|
Валюта бағамы |
|
 |
|
Жаңа кітап |
|

Малыңыз аман болсын
Қазір қолдағы малдың жаппай төлдеп болған кезі. Яғни шаруаның малына мал қосылды. Енді оны аман сақтап, одан әрі көбеюіне жағдай жасау әркімнің де ойында бар. Әсіресе малдың күтіміне жіті қарау, оны түрлі жұқпалы кеселдерден қорғау қажет. Ал ол үшін көп нәрселерді білу маңызды. Олай болса «Замана» баспасынан шыққан «Малың аман болса, май ішесің» деп аталатын кітапты алып оқыңыз. Ол сізге бұл істе сенімді көмекші бола алады. |
|
Жаңа кітап |
|

Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67. |
|
Жаңа кітап |
|

Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар. |
|
Жаңа кітап |
|

Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады. |
|
Жаңа кітап |
|

Тез байығыңыз келсе...
Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жеткізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.
|
|
Жаңа кітап |
|

Шариғат шарттарын біле жүргейсіз
«Замана» Баспа үйінен «Жаназа пәтуасы. Шариғат шарттарына қатысты өзге де сұрақтарға жауаптар» атты кітап жарық көрді. Онда барлық жерде бірдей орындалуға міндетті жаназа пәтуасы мен жерлеу рәсімдері туралы айтылған, сонымен бірге дінге қатысты түрлі сұрақтарға нақты жауаптар қамтылған.
Сондай-ақ бұл кітаптан иман мен исламның шарттары жайлы, халал мен харам, неке, бал ашу, өсімге ақша алу, үлкен күнәлар және одан құтылу жолдары, тағы басқа да көптеген мәселелер жөнінде толыққанды мағлұматтар алуға болады.
Аталған кітап қазір сауда нүктелерінде сатылып жатыр. Оны барлық жердегі газет сатушылардан сұраңыздар. |
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

"Кәлима" иманыңызды күшейтеді
Әйгерім Тұрғамбаева жақында «Қазақстанның ең кішкентай аруы – 2010» байқауының жеңімпазы атанды. Сегіз жастағы сүйкімді бүлдіршін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 бәсекелесінің ішінде ерекше көзге түсіп, байқауды тамашалауға келгендерді ғана емес, талай талантқа баға берген әділқазылар алқасын да әншілік, бишілік өнерімен тәнті етіпті.
Бірақ ол жеңіске жеткеніне емес, тап осы сәтте анасының жанында болмағанына, атасы мен бауырларының келіп құттықтамағанына жылаған еді. Журналистердің: «Кішкентай арудың арманы не?» – деген дәстүрлі сұрағына байқаудың басқа қатысушылары: «Әлемдік сұлулық байқауына қатысу», – деп жауап беріп жатқанда Әйгерім: «Мені анам үйге алып кетсе екен», – деді сыбырлай сөйлеп. Ол үшін атақ та, даңқ та ана құшағының алдында түкке тұрғысыз нәрсе екені көзінен де көрініп тұрды.
Әйгерімнің бауырлары қайда? Анасы оны неге іздемейді? Бұл сұрақтардың жауабын сіздер осы аптада жарық көрген «Кәлима» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. «Кәлимада» сондай-ақ жұртшылықты имандылыққа үндейтін бұдан басқа да көптеген қызықты мақалалар бар.
«Кәлиманы» оқыңыз! Ол сіздің иманыңызды күшейтеді.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

