|
Валюта бағамы |
|
 |
|
Жаңа кітап |
|

Малыңыз аман болсын
Қазір қолдағы малдың жаппай төлдеп болған кезі. Яғни шаруаның малына мал қосылды. Енді оны аман сақтап, одан әрі көбеюіне жағдай жасау әркімнің де ойында бар. Әсіресе малдың күтіміне жіті қарау, оны түрлі жұқпалы кеселдерден қорғау қажет. Ал ол үшін көп нәрселерді білу маңызды. Олай болса «Замана» баспасынан шыққан «Малың аман болса, май ішесің» деп аталатын кітапты алып оқыңыз. Ол сізге бұл істе сенімді көмекші бола алады. |
|
Жаңа кітап |
|

Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67. |
|
Жаңа кітап |
|

Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар. |
|
Жаңа кітап |
|

Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады. |
|
Жаңа кітап |
|

Тез байығыңыз келсе...
Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жеткізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.
|
|
Жаңа кітап |
|

Шариғат шарттарын біле жүргейсіз
«Замана» Баспа үйінен «Жаназа пәтуасы. Шариғат шарттарына қатысты өзге де сұрақтарға жауаптар» атты кітап жарық көрді. Онда барлық жерде бірдей орындалуға міндетті жаназа пәтуасы мен жерлеу рәсімдері туралы айтылған, сонымен бірге дінге қатысты түрлі сұрақтарға нақты жауаптар қамтылған.
Сондай-ақ бұл кітаптан иман мен исламның шарттары жайлы, халал мен харам, неке, бал ашу, өсімге ақша алу, үлкен күнәлар және одан құтылу жолдары, тағы басқа да көптеген мәселелер жөнінде толыққанды мағлұматтар алуға болады.
Аталған кітап қазір сауда нүктелерінде сатылып жатыр. Оны барлық жердегі газет сатушылардан сұраңыздар. |
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

Иманыңызды күшейтеді
Алматы қаласында тұратын оқырмандарымыздың бірі мынадай сұрақ қойды: «Мен жастықпен түрлі күнәлар жасадым. Әсіресе мектепте оқып жүргенде, студент күндерімде талай қыздың көз жасына қалғанымды енді сезінетін болдым. Бәлкім тірлігімнің кері кетіп, алға баспай қоюына сол да себеп болған шығар деп ойлана бастадым. Қазір бес уақыт намазға жығылып, Алла-тағаладан сол күнәларымның кешірілуін сұрап жүрмін. Жалпы, күнәлар намазбен жуыла ма?»
Бұл сұраққа және оқырмандардың басқа да сауалдарына берілген жауаптарды «Кәлима» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Сондай-ақ «Кәлима» газетінде бұдан өзге мынадай мақалалар жарияланған:
* Ауыз бекітпегендерге Алланың берген мүмкіндігін білесіз бе?
* Жас баланы зорлағандарға шариғатта қандай үкім белгіленген?
* Иегова куәгерлерінің кесірінен отбасынан айырылған.
* Біреудің сыртынан ғайбат сөйлеп, жала жабудың күнәсі қандай?
* Иманды жандардың шаңырағы шайқалмайды.
* Қарызды қайтармай қоюға бола ма?
«Кәлимада» иманыңызды күшейтетін бұдан басқа да мақалалар бар. |
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

