21 | 08 | 2014
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Заманаға» жазылу тоқтамайды
Кешегі аптада редакциямызға шымкенттік Рәзия есімді әйел телефон шалды. «Заманаға» жазыла алмай қалып едім, редакцияларыңызға барып жазылсам бола ма екен?» – дейді ол кісі. Біз Рәзия апайға газетімізге кез келген тарату мекемесі арқылы әлі де жазыла беруге болатынын айтып түсіндірдік.
Ел ішінде Рәзия апай сияқты газет-журналдарға жазылудың кезекті науқаны кезінде қандай да бір себептермен «Заманаға» жазыла алмай қалған басқа да оқырмандарымыз болуы мүмкін. Ондай азаматтарға айтарымыз, жазылуға кешіктім деп алаңсыз отырып қалмаңыз, «Заманаға» жыл бойы жазыла беруге болады, газетімізге жазылу тоқтамайды. Мысалы, осы айда жазылсаңыз, тиісті газетіңіз қолыңызға келесі айдан бастап тиерін ұмытпаңыз.
Біз ел ішінде «Замананың» оқырмандары, жанашырлары көп екенін білеміз, жұрттың осындай ықыласына лайық қызмет көрсетуге тырысамыз. Сіздердің бізді бұрынғыдан да еселеп қолдайтындарыңызға сенгіміз келеді. «Заманаға» өздеріңіз жазылып қана қоймай, тағы да қосымша екі-үш адамның жазылуына ықпал етіп, жәрдем көрсетсеңіздер тіпті жақсы. Сіздер ол үшін еш өкінбейтін боласыздар
«Замананың» жазылу индексі – 65416. «Замана» Сіздердің газеттеріңіз, ол Сіздер үшін қызмет етеді, құрметті оқырман!

Құлағыңыз түрік жүрсін!

umitbek-v

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін

kz-2014-15

 «Қызық газет» –қызық газет!

 «Замананың» қосымшасы – «Қы­зық газет» басылымында қоғам­да­ғы түрлі әлеуметтік топтардың өмірі туралы егжей-тегжейлі суреттелетіні белгілі. Осы аптада аталған басылымның кезекті нөмірі жарыққа шықты. Ондағы жарияланған «Жас жігіттің түбіне жеткен аяр әйел» деп аталатын хикаяда жайлы өмір сүру үшін өз жолында өзгелерді құрбан еткен әйелдің іс-әрекеттері туралы баяндалады.

 

«Қызық газетті» оқысаңыз, одан Сіз көп нәрселерді білесіз, қажетті сабақ аласыз.

 

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Керек кеңестер

Жазды жайлы өткізудің жолы бар
Шілденің шіліңгір күндері басталды. «Массагет. кз» сайтында жарияланған мына кеңестер жаздың ыстығынан қорғанып қана қоймай, оны қызықты өткізуге септігін тигізеді деген ойдамыз.
Су ішіңіз. Далада жүріп, ыстық ауа райы әсерінен қатты терлейміз. Терлеу – дененің табиғи салқындану әдісі. Ысыған су тер бездері арқылы теріміздің бетіне шығады. Бірақ бұлай ағзамыз бар сұйықтығынан айырылады. Оның орнын толтыру үшін су ішу керек. Далаға шыққанда әркез бөтелкеге құйылған су ұстап жүріңіз. Әрине, түрлі сусындар мен суытылған шайлар да шөлді жақсы қандырады. Алайда олардың құрамындағы газ, қант таза мөлдір судай пайдалы болмайды. Сондай-ақ бұлардың өте суық түрлерін мүлдем ішпеңіз, ондай жағдайда жаздың ортасында суықтап қалуыңыз мүмкін. Жақсы шөл басатын құрал ретінде өзіңіз үйде компот әзірлеп көріңіз. Оңай жасалынатын компот шөлді жақсы қандырады, тәтті әрі пайдалы.
Тағам ерекшеліктері. Жазда өзіңіздің рационыңызға көбірек көңіл бөліңіз: ауыр тағам жемеуге тырысыңыз, салат, көкөністер мен жемістерді көбейтіңіз. Жеміс пен көкөністердің көбісі жазда пісіп, дүкен мен базарларда пайда болады. Маусымды жіберіп алмай, барлық пайдалы тағамдарды жеп үлгеріп, денсаулығыңызды дәрумендермен қуантыңыз.
Өмір тәртібі. Жалпы, жазда физикалық тым белсенді болудан сақтаныңыз. Тым көп терлеу, шаршаудан, күннің астында көп жүріп қалудан абай болыңыз. Бұның бәрі ағзаңызды шаршатып, денсаулығыңызды құртады.
Демалыс. Әлбетте әр адамға жазғы демалыс қажет. Жазда демалысқа тауға, таза ауаға серуенге, ұзақ демалысқа теңізге, көлге барыңыз, тым болмаса бассейнге түсіңіз. Адам жазда сергіп, көлде шомылып, жағажайда жатып демалуы керек. Алыс сапарға емдік қасиеттері бар көлге, не теңізге барып келу – нағыз пайдалы демалыс болмақ. Теңіз суындағы микроэлементтер теріге, жалпы денсаулық үшін өте пайдалы.
* Жеңіл киім. Жазда қалың не қара киінген болсаңыз, оның қандай азап екенін білетін боларсыз. Расымен қара, күңгірт түсті, қалың маталы киімдер ыстықты тартып, күн өтуге әкелуі мүмкін. Сондықтан маусымға сай жеңіл, теріге жабыспайтын, «дем алатын» маталардан тігілген, дұрыс пішілген киім киіңіз. Күннің астында көп жүрсеңіз, күнсіп қалмау үшін бас киім киіп, көзілдірік тағыңыз. Ал аяқ киімдердің арасынан әдемісінен қарағанда, ыңғайлысын таңдаңыз. Жазда басқа мезгілдерге қарағанда көбірек жүреміз. Сондықтан ыңғайлы аяқ киім өте қажет.
* Ыстықтан сақтану. Әрине, қазірде заманауи технологиялық шешімдер ыстықтан сақтанудың сан қилы жолын ұсынады. Алайда желдеткіштер мен кондиционерлердің, кеңселердегі желдету жүйелерінің барлығы да адам денсаулығына, терісіне зақым тигізе алады. Сол себепті ыстықтан сақтанудың барынша табиғи тәсілдерін қолданғанымыз дұрыс. Мысалға, үйде жүргенде иығыңызға сулы сүлгі жамылып алыңыз. Не терезеге әлі кеппеген су перде іліп қойыңыз. Қайта-қайта суға түсіп, таза су ішіңіз.

Негізгі бет

Сәуір 2011

Жұма 29 Сәуір 2011

Бразилияға барып, карнавалды көріп келді
29.04.2011 18:17

nurlan seitjapparov-1Жақында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Нұрлан Сейітжаппаров Бразилияға барып келді. Онымен бірге шымкенттік белгілі кәсіпкер Қайрат Сапарбаев пен алматылық Виктор Авершин деген азамат сапарлас болған. Біз Н. Сейітжаппаровтан Бразилияға жасалған сапар жөнінде білмек болып болып, өзімен жолыққан едік.

Жұрттың шырқын бұзатындар болмайды

«Бразилияға бару бала кездегі арманым еді, – дейді ол. – Себебі елдің даңқы шартарапқа футбол арқылы танымал бол­ған. Кішкентайымнан футболмен айналысқан соң өсе келе бойымда сол елді бір көрсем деген арман пайда болды. Бірақ ұзақ жылдар бойы ол арман орындала қоймады. Мемлекеттік қызметте жүрдім, одан бизнеске кеткен соң барып, онда да бірнеше жылдардан кейін ғана мүмкіндік болды.

Read More...



Сәрсенбі 27 Сәуір 2011

Тышқандардан абайлаңдар, адамдар!
27.04.2011 16:13

tishkankenjebai pirimkulovКөктемде ауру таратушы кенелер мен тышқандарға ерекше жан бітетіні белгілі. Ал Шымкентте бұл зиянды жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы күрес қалай жүріп жатыр? Біз бұл жөнінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Шымкент қалалық дезинфекция станциясының директоры Кенжебай Пірімқұловтан (суретте) сұрадық.

Кенжебай Өмірзақұлының айтуынша, бүгінде ветеринариялық қызмет мекемелері барлық жерде алдын-ала залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Ал дезинфекция станциясының қызметі олардан сәл бас­қаша. Олар адамдарды ауру кене шаққан жерлерге дәрі себеді. Биыл оларда үйдің ішіне себетін «Дельтометрин» және аула мен қора-жайларды дәрілейтін «Финронил» дәрілері жеткілікті.

Read More...


Екі судья қамауда отыр, төрт судьядан қолхат алынды
27.04.2011 16:10

mantiaТаяуда Жоғарғы Соттың ал­ты судьясы Мемлекет басшысы­ның ұсынысы бойынша Сенат шешімімен қызметтерінен боса­тылғаны мәлім. Қаржы полиция­сы тарапынан олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Олардың екеуі – Алмаз Тәшенова мен Сайлаубек Жә­кішев көп ұзамай тұтқынға алын­ды, қазір алдын-ала тергеу абақтысында отыр. Оларға қызмет өкілеттілігін асыра пай­да­ланған, аса ірі көлемде пара алған, яғни 212 миллион теңге заңсыз сыйақы үшін «Фикалев» АҚ-ның мүддесін қорғайтын ше­шім шығарып берген деген күдік келтірілуде. Жоғарғы Соттың қызметтерінен босатылған бас­қа төрт судьясының үстінен де қылмыстық іс қозғалған. Марклен Қамназаровтан, Мәрзия Бал­табайдан, Бақытжан Жақыповтан және Мақсұт Әбілқа­йырдан ешқайда кетпейтіні жөнінде қолхат алынған.

Read More...


Бұл оқиға сот жүйесінің іріп-шірігенін көрсетеді
27.04.2011 15:49

kosanovБүгінде Жоғарғы Соттың судьялары мұндай қылмыс жасаған болса, төмендегілерінің не былықтырып отырғаны олардың өзде­ріне ғана аян дегенді айтып жүр­гендер аз емес. Қалай болғанда да бұл барлық нәр­сенің әділдігін айтып, ақ пен қараға төрелік жасайды деген судьялардың абыройына үлкен сын болғалы тұр. Орайы келгенде біз бірнеше адамды әңгімеге тартып, осы оқиға жөнінде ой бөлісуді сұрадық.

Әміржан Қосанов, «Азат» ЖСДП бас хатшысы: – Әрине, барлық судья жемқор деп жалпы сыпыра айту дұрыс емес. Бірақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Жоғарғы жақта көкесі болмаса ешкім де Жоғарғы Сотқа судья бола алмайды. Сондықтан, меніңше, алты судьяның абыройының аяқ астынан айрандай төгілуі – сот жүйесінің қоғамдағы орны, оның іріп-шіруі туралы үлкен әңгіменің басы ғана. Олардың өсуін қамтамасыз еткен, жоғары жақта отырған көкелерін жауапқа тартпай, жемқорлықтың түп тамырына балта шаппай, мәселе түбегейлі шешілмейді. Бұл теңдесі жоқ оқиға қазіргі Қазақстандағы сот жүйесінің қандай екенін көрсетті.

Read More...


