09 | 09 | 2010
Фотосуреттер
Бейнематериалдар
< Ақпан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Ауа райы

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Жаңа кітап

02

Малыңыз аман болсын

Қазір қолдағы малдың жаппай төлдеп бол­ған кезі. Яғни шаруаның малына мал қосылды. Енді оны аман сақтап, одан әрі көбеюіне жағдай жасау әркімнің де ойында бар. Әсі­ре­се малдың күті­міне жіті қа­рау, оны түрлі жұқпалы кеселдерден қорғау қа­жет. Ал ол үшін көп нәр­се­лерді білу маңызды. Олай болса «Замана» баспасынан шыққан «Малың аман болса, май ішесің» деп аталатын кітапты алып оқыңыз. Ол сізге бұл істе сенімді көмекші бола алады.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Жаңа кітап

012

Тез байығыңыз келсе...

Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқ­ып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жет­­кізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.

 

Жаңа кітап

patua

Шариғат шарттарын біле жүргейсіз

«Замана» Баспа үйінен «Жаназа пә­туасы. Шариғат шарттарына қа­тысты өз­ге де сұрақтарға жа­уап­тар» атты кітап жарық көрді. Онда барлық жер­де бір­дей орындалуға мін­дет­ті жаназа пәтуасы мен жерлеу рәсімдері туралы айтылған, сонымен бірге дінге қатыс­ты түрлі сұрақтарға нақты жауаптар қамтыл­ған.

Сондай-ақ бұл кітаптан иман мен исламның шарттары жайлы, халал мен харам, неке, бал ашу, өсімге ақша алу, үлкен күнәлар және одан құ­ты­лу жолдары, тағы бас­қа да көптеген мәселелер жөнін­де толыққанды мағлұматтар алуға болады.

Аталған кітап қазір сауда нүктелерінде сатылып жатыр.  Оны барлық жердегі газет сатушылардан сұраңыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kalyma

Иманыңызды күшейтеді

Алматы қаласында тұратын оқырмандарымыздың бірі мынадай сұрақ қойды: «Мен жас­тықпен түрлі күнәлар жасадым. Әсіресе мектепте оқып жүргенде, студент күндерімде талай қыздың көз жасына қалғанымды енді сезінетін болдым. Бәл­кім тірлігімнің кері кетіп, алға баспай қоюына сол да себеп болған шығар деп ойлана бас­тадым. Қазір бес уақыт намаз­ға жығылып, Алла-тағаладан сол күнәларымның кешірілуін сұрап жүрмін. Жалпы, күнәлар намазбен жуыла ма?»

Бұл сұраққа және оқырмандардың басқа да сауалдарына берілген жауаптарды «Кәлима» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Сондай-ақ «Кәлима» газе­тінде бұдан өзге мынадай мақалалар жарияланған:

* Ауыз бекітпегендерге Алланың берген мүмкіндігін білесіз бе?

* Жас баланы зорлағандарға шариғатта қандай үкім белгіленген?

* Иегова куәгерлерінің кесірінен отбасынан айырылған.

* Біреудің сыртынан ғайбат сөйлеп, жала жабудың күнәсі қандай?

* Иманды жандардың шаңырағы шайқалмайды.

* Қарызды қайтармай қоюға бола ма?

«Кәлимада» иманыңызды күшейтетін бұдан басқа да мақалалар бар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kz

«Қызық газет» – қызық газет!

«Қызық газеттің» кезекті, 15-ші нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөміріндегі «Әйелдерге интимдік қызмет көрсеткен жігіт» деген тақырыппен жарияланған хикаяда жалданып жүкші болып істеген бір азаматтың осы жұмыс барысында және басқа кездерде басынан өткерген ерекше оқиғалары туралы баяндалған.­

Негізгі бет
Дүйсенбі, 15 Ақпан 2010

Қарап жүріп, "қара тізімге" ілініп кеткен
15.02.2010 12:57

dzhypТаяуда салық комитеті оңтүстік­қазақс­тан­дық 98 қымбат көлік иелерінің көлік салығын тө­ле­мегендігі жө­нінде ақпарат таратып, ол­ар­дың тізімі кейбір басылымдарда жарияланды. Бұл азаматтардың көлік салығына бере­ше­гі 14 млн. 596.218 теңге деп көрсетілген.