«Қызық газет» – қызық газет!
«Қызық газеттің» кезекті, 15-ші нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөміріндегі «Әйелдерге интимдік қызмет көрсеткен жігіт» деген тақырыппен жарияланған хикаяда жалданып жүкші болып істеген бір азаматтың осы жұмыс барысында және басқа кездерде басынан өткерген ерекше оқиғалары туралы баяндалған.
|
|
 |
| |
|
|
Сейсенбі, 16 Ақпан 2010
|
17.02.2010 10:02 |
|
Әкімдер елге есеп беріп жатқан кешегі аптада Шымкентте №74-ші бағыттағы автобус ішінде бір тосын жайға куә болдық. Автобусқа А.Пушкин атындағы кітапхана қасындағы аялдамадан бір әйел садақа сұрай мінді. Қасында ертіп жүрген кішкене қыз бар.
Әлгі апай ақша сұраған кезде: «Көмектесіңіздерші. Үш немерем бар. Жатқан үйімізде пеш те, отын да жоқ», – дейді. Оның сөздері бізге ой салды. Үш немересі болса неге жәрдемақы алмайды? Үйінде отыны, пеші жоқ болса немерелерімен қалай тұрып жатыр? Осының анық-қанығын білу үшін оның тұрып жатқан жеріне барғанды жөн санадық. Сөйтіп, «Кең баба» саябағының қасынан автобустан түскен оның соңынан ілестік. Келесі автобусқа мініп қайыр сұрамақшы болған оған жақындап, үйіне барып көргіміз келетінін айттық. Ұсынысымызға келіскен одан үйінің «Көлдің» маңында екенін білдік. «Үйіңіз жақында екен ғой, барайық», – десек, басын шайқап: «Автобуспен барамыз», – дейді. Ойланып қалған біз оның жағдайы аса ауыр емес-ау деп түсіндік. Осылай ойлағанымызды аңғарған ол: «Аяғыма қарасаңдаршы, жалғыз кебіспен жүрмін. Суық өтіп бара жатыр. Мына немеремнің де аяқ киімі жарамсыз», – деді. Шынында да өзінің аяғындағысы кебіс, немересінің аяғында тәпішке секілді сүйретіліп жүрген жыртық етік екен.
|
Read More...
|
17.02.2010 09:56 |
|
Шымкент қаласындағы қарапайым халық жиі баратын базарларда азық-түлік бағасы қымбаттай бастады. Мысалы, «Қырғы базардағы» бүгінгі нарық мынадай болып тұр:
Күріш – 180-190 теңге.
Пісте май – 1 литрі 210 теңге, 5 литрі 1000 теңге.
Ұн – 2 килограмдығы 190 теңге.
Құмшекердің килосы – 170-180 теңге.
|
Read More...
|
17.02.2010 09:51 |
|
Кешегі бейсенбі күні Ж. Шанин атындағы қазақ драма театрында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ІV шақырылымындағы кезектен тыс ХХV-ші сессиясы болып өтті. Онда облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың 2009 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есебі мен 2010 жылы атқарылатын жұмыстар, жүктелетін міндеттер туралы баяндамасы тыңдалды.
Асқар Исабекұлы өз баяндама сында шағын және орта биз- нес, ауыл шаруашылығы, бюджет және әлеуметтік қолдау, денсаулық, мәдениет және спорт, тұрғын үй, білім, тағы басқа салалар бойынша және «Жол картасы» бағдарламасы аясында 2009 жылы атқарылған істерге кеңінен тоқталып өтті. Бір айта кетерлігі, аталған барлық сала бойынша атқарылған істерде 2008 жылмен салыстырғанда едәуір ілгерілеушілік бар.
Мәселен, өткен жылы облыс экономикасын дамытуға 311 миллиард теңге инвестиция бөлінген екен, бұл 2008 жылға қарағанда 47,8 пайызға артық. Ал ол инвестицияның басым бөлігі газ құбырлары құрылысына жұмсалыпты. Сондай-ақ облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 14 миллиард 500 миллион теңгеге артқан.
|
Read More...
|
17.02.2010 09:44 |
|
Өзінің туған ұл-қыздарының қатыгездігінен азап көрген қариялардың басым көпшілігі Қарттар үйінен орын тауып жатады. Ал олардың бүгіндегі жағдайы қандай, оларға мемлекет тарапынан нендей көмек көрсетіліп жатыр? Біз осы жөнінде білмек болып Шымкент қалалық қарттар мен мүгедектерге арналған интернатына барған болатынбыз.
«Біздің мекеменің қарттарға қызмет көрсетіп келе жатқанына 45 жыл болды, – дейді интернат директоры Нұрғали Есенқұлов (суретте). – Мемлекеттің бұл мекемені ашқан себебі ата-анасынан безгендерге жәрдемдесу емес, шын мәнісінде жалғыз қалған жандарға қамқорлық көрсету. Өкінішке орай, мұнда көбіне ұл-қыздарынан зәбір көріп, жанына тыныштық іздеген қариялар жиі келіп жатады. Мұнда ол кісілер өзін үйінде жүргендей сезінуі үшін барлық жағдай жасалған. Ол кісілер осында келгеннен кейін таныс арттырады, тіпті бір-бірімен жарасып, некелесіп жатқандар да жетерлік».
|
Read More...
|
17.02.2010 09:40 |
|
Өткен аптада Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясында қорытынды есеп берді. Оған облыс әкімі Асқар Мырзахметов, облыстық мәслихаттың қаладан сайланған депутаттары, Шымкент қаласының ардагерлері мен Құрметті азаматтары және түрлі партия өкілдері қатысты.
Қала әкімі А.Жетпісбаев қорытынды есеп барысында 2009 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,2 пайызға, орташа айлық жалақы 13 пайызға, жұмыспен қамтылған халық саны 1 пайызға артқаны жөнінде әңгімелеп берді.
2009 жылы қала бюджеті 37 миллиард 492 миллион теңгені құрапты. Оның ішінде өзіндік кірістер 17 миллиард 122 миллион теңге, республикалық трансферт пен кредит 14 миллиард 555 миллион теңге, облыстық трансферт 5 миллиард 815 миллион теңгені құраған.
|
Read More...
|
17.02.2010 09:36 |
|
