09 | 09 | 2010
Фотосуреттер
Бейнематериалдар
< Ақпан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Ауа райы

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Жаңа кітап

02

Малыңыз аман болсын

Қазір қолдағы малдың жаппай төлдеп бол­ған кезі. Яғни шаруаның малына мал қосылды. Енді оны аман сақтап, одан әрі көбеюіне жағдай жасау әркімнің де ойында бар. Әсі­ре­се малдың күті­міне жіті қа­рау, оны түрлі жұқпалы кеселдерден қорғау қа­жет. Ал ол үшін көп нәр­се­лерді білу маңызды. Олай болса «Замана» баспасынан шыққан «Малың аман болса, май ішесің» деп аталатын кітапты алып оқыңыз. Ол сізге бұл істе сенімді көмекші бола алады.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Жаңа кітап

012

Тез байығыңыз келсе...

Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқ­ып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жет­­кізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.

 

Жаңа кітап

patua

Шариғат шарттарын біле жүргейсіз

«Замана» Баспа үйінен «Жаназа пә­туасы. Шариғат шарттарына қа­тысты өз­ге де сұрақтарға жа­уап­тар» атты кітап жарық көрді. Онда барлық жер­де бір­дей орындалуға мін­дет­ті жаназа пәтуасы мен жерлеу рәсімдері туралы айтылған, сонымен бірге дінге қатыс­ты түрлі сұрақтарға нақты жауаптар қамтыл­ған.

Сондай-ақ бұл кітаптан иман мен исламның шарттары жайлы, халал мен харам, неке, бал ашу, өсімге ақша алу, үлкен күнәлар және одан құ­ты­лу жолдары, тағы бас­қа да көптеген мәселелер жөнін­де толыққанды мағлұматтар алуға болады.

Аталған кітап қазір сауда нүктелерінде сатылып жатыр.  Оны барлық жердегі газет сатушылардан сұраңыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kalyma

Иманыңызды күшейтеді

Алматы қаласында тұратын оқырмандарымыздың бірі мынадай сұрақ қойды: «Мен жас­тықпен түрлі күнәлар жасадым. Әсіресе мектепте оқып жүргенде, студент күндерімде талай қыздың көз жасына қалғанымды енді сезінетін болдым. Бәл­кім тірлігімнің кері кетіп, алға баспай қоюына сол да себеп болған шығар деп ойлана бас­тадым. Қазір бес уақыт намаз­ға жығылып, Алла-тағаладан сол күнәларымның кешірілуін сұрап жүрмін. Жалпы, күнәлар намазбен жуыла ма?»

Бұл сұраққа және оқырмандардың басқа да сауалдарына берілген жауаптарды «Кәлима» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Сондай-ақ «Кәлима» газе­тінде бұдан өзге мынадай мақалалар жарияланған:

* Ауыз бекітпегендерге Алланың берген мүмкіндігін білесіз бе?

* Жас баланы зорлағандарға шариғатта қандай үкім белгіленген?

* Иегова куәгерлерінің кесірінен отбасынан айырылған.

* Біреудің сыртынан ғайбат сөйлеп, жала жабудың күнәсі қандай?

* Иманды жандардың шаңырағы шайқалмайды.

* Қарызды қайтармай қоюға бола ма?

«Кәлимада» иманыңызды күшейтетін бұдан басқа да мақалалар бар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kz

«Қызық газет» – қызық газет!

«Қызық газеттің» кезекті, 15-ші нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөміріндегі «Әйелдерге интимдік қызмет көрсеткен жігіт» деген тақырыппен жарияланған хикаяда жалданып жүкші болып істеген бір азаматтың осы жұмыс барысында және басқа кездерде басынан өткерген ерекше оқиғалары туралы баяндалған.­

Негізгі бет
Сейсенбі, 09 Ақпан 2010

Шымкентте шаш ал десе бас алатындар баршылық. Күнкөрісінен айырылған ондаған адам ондайларды сыртынан қарғап-сілеп жүр
09.02.2010 14:58

1111111Кешегі аптада Шымкент қаласындағы «Күл­тай ана» базарының басына қара бұлт үйі­рілді. Сәрсенбі күні таңертең онда барған­ сот орындаушылар: «Базарды бұзамыз. Бұл – сот шешімі» дегенді айтқан. Сосын олар алып барған трактор базардың ше­тін­дегі бір ғимаратты бұзып тастаған. Бұл осындағы саудагер­лердің қатты наразылығын тудырды. Нәтиже­сінде сот орындаушылары ғимаратты бұзуды тоқтатқан.

