09 | 09 | 2010
Фотосуреттер
Бейнематериалдар
< Ақпан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Ауа райы

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Жаңа кітап

02

Малыңыз аман болсын

Қазір қолдағы малдың жаппай төлдеп бол­ған кезі. Яғни шаруаның малына мал қосылды. Енді оны аман сақтап, одан әрі көбеюіне жағдай жасау әркімнің де ойында бар. Әсі­ре­се малдың күті­міне жіті қа­рау, оны түрлі жұқпалы кеселдерден қорғау қа­жет. Ал ол үшін көп нәр­се­лерді білу маңызды. Олай болса «Замана» баспасынан шыққан «Малың аман болса, май ішесің» деп аталатын кітапты алып оқыңыз. Ол сізге бұл істе сенімді көмекші бола алады.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Жаңа кітап

012

Тез байығыңыз келсе...

Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқ­ып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жет­­кізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.

 

Жаңа кітап

patua

Шариғат шарттарын біле жүргейсіз

«Замана» Баспа үйінен «Жаназа пә­туасы. Шариғат шарттарына қа­тысты өз­ге де сұрақтарға жа­уап­тар» атты кітап жарық көрді. Онда барлық жер­де бір­дей орындалуға мін­дет­ті жаназа пәтуасы мен жерлеу рәсімдері туралы айтылған, сонымен бірге дінге қатыс­ты түрлі сұрақтарға нақты жауаптар қамтыл­ған.

Сондай-ақ бұл кітаптан иман мен исламның шарттары жайлы, халал мен харам, неке, бал ашу, өсімге ақша алу, үлкен күнәлар және одан құ­ты­лу жолдары, тағы бас­қа да көптеген мәселелер жөнін­де толыққанды мағлұматтар алуға болады.

Аталған кітап қазір сауда нүктелерінде сатылып жатыр.  Оны барлық жердегі газет сатушылардан сұраңыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kalyma

Иманыңызды күшейтеді

Алматы қаласында тұратын оқырмандарымыздың бірі мынадай сұрақ қойды: «Мен жас­тықпен түрлі күнәлар жасадым. Әсіресе мектепте оқып жүргенде, студент күндерімде талай қыздың көз жасына қалғанымды енді сезінетін болдым. Бәл­кім тірлігімнің кері кетіп, алға баспай қоюына сол да себеп болған шығар деп ойлана бас­тадым. Қазір бес уақыт намаз­ға жығылып, Алла-тағаладан сол күнәларымның кешірілуін сұрап жүрмін. Жалпы, күнәлар намазбен жуыла ма?»

Бұл сұраққа және оқырмандардың басқа да сауалдарына берілген жауаптарды «Кәлима» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Сондай-ақ «Кәлима» газе­тінде бұдан өзге мынадай мақалалар жарияланған:

* Ауыз бекітпегендерге Алланың берген мүмкіндігін білесіз бе?

* Жас баланы зорлағандарға шариғатта қандай үкім белгіленген?

* Иегова куәгерлерінің кесірінен отбасынан айырылған.

* Біреудің сыртынан ғайбат сөйлеп, жала жабудың күнәсі қандай?

* Иманды жандардың шаңырағы шайқалмайды.

* Қарызды қайтармай қоюға бола ма?

«Кәлимада» иманыңызды күшейтетін бұдан басқа да мақалалар бар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kz

«Қызық газет» – қызық газет!

«Қызық газеттің» кезекті, 15-ші нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөміріндегі «Әйелдерге интимдік қызмет көрсеткен жігіт» деген тақырыппен жарияланған хикаяда жалданып жүкші болып істеген бір азаматтың осы жұмыс барысында және басқа кездерде басынан өткерген ерекше оқиғалары туралы баяндалған.­

Негізгі бет
Дүйсенбі, 01 Ақпан 2010

Көпеева ханым көпшіліктің көңілінен шықты ма?
01.02.2010 16:52

kopeevaГазетіміздің өткен нөмірінде Шым­кенттегі әл-Фараби ауданының әкімі Нұр­бақыт Иманқұловтың №14-мектепте есеп бергенін жазғанбыз. Сол жиынға қала әкімінің орынбасары Гауһар Көпеева да қатысқан болатын. Н.Иман­құлов мінбер­де есеп беріп жатқанда оның атына тұр­ғындардан жазбаша көптеген сұ­рақтар қойылды.