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың өкімімен Әлмира Орманшина облыстық құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Әлмира Маратқызы Орманшина 1979-жылы Шымкент қаласында туылған. Мамандығы – инженер-экономист. Еңбек жолын 2000-жылы облыс әкімдігінің құрылыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің маманы болып бастаған. Кейін облыстық құрылыс, сәулет және аумақтарда құрылыс салу департаментінде бас маман, облыстық қала құрылысы және құрылыс департаментінің бөлім бастығы, облыстық құрылыс департаментінің, басқармасының бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2009-жылдың шілде айынан бері облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары болды.
Ал аталған басқарманың бастығы қызметін осыған дейін атқарып келген Нұрлан Байғұтов облыс әкімдігіне бас инспектор болып ауыстырылды.
Р. ҚЫДЫР.
|
|
17.02.2010 09:30 |
|
Бір кесенеде үш шырақшы... «Домалақ ана» кесенесі басындағы ұрыс-жанжал бұған дейін осы кесенеге шырақшылық етіп келген, ел ағасы жасындағы Қуаныш Оспановтың екі әйел алуынан туындаған. Біздің қолымыздағы Ақбастау ауылының билер алқасы мен ардагерлер кеңесі және ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиналыс қорытындысында (20.10.2009 ж) осылай көрсетілген. Себебі шырақшының кейінгі әйелі Сәттігүл Дәулетова жергілікті билер алқасына өзін Қуаныштың бұрынғы әйелі мен баласының ұрып-соғып, үйден қуып шыққанын айтып шағымданған. Осы мәселені талқылаған Ақбастаудағы үлкен жиналыста ауыл тұрғындары Қуаныштың шын мәнінде бұл әйелмен некеге тұрмағанын, кесене маңындағы тәртіп пен тазалықтың өз дәрежесінде сақталмайтынын, тіптен шырақшы бола тұра оның уақтылы намаз оқымайтынын, оқыған құранын аяқтамастан, орта жолда ұмытып қала беретінін, кесене басында өзімен бірге шырақшылық ететін баласы Мақсаттың да кәмелетке толмаған, 15 жасар қызға үйленіп, моральдық тұрғыдан ауытқығанын – бәрі-бәрін жайып салды. Сондай-ақ бірлі-жарым зиярат етушілерге мал сойып, құран бағыштауға мүмкіндік бере бермейтіндігі, берген күнде сойылған малдың етін алып қалып, өз пайдасы үшін сатып жіберетін кездері де болған. Жиында Қуаныш бұл айтылғандардың бәрін мойындап, шырақшылықтан кететініне уәде берген. Ауылдастары оны иығына шапан жауып шығарып салған.
|
Read More...
|
17.02.2010 09:26 |
|
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Өмір толқыны» атты әдеби кеш өтті. Кешті колледждің кітапханашысы Ұлбосын Адасханова ұйымдастырды. Колледж студенттері кітапхананың жанындағы кең залға жиналып, Мұқағалидың өлеңдерін оқып, оның өлеңдеріне жазылған әндерді тыңдады.
Әсіресе энергетик мамандығы бойынша білім алып жүрген Алаш Есжанов пен бағдарламашы мамандығы бойынша білім алушы Фариза Сейдазым ерекше белсенділік танытты. Олар Мұқағали ақынға арнап өздері шығарған балғын жырларын оқып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.
|
Read More...
|
16.02.2010 18:04 |
|
Кәсіпқой журналист, кезінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған Кәрім Үкібаев асқаралы 60 жасқа толды. Біз осы мерейлі күн қарсаңында ол кісінің үйіне арнайы барып, сұхбаттасқан едік.
Ақын-жазушы болуды армандаған
Кәрім Сәйпіұлы Үкібаев 1950-жылы 15-ақпанда қазіргі Төлеби ауданының Ақжар елді мекенінде туылған. Осындағы сегізжылдық мектепті тәмамдап, Сарыағаштағы Қ.Сәтбаев атындағы №10 мектеп-интернатта оқыған. Мектепті күміс медальмен бітірген соң Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түскен.
«Әкем марқұм соғыс ардагері еді, – дейді Кәрім Сәйпіұлы. – Майданнан оралған соң ауылда шопан болған. 1954 жылы көлік апатына ұшырап, мүгедек болып қалды. Анам Қантай үй шаруасындағы әйел, отбасында үш ұл, екі қыз – бес баламыз. Мен екіншісімін. Бала кезден ақын-жазушы болсам деген арманым бар, 10-класты бітірген соң Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне аттанбақ болдым.
|
Read More...
|
16.02.2010 18:00 |
|
Редакциямызға Түлкібас ауданындағы Жамбыл ауылынан «Оразымбетовтер» деп қол қойған хат келді. «Бұл айтып отырғаным, 75-тегі ананың зары...» деп басталған хаттың толық мәтіні мынадай:
«Өткен жылғы желтоқсанның 11-нен 12-сіне қараған түні ұлым мен келінім Састөбеге тойға барған еді. Қайтқан уақытта сол тойхана жанында тұрған үш полиция қызметкері ақ «Жигулимен» соңына түседі. Құжатын асығып жүріп үйде қалдырып кеткен балам машинамен жеткізбеймін деп ойлап, қашып құтылмақ болған. Састөбеден қашып шыққан олар Еңбекші ауылында жол апатына ұшыраған. Келіншегі аман қалып, өзі қаза болды. Қуған тәртіп сақшылары баламның көлігі аударылғанын көреді де, зардап шегушілерге көмек берудің орнына оларға қарамай кетіп қалған. Содан келінім жылап жүріп Еңбекші ауылынан адам жинап келгенше балам машина астында жатқан. Баламның тойдан асығыс шыққан себебі, туған бауырының әйелі ауыр халде төсек тартып жатқан еді. Ертеңіне жеңгесі бақилық болды. Бұл – екі адамынан айырылған отбасының зары.
|
Read More...
Бет 1 из 2
|
|
|
|
 |
|
"Замана - фильм" ұсынады |
|