Хабар түскен сәтте біз де аталған базарға­ бардық. Бірден көзге түскені, базардың сол шақ шетіндегі бір ғимараттың быт-шыты шы­ғыпты. Екі жігіт қираған үйінді үстінен сынған­ ағаштарды бір шетке алып реттеп жатты. Ал анадай жерде топ-топ болып  саудагерлер тұр. Бәрінің көңіл-күйі жоқ. Осы жерде базар бас­шысы Сәуле Мәденованы (суретте) жолықтырдық.


  Read More...


Петропавл вокзалы Ресейге қарай ма?
09.02.2010 14:54

Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысынан келген  Әміразар есімді азаматпен сұхбаттас болғанымыз бар. Шымкентке пойызбен келген екен, сөз арасында жолкіре тура­лы әңгіме болды. Ол Петро­павлдан Шымкентке дейінгі билетті 2023 рубльге (10.041 теңге) алыпты. Ал Шымкенттен Петропавлға дейінгі билет құны 4900 теңге тұрады екен. Билет бағасындағы мұндай айыр­машылықты Әміразар Петро­павл­дың теміржол вокзалы Ресейге қарайтынымен байла­нысты деп айтты. Алғашында біз оның сөзін түсінбей қалғандықтан себебін қайта сұрадық.


  Read More...


Опера және балет театрына кім бастық болады?
09.02.2010 14:36

zhastar sarayiОсыдан екі жылдай бұрын Елбасы Оңтүстікке келген  сапарында облыс­тық опера және балет театрының салтанатты ашы­лу рә­сіміне қатысқан болатын. Содан бері біршама уақыт өтті. Театр шама-шар­қы­на қарай бірнеше қо­йылымдарды сахналады. Енді осы ай­да «Қыз Жібек» операсын көрермен назарына ұсынбақ.

Өкінішке орай, осындай үлкен ұжым алты айдан бері басшысыз отыр. Бұрынғы директор қызметтен кеткелі директордың міндетін уа­қытша атқарушы болып осыған дейін облыстық филармонияда көркемдік жетекші қызметін атқарған Айман Қарсыбаева тағайындалған. Ал жұртшылық арасында алты айдан бері театрды басқаруға бір адамның табылмауы қалай деген сұрақ жүр. Осы орайда біз өткен бейсенбіде театрға барып, қызметкерлерді әңгімеге тарттық.


  Read More...


Заман ағымын түсінетіндер "Заманаға" хабарласады
09.02.2010 14:27

Биылғы жыл басынан бері де редакциямызға  хат жазып, хабарласып жатқандар көп. Оқырмандарымыз өздерін толғантқан мәселелер бойынша өтініштерін айтады, көмек сұрайды, алғыстарын білдіреді. Газетіміздің бүгінгі нөмірінде солардың бірнешеуін жариялап отырмыз.

Күләш апа алғыс айтты

Кешегі сәрсенбіде шымкенттік Күләш есімді апа редакциямызға телефон шалып, редакция ұжымына өз ризашылығын білдірді. «Қарақтарым,­ мен сендерге аналық алғысымды жеткіземін, – деді ол кісі. – Мен «Замана» мен оның қосымшаларын үнемі алып оқып тұрамын. Бұл газеттердегі мақалалар мен танымдық материалдардың, хи­кая­лардың жұртқа берері мол. Маған әсіресе «Қы­зық газеттің» биылғы 1-ші және 2-ші нөмірлерінде жарық көрген «63 жасында үйленген адам», «Детектив» атанған азаматтың шытырман оқиғалары» деген тақырыппен шыққан хикаялар ұнады. Оқырманға осындай мәнді, мағыналы дүниелерді ұсынып отыратын редакция ұжымына алғысымды білдіремін. Өркендерің өссін!»


  Read More...