Бір сауатсыз қыздың кесірінен Буирды Муба Бако атанған
27.04.2011 09:39

muba bako«Замананың» кешегі аптада жарық көрген нөмірінде «Буирды Муба Бако атанған қазақ аты-жөнін қалпына келтіргісі келеді» деген тақырыпта мақала жарияланғаны белгілі. Онда Шымкент қаласының тұрғыны Берді Серікбайұлының (суретте) жеке куәлігіндегі аты-жөні Буирды Муба Бако болып жазылып кеткені, қарияның оны түзеткісі келіп жүргені туралы әңгіме болған. Аталған мақала талай оқырманымызды толғандырыпты. Бұл жөнінде редакциямызға хабарласып, өз пікірін білдіріп жатқандар көп. Біз солардың біразына газет бетінен орын беріп отырмыз.

Әбділда Бектібайұлы, Сайрам ауданының тұрғыны: – Бұл шынында да қазақты мазақ еткенмен бірдей жағдай. Шалақазақ қыздың сауатсыздығынан, жауапсыздығынан бір адамның, бір әу­леттің фамилиясы бүлініп отыр. Ал мұндай іске жол ашушылар қа­зір де бар. Таяуда жаңа туылған сәбиге туу туралы куәлік аламыз деп жүріп әбден әуре болғанымыз есіме түсті.

Read More...


Үш айда 179 литр спирт, 156 қалта телефондары тәркіленді
27.04.2011 09:36

Қазақстанда 73 түрме және 20 уа­қыт­ша тергеу абақтысы бар, оларда 70 мыңға жуық сотталғандар жазасын өтеуде. Олар былайғы жұрттан «об­щак», «греб» деген нәрселерді жиі алып тұрады. «Общак» – түрмеде жат­қан жазасын өтеушілердің қажеті үшін былайғы жұрттан жиналатын қар­жы қоры болса, ал «греб» деп олар­ға бе­рі­летін әртүрлі заттарды атайды. Бір өкініштісі, сотталғандар­ға тыйым салынған заттарды жібере­мін деп қылмысқа барып жүргендер де бар. Соң­ғы жылдарды ондайлар көбейіпті.

Облыстағы қылмыстық атқару жү­йесі департаментінің берген дерек­те­ріне сүйенсек, бүгінде аталған құ­зыр­лы органға қарасты түзеу меке­ме­­лері мен тергеу абақтыларындағы жа­засын өтеушілерге былайғы жұрт­тан «общак» пен «греб» жіберу тыйыл­май отыр. Осыған байланысты де­пар­­­та­­мент тарапынан тыйым салын­ған зат­тар­ға тосқа­уыл қойылып, оларды анық­тап, түрлі шаралар ұйым­дасты­рылуда.

Read More...


"Айдаһарларды" жаттықтыратын адам
27.04.2011 09:32

mukan abenovКейінгі жылдары Шымкентте спорттың жаңа бір түрі дамып келеді. Ол – «ДЖ» ұрыс өне­рі» деп аталады (ДЖ – даму жолдары деген сөз). Оңтүстікте осы өнер түрін дамытуға барынша күш салып жүргендердің бірі – Мұқан Әбенов деген азамат (суретте). Ол – «ДЖ» ұрыс өнері» Оңтүстік Қазақстан об­лыс­тық федерациясының төрағасы.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын асқазанымда жара пай­да болған еді, – дейді М. Әбенов. – Өзім көп жыл­­дар бойы мемлекеттік қыз­меттерде істегенмін. Асқазанды емдету үшін дә­рігерлерден ем-дом қа­былдағаныммен, оның нә­тижесі ойдағыдай бола қой­­мады. Сол кездері осы өнер жөнінде естіп, оған ықыласым ауды. Қызметті тастап, біржола осы сала­ға келдім. 50 жаста спортпен шұғылдану дегеніңіз өте қиын екен. Сондықтан спорттың бұл түрінде кез­десетін барлық қиындық атаулыға төзуге тура келді. Арада айлар өткенде жыл­дар бойы өзімді маза­лап келген асқазан жарасынан құтылдым. Қазір ден­саулығым түзелген соң осы спорт түрін насихаттап әрі онымен айналыс­қы­сы келетін талапкерлер­ді жаттықтырып жүрмін».

Read More...


"Ақсу - Жабағылыда" жағдайым жақсы болды
27.04.2011 09:29

Адам үшін ең бастысы оның денсаулығы екенінде шүбәм жоқ. Мен денсаулығыма байланысты мүгедектікке шыққан жанмын. Сондықтан үнемі ем қабылдап жүруіме тура келеді. Ал сырқатыңа шипа іздегенде қайда барып емделсем екен деген ой мазалайтыны бар. Осындайда жанашыр азаматтың көмегін көрген де адамның көңілін бір көтеріп тастайтыны рас.

Өткен жылдың қыркүйек айында маған «Ақсу – Жабағылы» шипажайына барып емделудің сәті түскен еді. Маған мұндай мүмкіндікті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Жұрымбетов жасады.

Read More...


300 түрлі салат жасайтын жігіт
27.04.2011 09:25

nurzhan zhumanovКөктемде жұртшылықтың той-жиыны көбейеді. Осыған орай ақылы қызмет көрсететін аспаздардың да жұмысы қызып, табысы еселене түсері анық. Мұндай кезде біреулер дәмді етіп палау пісірсе, екіншілері салаттың түр-түрін жасап, көпшіліктің көңілінен шығуға тырысады. Сондай азаматтардың бірі – Нұржан Жұманов (суретте). Олшымкенттіктердің тойларына салат жасап беріп, нәпақасын тауып жүр. Қажет болса, дәмді етіп палау да басып бере алады.

«Жаңа ортаға сіңісіп кетудің өзіндік қиын­дықтары кездесетіні рас, – дейді Нұржан Азатбекұлы. – Бірақ мен аса қиындық көре қоймадым. Қазақ қай жер­де болса да тойсыз жүрмейді. Ал мен кезінде Өзбекстанда тұрғанмын, Ташкенттің үлкен мейрамханаларында қызмет атқарғанмын. Шымкентте бірнеше мейрамхана мен тойханада жұмыс істедім.

Read More...


Жұмыста қаза болғандар есепке алынып жатыр ма?
27.04.2011 09:21

Әртүрлі жағдайлармен редакциямызға хабарласып, көмек сұрайтындар көп. Сондай азаматтардың бірі жақында телефон арқылы бұрынғы фосфор зауытының аумағындағы бос тұрған ғимараттардан арматура темір аламыз деп адамдардың қазаға ұшырап жатқанын айтты. Бұдан кейін біз аталған жерге барып, онда жұмыс істеп жүргендермен сөйлестік.

«Осыдан бірнеше күн бұрын кәріс жігітті тас басып қаза болып еді, бүгін Ленгір қаласының тұрғыны жо­ғарыдан құлап мерт болды, – деді өзін Мінәсіл деп таныстырған кісі. – Жалпы, мұндай жайттардың себебін анықтап жатқан ешкім жоқ. Адамдардың өздерінде де кінә бар. Апатты жағдайда тұрған жерге бармаса да болады ғой. Бірақ ақша табу үшін олар өз өмірлерін қатерге тігіп жүр. Бұл жұмыстардың қауіптілігін адамдарға түсіндіру керек».

Read More...


Өркениетті келімсектер бастаған ба?
27.04.2011 09:14

kelimsekterАлматы қаласының маңындағы Таңбалы шатқалы жартастарынан бүгінде археологтар «Күн адамы» атап кеткен ерекше сурет-бейне бар. Ресей ғалымдары сол петро­глиф­тердің өзге ғаламшардан келгендерге тән екендігін айтады. Яғни ресейліктер әлгін­дей ерекше сурет-таңбаларды жартаста қалдырған ежелгі түркі жұрты жатпланеталық келім­сектермен тығыз байланыста болған деген пікірде.

Олардың бұлай деп айтуы да бекер емес. Тарихи деректерге қарағанда, дәл осы таңбалар пайда бол­ған­нан бастап түркі мәде­ниеті өркендей түскен көрінеді. Яғни олар сол кезден бастап темір рудаларын тауып, өндірумен айналысқан. Бер­тін келе ондай өндіріс бүкіл түркі жұртына кеңінен тараған. Демек, ресейліктер бұл тұрғыда қателесе қоймаған сияқты. Яғни олардың ай­туынша ежелгі түркілердің даму кезеңіне өтуіне келім­сектердің тікелей қатысы бары рас болса керек.

Read More...


Ойнаймын деп оттайтындар бар
27.04.2011 09:09

Халқымыздың ежелден сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жал­­ғасып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің бірі – жеңге мен қай­ны, жезде мен балдыз, нағашы­лы-жиен, құрдаспен құрдас болып әде­мі әзіл қағыстыруы екенін бә­ріміз де білеміз. Әрине, жағымды әзіл, ұтқыр жауап жаныңды жады­ра­тып, көңіліңді сергітіп, айналаңды шуақ­қа бөлегендей әсер бе­реді.

Әзілдің де әзілі бар. Мәселен, қайнысы: «Шіркін, біздің ағамыз қия­дан іліп түсер нағыз қыранның өзі ғой, жеңгемізді көрмейсіз бе, қырықтың қырқасына шықса да әлі күнге қырдың қызыл түлкісіндей құлпырып тұр», – деп желпінтіп, немесе «Па, шіркін, тотыдайын таранған жеңешемнің келбетіне қарасай, байқа, кейбір әумесер жігіттер қыз екен деп қырындап жүрмесін әлі», – дегендей, білдірмей мақтап, көңіл көтерер әзілдің қызыл шоғын көсіп-көсіп жібереді.

Read More...



Сейсенбі 26 Сәуір 2011

Тікұшақ жасаушылар неге шырылдап жүр?
26.04.2011 17:23

tikushakТаяуда редакциямызға Оты­­­­рар ауданынан бір азамат келіп, өткен жылы бұрын тікұшақ жасаймыз деп баспасөз мәслихатын өткіз­ген­дерді алаяқтығы үшін сотқа бергелі отырғанын айтты. Ол кісінің айтуынша, тікұшақ жасаймын деп жүрген Руслан Бүтімбаев (суретте) барлық жобаны ұр­лап кеткен. Қазір Шымкенттен басқа серіктес та­уып, бі­реудің ойын өз аты­нан жү­зеге асырмақ болып жүрсе керек. Ал шындығында солай ма? Олардың да өзіндік айтары болуы мүмкін. Сондықтан біз бір кездері Қазақстанда тікұшақ жасау туралы жаңалығымен республика хал­қын елең еткізген азаматтардың өздерімен байланысып, мәселенің мән-жайын анық­тау­ға тырыстық.

Read More...


Аяғын жаза басқандар да мешіттен тірек тауып жүр
26.04.2011 16:49

turmebatirБиыл елімізде 10 мыңнан астам жазасын өтеушілерге рақымшылық жасалынып, олар түрмеден босатылмақ. Ал Оңтүстік Қазақстан түрме­ле­рінен қанша адам босайды? Осы сауалды қо­йып біз облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті тәртіп бөлімінің бастығы Батыр Тәшеновті (суретте) сөзге тарттық.