Сіз мұндайды бұрын көрмегенсіз...
Сіз зікірді көргенсіз бе? Жалаңаяқ от кешіп, тілімен қызған темірді жалағандарды ше?
Көрмеген болсаңыз, оны көруге сізде мүмкіндік бар!
Ал сіз иесіз иттерді қалай аулайтынын, өлген иттерді қайда апарып тастайтынын білесіз бе?
Әрине, оны білу де өзінше бір қызық.
Көшеде ән салып күн көретін адамның өмірінен хабарыңыз бар ма?
Ал көзі мүлде көрмейтін зағип жанның кәдімгідей қой сойып, жиһаз жөндегенін естіп пе едіңіз?
Міне, бұл айтылғандардың бәрін де естіп қана қоймай, сіз өз көзіңізбен көре де аласыз.
Мұның бәрі «Замана-фильм» студиясы түсірген заманауи бейнебаяндарда қаз-қалпында көрсетіледі.
Қазір барлық жерде сатылып жатқан «Замананың» №2-ші дискісінде жоғарыда аталған тақырыптармен бірге басқа да қызықты әрі тың мазмұндағы он түрлі фильм топтастырылған.
Ол фильмдердің бәрі де өмірдің өзінен алынған, оқиға ортасынан түсірілген. Сөз жоқ, оны көрген адамдардың өмірге көзі ашыла түседі, ойына ой қосылады, ең бастысы, алуан түрлі ақпарат алады.
Ендеше, «Замана-фильмнің» заманауи бейнебаяндарын көруге асығыңыздар!
«Замананың» бұл дискілерін Қазақстанның барлық жеріндегі газет сатушылардан сұрауларыңызға болады.
Әрбір дискінің босатылу бағасы – 150 теңге. Оның қолда сатылу бағасын 200 теңгеден асырмауды сұраймыз. |
|
Жұлдызнама |
|

