09 | 09 | 2010
Фотосуреттер
Бейнематериалдар
< Ақпан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Ауа райы

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Жаңа кітап

02

Малыңыз аман болсын

Қазір қолдағы малдың жаппай төлдеп бол­ған кезі. Яғни шаруаның малына мал қосылды. Енді оны аман сақтап, одан әрі көбеюіне жағдай жасау әркімнің де ойында бар. Әсі­ре­се малдың күті­міне жіті қа­рау, оны түрлі жұқпалы кеселдерден қорғау қа­жет. Ал ол үшін көп нәр­се­лерді білу маңызды. Олай болса «Замана» баспасынан шыққан «Малың аман болса, май ішесің» деп аталатын кітапты алып оқыңыз. Ол сізге бұл істе сенімді көмекші бола алады.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Жаңа кітап

012

Тез байығыңыз келсе...

Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқ­ып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жет­­кізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.

 

Жаңа кітап

patua

Шариғат шарттарын біле жүргейсіз

«Замана» Баспа үйінен «Жаназа пә­туасы. Шариғат шарттарына қа­тысты өз­ге де сұрақтарға жа­уап­тар» атты кітап жарық көрді. Онда барлық жер­де бір­дей орындалуға мін­дет­ті жаназа пәтуасы мен жерлеу рәсімдері туралы айтылған, сонымен бірге дінге қатыс­ты түрлі сұрақтарға нақты жауаптар қамтыл­ған.

Сондай-ақ бұл кітаптан иман мен исламның шарттары жайлы, халал мен харам, неке, бал ашу, өсімге ақша алу, үлкен күнәлар және одан құ­ты­лу жолдары, тағы бас­қа да көптеген мәселелер жөнін­де толыққанды мағлұматтар алуға болады.

Аталған кітап қазір сауда нүктелерінде сатылып жатыр.  Оны барлық жердегі газет сатушылардан сұраңыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kalyma

Иманыңызды күшейтеді

Алматы қаласында тұратын оқырмандарымыздың бірі мынадай сұрақ қойды: «Мен жас­тықпен түрлі күнәлар жасадым. Әсіресе мектепте оқып жүргенде, студент күндерімде талай қыздың көз жасына қалғанымды енді сезінетін болдым. Бәл­кім тірлігімнің кері кетіп, алға баспай қоюына сол да себеп болған шығар деп ойлана бас­тадым. Қазір бес уақыт намаз­ға жығылып, Алла-тағаладан сол күнәларымның кешірілуін сұрап жүрмін. Жалпы, күнәлар намазбен жуыла ма?»

Бұл сұраққа және оқырмандардың басқа да сауалдарына берілген жауаптарды «Кәлима» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Сондай-ақ «Кәлима» газе­тінде бұдан өзге мынадай мақалалар жарияланған:

* Ауыз бекітпегендерге Алланың берген мүмкіндігін білесіз бе?

* Жас баланы зорлағандарға шариғатта қандай үкім белгіленген?

* Иегова куәгерлерінің кесірінен отбасынан айырылған.

* Біреудің сыртынан ғайбат сөйлеп, жала жабудың күнәсі қандай?

* Иманды жандардың шаңырағы шайқалмайды.

* Қарызды қайтармай қоюға бола ма?

«Кәлимада» иманыңызды күшейтетін бұдан басқа да мақалалар бар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kz

«Қызық газет» – қызық газет!

«Қызық газеттің» кезекті, 15-ші нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөміріндегі «Әйелдерге интимдік қызмет көрсеткен жігіт» деген тақырыппен жарияланған хикаяда жалданып жүкші болып істеген бір азаматтың осы жұмыс барысында және басқа кездерде басынан өткерген ерекше оқиғалары туралы баяндалған.­

Негізгі бет
Дүйсенбі, 08 Ақпан 2010

Мәуліт - ғажайып оқиғалар болған ай
09.02.2010 11:57

Ақпанның 15-сінен 16-сына қараған түні Ра­биуләууал айы басталады. Бұл ай «Мәу­літ айы» деп те атала­ды.