Двигателінің қуат күші 4 текшеден жоғары болып келетін қымбат маркалы көліктердің салық көлемі де жоғары. Олардың әрқайсысы­ның жылдық салық мөлшері 148 мың 941 теңгені құрайды.

«Қара тізімге» іліккен бұл азаматтар шыны­мен-ақ салық төлеуден жалтарғаны ма? Біз ол­­ардың кейбі­реу­леріне телефон шалғанда, мәселенің мәнісі бас­қа­шалау екенін білдік.


  Read More...


Адвокаттар алқасындағы шу неден шықты? Дәрменбек Садыбаев ақсақал Әлиасқар Жұмабаевты қатты сынға алды
15.02.2010 12:51

advokatКешегі аптада облыс орталығындағы адвокаттар алқасының кеңсесінде тағы да шу шықты. Ал ондағы дау-дамайға себеп болған мәселе өткен жылдың соңында-ақ басталған болатын.

2009 жылдың 8-ші желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы өткізген есеп беру жиналысында адвокаттар сол кездегі төраға Әлиасқар Жұмабаевты қызметтен шеттету туралы қаулы қабылдаған. Оны әріп­тестері (қаулыда көрсетілгендей) заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және Түркістан қаласындағы заң кеңесін бе­ретін кеңсені өз атына жаздырып ал­ғаны, сонымен қатар мекемеге бөлінген қызметтік автокөлікті жеке басына пайдаланған деп айыптаған еді. Сондай-ақ бұрынғы төрағаның үстінен қылмыстық іс те қозғалған. Қаржы полициясының тер­геушісі де ол кісіні қызметтен шеттету туралы қаулы шығарған екен.


  Read More...


Қойлыбай ата суық судан қорықпайды
15.02.2010 12:44

koylibayСайрам ауданының Жаңаталап ауылында тұ­ра­тын Қойлыбай Жұманов (суретте) күн сайын­ сал­қын суға шомылуды, сондай-ақ жүгіруді дағдыға айналдырған. Ол кісіге ауа райының кез-кел­­ген қолайсыздығы ешқашан бөгет болған ем­ес. Бүгінде жасы сексеннен асқан қария әлі тың.

«Мен мектептен соң ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түстім, – дейді ол кісі. – Алайда екі-үш айдан соң бас ау­руға душар болып, қаншама емделгенмен­ еш нәтиже шықпады. Содан соң университет ректоры Төлеген Тәжібаевқа жағдайым­ды айтып барғанымда ол кісі мені түсініп, академиялық демалысқа жіберді».


  Read More...


Жүрегі оң жағында орналасқан адам
15.02.2010 12:39

baykenzhyevОтырар ауданындағы Ар­ыс ауылының тұрғыны, 55 жастағы Сарыбай Бай­кен­жеевтің (суретте) жүре­гі оң жағында орналасқан. Мұны Сәкеңнің өзі 47 жа­сында бір-ақ біліпті.

«Бала күнімде жүрегімнің қай жақта орналасқаны­на онша мән берген емеспін, – дейді С.Байкенжеев.­ – Әйтсе де бірдеңені сезіп, бойымды себепсіз қорқы­ныш билей бастағанда жүрегімнің кеуденің оң жақ тұсынан соғатынын байқағандай болатынмын. Ол кез­де жаспын, денсаулығым сыр бермегендіктен дә­рі­герге қаралған емеспін. 20 жыл қой бақтым. Қазір жасым 55-ке келді. Үш ұл, екі қызым бар.


  Read More...