Жер телімі, балабақша, бағдаршам туралы сауалдарға Гауһар Көпеева өзі жауап беруді жөн көріп мінберге шыққан еді. Бірнеше сауалдарға қатар жауап берген оның сө­зін сол күйі жариялағанды жөн санадық. Өйткені мұндай сұрақтар көптеген оқырмандарымызды толғандырып жүргені рас.

– Конечно, жер беріледі. Себебі, мен сізге айтайын, 2007 жылда өзі баяғы дағ­дарысқа дейін, помните, баяғы қанша­ма­ кредиттер банктер берген анау-мынау­ деген... Ол кезде прямо қайнап тұрған кезінде, ойбай, жерді деген бесплатно алып, допус­тим, 5 мың долларға алып, сатып 30 мыңға, 100 мыңға бардак боп кеткен. Ол кезде жер деген самый золотой ресурс болған. Сондықтан, әрине, арасында порядочный адамдар... который... прессы нету здесь да­.


  Read More...


Бұл "Шабуылдау" қай шабуылдау?
01.02.2010 16:38

ayaldamaГазетіміздің өткен нөмірінде «Аялдама аты – «Шабуылдау» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда Шымкенттің Әйтеке би көшесіндегі аялдама туралы айтылып, ол суретімен қоса берілген еді.

Аялдаманың бұлай аталуы құлаққа тосын естілетіні рас. Дегенмен ол «Шабуылдау» деп тектен-текке аталмаған екен. Бұл туралы бізге Шымкенттің іргесіндегі «Бадам-1» ауылының тұрғыны, «Замананың» тұрақты оқырманы Қуатбек Шалбаев деген кісі телефон шалып, айтып берді.

«Ол аялдама бұрыннан бар, – дейді қа­рия. – Артқы жағында 1970-жылдарға дейін «Штурм» атты жазғы кинотеатр болатын. 1864-жылы болуы керек, орыс әскерлері Шымкент қамалына сол тұстан тікелей шабуыл жасаған деседі. Кинотеатр соның құр­метіне «Штурм» аталған, соған сәйкес ол маңындағы аялдама да солай аталды. Ал енді жаңартылған соң маңдайшасына сол атау сөзбе-сөз аударылып жазылған болар».

Сонымен «Шабуылдау» деп айдар та­ғылған аялдаманың осындай келеңсіз тарихы бар екен. Ал енді аялдама жаңартылған кезде оған жаңа заманға сәйкес, құлаққа жағымды естілетін жақсы бір атау қойса болмас па еді?! Қала басшылары бір-бірімен соттасудан қолы босаған кезде осы жағын да ойлап қоюы керек емес пе?

Р. ҚЫДЫР.


 


Бір-ақ күнде байып қалды
01.02.2010 16:34

Қазір лотерея ойындарының түрлері көп. Соның ішінде бүгінде елдің аузында көп айтылып, көп ойналып жүргені – «Супер Лото» ойыны. Шыққанына екі айдың жүзі енді ғана толған бұл лотереяның әр аптада ойналатын тиражында жақсы ұтыстар шығып жатыр.

7-қаңтар күні Шымкент қаласының 56 жастағы тұрғы­ны­ осы «Супер Лото» лотерея­сының N6 тиражының бірінші категориясы бойынша 34 млн. 705 мың 331 теңге ұтып алды.

Ұтыс иесі бұл бақытты би­летті Шымкенттің Бәйдібек би даңғылы басталар тұстағы аял­дамада орналасқан «Үміт» дүкенінен сатып алыпты.


  Read More...


Жаңа онжылдыққа қарай қадам жасау басталды
01.02.2010 16:29

nazarbayevКешегі жұма күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жария етті.

«Ел тарихының XXІ-ші ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді, – деп бастады Елбасы өз сөзін. – Дүниежүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі де басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.

Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауымның өзі де осыған арналған. «Қазақстан – 2030» стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа арналған бағдарламаны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау».

Елбасы бұдан кейін Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдердің алдында тұрған мынадай нақты мақсаттарды айқындап берді.


  Read More...