(06.09 - 12.09)
Тоқты (21.03-20.04)
Бұл аптада жұмысыңыз көбеюі мүмкін. Уақытты тиімді пайдалансаңыз, біраз шаруаны еңсересіз.
Торпақ (21.04-21.05)
Ойға алған істеріңіз рет-ретімен шешімін таппақ. Жағымды жаңалықтар мол болғалы тұр.
Егіздер (22.05-21.06)
Жұртпен аралас-құраласыңыз арта түседі. Сәрсенбіде бір маңызды мәселеңіз шешімін таппақ.
Шаян (22.06-23.07)
Отбасылық шаруалармен көбірек айналысасыз. Сізге бауырларыңыздың көмегі тиюі мүмкін.
Арыстан (24.07-23.08)
Көптен бері мазалап жүрген мәселе сіздің пайдаңызға шешілмек. Сейсенбіден қуаныш күтсеңіз болады.
Бикеш (24.08-23.09)
Жолыңыз ашық, көңіліңіз көтеріңкі болады. Бір жақсы адаммен одақ құруыңыз ықтимал.
Таразы (24.09-23.10)
Қолыңыздан не келетінін көрсетуге қолайлы апта. Сәрсенбіде мақтау сөз естуіңіз мүмкін.
Сарышаян (24.10-22.11)
Сізге аптаның алғашқы жартысы қолайлы болмақ. Негізгі істерді осы күндері қолға алғайсыз.
Мерген (23.11-21.12)
Жақсы қасиеттеріңіз жарқырай көрінеді. Өзіңізге сеніміңіз артып, ізгі істерге құлшына түсесіз.
Тауешкі (22.12-20.01)
Шаруаларыңыз жүйеленіп, тың іске аңсарыңыз ауады. Жаныңызға жақын ортада жиірек боласыз.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жұмысыңыз бір қалыпты жүреді. Бұл аптада бойыңызда ерекше жігер пайда болуы мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Бастаған ісіңізді жеріне жеткізіп, көңіл демдейсіз. Жұмадан жағымды жаңалық күтіңіз.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін |
|