«Қызық газет» – қызық газет!
«Қызық газеттің» кезекті, 15-ші нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөміріндегі «Әйелдерге интимдік қызмет көрсеткен жігіт» деген тақырыппен жарияланған хикаяда жалданып жүкші болып істеген бір азаматтың осы жұмыс барысында және басқа кездерде басынан өткерген ерекше оқиғалары туралы баяндалған.
|
|
 |
| |
|
|
|
Гаитидегі зілзала нені білдіреді? |
|
02.02.2010 14:35 |
|
12-ші қаңтарда батыс жарты шардағы ең кедей елдердің бірі Гаитиде қатарынан үш мәрте алапат жер сілкінісі болды.
Зілзала басталып, астан-кестең басталған кезде ел астанасы Порт-о-Пренсаның көшелерінде адамдар туған-туыстары мен жақындарын таба алмай, өрт пен қираған үйінділердің арасында не істерін білмей сабылды. Ақырзаман басталғандай қаланы үрей биледі.
Құранның «Бақара», «Әнғам» және өзге де сүрелерде ақырзаманның алдында болатын зілзала туралы осылай суреттейді. Қасиетті Құран Кәрімдегі аяттардың 80 пайызы қиямет-қайым жайлы айтылса, оның жартысы зілзала мен өзге де табиғи апаттар туралы келген. Тіпті пайғамбарымыздың хадистерінде де зілзала туралы сөз етіледі. Мәселен, Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз: «Жер сілкіну жиілемегенше Қиямет күні басталмайды», – деп айтқан.
Бірде хазіреті Омар көпшіліктің алдында насихат айтып отырады. Осы кезде қайта-қайта жер сілкініп, Алланың сүйікті құлының насихатын бұза берді. Ойы мен сөзін бөле бергеніне ашуланған Омар жерді жұдырығымен бір соғып қалып: «Ей, Алланың жаратылған мақұлығы, Раббының атымен тыныштал!» – деп айтты. Сол кезде жер бірден тынышталып, қайта сілкінбей қалды. Осы оқиға туралы Ислам ғалымдары Омар хикаясынан кейін Сауд Арабияда, яғни қасиетті Мекке қаласында мүлде жер сілкінісі болмағанын айтады. Олардың айтуынша, қиямет-қайымға дейін Арабия түбегінде жер сілкінісі болмайтын көрінеді. Расында, Омардың оқиғасына дейін мыңдаған жылдар бойы Меккеде жер сілкінісі жиі болып тұратын. Содан бері мың жарым жыл өтсе де қасиетті жерде бірде-бір жер сілкінісі, зілзала бола қойған жоқ. Бұл Алланың құдіреті емес пе?
Көне заманнан бері жер сілкінісі жайлы түрлі аңыз-әңгімелер айтылып келеді. Мәселен, жер сілкінісі жиі болып тұратын Грекия, Италия, Түркия, Қытай және Жапония сияқты елдерде ертедегі адамдар жерді үлкен қос мүйізі бар бұқа көтеріп тұрады деп ойлаған. Олар сол бұқа қозғалған кезде жер сілкінісі болады деп сенген. Ал көшпенді ата-бабаларымыз екі таудың бір-бірімен соқтығысуынан жер сілкінеді деп түсінген. Бұл туралы көптеген аңыздар да жеткілікті. Сондай аңыздардан туындаған қазақтың наным-сенімінде зілзала жеті жұтқа кіргізілген. Жеті жұт – зілзала, соғыс, өрт, сел, қуаңшылық, індет және ақ қар-көк мұз. Әрине, жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында ғана орын алатыны белгілі. Десек те еліміз, жеріміз әлемдік зәлзала ошағынан әжептеуір алыс жатқандықтан Гаитидегідей алапат жер сілкінісі көп бола қоймайды.
Жер сілкінісін зерттейтін арнайы мамандардың айтуынша, Гаитидегі алғашқы зілзаланың қуаты 7 балл болған, артынша 5,9 және 5,5 баллдық екі дүмпу қайталанған. Бұл Кариб аймағы тарихындағы ең жойқын зілзала екен. Гаити жер сілкінісінен 3 миллионнан астам адам жапа шегіп, бір миллионнан астам тұрғыны бар Гаити астанасы Порт-о-Пренс түгел қирап, көптеген адамдар үйінділердің астында қалды.
Екі аптаның ішінде зәлзаладан құрбан болған 50 мың адамның 7 мыңнан астамы ортақ зиратқа жерленіп, жараланған 300 мыңнан астам адам тауқымет тартып отыр.
Гаитиде 10 миллион тұрғын бар. Сарапшы-сейсмологтар ұзақ жылдар бойы жойқын зілзаланың болу мүмкіндігі туралы ескертіп, Эспаньола аралының оңтүстік бөлігін «ірі сейсмикалық қатерлі» өңір деп атады. Себебі ел Солтүстік Америка және Кариб плиталарының түйіскен жерінде орналасқан.
Н. САПАР.
|
Пікір қосу
|
|
|
|
 |
|
"Замана - фильм" ұсынады |
|

