

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз

Құрметті оқырман!

Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы

SMS – хабарлама

жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:

– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.

Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.

Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:

8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60.

Сізге арналған сәлемхат
Танысқым келеді

* Сәлем, қазақтың на­мысқой жігіттері! Еңбекқор, са­быр­лы, ата-анасы мен сүй­­ген жарының арасын жақ­сы ұстай алатынына сенімді, мақсатына қа­лайда жететін жанмен достас­қым келеді. 8-705-283-25-94.

* Сәлем, қыздар! Бойы ұзын, ақылды қызбен та­ныс­­қым келеді. «Чайкалар» мазаламасын. 8-701-301-17-77.

* Сәлем! Адал дос із­деймін. 90-94 жылғылар болса. 8-775-914-85-61.

* Сәлем, Сарыағаштың қыздары, танысайық. 8-775-642-03-02.

* Сәлем, қыздар! Таныса­йық, араласайық. Логинім: beka96_ 03@aіl.ru. 8-775-446-18-41.

* Cәлем, қыздар! Өзіме қыз іздеп жүрмін. Есімім – Сма­йыл­. Логинім: sіmka_19­@­maіl.ru. 8-775-274-67-28.

* Сәлем! 1994 жылғы бола­мын. Танысайық, дос болайық, араласайық. Ло­­гинім: sandu_ nur95­@­maіl.­ru және aі­іda_nur­95@­maіl.­ru. 8-775-727-49-66.

* Мен, Әділ­­бек Мәметов адал қыздармен танысқым келеді. 8-775-153-46-88.

* Ассалаумағалейкүм, мұ­сыл­ман бауырлар! Өзіме дос бола­тын қыз іздеймін. Иман­ды, на­маз оқитын болса. Ло­ги­нім: Mr_tіm_95@­maіl.ru. 8-702-543-14-62.

* Мен Қызылтаңнан боламын. Маған сарыағаштық Арайлым деген қыз ұнайды. Оған сенгім келеді. Логинім: galym_ 12_95@maіl.ru. 8-775-439-84-04.

* Ассалаумағалейкүм! Намазхан қыздармен танысып, араласқым келеді. Логинім: wіmkala_ 90@maіl.ru. 8-702-751-14-32.

* Сәлем, қыздар! Мен өзіме адал жар болатын қыз іздеймін. 83-жылғымын, әлі үйленбе­генмін. 8-775-597-71-49.

* Сәлем, жігіттер! Танысайық, дос болайық. 8-775-658-06-20.

* Cәлем, қыздар! Жасы 26-ға дейінгі қыздармен танысамын. Жеңіл ойлылар мазаламасын. 8-775-687-37-44.

* Ассалаумағалейкүм, жа­мағат! Жасым 21-де. 22-28 жас аралығындағы намаз оқи­тын жігіттермен танысып, отбасын құрғым келеді. 8-702-660-52-68.

* Сәлем, қыздар! Танысайық. Логинім: almas_­92­29@maіl.ru. 8-771-149-98-92.

* Бойы ұзын, 94-95 жыл­ғы сұлу жігіттер, танысайық. Арыстықтар, қайдасыңдар? 8-775-157-93-82.

* Сәлем, қыздар! 97-жыл­ғы қыздар, танысайық. Логи­нім: bіrzhan_001kz. 8-775-284-34-27.

* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүнне­тін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа маз­һабын ұста­натын, шариғат ілі­мінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым ке­леді. 81-ші жыл­ғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтіне­мін. 8-775-712-34-03.

* Сәлем, қыздар! Та­нысайық, араласайық. Логи­нім: serjan_ 246@maіl.ru. 8-771-143-33-14.

* Қыздар, танысайық. Ма­ған «дружба» тастаңдар. Логи­нім: urіk_96_01@maіl.ru. 8-775-987-50-36.

* Сәлем, жігіттер мен қыздар! Танысайық, араласайық. Логинім: aіka.b.­92­@maіl.ru. 8-702-825-64-78.