Ондаған жан бостандыққа шықты

«Облысымыздағы 6 түр­­меде 3927 жазасын өтеу­­шілер бар, оның ішін­де 3623-і – ер-азаматтар, 304-і – әйелдер, – дейді ол. – Биыл қаңтар айында шыққан ізгілендіру за­ңы­на сәйкес облыста 86 жа­засын өтеуші босатылса, 30 сотталушының мер­зімі қысқарды. Сонымен бір­ге биылғы жылдың үш айында 317 сотталған азамат түрмеден босатылды.

Read More...


"Еламанның" зертханасында ерекше құрал-жабдықтар бар
26.04.2011 16:40

zhanat«100 мектеп, 100 аурухана» мем­лекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында көптеген игі істер атқарылғаны белгілі. Осы бағдарлама бо­йынша Шым­кенттің «Еламан» мөлтекауданында (бұрын­ғы «Ворошиловка» ауы­лы) үш қабатты емхана салынып, пайдалануға берілген болатын. Ал таяуда ғана ашыл­ған бұл мекеменің зертханасы заманауи құралдармен жабдықталған, онда адамдар толықтай медициналық тексеруден өте алады. Бұл зертханада облыс тұрғындарына осыған дейін бейтаныс болып келген медициналық құрал-жабдықтар бар. Біз жұртшылықты осы ерекше зертхана жұмыстарымен таныстыру үшін оның меңгерушісі, 1-ші санатты дәрігер-лаборант Жанат Иманәлиеваға жолыққан едік.

Read More...


Ау, ағайын, қайда асығып барасың?
26.04.2011 10:50

kolik apati-2Соңғы кездері жол-көлік апатының жиі болуы салдарынан қаншама қимас адамдар: он екіде бір гүлі ашылмаған уыз жас, бір етек баланы соңына тастаған абзал ана, бір отанның тірегі болып отырған аптал азаматтар өмірден ерте өтіп жатыр. Бүгін ғана бір оқыс оқиғаны естіп, «апыр-ай, бұл өмір не болып кетті өзі, ажал айтып келмейді екен-ау», – десең, сол күннің жартысы өтпей жатып, тағы бір сұмдық оқиғаны естисің. Аранын ашқан ажал аузында кетіп жатқандардың өлімінің басты себебі де осы жол-көлік оқиғасы.

Көз алдымызда болып жатқан қан­шама қайғылы оқиғалардың куәсі болсақ та, тіпті кездейсоқ жол апатынан құдай сақтап аман қа­лып, тірлігімізге тәуба айтсақ та, сақ­тануды, сақтық шараларын естен мүлдем шығармауды жаяу жүр­гінші – біздер де ұмытып кетіп жа­тамыз.

Read More...


Көп әйел алу: ол пайдалы ма, зиян ба?
26.04.2011 10:45

(Жалғасы. Басы өткен нөмірлерде).

Мені шын сүймегені ме, тек ұл үшін үйленді ме деген ой жиі мазалайтын. Себебі оның төрт қызы бар еді. Жан күй­зе­лісінен болар, менің де ал­ғаш­қы екі перзентім қыз болды. Байқаймын, қыз деп жа­тыр­қап жатқан жоқ, қайта қуа­нып, мейірлене түскендей. Со­сын екі ұлды болдық. Бірін­ші әйелінен туған қыздары ке­ліп-кетіп, менімен араласып жүр­ді. Екі үлкен қызы бойже­тіп, тұрмысқа шыққанда күйе­уім барлық тірлігін әперіп, то­йы­на, құдалығына қатысты. Құ­да шақырғанда мені де ер­тіп апарып, үлкен әйелі екеу­міз қонақтарды бірге күтісіп, құ­далықты бір кісідей атқардық. Байқасам, бірінші әйелі өте ақылды адам екен. Мен бұған дейін онымен етене ара­­ласуға, тіпті көзіне көрінуге қорқып жүретінмін.

Read More...


Жолы ашылмай жүрген көріпкел келіншек
26.04.2011 10:38

kelinshekСарыағаш ауданында тұратын Бақытгүл Жұмабекова тұрмысқа шыққанымен әлі күнге дейін сәби сүйе алмай келеді. Тіпті бірнеше рет түсік тастапты. Өзі осы күні молда, тәуіптерге қаралып, ем қабылдап жүр.

Бақытгүлдің көріпкелдік қасиеті бар екен. Соны дұрыстап ұстамағандықтан Құдай маған бала бермей жүрген болар деген ойы да жоқ емес. Өзі осы күнге дейін кез-келген молда-тәуіптерге қарала бергеніне өкінеді. «Біреуіне ғана тиянақты қаралып, соның батасын алғанымда бәрі басқаша болар ма еді, кім білсін», – дейді ол. – Сол молда-тәуіптердің ішінде емдеудің орнына, керісінше, жолымды байлап, жағдайымды одан бетер шиеленістіріп жібергендер бар болса қайтемін деп те ойлатынмын».

Read More...


"Арланның" сарбаздары қарулы топты құрықтады
26.04.2011 10:32

Өткен аптада Оңтүстік Қа­зақстан облыстық ішкі істер де­партаментінің кезекші бөліміне Шымкенттегі көпқабатты үй­лердің біріндегі пәтерде бел­гі­сіз біреулер қару-жарақ сақтап отыр деген хабар түскен бо­латын. Суыт хабар түсісімен оқиға орнына жедел тергеу то­бы барып жағдайды анықтады. Ақпарат рас болып шыққан соң олар көпқабатты үйдегі барлық тұрғындарды сыртқа шы­ғарып, ауданды қоршауға алды. Бұдан кейін пәтерде жасырынып отырған күдіктілерге өз еріктерімен берілу жөнінде ұсы­ныс жасалған. Алайда одан нәтиже шықпағасын соң ша­буыл жасау жөнінде шешім қа­былданады. Осыдан соң ішкі істер департаментіне қарасты «Арлан» арнайы жасағы кіре беріс есікті бұзып, пәтердегі төрт адамды табанда тұтқын­ға алды. Күдіктілер тыпыр ете алмай қалған. Олардың бірі бұ­рын екі рет сотталса, қал­ған екеуі де темір тордың дә­мін татқан болып шықты. Біреуі Балқаш қаласының тұрғыны екен. Қолға түскендердің үшеуі кезінде әртүрлі қылмыс жасап, түрмеге түскендер. Операция өте сәтті өткен, сарбаздар арасында жараланған ешкім жоқ.

Read More...


Ешкінің еті ерекше ем
26.04.2011 10:26

eshki-2Сәуірде қой мен ешкінің жүнін қырқу науқаны басталатыны белгілі. Бірақ қазір қойдың жүні ешкімге керексіз болып, қоқыс ретінде далаға тасталып жатыр. Керісінше, ешкі жүні таптырмайды екен. Тіпті оның бағасы да қымбат. Бір кило ешкі жүні базарда 400–550 теңгеден сатылады. Ал оның еті мен сүтінде емдік қасиет барын жиі естиміз. Сондықтан үйінде ешкі асырайтын азаматтардың бірінен осы ешкі малы жөнінде айтып беруді сұрадық.

«Мен бала кезімнен үлкендерден ешкінің еті мен сүті ем­дік қасиетке ие екенін біліп өстім, – дейді Отырар ауданын­дағы Шілік ауылының тұрғыны Амалбек Әмірбек (суретте). – Бұдан жиыр­ма жыл бұ­рын ба­зар­­ға барып егіз лақтары бар үш еш­кі сатып ал­ғанмын. Соның ла­қ­­­тары қа­зір жүзден асты. Одан да кө­бейтуге болар еді, бірақ мен жылда 30-40 аналықты қалдырамын да, басқаларын соя­мын, сатамын немесе біреу­лерге беремін.

Read More...


Таксистерді тонағандар Алматыда тұтқындалды
26.04.2011 10:21

Биылғы жылдың 28-ақ­па­нында Шымкент­те түн жа­мыл­ған қарақшылар такси жүр­гізу­шісін тонап, кө­ліксіз қалдырып кеткен еді. Оқи­ға былай болған.

Сол күні таңға жуық кө­ше­­­де такси тоқтатқан соқ­тал­­дай төрт адам жүргізу­шіден «Қазы­ғұрт» ықшамау­данына жеткізуін өтінеді. Алайда ме­желі жерге жетпей жатып зің­гіттей жігіттер кө­­­лік жүр­гі­зушісін пышақпен қорқытып, көлігін алып кеткен.

Шымкенттік полицейлер осы қылмысты ашуға бір жа­­рым айдай уақыт жұмсады. Ақы­рында такси жүр­гізушіге күш көрсеткендер Ал­ма­ты­да жүрген жерінде құ­рық­талды. Қалада емін-еркін сайрандаған олар ен­ді ақ­ша­лары тау­сылуға жақындаған соң табыс табу үшін Атырауға баруға да­йын­далыпты. Полиция олар­­­­ды Алматының темір­жол вокзалында қолға тү­сір­ген.

Read More...


Есірткі іздейтін аралар
26.04.2011 10:16

aralarАралардың жаратылғанына 50 миллион жылдан астам уақыт өтіпті. Осыншама уақыт ішінде олардың сырт бейнесі, тамақтануы және өсіп-өнуінде ешқандай өзгеріс болмаған. Яғни аралар сол қалпында өмір сүріп келеді. Ал барлық тірлікті жаратушы табиғат ана басқалардың өмірі мен жаратылысына үлкен өзгертулер туғызып жатқанын ескерсек, бұл да бір таңғажайып жұмбақ екенін мойындауға тура келеді.

Аралар және олардың балының емдік қа­сиеті туралы адамдар ер­­теден білген. Алғашқы адамдар араларды іздеп, олардың ұяларын тауып, ішіндегі ба­лын алып отырған. Архео­логтар ескі үңгірден ара аулауды бейне­лей­тін кескін­де­мелер тапқан. Бұл су­рет­тің салынға­нына ке­мін­де 15 – 20 мың жыл болған­.

Read More...


Отсыз, сусыз піскен ас
26.04.2011 10:12

Баланы күйзелістен сақтайды

Қазір қазақ әйелдерінің көбі түрлі сылтаулармен ба­ла­ларын емізбейді. Оны психологтер әйел келбетінің бұ­зы­луы­мен, емшек етінің қа­шып, сымбатының азаюымен түсіндіреді. Алайда Авс­тра­лиялық Батыс Австралия Уни­верситетінің «Телетон» балалар денсаулығы ғылы­ми-зерттеу институ­тының» және тағы да басқа бірнеше зерттеу орталықтарының бір топ зерт­теушілері еркек жынысты сә­билердің ақыл-ойының да­муына ана сүтінің оң пайдалы екендігі жайлы ғылыми мәлімдеме жасапты.

Он жыл бойы бір топ ға­лымдардың назарында болып, ана сүтін емген 1038 баланың математика, көркем жа­зу мен оқу қабі­леттері бо­йын­ша басқаларынан озық шық­қандығы белгілі болды.

Read More...


Немересін үйлі етіп, өзі де үйленгісі келеді
26.04.2011 10:04

mirzabek sultanbekovКешегі аптада редакциямызға Түлкібас ауданының Жаскешу ауылынан Мырзабек Сұлтанбеков есімді қария келді (суретте). Ол кісі немересіне газет арқылы келін іздеп жүргенін айтты.