Сіз мұндайды бұрын көрмегенсіз...
Сіз зікірді көргенсіз бе? Жалаңаяқ от кешіп, тілімен қызған темірді жалағандарды ше?
Көрмеген болсаңыз, оны көруге сізде мүмкіндік бар!
Ал сіз иесіз иттерді қалай аулайтынын, өлген иттерді қайда апарып тастайтынын білесіз бе?
Әрине, оны білу де өзінше бір қызық.
Көшеде ән салып күн көретін адамның өмірінен хабарыңыз бар ма?
Ал көзі мүлде көрмейтін зағип жанның кәдімгідей қой сойып, жиһаз жөндегенін естіп пе едіңіз?
Міне, бұл айтылғандардың бәрін де естіп қана қоймай, сіз өз көзіңізбен көре де аласыз.
Мұның бәрі «Замана-фильм» студиясы түсірген заманауи бейнебаяндарда қаз-қалпында көрсетіледі.
Қазір барлық жерде сатылып жатқан «Замананың» №2-ші дискісінде жоғарыда аталған тақырыптармен бірге басқа да қызықты әрі тың мазмұндағы он түрлі фильм топтастырылған.
Ол фильмдердің бәрі де өмірдің өзінен алынған, оқиға ортасынан түсірілген. Сөз жоқ, оны көрген адамдардың өмірге көзі ашыла түседі, ойына ой қосылады, ең бастысы, алуан түрлі ақпарат алады.
Ендеше, «Замана-фильмнің» заманауи бейнебаяндарын көруге асығыңыздар!
«Замананың» бұл дискілерін Қазақстанның барлық жеріндегі газет сатушылардан сұрауларыңызға болады.
Әрбір дискінің босатылу бағасы – 150 теңге. Оның қолда сатылу бағасын 200 теңгеден асырмауды сұраймыз. |
|
Жұлдызнама |
|

(30.08 - 05.09)
Тоқты (21.03-20.04)
Барынша көп іс тындыруға тырысқайсыз. Біліктілігіңізді тереңдете түсіңіз, ол сізге керек болады.
Торпақ (21.04-21.05)
Негізгі шаруа оңды шешімін тауып, көңіл демдейсіз. Сәрсенбіден жағымды жаңалық күтіңіз.
Егіздер (22.05-21.06)
Апта күндері жайлы әсер етеді. Көптен бері көздеп жүрген затты сатып алудың сәті түспек.
Шаян (22.06-23.07)
Ақша жаратуда үнемшілдеу болғайсыз. Сізге келесі аптада біраз шығындануға тура келуі ықтимал.
Арыстан (24.07-23.08)
Сіз үшін аптаның жұп күндері тиімді болмақ. Сейсенбіде бір қуанышты сәтті бастан өткеруіңіз мүмкін.
Бикеш (24.08-23.09)
Жұрт назары өзіңізге жиірек ауғанын аңғарасыз. Мұны дұрыс пайдалана білгеніңіз жөн.
Таразы (24.09-23.10)
Жұмысыңыз көбеюі ықтимал. Дегенмен басты мәселені назардан тыс қалдырмағайсыз.
Сарышаян (24.10-22.11)
Өзіңізге деген сенім көп шаруаны еңсеруге талпындырады. Қаржылық жағдайыңыз жақсара түспек.
Мерген (23.11-21.12)
Тым жұмысбасты бола бермеңіз. Жақын адамдарыңыздың жағдайына да көңіл бөлгеніңіз дұрыс.
Тауешкі (22.12-20.01)
Табысыңызға табыс қосатын апта. Жұма күні олжалы болып қалуыңыз ғажап емес.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жоспармен қимылдап, өзіңізден есеп алып отырыңыз. Белсендірек болсаңыз, бұл аптада табыс мол.
Балық (20.02-20.03)
Сізге бұл аптаның алғашқы жартысы қолайлы әсер еткелі тұр. Ойдағыны осы күндері қолға алсаңыз болады.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін |
|