Алтын медаль үшін 250 мың доллар алады. Жерлесіміз Жібек Арапбаева да жеңіс төрінен көрінсе дейміз
15.02.2010 12:31

olympyada12-ақпан күні Канаданың Ванкувер қаласындағы «Би-СиПлейс» стадионында ХХІ қысқы олимпиада ойындары өз жалауын көтерді. Спорттың 15 түрінен жарыс алаңына шығатын спортшылар 17 күн бойы 86 жүлдені сарапқа салады. Олимпиада ойындарына Қазақстан 39 спортшысын үкі­­-л­еп ­қосып, үлкен сенім артып отыр.

Қазақстан тә­уел­сіз­дік­ алғалы бе­рі төрт рет қыс­қы олимпиада ойындарына қа­тысқан. Жетістігіміз ау­ыз толтырарлықтай демесек те, қоржынымызда сыңғырлаған медальдар жүр. Бір Владимир Смирновтың өзінде шаңғымен жарысудан олимпиада ойында­ры­ның 4 күміс, 2 қола медалі бар. Ендеше, Ақ олимпиададан­ жүлделі қайту Қазақстан спортшылары үшін қол жет­пей­тін асу еместігі анық.


  Read More...


Жас маманды жаутаңдатып қойғандары қалай?
15.02.2010 12:28

Газетіміздің өткен нөмірінде «Жастар практикасы» жас мамандарды жа­рыл­­қай ма?» деген тақырыппен Оңтүстік Қазақстан облыс­тық жұмыспен­ қам­туды­ үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыспен қам­ту және еңбек рыногі бөлімінің бастығы Әсия Темірбаеваның газет тіл­ші­­сіне берген сұх­баты жарияланған болатын. Онда «Жастар практикасы» жо­­басы бойынша кім­дер және қанша жасқа дейінгі жастар жұмысқа тарты­латыны, олардың жалақысы мен жұмысқа қалай тұратыны туралы айтыл­ған. Алайда Әсия Темірбаеваның сұхбатында айтылған сөзі мен­ ол басқаратын бөлімнің осы мәселеге байланысты жұмыс­та­ры сәйкес келмейтіндігін айтып біраз оқырмандарымыз редак­ция­ға хабарласты. Солардың бірі, Шымкент қаласының тұрғыны Серіпхан Сапарханов редакцияға арнайы келіп, өзінің Алматы­дағы жоғары оқу орнын 2009 жылы бітірген ұлының аталмыш жоба бойынша құжат өткізе алмай жүргенін айтты.


  Read More...


Арқарды атсаңыз, сотталып кетесіз
15.02.2010 12:23

arkarКүн суықта үй жануарларының баршасы дерлік қолға қарайды. Ал жаба­йы­ аң-құстың жем-шөбі мен күтіп-бағы­луын қадағалайтындар бар ма? Әсі­ре­се қазір өңірімізде арқарлардың кө­бе­йіп жат­қандығы туралы естіп, олардың қыс­тыгүнгі жағдайы туралы білгіміз кел­ген. Осы жөнінде біз «Сайрам – Өгем» мем­лекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым және мониторинг бөлімінің бастығы Елубек Төлеміспен және табиғи кешендерді қорғау бөлімінің бастығы Асқар Құлтабаровпен тілдескен едік.

«Кейінгі жылдары арқарлар азайып кеткен болатын, – дейді Елу­бек Төлеміс. – Қазір олардың саны артып отырғанын бай­қау­­ға болады. «Қызыл кітапқа» енгізілген бұл жануарлардың құл­­жаларының денесінің ұзындығы 150 – 200 сантиметрге жетсе, күз­­дің күні салмақтары 110 – 160 килограмға дейін барады. Құл­­жаларының мүйізі өте қуатты, шиыршықталып иілген болып­ ке­леді. Олардың ұзындығы иілісі бойынша есептегенде 150 сан­тиметрге жуықтайды. Көлденеңінен қарағанда қатпарлы бола­тын­­дықтан, сақиналары анық байқалады.


  Read More...