«Жасым – 73-те, – дейді Мырзабек қария. Кей­біреулер осы жасқа келгенде, немересіне ке­лін іздеп жүргені несі деуі де мүмкін. Оның өзіндік себебі бар.

Немерем Бағдат – қызымның баласы, яғни менің жиенім (суретте). Әкесі Нұржан дүниеден ерте оз­ған. Күйеу балам атадан жал­ғыз еді. Ол қайтыс бол­ған соң қызым біраз жыл тұр­мыс­қа шықпай жүрді. Кейін бір жігітпен танысып, сонымен тұр­мыс құрды. Ал Бағдатты өзім алып қалып, бауырыма бас­тым.

Read More...


Қансорғыш "вампирлер" шынымен бар ма?
26.04.2011 09:59

Қазір қансорғыштар туралы кі­таптар, кино және мультипликациялық фильмдер теледидар мен басылымдардың бетін жаулап алған. Бір қызығы, одан оқып не көріп жүр­гендеріміздің көпшілігі шындыққа жанаспайды. Дегенмен, нақты тү­сінік­ке бағынатын тұстары да жоқ емес. Адамдардың қанын ішетін ерекше жаратылыс иелері туралы аңыздардың пайда болуына да осы жайлар түрткі болғанына дау жоқ.

Теледидар арқылы сана­мыз­да қалыптасқан «вампирлерге» тән белгі-сипаттарды қарастырып көрейікші. Олар – өткір тіс, айнадан сұлбасының көрін­беуі, күн көзі мен сарымсақтан қорқуы, қанқұмарлық. Шынды­ғына кел­генде, бұл белгілердің бәрі қазір өте сирек кездесетін «порфи­рия» ауруына ғана тән.

Read More...


Ақ серкенің әлегі
26.04.2011 09:48

eshkiЖексенбі күндері қаладан алшақ жатқан өзенге барып, ба­лық аулайтын әде­тіміз бар. Биылғы көк­­темде де балық аулауға шық­тық. Өзен бойындағы талдар мен жың­ғылдың бүр­шіктері енді ғана бүршік жара бас­таған екен. Жер­дегі көк те әлі тырбық, мал аузына іліге қоймаған кез.

Өзен бойына келіп, машинамызды «қаңтарып» қойдықта, қос-қостан қар­мақ ұс­тап, үш жолдас үш жаққа кеттік. Мен өзен суы иірім болып, көлшікке айналған тұсына келіп қармақ сал­ғаным сол еді, қайқым суға сүңгіп кетті. Тез тартып қалдым. Алақандай лақа ба­лық ілініпті. Екінші қармағыма сазан түсті. Не керек, жарты сағат ішінде жеті-сегіз ба­лық жағада шоршып жатты.

– Әбеке, бүгін жолымыз болды, балық сорпасына тоятын болдық, – деген Серік целлофан пакетке салып алған балықтарын көрсетіп, жаныма келді. Мен де оған өзім ұстаған ол­жаны көрсеттім.

Read More...



Дүйсенбі 25 Сәуір 2011

Шымкенттің сыртында ну орман өсіп келеді
25.04.2011 18:44

gulnar saparimbet2009 жылы оңтүстікте «Жасыл ай­мақ» атты көгалдандыру іс-шарасы қолға алынған болатын. Нә­ти­жесінде облыстың барлық қала, аудан мен ауылдарында кө­шеттер егу жұмыстары қызу қарқын алған еді. Осы жылы қаланың сарқынды сулары жиналатын аймақтағы мың гектар жерге 400 мыңға жуық көшеттер отырғызылғаны белгілі. Өткен жылы егілген көшеттердің шамамен 80 пайыздайы көгерді, ал жыл соңына дейін қурағандарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Содан бері екі жыл уақыт өтті. Ал сол кездегі отырғызылған көшеттердің жағдайы қалай? Біз осыны білу үшін «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Гүлнәр Сапарымбетке (суретте) жолыққан едік. Ол кісі бізге ел арасында «Сасықкөл» атанып кеткен жерге арнайы барып қайтуға ұсыныс жасады. Өйткені көшеттердің дені сонда егілген болатын.

Аумағы атшаптырым келетін көлдің айналасы жайқалып өсіп келе жатқан көшеттерге толып кетіпті. Әсіресе көлдің батысы және сол жақ бөлігіндегі жасыл желекті аумақ тіпті бірнеше қырдан ары қарай асып кеткен.

Read More...


Әл-Фараби ауданында ұрлық көбеюде
25.04.2011 11:32

Таяуда Шымкенттің әл-Фа­раби аудандық полиция бө­ліміне қаладағы Төреқұлов көшесінің тұрғыны С. атты за­мат арызданды. Ол бел­гісіз біреудің өзінің Әлімқұ­лов кө­шесіндегі №6 үйдің ау­ласында тұрған «Фольксваген Туарег» маркалы көлігінің те­резесін сындырып, ішінен сөм­кесі мен құжаттарын ұр­лап кеткенін ай­тып шағым­дан­ған. Бүгінде атал­ған жайт бойынша тергеуге дейінгі тек­серулер жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты айта­ры­мыз, тұрғындар мү­ліктері мен үй-жайларына қо­сымша құрал-жабдықтар (элек­трон­дық санды құлыптар, бейнекамералар) орнатса дұ­рыс болар еді. Яғни жұрт­­шылық өз мүліктеріне сақ болғандары абзал. Әсі­ресе ауданымызда көліктегі қыл­мыс оқиға­лары көбейіп тұр.

Read More...


Қызылтөбенің қызғалдағына қызықпаңыз
25.04.2011 11:26

kizgaldakСәуірдің соңы мен мамырдың ба­сын­да далалы, таулы жерлерде қызғалдақ жап­пай гүлдейді. Осындай кезде көптеген адамдар қызғалдақ теруге, «маевкаға» шығып жатады. Ал бүгінде бұл гүлді жұлуға заң жүзінде тиым салынғанын көп адам біле бермейді. Осыған орай кешегі аптада облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының инспекторы Данияр Сейітовпен (суретте) әңгімелестік.

«Бізде қызғалдақтың түрі көп, – дейді ол. – Соның ішінде Грейг қызғалдағы – Қызыл кі­тапқа енген, бағалы гүл. Ол сәуірдің соңы мен мамырдың басында гүлдеп, маусым айында ұрық шашады. Қызғалдақтың бұл түрі Қаратау, Қаржантау тауларында, Алатаумен шектесіп жатқан облысымыздың Қазығұрт, Төлеби, Түл­кібас, Бәйдібек аудандарының далалы және таулы жерлерінде кезде­се­ді. Әсіресе сәуірдің соңы мен мамырдың басында Түлкібас ауда­нын­да­ғы Қы­зылтөбе деген жер­де қызғалдақтан ая­ғың­ды басып жүре алмайсың.

Read More...


Атақты оқу орнының басшысына ауыр айып тағуда
25.04.2011 11:22

Редакциямыздың электрондық почтасына «Grata» заң­гер­лік агенттігінен баспасөз ха­бар­ламасы келіп түсті. Онда Алматының Медеу аудандық сотында КИМЭП-тің бұрынғы топ-менеджері Хабиб Рахманның аталған жоғары оқу орнының үс­тінен түсірген талап арызы қаралатыны туралы айтылған. Яғни доктор Х. Рахманның КИМЭП-тің басшысы Чан Йан Бэнг­ке Қазақстан заңдарын бұз­ған және қаржылық құйтыр­қылықтар жасаған деген айып тағып отырғаны сөз болады.

Бұл КИМЭП-ке тағылып отыр­ған айыптардың алғаш­қы­сы емес. Таяуда КИМЭП-тің бух­галтерлері жалпы сомасы 14 миллион теңгеден астам қаржыны талан-таражға сал­ған­дары үшін айыпталыпты. Соңғы жылдары оның төңірегінде педофил мұғалімдерге, профессор ұстаздар тобын жұмыстан заңсыз босатуға, қаржылық құй­тырқылықтарға байланысты дау-дамайлар шыққан.

Read More...


Аркен Арыстанов "Қазпочтаға" қайтып келді
25.04.2011 11:15

arken aristanov«Самұрық – Қазына» ұлттық игілік қоры» АҚ басқармасының шешімімен Ар­кен Арыстанов «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов 1966-жылы туылған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі, экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын «Қазақстан Коммерц» сауда компаниясының қаржы және болжам жасау жөніндегі аға маманы болып бастаған. ҚР Ұлттық мемлекеттік банкінде, Алматы сауда-қаржы банкінде, «Қазақстан Халық банкі» ашық акционерлік қоғамында басшылық қызметтер атқарған. 2000 – 2006-жылдар аралығында «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы болған. Бұған дейінгі қызметі – ҚР Алматы қаласының өңіраралық қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы.




Орал жақты да ойлай жүріңіз
25.04.2011 11:13

Өткен аптада елімізде «Ақжайық өңі­рімен біргеміз!» атты акция басталды. Акцияның басты мақсаты – Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету.

Акциядан Оңтүстік жұртшылығы да шет қалған жоқ. «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Заңғар Үсіпахме­товтің айтуынша, акцияға қолдау көрсеткендер саны күн санап көбейген.

Read More...


Жеке қаржысынан миллион теңге аударды
25.04.2011 11:07

aly sabirovТасқын судан зардап шеккен Орал өңіріне еліміздің түкпір-түкпірінен ақшалай, заттай көмек жіберіліп жатыр. Кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер бір күндік жалақыларын аударса, бұл игі шараға же­ке­леген азаматтар да атсалысуда. Қазақстан халықтық коммунистік партия­сы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Әли Сабыров та Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына қайырымдылық көмек ретінде өзінің зейнетақысынан жинақтаған бір миллион теңге ақшасын аударды. Бұл қаржының арнайы есеп-шотқа түскенін растайтын хабар ол кісіге кешегі бейсенбі, 21-сәуір күні келіп жетті.

Түркістан өңірінің перзенті Әли Сабыров үшін Батыс Қазақстанның жөні бір бөлек, ол кісі бұл облыста 25 жыл басшылық қызметтерде болған. 1963 – 1970-жылдар аралығында ол Батыс Қазақстан облыстық комсомол ұйымын басқар­ған, 1972 – 1983-жылдары осындағы Тасқала (бұрынғы – Каменка) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған.

Read More...


Аударылған көлік 137 метрге дейін домалаған
25.04.2011 10:47

kolik apati16-сәуір күні түнгі сағат 22.00 шамасында Шымкенттің Арғынбеков көшесінің бойында өте ауыр көлік апаты орын алды. Апат салдарынан жас қыз оқиға орнында қаза болып, көлік жүргізушісі ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жөнелтілді. Апаттың қалай болғанын көрген адамдар көліктің өте қатты жылдамдықпен келгенін айтады. Оқиға орнын зерттеген сарапшы мамандар оның 137 метр жерге дейін домалағаны туралы мәліметті қағазға түсірді.

Апатқа ұшыраған көлік – «БМВ»-ға қарау мүмкін емес, бөлшектері шашылып кеткен. Сол төңіректе машина мен оның ішіндегі адамдардың зат­­тары жатыр. Апаттың ауыр болғанын көліктен 15 метрдей әріде жатқан мотордан да байқауға болады.