Дәрігерлерге ренжіп жүр
09.02.2010 13:40

baymirzaӨткен аптада редакциямызға Сарығаш ауданының Жаңаталап ауылынан Жиенбек Баймырза (суретте) есімді азамат келді. Бұл кісі көп жылдар­ бұрын жол апатына ұшыраған екен. 1994 жылдан бері басы ауырады. Уақыт өте келе құлағы да естімей қалған. 2008 жылдан бастап мерзімсіз уа­қытқа ІІІ топтағы мүгедектікке шығыпты.

«Жас келген сайын ауру үстіне ауру жамала береді екен, – дейді Ж. Бай­мырза. – Қазір ауырмайтын жерім жоқ. Жүрегім де, бүйрегім де ауы­рады. Қан қысымым да жиі-жиі көтеріліп мазамды алады. Біраз жылдар бұрын плевритпен де ауырып, ауруханада ем қабылдадым. Жақында Сарыағашта ауруханада жатқанымда мойным мен оң жақ аяқ-қолым ісіп, жүрегім шаншып, есімнен танып қалдым. Дәрігерлер ауруымның анық диагнозын таба алмады. Жүрегімді УЗИ-ге­ түсіріп, мені Шымкенттегі диагностикалық орталыққа жіберді. Әйткенмен ондағылар да ау­руымның себебін нақтылай алмады. Кейін ине салып, түрлі дәрілермен емделгенімен одан еш нәтиже шықпады. Инеден кейін қол-аяғым қайта ісіп кетті. Диагностикалық орталыққа қайта барып түскенімде анық болғаны, жол апатына ұшыраған кезімде омыртқама ет қыстыры­лып қалған екен».


  Read More...


Ал сол кезде... Немересі үшін шырылдайды
09.02.2010 13:36

Редакциямызға Төлеби ауданындағы Қаратөбе елді мекенінің тұрғыны Мырзақұл Тұрғынбаев деген кісіден хат келді. Хатында ол 2004 жылы туылған немересі Жанерке Ғаниқызын төрт рет рентгенге түсіргені, рентгенде жамбас сүйегінің кемтар екені анықталғаны туралы жазыпты. Жанеркенің Шымкент балалар ау­руханасында және Көк­сәйектегі ауруханада емделгені туралы ауру тарихы да бар екен. Қызға дәрігерлер «Острый бронхит, врожденный вывих обеих­ бедер» деген диагноз қойған.

Осы құжаттар мен N88 нұсқадағы жолдаманы алып М.Тұрғынбаев Ленгірдегі ме­ди­циналық-әлеуметтік сараптамалық бөлі­мі­не барыпты. Алайда комиссия мүше­ле­рі қыздың жазылып кететінін айтып оларды екі рет қайтарып жіберіпті. Одан кейін М.Тұрғынбаев ол жерге баруды до­ғарған. Ал немересі Жанерке 2009 жылдың қазан айынан бері Балықшыдағы сүйек-буын туберкулезі ауруханасында ем­деліп жатыр екен. Оның әлі қанша уа­қыт емделетіні белгісіз екенін айта келіп М.Тұрғынбаев: «Осы жағдайды еске­ре отырып жәрдемақы төлене ме, ол өзі қалай төленеді? Бұрынғы өткен жылдары есепке алына ма? Осы жағдайды біл­гім келеді. Осыны анықтауға көмектесіңіз­дер», – деп сауал жолдапты.


  Read More...


"Бахилла" үшін біз қалай бажылдастық?
09.02.2010 13:32

Қазір ауруханалардың барлығында тазалық пен тәртіптің орнап жатқаны көпші­лікті қуантады. Дегенмен кейбір олқылықтарды көргенде көңіліміз бәсең тартып қа­латыны бар. Жуырда өзім куә болған мына бір оқиға мені қатты қынжылтқан еді.

Інім көлік апатының салдарынан биыл төртінші жыл қайта-қайта операцияға түсуде. Қазір ол Шымкенттегі облыстық аурухананың ортопедия бөлімінде жатыр. Кешегі сенбі күні ауруханаға барып, осы бөлімге кіру үшін есіктің аузындағы «бахилла» сататын автоматқа 20 теңге салғанмын. Ол шығарған «бахилланы» ашып көргенімде оның сыңары жоқ болып шықты. Есік аузындағы келіншектен мән-жайды сұрайын десем, ол құлағына қалта телефонын тақап алып, 15 минуттай біреумен сөйлесіп тұрды.