Аяр қыздың алдауына түсіп ажал құшты
15.02.2010 12:21

2009-жылдың 6-шы тамызында Эльмира есімді азаматша облыстық ішкі істер де­пар­та­мен­тінің тергеу басқармасына күйеуі Тұрғанбек Шәмшиевтің із-түзсіз жоғалып кеткені жөнінде ха­барлаған болатын. Арада екі-үш күн өткенде полиция қызметкерлері Т.Шәм­шиевтің өлі де­несін тауып алған. Шұғыл іздестіру барысында поли­ция­ қызметкерлері кісі өлтіріп, қа­шып кетпек болған үшеуді қолға түсірді. Тергеу кезінде 20 жастағы Жайна деген қыз бен Асан, Қа­нат есімді екі жігіт істеген қылмыстарын мойындаған.


  Read More...


Нашақорлықпен - 3192, маскүнемдікпен 15,889 науқас есепте тұр
15.02.2010 12:13

Бүгінде жастар мен кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйелдер­ арасында есірткіні ме­дициналық емес мақсатта тұтыну ерекше алаңдаушылық туғызуда. Алкогольді шектен тыс­ пайдалану да ұлт саулығы үшін қатер төндіреді.

Бүгінгі күнде облыс бойынша нашақорлықпен есепте 3192 науқас тұрады, оның ішінде жас­өспірімдер – 5, Шымкент қаласын­да 2418 науқас.­ Ал маскүнемдікпен есепте 15.889 нау­қас тұрады, оның ішінде жасөс­пі­рімдер – 89, Шымкент қаласында 9956 науқас­ есепте тұ­рады.


  Read More...


Полицейдің әйелі әділдік іздейді
15.02.2010 12:10

Оқырманның есінде болса, 2008-жылдың ақпанында «Замана» газетінде «Полицейден таяқ жегендер» деген тақырыппен мақала жарияланған бола­тын. Онда қорасындағы қойлары жоғалған Бәйдібек ауданының тұрғыны Аманбай Әлімбековтің по­лицейлерден көргені зәбірі жөнінде айтылған деді. Содан бері тура екі жыл өтсе де сол жанжал соңы толық шешімін таппай, әлі күнге дейін жалғасып келеді екен. Бізге бұл жөнінде таяуда редакциямызға шағымданып келген Ғазиза Есенәлиева айтып берді.

Ғ.Есенәлиеваның қолында күйеуінің кінәсіздігі жөнінде жазылған­ шағым хат пен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қ.Мәмиге және облыс прокуроры Б.Құлтасовқа жазылған арыздардың кө­шір­месі бар. Сонымен бірге Ғазиза бізге облыстық прокуратураның­ басқарма аға прокуроры А.Беденнің күйеуі Сәкен Жапбашевқа қатыс­ты істе қылмыс құрамы болмауына байланысты оны өндірістен қыс­қарту және С.Жапбашевты қылмыстық жауапкершіліктен босату­ туралы шығарған қаулысын да әкеліпті.


  Read More...


Бет 1 из 2
« БіріншіАлдыңғы12КелесіСоңғы »
"Замана - фильм" ұсынады

6667

Сіз мұндайды бұрын көрмегенсіз...

Сіз зікірді көр­­ген­сіз бе? Жалаңаяқ от кешіп, тілімен қыз­ған темірді жала­ған­­дар­ды ше?

Көрмеген болсаңыз, оны көруге сіз­де мүмкіндік бар!

Ал сіз иесіз ит­терді қалай аулай­тынын, өлген иттер­ді қайда апарып тастайтынын білесіз бе?

Әрине, оны білу де өзінше бір қызық.

Көшеде ән салып күн көретін адамның өмірінен хабарыңыз бар ма?

Ал көзі мүлде көрмейтін зағип жанның кәдімгідей қой сойып, жиһаз жөн­дегенін естіп пе едіңіз?

Міне, бұл айтылғандардың бәрін де естіп қана қоймай, сіз өз көзіңізбен көре де аласыз.