Дәрігерлер оқиға орнына жет­кенше жас қыздың жантә­сілім еткені белгілі болды. Сәл де болса тіршілік нышаны бар жүргізушіні жедел жәрдем ау­руханасына алып кетті.

Read More...



Сәрсенбі 20 Сәуір 2011

Буирды Муба Бако атанған қазақ аты-жөнін қалпына келтіргісі келеді
20.04.2011 15:45

muba bako-3Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын қарсы алуға дайындалып жатырмыз. Ал Тәуелсіздік – барша қазақ баласы, әсіресе алмағайып замандарда елден ауа көшуге мәжбүр болған қандастарымыздың ата мекенге оралған ұрпақтары үшін аса қасиетті ұғым. Жергіліктілер «оралмандар» деп атайтын олар тұрмыс-тіршілікте кездесетін қиыншылықтарды жүнжімей, қасқая көтеріп жүр. Айтуларынша, көңілдеріне қаяу түсіретін оқиғалар аз кездеспейді. Біз солардың бірінің басынан өткен қынжыларлық жай туралы әңгімелемекпіз.

Берді Серікбайұлы (суретте) бүгінде Шымкент қаласында тұ­рады. Ол кісі 1942-жылы Ауғанстанда дүниеге келген. Қазақстанға 1996-жылы қоныс аударып, Шымкентке келіп орнығып­ты.­ Әйелі Нәзираның жасы 45-те. Мектеп жасындағы екі ұл, екі қыз­ды тәрбиелеп өсіруде. Отағасы 8 мың теңге зейнетақы алады. Бұдан бөлек балаларға берілетін жәрдемақыны темір-тер­сек қабылдап-сатып табатын азын-аулақ кіріспен қосып тіршілігін күйттеп отыр. Соңғы бес-алты жылдан бері қант диа­беті­мен ауыратын, жасы бүгінде 70-ті алқымдап отырған Берді қа­рия бұған да шүкіршілік дейді. Дегенмен ол кісінің көңілін алаңдататын мәселе де жоқ емес.

Read More...


Пай-пай, Мәденидің адамдары-ай! Бұл ауылда еңкейген кәрі де, еңбектеген бала да тал екті
20.04.2011 15:35

sarsenmadeni«Ауылына қарап, азаматын таны» деген қанатты сөзді Төлеби­ ауданындағы Мәдени елді мекеніне бағыштап айтуға болады. Себебі ынтымағы жарасқан бұл ауылдың тұр­ғын­дары әрдайым бірігіп, ортақ іске жұмыла кірісіп, өз туған жерін көркейтіп келеді.

Ауыл тұрғындары осыдан бір-екі жыл бұрын да ортадан қаражат жинап таза ауыз су жүргізіп, тас жол төсетіп алған болатын. Ал таяуда жаппай сенбілік жасап, көше бойларына көшет отырғызды.

Бұл ігілікті іске осы ауылдан шыққан кәсіпкер азаматтар мұрындық болып, қаржылай көмектесіпті.

Read More...


"Жер - Ана" мүсіні басқа жерге көшірілсе екен
20.04.2011 15:17

zher ana«Айтылмай қалған сөз – жетім» деген бар. Көптеп бері көкейді тескен бір уәжімді «Замана» газеті арқылы билік орындарына айтсам деп едім. Әрине, бұл – жалғыз мені ғана емес, Шымкенттің «Ордабасы» алаңында орналасқан облыстық «Әл-Қаттани» мешітіне баратын жамағатты мазалаған мәселе.

Өзім бірнеше жылдан бері аталған ме­шіттің жамағаты едім. Құдайға шүкір, ме­шітке барушылар саны күн санап өсіп келеді. Бір өкініштісі, былтыр «Ордабасы» алаңына әйел бейнесі сомдалған «Жер – Ана» ескерткіші орнатылғалы бері дініне берік көптеген жамағат «Әл-Қаттани» ме­шітіне баруды қойды. Оның ішінде өзім де бармын. Себебі сол ескерткіш мешіттің құбылаға қаратылған тұсына қойылған, әрі сол әйел мүсінінің кеуде тұсы айқын көр­сетілген. Былайша айтқанда, әлгі мүсін – өте сәтсіз шыққан, анайыланған дүние. «Әл-Қаттани» мешітінде әр намаз оқыған сайын әлгі әйел мүсін ойыңа оралып, ғибадатқа кедергі бола береді. Адам түгілі, жанды нәрселердің бейнесін мүсіндеу, суретін салу – Ислам дініне қайшы. Ондай суреттер, мүсіндер бар жерде намаз оқуға болмайды.

Read More...


Шымкентте африкалық аң-құстар пайда болмақ
20.04.2011 10:03

seidullaЖақында Шымкенттегі хайуанаттар бағында аң-құстардың тұрақтарын заманауи үлгіде салу қолға алынбақ. Осы мақсатта аталғ­ан мекеменің директоры Сейдулла Жұбаев (суретте) Германияға барып, онда жұмыс сапарымен екі аптадай уақыт болып қайтты. Кешегі аптада біз ол кісіге жолығып, сұхбаттастық.

«Біздің зообақ 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді, – дейді ол. – Оны қазақтың бір­­­­­туар ұлы, қоғам қайраткері Асанбай Ас­қа­ровтың бастамасымен халықты жаппай жұмылдырып, асарлатып салғызған. Бүгінде Қазақстан дамыған елу елдің қатарына қо­сылуды, сондай-ақ барлық саланы евро­стан­дартқа сай қылуды мақсат еткені бел­гілі. Сондықтан біз бұл хайуанаттар бағын за­ма­науи үлгіге сай етіп жасауды қолға ал­дық.

Read More...


Қазақ қалай орыстандырылған?
20.04.2011 09:55

mekemtas-2mekemtasЖақында Алматыдағы «Penton HіІІ» баспа үйінен белгілі әде­биетші-ғалым, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлының «Қазақ қалай орыстандырылды?» деп аталатын жаңа кітабы басылып шықты. Соңғы 50 жыл­­дан астам уа­қыт бойы филология саласында үздіксіз зерттеу жұмыстарымен айналысып келе жатқан ғалымның бұл еңбегінде қазақ халқының, ел мен жер атауының, сананың қалай зорлықпен орыстандырылғаны жөнінде жазылған. Кітаптан орыстандыру саясатының жазба әде­биетін, ха­лық санағы се­кілді де­рек­тер­ді бұр­малау, сонымен бір­ге топонимиканы өз­герту арқылы іске асқаны туралы оқу­ға бо­ла­ды.

Сонымен қа­тар бұл кі­тапта Ресей отар­шы­ла­ры­ның қазақтың ұлан-байтақ жерін иелену үшін алдарына қойған жымыс­қы пиғылдары және оны жүзеге асыру жөнінде қандай жұмыстар атқарылғаны туралы көптеген мағлұматтар бар.

Read More...


Депутат полицияға айып тақты
20.04.2011 09:48

sarsenovПарламент Мә­жілісінің пле­­нарлық отырысында депутат Нұрдәулет Сәр­сенов Оң­түстік Қа­зақстан об­лыстық ішкі іс­тер депар­та­мен­тінің атына ауыр сын айтып, кем­ші­ліктерді түзеу жайлы Үкімет басшысына депутатық сауал жолдады.

Халақ қалаулысы соңғы үш жылда облыс аумағында қылмыс өршіп кеткенін, оны ауыздықтауға ішкі істер департаментінің шамасы келмей жат­қанын алға тарты отырып, облыс полициясының барлық деңгедегі басшыларын ауыстыру қажет екенін ес­кертті. Н.Сәрсенов өз міндетін атқа­руға шамасы келмейтін ішкі істер департаменті республикадағы ең сыбайлас жемқорлыққа белшесінен бат­қан мемлекеттік мекеме екенін нығырлай айтты. Үш жылда ашылмаған қылмыстық істер, соның ішінде кісі өлтіру қылмыстыры бірнеше есеге артып кеткен. Арам ақшаға құныққандар тек жай қызметкерлер ғана емес, оған ішкі істер департаментінің басшылығы да әбден жемденіп біткен. Осыны сезіп-білетін облыс тұрғындары полиция қызметіне сенуден қалған.­

Read More...


Судьялардың өзі сотталуы мүмкін
20.04.2011 09:41

sudya-2Еліміздің құқық қорғау саласында төбе шашты тік тұрғызатындай тосын дау-дамай туындап отыр. Қаржы полициясы агенттігі Елбасыға Жоғарғы соттың алты бірдей судья­сын қызметтен босату ту­ралы ұсыныс түсірді. Өз кезегінде Президент ол судьяларды қызметтен босатуды Сенат­қа ұсынды. Артынша Сенаттың шұ­ғыл шақырылған пленарлық отырысында оларды қызметтен босату мәселесі мақұлданды. Бас прокурор алтауының да үстерінен қылмыстық іс қозғады. Олар­ға қызметтік өкілеттік­терін теріс пайдаланып, жүздеген миллион теңгелеп пара алумен айналысқан деген айып тағылды. Күдікті судья­лар бірінен соң бірі тұтқындала бастады.

Олар – Жоғарғы соттың түрлі лауазымдық қызмет иелері мен судьялары Алмаз Тәше­нова, Марлен Камна­заров, Мәрзия Балтабай, Бақытжан Жақып, Мақ­сұт Әбілқайыр және Сай­лаубек Жәкішев. Соң­ғысы таяуда ғана Аста­на қалалық сотының төрағасы қызметін атқарған болатын.

Read More...


Айқайлаған дауысы Астанаға жетер ме?
20.04.2011 09:19

achilovМақтаарал ауда­нының Әл-Фараби ауы­лында тұратын Рашид Ачилов деген қария (сурет­те) соң­ғы үш жылдан бері жер-жерге­ арызда­нумен жүр. Ол кісі ара-тұра Же­тісай қала­сындағы жә­не Шым­кенттегі кей­бір газет редак­цияла­рына да бас сұғып кетеді. Қария өткен аптада «Заманаға» да келді. Өйтетін себебі, 2008 жылы ұлы Қор­ған­бек қыз зор­лаған деген айыппен 19 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Қазір ол Шымкенттегі түзету меке­мелерінің бірінде жазасын өтеуде көрінеді. Р.Ачи­лов­ ұлымның қылмыс жасауы мүмкін емес деген пікірде. Өзінің айтуынша, қылмыс жасалды­ деген күні ұлы Қорғанбек үйінде болыпты. Ал зорлық­ көріп қайтыс болған қыз өздерінің жиені екен.

Р.Ачилов биылғы жылдың басында Жеті­сайда өткен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиа­лының көшпелі қоғамдық қабылдауында ұлы­ның жазықсыз сотты болғандығы жөнінде айтқан еді. Бірақ одан кейін де ештеңе өзгермеген­ секілді. Рекең қа­зірге дейін облыстағы бірқатар құқық қорғау орындарына, қала берді Астана­ға дейін шағымданыпты.

Read More...


Әйел ұрғанды 7 тәулікке қамады
20.04.2011 09:14

Елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» Заң барын біреу білсе, бі­реу біле бермейді. Бұл заң тұрмыста, соның ішінде отбасында күш көрсету, психологиялық, сек­суал­дық және экономикалық зорлық-зомбылық оқи­ға­ла­ры­на қатысты қолданылады. Моральдық, психикалық зардап шеккен, де­не жарақатын алған, мү­ліктік зиян келтірілген адамдар осы заңмен қорғалады. Олар ішкі істер органда­рына шағымдануы керек.