  Read More...


Нұрекеңді де, "Нұр Отанды" да балағаттамапты
09.02.2010 13:24

nur otanӨткен аптаның басында редакция­мызға Отырар ауданынанмын деп бір кісі телефон арқылы хабарласты. Ол адам жуырда аудан орталығы Шәуілдірде үлкен той болып, оған аудан әкімі мен мәслихат хатшысы да қа­тыс­қанын, ол жерде орталықтағы мұражай директоры мастықпен ортаға шығып алып, Астанадағы жоғары лауазымды адамдар мен «Нұр Отан» партия­сының, оның бірінші басшысы Нұрекеңнің атына былапыт сөздер айт­қанын жеткізді. Осы сөздің анық-қанығына көз жеткізу үшін біз Шәуілдірдегі бірқатар адамдарға телефон шалдық.

«Бұл қайдан шыққан сөз еке­нін білмедім, – деді аудандық мәслихат хатшысы Әділ­хан Мақатай. – Осындай сөз аудан ішіне тарап кетіпті. Шамасы, бұл мұражай директорының қызметіне көз алартып жүрген біреудің арандату тір­лігі болса керек. Әйтпесе ол кісі тойда отырған кезде пар­тия­ны мақтағаннан басқа ештеңе айтқан жоқ. Егер түсін­бес­тік бір нәрсе болса, мен сөз айтуға шыққан кезде болуы мүмкін. Сондықтан әлгі әң­гімені естіген сәтте Нұртаза Ал­дабергеновты өзіме шақыртып сөйлестім. Ол кісі тойда арақ ішкен жоқ еді. Өзінің «Нұр Отанға» шын берілген адам екенін айтып отырған. Менің алдым­да да сол сөздерін қайталады. Тойға дейін де, тойдан кейін де басы артық сөз айтпағанын өз қолымен қа­ғазға жазып берді. Бары осы».


  Read More...


"Заманада" жазылған еді... Қаржы полициясы тексеруде
09.02.2010 13:20

Шымкент қаласының білім бөлімі Сізге «Замана» газетінің 2010 жылдың 25 қаңтары № 03 санындағы Р.Шалқардың «Арызды ашынған адам жазады Шымкенттегі тағы бір мектеп ұжымы у-шу болып жатыр. Демек...» тақырыбындағы мақаласына мына төмендегідей мәлімдейді:

№52 орта мектеп мұғалімдерінің атынан түскен арызда көрсетілген ақша жинау фактілерін анықтау білім бөлімінің құзырына жатпайтындықтан арызды Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес қаржы полиция­сының тексеруіне жіберген болатын. Сонымен қатар Абай аудандық прокуратурасы мен облыстық білім басқармасына да осы мәтінде арыз түскен.


  Read More...


Жоғары жаққа ұсыныс енгізілді
09.02.2010 13:16

«Замана» газетінің 2010 жылдың 18 қаңтардағы №2 санында «Балаларымыз көз алдымызда солып бара жатыр» атты мақаласында Сайрам ауданының Жаңаталап ауыл округіндегі Игілік ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде төмендегідей жауап жолдаймын:

Кеңес дәуірінде іске қо­сылған су жүйелерінің бүгінгі техникалық ахуалы, 32 метр те­рең­діктегі 3 су ұңғылары суы­ның сапасы санитарлық нормаға сәйкес келмейтіні се­бепті, «Жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы есебінен, Жаңаталап ауыл округі Жаңаталап, Қарасу және Игілік ауылдарының тозығы жеткен 5,5 км су жү­йе­лерін ағымдағы жөндеу­ден өткізуге 2009 жылы 20,0 млн теңге және тереңдігі 70 – 100 метр болатын жаңа су ұңғы­сын қазуға 19,0 млн теңге мақ­сатты түрде бағытталды.


  Read More...


Бет 1 из 2
« БіріншіАлдыңғы12КелесіСоңғы »
"Замана - фильм" ұсынады

6667

Сіз мұндайды бұрын көрмегенсіз...

Сіз зікірді көр­­ген­сіз бе? Жалаңаяқ от кешіп, тілімен қыз­ған темірді жала­ған­­дар­ды ше?