«Раббиуләууал» сөзінің қазақша мағынасы «көк­темнің бірінші айы» дегенге саяды. Сондай-ақ бар­ша мұсылман үшін ерекше ай болып есептеледі. Өйткені осы айда жер беті көк майсаға оранып, табиғат әсемденеді. Ал адамдар көктеммен бірге құлпырып, табиғаттан күш-қуат алады. Диқандарға қуаныш сыйлаған раббиуләууал айында жер жыртып, егін егіп, малшылардың аузы аққа толады. Осындай кере­мет уақытта мұсылмандардың ұлық пайғамбары Мұ­хаммед дүниеге келген. Оның дүниеге келуіне орай, барша мұсылмандар Мәуліт мерекесін атап өтеді.


  Read More...


Мұсылман әйелі қалай сәнденеді?
09.02.2010 11:50

musilmankiСәнденудің қанша түрі бар?

Бүгінде жастар 14-ақпанды «әулие Валентин күні», яғни махаббат мерекесі ретінде тойлап жүр. Ал мұның ұлтымызға сырттан енген келімсек дәстүр екенін кез-келген адам біледі. Бұл күні қыздар сәнденіп, сәнді киімдерін киіп, жігіттердің жүрегін жаулап алу­ға тырысады. Десек те, жүре­гінде иманы бар әрбір мұсылман қыз бен жігіт бұлай істемесі анық. Өйткені олар Алланың бұйырған үкімдерін білгендіктен күнә істерден аулақ болады. Жалпы, әйел адамның сәнденіп жүруі шариғатқа қайшы әрекет пе?

Құранда Алла-тағала: «Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын», – деген.  Ұятты болу мен ұяңдық әйел мен ерге бірдей тән қасиет болуы керек. Дегенмен табиғи жаратылысы өзгеше әйел затының қоғамдық ортада, әсіресе, киім кигенде біршама жинақы болуы шарт. Құранда: «Ей, иман келтіргендер!» – деп айтылады. Ал бұл жерде арнайы әйелдер үшін айтылғандығын ескерсек, бұл әуретті жабу әйелдерге арналған үндеу болып тұр.


  Read More...


Ауа райы болжамын жария еткен дұрыс па?
09.02.2010 11:42

tanatkanЖақында Қырғызстан үкіметі сейсмологиялық болжамдарды жариялауға тыйым салды. Бұл – халықты дүрліктіріп алмау мақсатымен қолға алынған шара. Қырғыз үкіметінің айтуынша, сейсмологиялық болжамдардың барлығы ең әуелі төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікте сараптамадан, тексеруден өтіп барып халыққа жетуі тиіс. Айта кетейік, қырғыз жеріндегі сейсмологиялық тұрақсыздықтың салдары бізге де қаупін төндіріп келе жат­қаны белгілі. Біздегі сейсмологиялық мекемелер де апатқа қатысты болжамдарды жария етуге келгенде сараң. Бұл дұрыс па? Қоғам өкілдері мен аталған сала мамандары осы жөнінде ой таразылайды.

Таңатқан АБАҚАНОВ, «Сейсмология институты» ЖШС-інің директоры: – «Ел ішін дүр­ліктірудің неше түрлі жолдары бар. Соның бірі – таби­ғат апаттары туралы, ауа райының қолай­сыздығы жайлы жалған немесе нақтылығы анықталып бітпеген, яғни зерттелмеген болжамдар жасау. Оның көрінісі біздің елде де бар. Мен халықты дүрліктіріп алмау және алыпқашпа сөздерді көбейтпеу үшін сейсмологиялық болжамдарды жариялауға болмайды деп есептеймін.


  Read More...


Дем салдыру дұрыс па?
09.02.2010 11:35

Тараз қаласының тұрғыны Айзада Шәріпқызы редакцияға:

«Шариғатта дем салуға тиым салынған ба? Емшілерге дем салдыру дұрыс па?» – деген сауалдар жолдапты.