Зорлық-зомбылықтың түрі көп. Күш қолданып, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, қорқытып-үркіту немесе бопсалау арқылы жүйкені жұқарту, адамның жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін немесе кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасау зорлық-зомбылыққа жатады. Оның экономикалық түріне адамды үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан айру әрекеті жатады.

Read More...



Сейсенбі 19 Сәуір 2011

Ет сатушылардың беті қалыңдап бара ма?
19.04.2011 17:24

siyr etiБылтырға қарағанда биыл Шымкентте ет бағасы бір­шама қымбат болып тұр. Базарларда жылқы етінің бір ки­лосы 1000 теңгеден әрі болмаса, бері емес. Сиырдікі 870 – 900 теңгеден, сүйексіз еттің килосы – 1200, ал шегілген еттікі 900 теңгеден сатылуда.

Біз Шымкенттегі Қырғы және «Айна» базарларына барып, ет бағасын бағамдап көрген едік. Сонда атал­ған базарлардың соңғысындағы көзбояушылыққа куә болдық. Әр сатушы еттің тұсына «Сиыр еті – 770 теңге» деп жазып қойған. Бірақ ол бағада ешкім ет сатпайды. Тіпті егделеу келген бір әйелдің: «Шырақтарым-ау, мен тегінге сұрап тұрғаным жоқ, тым болмаса өздерің жазып қойған бағада берсеңдерші», – дегеніне сатушылардың бірі: «Оның барлығы әкімшіліктен келетін тексерушілерді алдау үшін әдейі жазылған. Кеше ғана әкімдер келді, сол кезде базардағылар сататын еттеріне осы бағаны жазып қыстырды.

Read More...


"Шаңырақ" ауылындағы "шұңқыр жыры". Әкімдер оны тыңдамай, құлақтарын тас бекітіп отыр
19.04.2011 17:18

nurlibai omarovШымкенттегі бұрынғы шина зауытының төңірегінде «Шаңырақ» деп аталатын ауыл бой кө­терген. Ал оның тұрғындары бү­гін­де өз­дерінің арыз-шағымдарын қайда барып айту керектігін білмейді. Әрине, олар әкімдерге арыз жаз­ғанда жұмыс бер, баспана салуға көмектес демейді. Ай­татындары – ауылдың ірге­сіндегі үлкен шұңқырды көміп бер­се деген жалғыз тілек қана. Өйткені бірнеше адам құлап мертіккен бұл шұңқырға бүгінде бұрынғы фосфор зауытының қо­қыстары тасталып жатыр. Ауыл іргесіне жақындап қалған ол жер балалардың ойын алаңына ай­нал­ған. Тіпті ересек адамдардың өзі қоқыстың арасынан құры­лыс­қа қажетті заттарды іздейді. Олардан бөлінетін радиацияның зиян екені ешкімнің де қаперіне ке­лер емес.

«Ауылдағы жас сәбилер арасында демікпе ауруына шалдыққандар саны көбейген, – дейді Нұрлыбай Омаров есімді ауыл тұрғыны (суретте). – Осыдан үш күн бұрын жаңбыр жау­ғанда үйі­міздің іргесіне тасталған фосфор қалдықтары тұтанып, бықси бас­тады. Сол кезде үлкендердің де тынысы тарылды. Тасталған қо­қыстарда радиацияның жоғарылығы сондай, ол жақын маңда өсіп тұрған шөптердің өзін қуратып жіберді.

Read More...


Бесбармақ, бүжі, қима... Қазығұрттан қазақтың ұлттық тағамдары шығарылмақ
19.04.2011 17:01

kobeevСоңғы кездері кәсіпкерлікті дамыту саласында Қазығұрт ауданында біршама игі істер атқарылуда. Соның бірі – осында «Серпер инвест» ком­пания­сының іске қосылуы. Әбді­мүтәліп Көбеев (суретте) басқаратын бұл кә­сіпорын өткен жылы тігін-тоқыма фабрикасын іске қосты. Ал алдағы қазан айы­на дейін «Қазақ ет деликатестері» бизнес-жобасын іске асыруға әрекеттенуде.

«Бүгінде біздің өнімдеріміз аудан тұрғындарының үлкен сұранысына ие болып отыр, – дейді Әбдімүтәліп Көшкінбайұлы. – Фабрика­да мектеп оқушыларының формалары, арнайы кілемдер, төсек-орын жабдықтары, ұлттық көрпешелер, сыйлықтарға арналған кілем­шелер шығарамыз. Жоспар бойынша компанияда 110 адам қызмет атқарып, жылына 200 миллион теңгенің өнімі өндірілетін болады.

Read More...


Ескерткіш орнату да есепсіз ақша жеудің көзіне айналып кеткен
19.04.2011 10:11

kabanbaiaskar azimbaev18-сәуір – Халықаралық ес­керткіштер мен тарихи орындар күні. Осыған орай кешегі аптада шымкенттік сәулетші, Қазақстан Сәулетшілер ода­ғы облыстық бөлімінің төрағасы Асқар Әзімбаевқа (суретте) жолығып, ол кісіні сөзге тарттық. Әңгімеміз Шымкенттегі бюст­­тер мен ес­керткіштер туралы өрбіді.

«Қаламызда 100-ден астам ес­керткіштер мен бюсттер бар, – дейді ол. – Бірақ олардың көпші­лігі – сәтсіз шыққан дүниелер. Себебі бүгінде ескерткіштер асығыс жасалынып, әрі саясиланып барады. Мүсін жасау – өнер. Ал өнерді басқа мақсатқа пайдалану – оған жасалған қиянат. Әри­не, елімізде мүсіндеу өнері ілге­рілеп келе жатқанын жоққа шығармаймыз. Дегенмен әр нәрсе орнымен орын­далса деген тілек бар.

Жалпы, ескерткіш орнатудың негізгі мақсаты – қаланың сәнін ашу, белгілі бір нәрсенің мәнін беру. Мәселен, бір көшеге танымал тұлғаның атын береді, ал көп адамдар ол кісінің өмірі туралы білмейді, түрін де танымайды. Ал көшеге оның ескерткішін орнатса, тұл­ғаның кім екенінен ел хабардар болады, оны жақсы тани түседі. Алайда оның екінші, образы, бейнелік жағы бар.

Read More...


Табиғатты ластағандарға аяушылық болмайды
19.04.2011 10:05

ekologiaЖасыратыны жоқ, бүгінде Шымкент көшеле­рін­де бір мезгіл жаяу жүрсеңіз, ары-бері ағылған көліктердің «құйрығынан» шыққан улы газ өңешіңді қысып, аспанға көтерілген шаң мұрныңды қабады. Әсіресе бұл кешқұрым қатты сезіледі.

Қазақстандық эколог мамандардың айтуынша, еліміздегі ең лас қалалардың қатарында Шымкент те бар. Шымкент әу баста жарты миллион адам тұратын қала деп жоспарланыпты. Ал бүгінде Шым­кентте 1 миллионға жуық адам, 100 мыңнан астам көлік, 2 мыңға жуық мекемелер мен өндіріс орындары бар.

Еліміздегі Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитеті Шу-Талас департаметіне қарасты Оңтүстік Қазақстан облысындағы бөлімінің экологияны реттеу және бақылау мамандарының берген мәліметтеріне қарағанда, Оңтүстікте табиғатты ластауды әдетке айналдырған мекемелердің, өн­діріс ошақтарының саны көп.

Read More...


Мұнайды тауысып, мұрынға саусақ тығып қалмаймыз ба?
19.04.2011 10:02

Соңғы уақытта ақпарат құралдарында Қазақстандағы мұнай компанияларының «қара алтынды» жыл өткен сайын жоспардағыдан артық өндіруді қолға алғаны жиі айтылуда. Мәселен, «Теңізшевройл» 2010 жылы 24 миллион тонна мұнай өндірсе, үстіміздегі жылы оның көлемін 36 миллион тоннаға жеткізбек. Ал «Қазмұнайгаз» компаниясы аталмыш өнімді былтырғыға қарағанда 4 пайызға артық өндірмек. 2011 жылы 22,1 миллион тоннадан астам «қара алтын» өңді­ру­ге кіріскен бұл компания алдағы кезде оның көлемін жылына 40 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Ресми Астананың алдағы жылдары Қазақстанда мұнай өндіруді 150 миллион тоннаға жеткізуді мақсат еткені айтылуда.

Read More...


Алақан жылуымен ауруыңызды сылып тастайды
19.04.2011 09:54

zaure zhusipovaЕл ішінде ерекше қасиетімен дараланған емшілер аз емес. Сондай жандардың бірі – шымкенттік Зәуре Жүсіпова (суретте). Біздің Зәуре емшімен сұхбаттасуды жоспарлағанымызға біраз болған. Бірақ алыс аудан, өзге облыстардан келіп, кезек күтіп тұрған жандарды көргенде уақытын алуға қимай, сұхбатымызды бірнеше рет кейінге қалдырғанбыз. Ақыры сәті түсіп, емшінің өзі бос уақыты барын айтып хабарласты. Әңгімеміз әріден басталды.

Анадан қонған қасиет

– Емші боламын деген ой менің үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Бірақ анам Дә­меш­тің емшілік, көріп­келдік қа­сиеті бар еді. Институтта­ оқып жүрген кезімде анам ал­дын­да­ғы құмалағына қа­рап отырып: «Сен оқу­ыңды бітіре­сің, бірақ мамандығың бойын­ша жұмыс істей алмайсың. Адамдарды ем­дейді екен­сің», – де­ді. Ол кезде жаспын ғой, анама: «Құмалақ шашып отырам ба сонда?» – деп күлдім. Ке­йін, ойлап қарасам, анамның айтқаны тура келген екен.

 

Read More...


Алма ағаштың гүліндей-ай...
19.04.2011 09:49

alma agashОңтүстіктің көктемі керемет. Дәл қазір мұнда айнала жасыл желекке бөленіп, қырдан қызғал­дақ иісі шығып тұр. Жеміс ағаштары да гүлдеп, даланың сәні кіріп қалды. Әсіресе алма ағашының гүлдері көз тартады. Бар вита­мин­­ді бойына жиған алманың гүлі де көп кеселді кетіретін қасиетке ие екенін білесіз бе?

Фитотерапевт Дина Балясова алма ағашы гүлінің қыз-келіншек­терге пайдасы зор дейді. Бұл хош иісті таңертең 10-15 минут иіс­ке­ген қыз-келіншектердің ағзасында күні бойы көңілді жүруге кө­мектесетін гормондар түзіледі екен. Яғни оның иісі сергек жүруге көмектеседі деген сөз. Ал осы гүл­дің тұнбасын бетіне сүртсе әжім тартылып, теріге әр береді.

Read More...


Сәуірде сүзбені көбірек жеңіз
19.04.2011 09:44

suzbeҚазір «жуанның жіңішкеріп, жі­ңіш­кенің үзілер» шағы. Яғни қыстан­ қысылып шыққан ағзаға көп мөлшерде витамин керек. Әйтпесе созылмалы дерттер сыр беріп, бас айналу, әл­сіздік секілді мазасыздықтар сезіле бас­тайды. Ал Сіздің әлсіздіктен құ­ты­лып, оған қоса артық салмақтан арыл­ғыңыз келе ме? Онда сүзбе жеңіз.