Күздеубаев Жетпісбаевты кінәлайды, ал ол өзінің дауға қатысы жоқ екенін айтады
01.02.2010 16:26

3333333Шымкент қалалық әкімдігінен тағы да бір шу шыққаны туралы біз газеті­міз­дің өткен нөмірінде жазған болатынбыз. Онда қала әкімінің баспасөз хатшысы Бақыт Батырханның әкім орынбасары Жолдасбек Күздеу­баевты ар-намысыма тиіп, балағаттады деп сотқа бергені жайында жазылып еді. Сондай-ақ мақалада Ж.Күздеубаевтан осы мәселеге байланысты сұрағанымызда оның: «Алдағы аптада бәрі белгілі болады» деген сөзінен басқа жауап ала алмағанымызды да айтып өткенбіз. Алайда кешегі аптада ол кісімен хабарласу мүмкін болмады. Яғни өзі айтқандай, ненің белгілі болғанын өз аузынан ести алмадық. Дегенмен республикалық «Литер» газетінде қала әкімі орынбасарының осыған байланысты айтқан уәжі мен оған жауап ретінде қала әкімі Арман Жетпісбаевтың сөздері жарияланыпты. Біз осы мақаланы оқырмандарымызға сол қалпында ұсынғанды жөн көрдік.

«К сожалению, связаться с пресс-секретарем нам не удалось. Как сообщили в акимате, Батырхан находится в отпуске, а на звонки по сотовому телефону не отвечает. Зато у заместителя акима Шымкента Жолдасбека Куздеубаева много чего нашлось сказать. По его мнению, подача иска в суд пресс-секретарем была санкционирована… акимом Шымкента.


  Read More...


Шекараны бөлгенде жалпақшешей болған кім?
01.02.2010 16:23

arnasay«Замана» газетінің өткен нөмі­рінде «Жерін сатқандар елін сатудан­ да тайынбайды» деген тақырыпта мақала жарияланды. Онда Өзбекстанмен шекара белгілеу кезінде жібе­рілген кемшіліктерге наразы тұрғындардың 20 адам қол қойған Ашық хаты мен сол хатты редакцияға алып келген Қайрат Шалмырзаевтың пікірі берілген еді. Ал 23-желтоқсанда редакциямызға Мақтаарал ауданының Сайлаукөл елді мекенінен Оспан Асанов есімді азамат (су­рет­те) келді.

«Осы қазір Алматыдан келе жатырмын, – деді О.Асанов. – Ол жаққа зиялы қауымның назарын өзімізге аудару үшін барып едім. М.Шахановпен де кездесіп, жағдайды түсіндірдім. Бұлай жүруім­нің себебі жеке басымның ісі емес. Қазақстандық шенеунік­тер­­дің қателігінен шекара белгі­леу барысында жүздеген адамның тағдырын тәлкек қылған ше­шім қабылданған­. Кезінде түсін­бей біраз уақытты жіберіп алдық, енді наразылық білдіріп жүр­геніміздің сыры осы.

Біз көшеге дейін Қазақстан азаматы болып келдік. Қазақстандық мекемелерде жұмыс істеп, жалақыны Қазақстаннан алдық. Туылу туралы куәлігіміз де Қа­зақстаннан алынған.­ Мақтадан алған өнімімізді Қа­зақстанға өткіздік. Солай бола тұра шекара белгілеу кезінде біздің ауыл Өзбекстаннан алынған болып шыға келді. Сонда бұл қалай? Бұған дейін Өзбекстан жерінде тұрып келгеніміз бе?


  Read More...


Ақпанда егін егіңіз...
01.02.2010 16:20

musapyaҚазір еліміздің көптеген облыстарында қыс мезгілі дүлей мінезін көрсетуде. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында керісінше, ауа райы жылы, ­қар да өте сирек жауды. Қыс мез­гі­лі­нің бұлай болуы пайдалы ма, әлде зиян ба? Біз шаруашылық істерінен хабары мол шымкент­тік ғалым МұсатіллаТоқановпен осы жөнінде сұхбаттас болған едік.

– Қыстың жылы, қардың сирек жауғанының әсері қалай болмақ?

– Негізі қыс қыс сияқты, жаз жаз секілді болғаны­ аб­зал. Биыл қыс мезгілі жылы болуда. Бірақ мұндай жылы қыстың зияндығын көріп тұрған жоқпын. Себебі ағаштар әлі ұйқыда, ешқайсысы бүршік атқан жоқ. Ояу болса, демалмай, сосын келер жылы жемісті аз са­латын еді. Дегенмен мұндай құбылысты ақпан айын­да байқауға болады. Өйткені қыс жылы болған жылда­ры кей ағаштар ақпан айында бүршік атады.