Ауырмаудың жолы бар
Алда жаңбырлы күндермен қатар тұмау сынды қауіпті вирус маусымы келе жатыр. Бұл кезде көпшілік тұмауратпаудың амалдарын қарастыра бастайды. Жеке тәжірибеңіздегі сол тәсілдердің ішінде қарапайым, оңай әрі сенімді амалдардың да жүргені жақсы ғой. Ал ол қандай амал? Оны «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар.
«Ауырмаңыз!» газетінен сондай-ақ әрбір шаңыраққа қажетті мынадай пайдалы ақпараттарды алуға болады:
* Бір айда барлық аурудан айықтыра алатын дәрігер.
* Қобыз арқылы сырқатынан сауықтырған.
* Қатерлі ісік неден пайда болады?
* Кезек айы деген не?
* Алаяқ дәрігерлер арамызда жүр.
* Ұзақ өмір сүруге болады екен.
* Әжімді кетіретін дәрі жасап шығарыпты.
* Борсық майын қалай таңдау керек?
* Лямблиоз деген қандай құрт?
* Иммунитетті қалай көтеруге болады?
* Бүйректегі құмды су арқылы алады.
«Ауырмаңыз!» газетінде бұдан басқа да қызықты мақалалар көп.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

"Шартарап" арқылы әлемді шарлайсыз
«Замана» газетінің қосымшасы – «Шартарап» басылымының жаңа нөмірі оқырманға жол тартты. Газеттің бұл нөмірінен әлемдегі ең қызықты оқиғалар туралы оқи аласыз.
...Өткен шілде айының соңы Ресей үшін аса жайсыз қалыптасқаны белгілі. Онда мыңдаған гектар жерді алған орман өрттері болып, халықты қатты әбіржітті. Ал осы өрттің шығу себебі неде?
...Елімізде шетел асып жұмыс істеп жатқандар қатары көп. Солардың кейбірінің тасы өрге домалап, үйлеріне жақсы табыспен оралса, енді біреулері елге аман-есен жеткеніне тәубе етіп жатады. Ал жұмыс іздеп барып, жат елдікке бала болып қалған жан туралы естуіңіз бар ма?
...Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Карлос Слим байлығының жартысын қайырымдылық қорына беруден бас тартыпты. Олай етуіне не себеп болды екен?
...Өнерімен көрерменді өзіне тәнті еткен атақты кино жұлдызы асқа құрт-құмырсқа жейді екен. Ал оның пайдасы қандай?
Осы және басқа да қызықты тақырыптағы мақалаларды «Шартараптың» жаңа нөмірінен оқи аласыздар.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

"Сәуегейде" қандай болжамдар бар?
* Теңгенің құны көтеріле ме?
* Алдағы қыс қандай болады?
* Тек қана әйелдерді емдейді.
* Тұмар мен тәспі қатерден қорғай ма?
* 2029-жылы адамзатты не күтіп тұр?
* Қытайда апаттар неліктен көбейді?
* Украина мемлекеті жойыла ма?
* Сегізаяқ тағы да сәуегейлік жасады.
Осындай тақырыптағы мақалаларды сіздер «Замананың» қосымшасы – «Сәуегей» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Басылымның жаңа нөмірінде бұдан басқа да қызықты болжамдар, жұлдыз-жорамалдар молынан жарияланып отыр.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!
«... Өзге біреумен кездесіп тұрады деп әйелінен күдіктенетін Мұхит Зарифаның өзінің қызы екеніне сенбейді. Сол себепті сотқа әкеліктен бас тарту туралы арыз тастаған болатын. Олардың қан құрамдарын 15 түрлі тексеруден өткізген генетикалық сараптама күтпеген қорытынды шығарыпты».
Туған қызынан бас тартқан шымкенттік азаматтың соты жайлы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Заңнама» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен оқи аласыздар.
«Заңнамада» бұдан басқа мынадай тақырыптағы мақалалар жарияланған:
* Кафеде төбелес шығарған қай әкім?
* Шымкентте қанша нашақор бар?
* Қыз сатуды кәсіп еткен екен...
* Прокурорды «қораға» кіргізбек болды.
* Сатып алған үйіңіздің қарызы көп болса не істеу керек?
«Заңнамада» оқырманның құқықтық сауатын арттыратын бұдан басқа да мақалалар молынан жарияланған.
«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз! |
|