Сүзбені тартынбай жеуге болады, өйткені белоктан адам семір­мейді. Ал құрамында­ғы кальций әлсіздікті жеңу­ге көмектеседі. Бұл кезде құрамында белок, май, витамин, минералды тұз, әсіресе, темір тұзы бар ет ағ­за­ға аса пайдалы. Бұл ретте, әрі салмақ тастап, әрі денсаулықты да кері кетіріп алмау үшін құрамында көмір­су көп тағамдардың мөлшерін күніне 200 граммға дейін шектеп, бірінші кезекте жеңіл қорытылатын тағамдарды пайдаланған дұрыс. Мысалы, май мен сүтке иленген тәтті тоқаштарды шамалап жеу керек. Ал майсыз ет пен суға пісірілген немесе бұқтырылған балық өнімдерін шек­те­месеңіз де болады.

Read More...


Көк шайдың зиянды жағы бар ма?
19.04.2011 09:35

chaiРедакциямызға Алматы облысынан Сейіт Нұрадинов деген азамат хабарласты. Оқырман көк шайдың зиянды жағы бар ма деп сұрайды. Қазіргідей күн ысып ке­ле жатқан шақта қан қы­сы­­мы, ас қорытпау сынды жай­лар мазалайтын азаматтар көбіне көк шай іше­ді. Оның қан айналымын рет­теп, асты сіңіретін, шөл қандыратын қасиеті бар екені мәлім. Ал көп ішу қан қысымын түсіріп жібермей ме? Оқырман осыны білгісі келеді.

Табиғатта қай нәрсенің болса да өз мөлшерімен болғаны жақсы. Сол сияқты көк шайды да денсаулық жағдайына байланысты орнымен ішкен жөн. Өйтпесе аса пайдалы деген көк шайдың да кері әсер етуі мүмкін. Мысалы, көк шайдың құрамында зат алмасу процесінің бұзылуына себепкер болатын улы несепнәр түзетін пуриндер де көп мөлшерде кездеседі. Сол себепті буындарына тұз жиналған адамдарға көк шайдың пайдасынан гөрі зияны көбірек. Арнайы зерттеу кезінде буын ауруларымен ауыратын адамдардың көпшілігі көк шай ішуді тоқтатқаннан кейін жағдайларының анағұрлым жақсарғаны байқалған.

Read More...


Денім сау болсын десең төмендегі кеңестерді кәдеге асыр
19.04.2011 09:21

kaldarovЖетпістің екі жылын артқа тастаса да ширақ, әрқашан белсенді, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін терапевт-дәрігер Қалжан Қалдаров (суретте) салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың бірі. Оның дұрыс тамақтану, денсаулықты күту жайлы кеңестері бұдан бұрын да жарияланған. Бұл жолы дәрігердің жас буынға арнаған кеңестерін ұсынып отырмыз. «Егер ата-аналар балаларына осында айтылған шараларды орындауына ықпал етсе, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болар еді деген ойдамын», – дейді дәрігер.

1. Бөлмеге таза aya молынан кірсін, күннің сәу­лесі (шуағы) түсіп тұрсын. Сау болу үшін таза aya, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.

2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, арқаңды күнде салқын­ сумен жуып тұр. Де­неңді әрдайым таза ұста.

Read More...



Дүйсенбі 18 Сәуір 2011

Аюбековке қатысты үкім күшінде қала ма?
18.04.2011 18:02

aiybekovsudya2010 жылдың 10-қазанында Қаржы полициясының қызметкерлері Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстық өңіраралық жер инспекциясының бастығы Бағдат Аюбековті (суретте) 10 мың доллар пара алды деген күдікпен тұтқындағаны белгілі. Ал 2011 жылдың 15-ақпанында оған қатысты сот үкімі шығып, Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Райымхан Заппаров (суретте) Б. Аюбековті 5 жыл­­ға бас бос­тан­дығынан айырып, дүние-мүл­кін тәркілеу жазасына кескен еді. Дегенмен сол жолы үкімге екі жақтың да көңілі толмай тарқас­қан. Кейіннен Б. Аюбековтің қорғаушылары істің ақ-қарасын ажырату үшін облыстық соттың апелляция­лық алқасына шағым түсірген болатын.

Read More...


Түркістандық жігіттер Ауғанстанда әуежай салып жатыр
18.04.2011 17:58

auejaiБүгінде нәпақа табу мақсатында шет ел асып жұмыс істеп жүрген жандар аз емес. Қазір Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Португалия сияқты дамыған мемлекеттер тұрмақ, халқының әл-ауқаты төмен саналатын Ауғанстанға да барып жұмыс істеп жүрген отандастарымыз бар.

Кезінде Қазақстанның оңтүстігіне Ау­ғанстан мемлекетінен қоныс аударған Бейбіт, Рахым, Тілеухан, Қошқарбек, та­ғы басқа сегіз жігіттің сол елдің Баграм уә­лаятына барып, ондағы үлкен әуежай құ­рылысында істеп жүргендеріне екі жылдың жүзі болды. 2006 жылдары Алматыда түркиялық үлкен құрылыс компаниясында жұмыс істеген олар басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болған. Әлемнің бірнеше мемлекеттерінде ірі құрылыс нысандары бар бұл компания Баграмдағы әуежайды күрделі жөндеуден өткізуді қолға алған екен.

Read More...


Асқазан қыжылы, аяқ-қол ісуі, іштің қатуы...
18.04.2011 17:27

juktilikЖүктілік кезінде қалай күтінген жөн?

Бүгінде елімізде адам денсаулығына, әсіресе ана мен бала денсаулығына аса мән берілетіні белгілі. Ал ананың да, сәбидің де денсаулығы мықты болуы үшін оларға қандай күтім керек? Біз бүгін газет оқырмандарына осы жөнінде айта кетуді жөн көрдік.

Біріншіден, отбасында қыз балаға бо­лашақ ана ретінде баса көңіл бөлу қа­жет. Дене күтіміне, бой түзеуіне, тіпті жы­ныс қатынасына қатысты тәрбие де отбасынан басталғаны жөн. Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы ұсынған «Қа­уіпсіз ана болу» бағдарламасының оң нә­тиже беріп отырғанын бүгінде мамандар бөле-жара айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен ғасырдың сексенінші жылдары қолға алғанымен, атал­мыш бағдарлама Қазақстанға кеш келді.

Read More...


Ауырмаудың амалы
18.04.2011 12:58

Мамандар төмендегі кеңес­терді мүлтіксіз орындаған адамның дені сау болып, ұзақ жа­сайтынын айтады. Ендеше Сіз де пайдаңызға асырып көріңіз.

* Әр күнді таңертең бір стакан су ішуден бастап, кешке дейін 2-2,5 литр су ішуге тырысыңыз.

* Мүмкіндігінше жеміс-жидектер мен көкөністерді көп жеп тұрыңыз.

* Сүт өнімдерін көбірек пайдаланыңыз. Балалар сүтті, ересек­тер айранды көп ішуі керек.

* Күз бен көктем айларында міндетті түрде шипалы шөп шай­ларды ішіп отырған пайдалы.

Read More...


"Жатыр миомасы қырықтан асқан әйелдерде жиі кездеседі", - дейді гинеколог Бибігүл Пірниязова
18.04.2011 12:36

bibigul pirniazovaБүгінде әйелдер арасында жатыр миомасы дерті көбейіп барады. Ауруды дер кезінде емдемесе миома үлкейіп, оның соңы жатырды алып тастауға соқтырып жатады. Бұл ауру неден пайда болады? Одан операциясыз айығуға бола ма? Редакцияның байланыс желісіне хабарласқан оқырмандардың бұл сұрақтарын біз Шымкенттегі №2 қалалық емхананың акушер-гинекологы Бибігүл Пірниязоваға (суретте) қойған болатынбыз.

– Миома – бұл жатырдың бұл­шықетінде пайда болатын без. Бү­гінде ол жасы қырықтан асқан әйелдердің әрбір үшіншісінде кез­деседі. Көп жағдайда ол білінбей, ауру-сырқаусыз өсетіндіктен гинекологиялық тексеру кезінде ғана анықталады.

Миома қатерсіз ісік түріне жата­ды. Оның жатыр бұлшықетінің арасында өсетін интерстициалды және түйінді түрлері бар. Түйінді түрі сыр­тына қарай немесе жатыр қуы­сына қарай өсуі мүмкін. Кейде олардың аяқтары да бо­лады. Дегенмен бізде интерсти­циалды миоманың көп кездесетінін айта кетке­нім жөн шығар. Ол бездің жатыр қабырғасына жа­бысып өсетін түрі. Үлкейе келе бұл без жатыр формасын өзгертіп жі­береді. Әйелдің етеккірі тоқтаған кезде жатыр миомасы да өсуін тоқтатуы мүмкін.

Read More...


"Батыр" ботқасы ерлерге ерен күш береді
18.04.2011 12:29

bidaiАлматылық профессор Елена­ Витовская соңғы жылдары ерлер мен әйелдердің денсаулығына аса пайдалы азық түрлерін шығарумен айналысуда. Оның ойлап тап­қан өнімдері адам ағзасына өте пай­далы, оған физикалық қана емес, рухани да күш-қуат сыйлайды, өмірін ұзартады. Әзірге бұл өнімдер жұрт­шылыққа аса таныс емес, Е.Витовская оларды шығаруды өндірістік жолға қоюды ойластыруда. Әрине, оған қаржылай демеуші керек.

Профессор Витовскаяның ер­лерге арнап шығарған емдік тағам түрі «Батыр» деп аталады.­ Ол ағзаға көптеген пайдалы зат­тарды береді, қан құрамын жақ­сартады. Оған құрамына цинк мол кездесетін асқабақ дәні қосылған. Ботқадан бөлек одан нан да пісіруге болады.

Е.Витовская зерттеу нәтиже­лері бойынша қазіргі жоғары сұрыпты ұннан пісірілген ақ нан денсаулыққа зиян деген қо­рытындыға келген. Ол адамды тәтті, оны адам сүйсініп жейді, бірақ оның ағзаға зияны көп. Мұндай нан қант диабетіне, ал­лергияға, семіздікке ұрындыруы әбден мүмкін екен.

Read More...


Қызымды қояншықтан құтқарған жан
18.04.2011 12:23

sudorogiБұл мақаламызды біз оқырманға алғыс айтудан бастасақ деп отырмыз. Әсіресе көмекке мұқтаж жандарға, дендеген дертінен айығуға көмектесетін жан іздеген хат иелеріне қолынан келгенше жәрдем беруге, септігін тигізуге тырысқан тұрақты оқырмандарымызға айтар алғысымыз мол. Олардың ішінде шымкенттік Науша Алтаева мен Ақжігіт Төрехановты, қызылордалық Гүлбарам Ыдырысованы, Темір­таудан хабарласқан Берік Иманғалиевты ерекше атауға болады.