Исламда дем салдыруға болады. Бірақ шариғат заңына сәйкес келетін дем салу кезінде (пайдаланылатын сөздер) тек Құран мен Сүннеттен алынады. Ал дем салу дұғалары арабша айтылады. Дем салушы да, дем салынушы да (дем салу кезінде айтылатын) бұл сөздер тек қана Алла-тағаланың рұқсат-қалауымен шипа болады деп сенуі тиіс. Мәселен, Пайғамбарымызға Жәбіре­йіл періште дем салған. Тіпті пайғамбарымыздың өзі де көп­теген сахабаларына дем салып­ тұрған. Сондай-ақ сиқырдың болатынын айтып қана қоймай, осылай дем салуға бұйыр­ған, ол үшін ақы алуға да рұқ­сат еткен. Бұл туралы көптеген сахих хадистерде айтылған.­


  Read More...


"Жеті керемет" деген не?
09.02.2010 11:33

Түркістандық Талғат Қарабаев: «Әлемнің жеті кереметі жайлы қашаннан бері айтылып келеді? Ахмет Иассауидің кесенесі әлем кере­меттеріне жата ма?» – деген сұрақ жіберіпті.

Әрине, әлемнің жеті кереметін білмейтін адам аз. Десек те, олар туралы қысқаша айтып өтейік.

1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары. Пирамиданың ең алғашқы іргетасы біздің заманымыздан бұрын 2800 жыл шамасында салынған.


  Read More...


Алла сөздері тепе-теңдікпен айтылған
09.02.2010 11:27

Алла-тағала Құранда: «Таразыны тең ұстаңдар», – деп айтқан. Яғни он сегіз мың ғалам Алланың тепе-теңдігі арқасында мұрты бұзылмай келеді. Алла кез келген нәрсеге тепе-теңдік ұғымын берген. Мәселен, Құрандағы тепе-теңдік ұғымына көз жүгіртіп көрелік.

«Дүние» мен «Ақырет» сөздері Құ­ранда 115 жерде кездеседі. Ал періш­телер мен шайтандар жайлы 88 рет айтылып өтеді. Сондай-ақ адамдар жә­не Пайғамбарлар туралы сөз де Құранның 50 жерінде кездеседі. Ізгілік (Салах) сөзі мен бүлік, бұзақылық (Фәсәд) жайлы сөздер 50 жерде айтылады. Ібіліс жайында 11 мәрте айтылса, ібіліс­тен сақтанып, Ұлы Аллаға сиыну жа­йында да 11 рет айтылып өтеді. Мұсылмандар сөзі 41 жерде, «жиһад» сөзі 41 жерде кездеседі. Зекет сөзі 88 рет, ал «берекет» сөзі де 88 рет кездеседі. «Мұхаммед» сөзі 4 жерде, «Шариғат» сөзі 4 жерде айтылған. «Әйел» сөзі 24 жерде, «Еркек» сөзі 24 жерде кездеседі. «Өмір» сөзі 145 жерде, «өлім» сөзі 145 жерде келген.


  Read More...


Дәрі шөп өмірін ұзартыпты
08.02.2010 15:52

dari shopМенің Қаламқас деген әжем жақында 101 жасқа толды.

Соған қарамастан ол кісі әлі бақуат. Келіндерімен жарысып үй шаруасын істей береді.

Тіпті 75 жасар үлкен келінінен де ширақ.

Осыдан үш жыл бұрын атам, яғни Қаламқас әженің күйеуі 100 жасында келіп дүние салды. Марқұм атам бойында ерекше қасиеті бар молда кісі еді. Ол өмірінің соңына дейін науқастарды шөп дәрімен ем­деу­мен айналысты. Мен әжемнен атам екеуінің ұзақ жасауының сырын сұрап едім, ол кісі мына бір оқиғаны айтып берді.


  Read More...


"Ред Булл", "Монстер", "Диззи"... Сөрелерде ақылыңнан алжастырар сусындар сатылуда
08.02.2010 15:04

red_bull_000Бүгінде студенттердің қолынан «Монстер», «Рокстар», «Ред булл», «Дизи» сусындары түспейтін бол­ған. Қолдарына бөтелке ұстап жүруді сәнге айналдырған жастар оның ұй­қыны ашып, сергек жүруге кө­мек­тесетінін алға тартады. Ал шын мә­нінде бұл сусындар ағзаны бір­тін­деп, білдірмей «өлтіретін» синте­тикалық у екені анықталып отыр.