"Ауырмаңыздар!"
Денсаулық жайлы құнды да керек кеңестер беретін «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірі жарық көрді. Газеттің бұл нөмірінде мынадай қызықты мақалалар жарияланған:
* Лас суға шомылғанда мерез бен гонорея жұғуы мүмкін бе?
* Баланы сүндетке қанша жаста отырғызған жөн?
* Нитратсыз дарбызды қалай анықтайды?
* Инфаркттен қалай сақтануға болады?
* Әйелдерге ауру әкелетін жұмыс түрлері.
* Бастан күн өткенде тез көмегі тиетін амал.
* Аптасына үш килоға арықтата алады.
* Жүгері шашағы бауырға ем бе?
* Кір жуатын ұнтақтың қайсысы зиянсыз?
* Аденоманың алдын-алу мүмкін бе?
* Құлаққа екі-үш сырға тағу денсаулыққа зиян емес пе?
«Ауырмаңызда» денсаулық тақырыбын қамтитын бұдан басқа да мақалалар молынан жарияланған.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |

"Шартарапты" оқыңыз!
«...Алдымен екінші рет жерленетін арнайы зират қазып, дайындап қойдық. Одан кейін анамның сүйегін табытымен қазып алдық. Табытты ашып қарағанда қураған сүйектен басқа ештеңе жоқ екен. Тіпті шаш-тырнақ та жоқ. Өз анамыздың мәйіті болғандықтан, ешқайсымыз қорқып-үріккен жоқпыз. Үлкен ыдысқа су құйып, оған «марганцовка» араластырып, қаусаған сүйектерді салып, жақсылап ысқылап тұрып жудық. Одан кейін оны таза суға шайып алып, әбден құрғағанша сүрттік. Алдын-ала дайындалған жаңа табытқа қызыл мата төсеп, оның ішіне сүйектерді рет-ретімен орналастырдық...»
Анасының мәйітін екінші рет жерлеген вьетнамдық азамат туралы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Шартарап» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Басылымның бұл нөмірінде бұдан басқа да елді елең еткізетін қызықты мақалалар молынан жарияланған. |
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

"Сәуегейде" қызықты болжамдар бар
«Замананың» қосымшасы – «Сәуегей» газетінің» жаңа нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөмірінде бұрынғы-соңғы өткен сәуегейлердің, бүгінде ғұмыр кешіп жатқан көріпкелдердің болжамдары жарияланып отыр. Газеттен мынадай тақырыптағы мақалаларды оқи аласыздар:
* Соғыстың басталарын 25 жыл бұрын білген.
* Адам тағдырын өзгертуге болады екен.
* Қант диабетінің емі табыла ма?
* Әлемде ақымақтар қатары арта ма?
* Жапондар суасты фермаларын салмақшы.
* Кәрі қыздар көбейіп кетеді ме?
* СПИД-тің дауасы 2015-жылы табылуы мүмкін.
* Шымкент қашан үшінші қалаға айналады?
«Сәуегейде» бұдан басқа да қызықты болжамдар бар.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!
«... Өзге біреумен кездесіп тұрады деп әйелінен күдіктенетін Мұхит Зарифаның өзінің қызы екеніне сенбейді. Сол себепті сотқа әкеліктен бас тарту туралы арыз тастаған болатын. Олардың қан құрамдарын 15 түрлі тексеруден өткізген генетикалық сараптама күтпеген қорытынды шығарыпты».
Туған қызынан бас тартқан шымкенттік азаматтың соты жайлы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Заңнама» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен оқи аласыздар.
«Заңнамада» бұдан басқа мынадай тақырыптағы мақалалар жарияланған:
* Кафеде төбелес шығарған қай әкім?
* Шымкентте қанша нашақор бар?
* Қыз сатуды кәсіп еткен екен...
* Прокурорды «қораға» кіргізбек болды.
* Сатып алған үйіңіздің қарызы көп болса не істеу керек?
«Заңнамада» оқырманның құқықтық сауатын арттыратын бұдан басқа да мақалалар молынан жарияланған.
«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз! |
|