Көрмеген болсаңыз, оны көруге сіз­де мүмкіндік бар!

Ал сіз иесіз ит­терді қалай аулай­тынын, өлген иттер­ді қайда апарып тастайтынын білесіз бе?

Әрине, оны білу де өзінше бір қызық.

Көшеде ән салып күн көретін адамның өмірінен хабарыңыз бар ма?

Ал көзі мүлде көрмейтін зағип жанның кәдімгідей қой сойып, жиһаз жөн­дегенін естіп пе едіңіз?

Міне, бұл айтылғандардың бәрін де естіп қана қоймай, сіз өз көзіңізбен көре де аласыз.

Мұның бәрі «Замана-фильм» студиясы түсірген заманауи бейнебаяндарда  қаз-қал­пында көрсетіледі.

Қазір барлық жер­де­ сатылып жатқан «Замананың» №2-ші дискісінде жо­ғарыда атал­ған та­қы­рып­тар­мен бірге бас­қа да қызықты әрі тың мазмұндағы он түрлі фильм топ­тас­тырыл­ған.

Ол фильмдердің бәрі де өмірдің өзінен алынған, оқиға ортасынан түсірілген. Сөз жоқ, оны көр­ген адамдардың өмірге көзі ашыла түседі, ойына ой қосылады, ең бастысы, алуан түрлі ақпарат алады.

Ендеше, «Замана-фильмнің» заманауи бейнебаяндарын көруге асығыңыздар!

«Замананың» бұл дискілерін Қазақстанның барлық жеріндегі газет сатушылардан сұрауларыңызға болады.

Әрбір дискінің босатылу бағасы – 150 теңге. Оның қолда сатылу бағасын 200 теңгеден асырмауды сұраймыз.

Жұлдызнама

juldiz

(06.09 - 12.09)

Тоқты (21.03-20.04)

Бұл аптада жұмысыңыз көбеюі мүмкін. Уа­қытты тиімді пайдалансаңыз, біраз шаруаны еңсересіз.

Торпақ (21.04-21.05)

Ойға алған істеріңіз рет-ретімен шешімін таппақ. Жағымды жаңалықтар мол болғалы тұр.

Егіздер (22.05-21.06)

Жұртпен аралас-құ­раласыңыз арта түседі. Сәрсенбіде бір маңызды мәселе­ңіз шешімін таппақ.

Шаян (22.06-23.07)

Отбасылық шаруалармен көбірек айналысасыз. Сізге бауырларыңыздың көмегі тиюі мүмкін.

Арыстан (24.07-23.08)

Көптен бері мазалап жүрген мәселе сіздің пайдаңызға шешілмек. Сейсен­біден қуаныш күтсеңіз болады.

Бикеш (24.08-23.09)

Жолыңыз ашық, кө­ңіліңіз көтеріңкі болады. Бір жақсы адаммен одақ құруыңыз ықтимал.

Таразы (24.09-23.10)

Қолыңыздан не келе­тінін көрсетуге қолайлы апта. Сәрсенбіде мақтау сөз естуіңіз мүмкін.

Сарышаян (24.10-22.11)

Сізге аптаның ал­ғаш­қы жартысы қолайлы болмақ. Негізгі істерді осы күндері қолға алғайсыз.

Мерген (23.11-21.12)

Жақсы қасиеттеріңіз жарқырай көрінеді. Өзі­ңізге сеніміңіз артып, ізгі істерге құлшына түсесіз.

Тауешкі (22.12-20.01)

Шаруаларыңыз жү­йеленіп, тың іске аңсарыңыз ауады. Жаныңызға жақын ортада жиірек боласыз.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Жұмысыңыз бір қа­лып­ты жүреді. Бұл аптада бойыңызда ерекше жі­гер пайда болуы мүмкін.

Балық (20.02-20.03)

Бастаған ісіңізді жері­не жеткізіп, көңіл демдейсіз. Жұ­мадан жағымды жаңалық күтіңіз.

Құлағыңыз түрік жүрсін

auirma

Ауырмаудың жолы бар

Алда жаңбырлы күндермен қатар тұмау сынды қауіпті вирус маусымы келе жатыр. Бұл кезде көпшілік тұмауратпаудың амалдарын қарастыра бастайды. Жеке тәжіри­беңіздегі сол тәсілдердің ішін­де қарапайым, оңай әрі сенімді амалдардың да жүргені жақсы ғой. Ал ол қандай амал? Оны «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жа­рық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар.