Мұның бәрі «Замана-фильм» студиясы түсірген заманауи бейнебаяндарда  қаз-қал­пында көрсетіледі.

Қазір барлық жер­де­ сатылып жатқан «Замананың» №2-ші дискісінде жо­ғарыда атал­ған та­қы­рып­тар­мен бірге бас­қа да қызықты әрі тың мазмұндағы он түрлі фильм топ­тас­тырыл­ған.

Ол фильмдердің бәрі де өмірдің өзінен алынған, оқиға ортасынан түсірілген. Сөз жоқ, оны көр­ген адамдардың өмірге көзі ашыла түседі, ойына ой қосылады, ең бастысы, алуан түрлі ақпарат алады.

Ендеше, «Замана-фильмнің» заманауи бейнебаяндарын көруге асығыңыздар!

«Замананың» бұл дискілерін Қазақстанның барлық жеріндегі газет сатушылардан сұрауларыңызға болады.

Әрбір дискінің босатылу бағасы – 150 теңге. Оның қолда сатылу бағасын 200 теңгеден асырмауды сұраймыз.

Жұлдызнама

juldiz

(06.09 - 12.09)

Тоқты (21.03-20.04)

Бұл аптада жұмысыңыз көбеюі мүмкін. Уа­қытты тиімді пайдалансаңыз, біраз шаруаны еңсересіз.

Торпақ (21.04-21.05)

Ойға алған істеріңіз рет-ретімен шешімін таппақ. Жағымды жаңалықтар мол болғалы тұр.

Егіздер (22.05-21.06)

Жұртпен аралас-құ­раласыңыз арта түседі. Сәрсенбіде бір маңызды мәселе­ңіз шешімін таппақ.

Шаян (22.06-23.07)

Отбасылық шаруалармен көбірек айналысасыз. Сізге бауырларыңыздың көмегі тиюі мүмкін.

Арыстан (24.07-23.08)

Көптен бері мазалап жүрген мәселе сіздің пайдаңызға шешілмек. Сейсен­біден қуаныш күтсеңіз болады.

Бикеш (24.08-23.09)

Жолыңыз ашық, кө­ңіліңіз көтеріңкі болады. Бір жақсы адаммен одақ құруыңыз ықтимал.

Таразы (24.09-23.10)

Қолыңыздан не келе­тінін көрсетуге қолайлы апта. Сәрсенбіде мақтау сөз естуіңіз мүмкін.

Сарышаян (24.10-22.11)

Сізге аптаның ал­ғаш­қы жартысы қолайлы болмақ. Негізгі істерді осы күндері қолға алғайсыз.

Мерген (23.11-21.12)

Жақсы қасиеттеріңіз жарқырай көрінеді. Өзі­ңізге сеніміңіз артып, ізгі істерге құлшына түсесіз.

Тауешкі (22.12-20.01)

Шаруаларыңыз жү­йеленіп, тың іске аңсарыңыз ауады. Жаныңызға жақын ортада жиірек боласыз.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Жұмысыңыз бір қа­лып­ты жүреді. Бұл аптада бойыңызда ерекше жі­гер пайда болуы мүмкін.

Балық (20.02-20.03)

Бастаған ісіңізді жері­не жеткізіп, көңіл демдейсіз. Жұ­мадан жағымды жаңалық күтіңіз.

Құлағыңыз түрік жүрсін

auirma

Ауырмаудың жолы бар

Алда жаңбырлы күндермен қатар тұмау сынды қауіпті вирус маусымы келе жатыр. Бұл кезде көпшілік тұмауратпаудың амалдарын қарастыра бастайды. Жеке тәжіри­беңіздегі сол тәсілдердің ішін­де қарапайым, оңай әрі сенімді амалдардың да жүргені жақсы ғой. Ал ол қандай амал? Оны «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жа­рық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар.