Ал біз үшін қардың орташа жауғаны жақсы. Қар қалың жауса, күзде еккен егін қардың астында көп уа­қыт тұрғандықтан тұншығып қалады. Қар тым аз бол­са немесе мүлде жаумаса да қауіпті. Өйткені қыстың аты – қыс. Бір күні кенеттен ауа райы қатты суытса, күзде еккен егін үсіп кетуі ықтимал.

Қазір жаңбыр жиі жаууда. Оның әсері қалай болады?


  Read More...


Сот саласында қандай өзгерістер болып жатыр?
01.02.2010 16:17

sotСоңғы кездері соттар құрамында бірқа­тар өз­ге­рістер орын алуда. 25-қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Абай Рахметулин журналистерге бұл өзгерістер жөнінде егжей-тегжейлі баяндап берді.

«Таяуда өткен соттардың бе­сінші съезі сот жүйесіне айтар­лықтар­ өзгерістер алып келді, – деді А.Рахметулин. – Бұл жөнінде Елбасының өзі нақты тапсырмалар берді. Біздің басты жаңалығымыз – облыстық соттарда азаматтық және қылмыстық алқа де­ген құрылым­дар жойылып, оның орнына апелляциялық және кассациялық алқа пайда болды. Ал Жоғарғы сотта қадағалау алқасы ғана қалады. Бұ­рын аудандық сот­тың шешіміне наразы жақтардың шағымын үш судьядан құралған апелляциялық алқа қарап, заңдылығына ба­ға беретін. Ше­шім дұрыс болмаса өзгертіп неме­се бұзып, бірінші сатыға қайта жі­беретін. Енді ондай болмайды, бір судья істі қайта қарап, өзі жа­ңа шешім немесе үкім шығарады­.


  Read More...


"Ордабасы" Түркияда не бітірді? Футболшыларға халық қазынасы есебінен төленетін жалақы құпия болып шықты
01.02.2010 16:12

ordabasi28-қаңтар күні «Ордабасы» футбол команда­сының бас бапкері міндетін атқарушы Шайзидин Кенжебаев баспасөз мәслихатын өткізді. Жиынды ұйымдастырушы команданың баспасөз қызметкері Ілияс Жолдас жақында «Ордабасының» Түркия мемлекетіне барып келгенін, сол себептен халықты бұл жөнінен хабардар ету үшін тілшілерді шақырып отырғанын айтып, Ш.Кенжебаевқа сөз берді.

«Команда түрік елінде екі аптадай болды, – деді Ш.Кенжебаев. – Ол жерде оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында 6 командамен кездесу өткіздік. Алғаш­қы қарсыласымыз Украинаның 4-ші орындағы «Металлург» ко­мандасы болды. Біз «Металлургті» 3:1 есебімен жеңдік.


  Read More...


"Алғаның" адамдары Астананы дүрліктірді ме?
01.02.2010 16:02

Жуырда тіркелмеген «Алға» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы 20 мүшесі Астанаға барып қайтты. Олар Астанаға не мақсатпен барды? Ол жақта не істеді? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп аталмыш партияның облысымыздағы филиал төрағасы Жеңіс Досжановқа жолыққан едік.

– Сіздер Астанаға не үшін бардыңыздар?

– 19-қаңтар – Демократия күні. Жылда осы күні оппозициялық пар­тиялардың ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Азаттық сыйлы­ғы» деп аталатын жүлделер тапсырылатын. Өйткені Қазақстанда­ғы партиялардың көбінің орталықтары ескі астанада. Әйткенмен Алматыда баяғыдай мемлекеттік би­лік органдарының кеңселері жоқ. Сондықтан жүлделер Алматыда бе­рілгенімен оның салмағы аса бі­лін­­бейді. Сол себептен биыл жүл­дегерлерді анықтайтын комиссия жүлделердің Астана қаласында бе­рілуін жөн санаған.


  Read More...


Бет 1 из 4
« БіріншіАлдыңғы1234КелесіСоңғы »
"Замана - фильм" ұсынады

6667

Сіз мұндайды бұрын көрмегенсіз...