Энергетикалық су­сындар адамды алкоголь мен есірткі секілді өзіне тәуел­ді етіп алады. Бұл ғылыми түрде дәлелденген шындық. Оның құрамындағы кофеин, эфедрин, адре­налин мен никотин қышқылы, басқа да синтетикалық қоспалар асқазанда жара пайда болуына, жү­рек тамырларының тарылып, жүй­ке­нің жансыздануына, бүйрек жұ­мысының бұзылып, мидың әлсіз жұ­мыс істеуіне соқтырады екен. Ағзадағы өмір бойына жететін энергия мен күш-қуатты тез арада сыртқа ай­дап шығаруға бағытталған сусын адамның күш-қуатын сарқа тауысып, әлсіздікке ұшыратып, тез қартаюға да себеп болады. Әрине, бұл аурулар бірден емес, біртіндеп, уа­қыт өте келе белгі береді. Ал оған дейін ішкен кезде көңіл күйді көте­ріп, күш-қуатты молықтырғандай ал­дамшы сезімдер сыйлайтыны да рас. Жастардың бұл сусындарға қы­зығушылығының сыры да осында.­


  Read More...


Жөтел мазаласа не істейсіз?
08.02.2010 14:55

coughingwomanОңтүстіктің қысы жұмсақ, жерде қар жоқ, анда-санда жаңбыр жауып, ауа көбіне құрғақ болып тұр. Мұндайда көлік қозғалысы көп Шымкенттің ауасы тарылып, шаң-тозаң көбейеді. Ал тозаң түшкіріп-пысқырып жү­ретіндердің көбейе түсуіне себеп. Яғни дәл қазір жұрт арасынан күркілдей жөтеліп жүргендерді жиі жолық­тыруға болады. Бұл жөтелдердің әрқайсысының сипаты әрқалай.

Жөтелдің құрғақ, ыл­ғалды, жедел-өтпелі және созылмалы түрлері болады. Осының ішінде жедел-өтпелі түрі суық тигенде басталып, кемінде үш аптаға дейін созылады. Оған адамның бұдан бұрын да тыныс жолы ауруына шалдыққаны себеп болуы  мүмкін. Ал созылмалы жөтел деп 50-60 күнді қамтыған жөтелді айтады. Оның пайда болуына жұтқыншақтың, тамақтың, өндіршектің, қолқаның суықтауы, сондай-ақ кей­бір асқазан-ішек жолдары аурулары, қан айналымы бұзылған адамдарда өк­педе қан тежелуі, түрлі нев­роздар, кейбір дәрілік препарат­тардың зияны әсер етеді екен.


  Read More...


Қолайсыз ауа райынан сақтаныңыз
08.02.2010 14:48

lightningАуа-райының құбылуы әсер ететін адамдарға қатты жел, дауыл әр түрлі әсер етеді. Біреулері дауыл басталарда, екіншілері болып өткен соң тынышсызданады. Бұл кезде мұндай адам­дарда бұрыннан бар аурулары қозып, жүрек соғысы, көңіл-күйі бұзылады. Сондықтан мұндай кезде қара­пайым ережеге жүгіну керек.

Магниттік дауыл болар алдында аса ауыр жұмыс жасамай, әр түрлі тосын оқиғалардан сақ болғаныңыз жөн. Ол үшін өз ағзаңызды дәрумендермен қамтамасыз етіп, жеңіл, дәрумендерге бай көкөністер мен жеміс­терді жегеніңіз дұрыс. Осы мезгілде көбірек таза ауада болып, жақсы ұйықтап, аса тоймай тамақтанып жүргеніңіз өте пайдалы. Сонда магнитті дауыл кезінде жүйкеңізді сақтап, күрт өз­герістен аман-сау қаласыз.


  Read More...


Бет 1 из 2
« БіріншіАлдыңғы12КелесіСоңғы »
"Замана - фильм" ұсынады

6667

Сіз мұндайды бұрын көрмегенсіз...

Сіз зікірді көр­­ген­сіз бе? Жалаңаяқ от кешіп, тілімен қыз­ған темірді жала­ған­­дар­ды ше?

Көрмеген болсаңыз, оны көруге сіз­де мүмкіндік бар!