«Ауырмаңыз!» газетінен сон­дай-ақ әрбір шаңыраққа қажетті мынадай пайдалы ақпараттарды алуға болады:

* Бір айда барлық аурудан айықтыра алатын дәрігер.

* Қобыз арқылы сырқатынан сауықтырған.

* Қатерлі ісік неден пайда болады?

* Кезек айы деген не?

* Алаяқ дәрігерлер арамызда жүр.

* Ұзақ өмір сүруге болады екен.

* Әжімді кетіретін дәрі жасап шығарыпты.

* Борсық майын қалай таңдау керек?

* Лямблиоз деген қандай құрт?

* Иммунитетті қалай көтеруге болады?

* Бүйректегі құмды су арқылы алады.

«Ауырмаңыз!» газетінде бұдан басқа да қызықты мақалалар көп.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

wartarap

"Шартарап" арқылы әлемді шарлайсыз

«Замана» газетінің қосымшасы – «Шартарап» басылымының жаңа нөмірі оқырманға жол тартты. Газеттің бұл нө­мірінен әлемдегі ең қызықты оқиғалар туралы оқи аласыз.

...Өткен шілде айының соңы Ресей үшін аса жайсыз қалыптасқаны белгілі. Онда мың­даған гектар жерді алған орман өрттері болып, халықты қатты әбіржітті. Ал осы өрттің шығу себебі неде?

...Елімізде шетел асып жұмыс істеп жат­қ­андар қатары көп. Солардың кейбі­рінің тасы өрге домалап, үйлеріне жақсы табыспен оралса, енді біреулері елге аман-есен жеткеніне тәубе етіп жатады. Ал жұ­мыс іздеп барып, жат елдікке бала болып қалған­ жан туралы естуіңіз бар ма?

...Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Карлос Слим байлығының жартысын қайырымдылық қорына беруден бас тартыпты. Олай етуіне не себеп болды екен?

...Өнерімен көрерменді өзіне тәнті еткен атақты кино жұлдызы асқа құрт-құмырс­қа жейді екен. Ал оның пайдасы қандай?

Осы және басқа да қызықты тақырыптағы мақалаларды «Шартараптың» жаңа нөмірі­нен оқи аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

sauagey

"Сәуегейде" қандай болжамдар бар?

* Теңгенің құны көтеріле ме?

* Алдағы қыс қандай болады?

* Тек қана әйелдерді емдейді.

* Тұмар мен тәспі қатерден қорғай ма?

* 2029-жылы адамзатты не күтіп тұр?

* Қытайда апаттар неліктен көбейді?

* Украина мемлекеті жойыла ма?

* Сегізаяқ тағы да сәуегейлік жасады.

Осындай тақырыптағы мақалаларды сіздер «Замананың» қосымшасы – «Сәуегей» газетінің осы аптада жарық көр­ген жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Басылымның жаңа нө­мірінде бұдан басқа­ да қызықты болжамдар, жұлдыз-жо­рамалдар молынан жарияланып­ отыр.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

zannama

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!

«... Өзге біреумен кездесіп тұрады деп әйелінен күдіктенетін Мұхит Зарифаның өзінің қызы екеніне сенбейді. Сол себепті сотқа әкеліктен бас тарту туралы арыз тастаған болатын. Олардың қан құрамдарын 15 түрлі тексеруден өткізген генетикалық сараптама күтпеген қорытынды шығарыпты».

Туған қызынан бас тартқан шымкенттік азаматтың соты жайлы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Заңнама» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен оқи аласыздар.

«Заңнамада» бұдан басқа мынадай тақырыптағы мақалалар жарияланған:

* Кафеде төбелес шығарған қай әкім?

* Шымкентте қанша нашақор бар?

* Қыз сатуды кәсіп еткен екен...

* Прокурорды «қораға» кіргізбек болды.

* Сатып алған үйіңіздің қарызы көп болса не істеу керек?

«Заңнамада» оқырманның құқықтық сауатын арттыратын бұдан басқа да мақалалар молынан жария­ланған.

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!