Сіз зікірді көр­­ген­сіз бе? Жалаңаяқ от кешіп, тілімен қыз­ған темірді жала­ған­­дар­ды ше?

Көрмеген болсаңыз, оны көруге сіз­де мүмкіндік бар!

Ал сіз иесіз ит­терді қалай аулай­тынын, өлген иттер­ді қайда апарып тастайтынын білесіз бе?

Әрине, оны білу де өзінше бір қызық.

Көшеде ән салып күн көретін адамның өмірінен хабарыңыз бар ма?

Ал көзі мүлде көрмейтін зағип жанның кәдімгідей қой сойып, жиһаз жөн­дегенін естіп пе едіңіз?

Міне, бұл айтылғандардың бәрін де естіп қана қоймай, сіз өз көзіңізбен көре де аласыз.

Мұның бәрі «Замана-фильм» студиясы түсірген заманауи бейнебаяндарда  қаз-қал­пында көрсетіледі.

Қазір барлық жер­де­ сатылып жатқан «Замананың» №2-ші дискісінде жо­ғарыда атал­ған та­қы­рып­тар­мен бірге бас­қа да қызықты әрі тың мазмұндағы он түрлі фильм топ­тас­тырыл­ған.

Ол фильмдердің бәрі де өмірдің өзінен алынған, оқиға ортасынан түсірілген. Сөз жоқ, оны көр­ген адамдардың өмірге көзі ашыла түседі, ойына ой қосылады, ең бастысы, алуан түрлі ақпарат алады.

Ендеше, «Замана-фильмнің» заманауи бейнебаяндарын көруге асығыңыздар!

«Замананың» бұл дискілерін Қазақстанның барлық жеріндегі газет сатушылардан сұрауларыңызға болады.

Әрбір дискінің босатылу бағасы – 150 теңге. Оның қолда сатылу бағасын 200 теңгеден асырмауды сұраймыз.

Жұлдызнама

juldiz

(06.09 - 12.09)

Тоқты (21.03-20.04)

Бұл аптада жұмысыңыз көбеюі мүмкін. Уа­қытты тиімді пайдалансаңыз, біраз шаруаны еңсересіз.

Торпақ (21.04-21.05)

Ойға алған істеріңіз рет-ретімен шешімін таппақ. Жағымды жаңалықтар мол болғалы тұр.

Егіздер (22.05-21.06)

Жұртпен аралас-құ­раласыңыз арта түседі. Сәрсенбіде бір маңызды мәселе­ңіз шешімін таппақ.

Шаян (22.06-23.07)

Отбасылық шаруалармен көбірек айналысасыз. Сізге бауырларыңыздың көмегі тиюі мүмкін.

Арыстан (24.07-23.08)

Көптен бері мазалап жүрген мәселе сіздің пайдаңызға шешілмек. Сейсен­біден қуаныш күтсеңіз болады.

Бикеш (24.08-23.09)

Жолыңыз ашық, кө­ңіліңіз көтеріңкі болады. Бір жақсы адаммен одақ құруыңыз ықтимал.

Таразы (24.09-23.10)

Қолыңыздан не келе­тінін көрсетуге қолайлы апта. Сәрсенбіде мақтау сөз естуіңіз мүмкін.

Сарышаян (24.10-22.11)

Сізге аптаның ал­ғаш­қы жартысы қолайлы болмақ. Негізгі істерді осы күндері қолға алғайсыз.

Мерген (23.11-21.12)

Жақсы қасиеттеріңіз жарқырай көрінеді. Өзі­ңізге сеніміңіз артып, ізгі істерге құлшына түсесіз.

Тауешкі (22.12-20.01)

Шаруаларыңыз жү­йеленіп, тың іске аңсарыңыз ауады. Жаныңызға жақын ортада жиірек боласыз.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Жұмысыңыз бір қа­лып­ты жүреді. Бұл аптада бойыңызда ерекше жі­гер пайда болуы мүмкін.

Балық (20.02-20.03)

Бастаған ісіңізді жері­не жеткізіп, көңіл демдейсіз. Жұ­мадан жағымды жаңалық күтіңіз.