Ал сіз иесіз ит­терді қалай аулай­тынын, өлген иттер­ді қайда апарып тастайтынын білесіз бе?

Әрине, оны білу де өзінше бір қызық.

Көшеде ән салып күн көретін адамның өмірінен хабарыңыз бар ма?

Ал көзі мүлде көрмейтін зағип жанның кәдімгідей қой сойып, жиһаз жөн­дегенін естіп пе едіңіз?

Міне, бұл айтылғандардың бәрін де естіп қана қоймай, сіз өз көзіңізбен көре де аласыз.

Мұның бәрі «Замана-фильм» студиясы түсірген заманауи бейнебаяндарда  қаз-қал­пында көрсетіледі.

Қазір барлық жер­де­ сатылып жатқан «Замананың» №2-ші дискісінде жо­ғарыда атал­ған та­қы­рып­тар­мен бірге бас­қа да қызықты әрі тың мазмұндағы он түрлі фильм топ­тас­тырыл­ған.

Ол фильмдердің бәрі де өмірдің өзінен алынған, оқиға ортасынан түсірілген. Сөз жоқ, оны көр­ген адамдардың өмірге көзі ашыла түседі, ойына ой қосылады, ең бастысы, алуан түрлі ақпарат алады.

Ендеше, «Замана-фильмнің» заманауи бейнебаяндарын көруге асығыңыздар!

«Замананың» бұл дискілерін Қазақстанның барлық жеріндегі газет сатушылардан сұрауларыңызға болады.

Әрбір дискінің босатылу бағасы – 150 теңге. Оның қолда сатылу бағасын 200 теңгеден асырмауды сұраймыз.

Жұлдызнама

juldiz

(06.09 - 12.09)

Тоқты (21.03-20.04)

Бұл аптада жұмысыңыз көбеюі мүмкін. Уа­қытты тиімді пайдалансаңыз, біраз шаруаны еңсересіз.

Торпақ (21.04-21.05)

Ойға алған істеріңіз рет-ретімен шешімін таппақ. Жағымды жаңалықтар мол болғалы тұр.

Егіздер (22.05-21.06)

Жұртпен аралас-құ­раласыңыз арта түседі. Сәрсенбіде бір маңызды мәселе­ңіз шешімін таппақ.

Шаян (22.06-23.07)

Отбасылық шаруалармен көбірек айналысасыз. Сізге бауырларыңыздың көмегі тиюі мүмкін.

Арыстан (24.07-23.08)

Көптен бері мазалап жүрген мәселе сіздің пайдаңызға шешілмек. Сейсен­біден қуаныш күтсеңіз болады.

Бикеш (24.08-23.09)

Жолыңыз ашық, кө­ңіліңіз көтеріңкі болады. Бір жақсы адаммен одақ құруыңыз ықтимал.

Таразы (24.09-23.10)

Қолыңыздан не келе­тінін көрсетуге қолайлы апта. Сәрсенбіде мақтау сөз естуіңіз мүмкін.

Сарышаян (24.10-22.11)

Сізге аптаның ал­ғаш­қы жартысы қолайлы болмақ. Негізгі істерді осы күндері қолға алғайсыз.

Мерген (23.11-21.12)

Жақсы қасиеттеріңіз жарқырай көрінеді. Өзі­ңізге сеніміңіз артып, ізгі істерге құлшына түсесіз.

Тауешкі (22.12-20.01)

Шаруаларыңыз жү­йеленіп, тың іске аңсарыңыз ауады. Жаныңызға жақын ортада жиірек боласыз.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Жұмысыңыз бір қа­лып­ты жүреді. Бұл аптада бойыңызда ерекше жі­гер пайда болуы мүмкін.

Балық (20.02-20.03)

Бастаған ісіңізді жері­не жеткізіп, көңіл демдейсіз. Жұ­мадан жағымды жаңалық күтіңіз.

Құлағыңыз түрік жүрсін

auirma

Ауырмаудың жолы бар

Алда жаңбырлы күндермен қатар тұмау сынды қауіпті вирус маусымы келе жатыр. Бұл кезде көпшілік тұмауратпаудың амалдарын қарастыра бастайды. Жеке тәжіри­беңіздегі сол тәсілдердің ішін­де қарапайым, оңай әрі сенімді амалдардың да жүргені жақсы ғой. Ал ол қандай амал? Оны «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жа­рық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар.