«Ауырмаңыз!» газетінен сон­дай-ақ әрбір шаңыраққа қажетті мынадай пайдалы ақпараттарды алуға болады:

* Бір айда барлық аурудан айықтыра алатын дәрігер.

* Қобыз арқылы сырқатынан сауықтырған.

* Қатерлі ісік неден пайда болады?

* Кезек айы деген не?

* Алаяқ дәрігерлер арамызда жүр.

* Ұзақ өмір сүруге болады екен.

* Әжімді кетіретін дәрі жасап шығарыпты.

* Борсық майын қалай таңдау керек?

* Лямблиоз деген қандай құрт?

* Иммунитетті қалай көтеруге болады?

* Бүйректегі құмды су арқылы алады.

«Ауырмаңыз!» газетінде бұдан басқа да қызықты мақалалар көп.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

wartarap

"Шартарап" арқылы әлемді шарлайсыз

«Замана» газетінің қосымшасы – «Шартарап» басылымының жаңа нөмірі оқырманға жол тартты. Газеттің бұл нө­мірінен әлемдегі ең қызықты оқиғалар туралы оқи аласыз.

...Өткен шілде айының соңы Ресей үшін аса жайсыз қалыптасқаны белгілі. Онда мың­даған гектар жерді алған орман өрттері болып, халықты қатты әбіржітті. Ал осы өрттің шығу себебі неде?

...Елімізде шетел асып жұмыс істеп жат­қ­андар қатары көп. Солардың кейбі­рінің тасы өрге домалап, үйлеріне жақсы табыспен оралса, енді біреулері елге аман-есен жеткеніне тәубе етіп жатады. Ал жұ­мыс іздеп барып, жат елдікке бала болып қалған­ жан туралы естуіңіз бар ма?

...Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Карлос Слим байлығының жартысын қайырымдылық қорына беруден бас тартыпты. Олай етуіне не себеп болды екен?

...Өнерімен көрерменді өзіне тәнті еткен атақты кино жұлдызы асқа құрт-құмырс­қа жейді екен. Ал оның пайдасы қандай?

Осы және басқа да қызықты тақырыптағы мақалаларды «Шартараптың» жаңа нөмірі­нен оқи аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

sauagey

"Сәуегейде" қандай болжамдар бар?

* Теңгенің құны көтеріле ме?

* Алдағы қыс қандай болады?

* Тек қана әйелдерді емдейді.

* Тұмар мен тәспі қатерден қорғай ма?

* 2029-жылы адамзатты не күтіп тұр?

* Қытайда апаттар неліктен көбейді?

* Украина мемлекеті жойыла ма?

* Сегізаяқ тағы да сәуегейлік жасады.

Осындай тақырыптағы мақалаларды сіздер «Замананың» қосымшасы – «Сәуегей» газетінің осы аптада жарық көр­ген жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Басылымның жаңа нө­мірінде бұдан басқа­ да қызықты болжамдар, жұлдыз-жо­рамалдар молынан жарияланып­ отыр.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

zannama

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!

«... Өзге біреумен кездесіп тұрады деп әйелінен күдіктенетін Мұхит Зарифаның өзінің қызы екеніне сенбейді. Сол себепті сотқа әкеліктен бас тарту туралы арыз тастаған болатын. Олардың қан құрамдарын 15 түрлі тексеруден өткізген генетикалық сараптама күтпеген қорытынды шығарыпты».

Туған қызынан бас тартқан шымкенттік азаматтың соты жайлы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Заңнама» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен оқи аласыздар.

«Заңнамада» бұдан басқа мынадай тақырыптағы мақалалар жарияланған:

* Кафеде төбелес шығарған қай әкім?

* Шымкентте қанша нашақор бар?

* Қыз сатуды кәсіп еткен екен...

* Прокурорды «қораға» кіргізбек болды.

* Сатып алған үйіңіздің қарызы көп болса не істеу керек?

«Заңнамада» оқырманның құқықтық сауатын арттыратын бұдан басқа да мақалалар молынан жария­ланған.

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!