Құлағыңыз түрік жүрсін

auirma

Ауырмаудың жолы бар

Алда жаңбырлы күндермен қатар тұмау сынды қауіпті вирус маусымы келе жатыр. Бұл кезде көпшілік тұмауратпаудың амалдарын қарастыра бастайды. Жеке тәжіри­беңіздегі сол тәсілдердің ішін­де қарапайым, оңай әрі сенімді амалдардың да жүргені жақсы ғой. Ал ол қандай амал? Оны «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жа­рық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар.

«Ауырмаңыз!» газетінен сон­дай-ақ әрбір шаңыраққа қажетті мынадай пайдалы ақпараттарды алуға болады:

* Бір айда барлық аурудан айықтыра алатын дәрігер.

* Қобыз арқылы сырқатынан сауықтырған.

* Қатерлі ісік неден пайда болады?

* Кезек айы деген не?

* Алаяқ дәрігерлер арамызда жүр.

* Ұзақ өмір сүруге болады екен.

* Әжімді кетіретін дәрі жасап шығарыпты.

* Борсық майын қалай таңдау керек?

* Лямблиоз деген қандай құрт?

* Иммунитетті қалай көтеруге болады?

* Бүйректегі құмды су арқылы алады.

«Ауырмаңыз!» газетінде бұдан басқа да қызықты мақалалар көп.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

wartarap

"Шартарап" арқылы әлемді шарлайсыз

«Замана» газетінің қосымшасы – «Шартарап» басылымының жаңа нөмірі оқырманға жол тартты. Газеттің бұл нө­мірінен әлемдегі ең қызықты оқиғалар туралы оқи аласыз.

...Өткен шілде айының соңы Ресей үшін аса жайсыз қалыптасқаны белгілі. Онда мың­даған гектар жерді алған орман өрттері болып, халықты қатты әбіржітті. Ал осы өрттің шығу себебі неде?

...Елімізде шетел асып жұмыс істеп жат­қ­андар қатары көп. Солардың кейбі­рінің тасы өрге домалап, үйлеріне жақсы табыспен оралса, енді біреулері елге аман-есен жеткеніне тәубе етіп жатады. Ал жұ­мыс іздеп барып, жат елдікке бала болып қалған­ жан туралы естуіңіз бар ма?

...Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Карлос Слим байлығының жартысын қайырымдылық қорына беруден бас тартыпты. Олай етуіне не себеп болды екен?

...Өнерімен көрерменді өзіне тәнті еткен атақты кино жұлдызы асқа құрт-құмырс­қа жейді екен. Ал оның пайдасы қандай?

Осы және басқа да қызықты тақырыптағы мақалаларды «Шартараптың» жаңа нөмірі­нен оқи аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

sauagey

"Сәуегейде" қандай болжамдар бар?

* Теңгенің құны көтеріле ме?

* Алдағы қыс қандай болады?

* Тек қана әйелдерді емдейді.

* Тұмар мен тәспі қатерден қорғай ма?

* 2029-жылы адамзатты не күтіп тұр?

* Қытайда апаттар неліктен көбейді?

* Украина мемлекеті жойыла ма?

* Сегізаяқ тағы да сәуегейлік жасады.

Осындай тақырыптағы мақалаларды сіздер «Замананың» қосымшасы – «Сәуегей» газетінің осы аптада жарық көр­ген жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Басылымның жаңа нө­мірінде бұдан басқа­ да қызықты болжамдар, жұлдыз-жо­рамалдар молынан жарияланып­ отыр.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

zannama

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!

«... Өзге біреумен кездесіп тұрады деп әйелінен күдіктенетін Мұхит Зарифаның өзінің қызы екеніне сенбейді. Сол себепті сотқа әкеліктен бас тарту туралы арыз тастаған болатын. Олардың қан құрамдарын 15 түрлі тексеруден өткізген генетикалық сараптама күтпеген қорытынды шығарыпты».

Туған қызынан бас тартқан шымкенттік азаматтың соты жайлы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Заңнама» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен оқи аласыздар.

«Заңнамада» бұдан басқа мынадай тақырыптағы мақалалар жарияланған:

* Кафеде төбелес шығарған қай әкім?

* Шымкентте қанша нашақор бар?

* Қыз сатуды кәсіп еткен екен...

* Прокурорды «қораға» кіргізбек болды.

* Сатып алған үйіңіздің қарызы көп болса не істеу керек?

«Заңнамада» оқырманның құқықтық сауатын арттыратын бұдан басқа да мақалалар молынан жария­ланған.

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!