«Ауырмаңыз!» газетінен сон­дай-ақ әрбір шаңыраққа қажетті мынадай пайдалы ақпараттарды алуға болады:

* Бір айда барлық аурудан айықтыра алатын дәрігер.

* Қобыз арқылы сырқатынан сауықтырған.

* Қатерлі ісік неден пайда болады?

* Кезек айы деген не?

* Алаяқ дәрігерлер арамызда жүр.

* Ұзақ өмір сүруге болады екен.

* Әжімді кетіретін дәрі жасап шығарыпты.

* Борсық майын қалай таңдау керек?

* Лямблиоз деген қандай құрт?

* Иммунитетті қалай көтеруге болады?

* Бүйректегі құмды су арқылы алады.

«Ауырмаңыз!» газетінде бұдан басқа да қызықты мақалалар көп.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

wartarap

"Шартарап" арқылы әлемді шарлайсыз

«Замана» газетінің қосымшасы – «Шартарап» басылымының жаңа нөмірі оқырманға жол тартты. Газеттің бұл нө­мірінен әлемдегі ең қызықты оқиғалар туралы оқи аласыз.

...Өткен шілде айының соңы Ресей үшін аса жайсыз қалыптасқаны белгілі. Онда мың­даған гектар жерді алған орман өрттері болып, халықты қатты әбіржітті. Ал осы өрттің шығу себебі неде?

...Елімізде шетел асып жұмыс істеп жат­қ­андар қатары көп. Солардың кейбі­рінің тасы өрге домалап, үйлеріне жақсы табыспен оралса, енді біреулері елге аман-есен жеткеніне тәубе етіп жатады. Ал жұ­мыс іздеп барып, жат елдікке бала болып қалған­ жан туралы естуіңіз бар ма?

...Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Карлос Слим байлығының жартысын қайырымдылық қорына беруден бас тартыпты. Олай етуіне не себеп болды екен?

...Өнерімен көрерменді өзіне тәнті еткен атақты кино жұлдызы асқа құрт-құмырс­қа жейді екен. Ал оның пайдасы қандай?

Осы және басқа да қызықты тақырыптағы мақалаларды «Шартараптың» жаңа нөмірі­нен оқи аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

sauagey

"Сәуегейде" қандай болжамдар бар?

* Теңгенің құны көтеріле ме?

* Алдағы қыс қандай болады?

* Тек қана әйелдерді емдейді.

* Тұмар мен тәспі қатерден қорғай ма?

* 2029-жылы адамзатты не күтіп тұр?

* Қытайда апаттар неліктен көбейді?

* Украина мемлекеті жойыла ма?

* Сегізаяқ тағы да сәуегейлік жасады.

Осындай тақырыптағы мақалаларды сіздер «Замананың» қосымшасы – «Сәуегей» газетінің осы аптада жарық көр­ген жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Басылымның жаңа нө­мірінде бұдан басқа­ да қызықты болжамдар, жұлдыз-жо­рамалдар молынан жарияланып­ отыр.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

zannama

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!

«... Өзге біреумен кездесіп тұрады деп әйелінен күдіктенетін Мұхит Зарифаның өзінің қызы екеніне сенбейді. Сол себепті сотқа әкеліктен бас тарту туралы арыз тастаған болатын. Олардың қан құрамдарын 15 түрлі тексеруден өткізген генетикалық сараптама күтпеген қорытынды шығарыпты».

Туған қызынан бас тартқан шымкенттік азаматтың соты жайлы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Заңнама» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен оқи аласыздар.

«Заңнамада» бұдан басқа мынадай тақырыптағы мақалалар жарияланған:

* Кафеде төбелес шығарған қай әкім?

* Шымкентте қанша нашақор бар?

* Қыз сатуды кәсіп еткен екен...

* Прокурорды «қораға» кіргізбек болды.

* Сатып алған үйіңіздің қарызы көп болса не істеу керек?

«Заңнамада» оқырманның құқықтық сауатын арттыратын бұдан басқа да мақалалар молынан жария­ланған.

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!