Ақпан айында біз газетімізде «Балама көмектесер адам бар ма?» деген хатты жариялаған болатынбыз. Онда ордабасылық Жұмахан Омаровтың эпилепсия дертіне шалдыққан ұлы­на жәрдем беретін адам іздейтіні жайлы жазылған еді. Жоғарыда атал­ған азаматтар бұл хатқа бей-жай қарай алмапты. Олар бізге хабарласып, Ж.Омаровқа көмегі тиеді-ау деп өздері білетін, танитын, шипасын көрген дәрігер­лер мен емшілер жайлы айтып жатты. Ал ке­ше­гі аптада Орал қаласынан Мәрия Насырова деген оқырман қоңырау шалды.

Read More...


Төсек тартып жатқан науқасты қалай күту керек?
18.04.2011 12:07

naukasТөсек тартып жатқан науқасқа ерекше күтім керек екенін бәріміз білеміз. Дегенмен оның да өзіндік ереже-тәртібі бар екенін ескере бермейміз. Бұл кездегі болмашы қателік науқастың жағдайы бұрынғыдан да нашарлауына соқтыруы мүмкін екен. Ендеше төмендегі жайды жадыңызға түйе жүріңіз.

Тез жаурағыш болады
* Адам ұзақ уақыт бойы төсекте жатқан кезде оның ағзасы әлсірейді. Сонымен бірге ауа еркін жетпеген жер­­лер­де ойық жаралар мен инфекция пайда болуы мүм­кін. Сондықтан төсекте жат­­қан адамның гигиеналық тазалығына ерекше көңіл бөлген дұрыс.

* Бір орында ұзақ уақыт қимылсыз жатқан адам жаурағыш келеді. Бөлмені жел­детіп, киімі мен төсек жабдықтарын ауыстырғанның өзінде оның жаурап қалуы мүмкін. Сондықтан науқастың үстіне жұқа жамылғы жауып қойған жөн.

Read More...


Өттегі тастан құтылудың жолы бар
18.04.2011 11:21

ottegi tasӘлемдегі әрбір бесінші адам ба­уыр мен өт жолдары ауруларынан зардап­ шегеді екен. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маманда­рының дерегі. Шынында да, өтіне тас байлан­ған жандарды бүгінде жиі кез­дес­­тіруге болады. Тіпті кейбіреулер­дің өтін алдырып тастағанын естіп жатамыз. Ал ол өттегі тастан опера­циясыз айы­ғуға бола ма? Операция жасатқан жағдайда науқас қалай күтіну керек? Өтте тас жиналмас үшін не істеу­ге болады? Біз осы сұрақ­тардың жа­уа­­бын іздеп көрген едік.

Негізі өт жолдарындағы тас ағзадағы зат алмасуының бұзылуынан пай­да болады. Ал оған семіздік, дұрыс тамақ­тан­бау, майлы тағамдарды көп қолдану, аз қимылдау, қант диабеті мен вирустық гепатит және ас­қазан, ішек аурулары себеп болып жатады. Со­ның салдарынан өттің қозғалу қыз­меті нашар­лап, онда біртіндеп тас түзіле бастайды. Ондай тастар ұзақ жылдар бойы еш­қандай белгі бермей жата беруі мүмкін. Науқас өт жо­лын­да тас бар екенін ауырсыну белгілері білін­генде бір-ақ біледі. Осы жерде бұл ауруды ер­терек анықтауға бола ма деген сұрақ туындайды. Егер:

Read More...


Көп әйел алу: ол пайдалы ма, зиян ба?
18.04.2011 11:13

(Жалғасы. Басы өткен нөмірлерде).

САЗҒА ОТЫРҒЫЗАТЫН ТОҚАЛДАР КӨП
Тоқал алып, басы бітпес дау­­ға қалып жүргендердің ба­рын да айта кету керек. Бұл әсі­ресе әйелі қайтыс болып, ор­та жастан асқанда келін-ба­лаға сөзі өтпей, жетімсіреп қа­латын ел ағасы жасындағы аза­маттардың басынан жиі өтетін жағдай. Екінші рет үй­леніп, жас тоқал алғанға мәз болған сондай ағаларымыздың біразы сазға отырып қалғанын кеш білгені бар. Бүкіл табысы мен үй-мүлкіне, мал-жа­йына ор­тақтасып алған кей­бір пысық тоқалдар дүние­ні бө­ліске салып, бір-ақ күнде тайып тұрғанын естіп, көріп жүрміз.
Read More...


Бауырыңызды шлак басып қалған жоқ па?
18.04.2011 11:07

liverКүн сайын біздің ағзамызға тамақпен бірге көптеген улы заттар түседі. Оны ба­уыр сүзгіштен өткізіп, тазалап тұрады. Яғни бауырды біздің ағзамыздың сүзгіші десек жарасады. Егер ол қызметін дұрыс атқармаса ағзада түрлі қалдықтар жиналып қалар еді. Оған жол бермеу үшін бауырды жиі-жиі тазартып тұру маңызды.

Бауырды қай кезде тазарту керек? Онда қалдық жиналып қалған жоқ па? Мұны білгіңіз келсе төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

Read More...


"Біркөлікте" құздан құлаған
18.04.2011 10:31

Өткен жексенбіде Төлеби ауданындағы «Біркөлік» шатқалында болған оқиға бір отбасын қайғыға душар етті. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Құралай Тоқтарбекқызының айтуынша, оқиға былай болған.

10-сәуірде шымкенттік бір топ адам табиғат аясында демалуды ұйғарыпты. Осы күні 15 адамнан тұратын топ мүшелері кешке тау басына шығып бара жатқанда, неге екені белгісіз, екі әйел олардан бөлініп қал­ған. Ал өзгелер оларды байқамай, ілгері кете берген тәрізді. Саяхатшылар әлден соң бір жерге барып аялдағанда ара­ла­рындағы екі адамның жоқ екенін байқап, олармен ха­бар­­ла­суға тырысады. Бірақ оның сәті түспеген. Содан соң сая­хатшылар төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметіне хабарласқан.

Read More...


Радиацияның адам ағзасына әсері қандай?
18.04.2011 10:22

radiacia-2Қазіргі уақытта дүние жү­зін радиацияға байланыс­ты үрей жайлаған. Жапония­дағы атом электр станция­ла­­рындағы апат салдарынан радиоактивті тозаң АҚШ, Ресей, Қытай жерлеріне тү­сіп жатыр. Ол желмен, жаң­быр­мен жете­ді. Құдай бетін аулақ ет­сін, ондай тозаң Қазақстанға жетпейтінін Қор­­шаған ортаны қорғау ми­нис­трі мен «Қазгидромет» меке­месінің директоры айтып отыр.

Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір ке­дергісіз ене береді. Ал одан қор­ға­ныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғы­лым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәуле­лен­генін сез­бейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процес­тер өзге­реді. Оның соңы ағ­заның тұ­тастай жүйесі бұзылуына, іш­кі органдардың іс­тен шыға бастауына апарып соғады.

Read More...


Жоғарғы Соттың алты бірдей судьясы сотталуы мүмкін
18.04.2011 10:17

Кешегі бейсенбі, 14-сәуір күні Парламент Сенатында Жо­ғарғы Соттың алты бірдей судьясын қызметтерінен босату жөніндегі мәселе қаралды. Оларға жүздеген мың доллар пара алған деген күдік кел­ті­ріліп отыр.

Сенаттың жедел өткізілген отырысында Жоғарғы Соттың судьялары – Алмаз Тәшено­ва­ның, Марлен Қамназаровтың, Мәрзия Балтабайдың, Бақытжан Жақыповтың, Мақсұт Әбілқайырдың және Сайлаубек Жәкішевтің үстінен Қаржы полициясының біраздан бері тексеру жүргізіп келгені, олардың көп нәрсеге көз жеткізгені туралы хабарланды, Бас Прокуратура тарапынан қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде айтылды. Қаржы полициясы тексеру нәтижелерін Мемлекет басшысына өткізіп, оған аталған азаматтарды қызметтері­нен босату жөнінде ұсыныс жасаған. Материалдармен танысып шыққан Елбасы Конституция талаптары бойынша Сенатқа Жоғарғы Соттың бұл алты бірдей судьясын қызмет­терінен босатуды ұсынған.

Read More...


Жаны ізгі, абзал аға еді...
18.04.2011 10:13

turganbekЕл ішінде газетіміздің жана­шыр­лары көп. Олар штаттан тыс тілші ретінде ауылдың тыныс-тір­шілігі жөнінде ақпараттар беріп отырады. Сондай азаматтың бірі Бәй­дібек ауданындағы Шалдар ауылының тұрғыны Тұрғанбек Бердәлиев қария еді. Ол кісі газетке мақала жазып қана қоймай, «Замана» Баспа үйі шығаратын газеттердің барлығын ауылдастарына насихаттап жүретін.

Тұрғанбек қария осыдан бір апта бұрын ғана редакциямызға келген. Сол кезде әлі талай жазатын нәрселері бар екенін, олардың барлығын қағазға түсіріп алып келетінін айтып кеткен еді. Амал не, үлкенге де, кішіге де сен деп сөйлемейтін кішіпейіл, елгезек жан енді ортамызда жоқ. Т.Бердәлиев 72 жасқа толған шағында дү­ниеден өтті. Тұрғанбек ағаның жарқын бейнесін артында қалған ұл-қыздары мен немерелері әрдайым есте сақтайтын болады. Біз, «Замана» газеті ұжымы атынан жаны ізгі, абзал қария Тұрғанбек Бердәлиевтің дүниеден өтуіне байланысты ол кісінің отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Read More...


Үкіметте жаңа министрлер бар
18.04.2011 10:10

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен бірқатар министрліктер мен бас­қа да құрылымдарға жаңа басшылар тағайындалды. Атап айтқанда, олар мына азаматтар:

Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметті бұған дейін Сыртқы істер министрі лауазымымен қоса атқарып келгені белгілі.

Сыртқы істер министрі қызметін Ержан Қазыханов атқаратын болды. Ержан Хозеұлы Қазыхановтың жасы 46-да. Мамандығы бойынша шығыстанушы-тарихшы.

ҚР Ішкі істер министрі болып Қалмұханбет Қа­сымов тағайындалды. Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасының бастығы болып келді.

Read More...


"Енденге жылулық орнату" деген сөз бола ма?
18.04.2011 10:05

endenШымкент – елі­міздегі қандас­та­рымыз ең көп шо­ғырланған қа­ла. Де­генмен мұн­­дағы мем­ле­кеттік тілді қолдау кереметтей жоғары деңгейде емес. Оны осы қа­ланың көше­ле­рін­де жүрсеңіз кө­ре­сіз, сезінесіз.

Мысалы, Шымкенттегі Республика даң­ғылының бойы қала орталығы саналады. Сондай жүргіншілер көп жүретін жер­лердің бірі – «Гүлжан» сауда үйінің тұсы. Сол сауда үйі орналасқан ғимараттың бір жағында «Сана» деген дүкен бар. Жуырда аталмыш дүкеннің алдынан өтіп бара жатып оның есігіндегі жазуға көзіміз түсті. Онда «Енденге жылулық орнату» деп жазылыпты. Негізі ол «Еденге жылы­ту жүйесін орнату» деп жа­зылуы керек сияқты.

Ол жарнаманы беріп отырған мекемеде де қазақтар бар шығар. Солар бұл қатесі үшін ұялса қайтеді, шіркін?

Read More...


Олар орындарында қалды
18.04.2011 09:59

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың 8-сә­уірдегі Жарлығымен Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалғаны белгілі. Ал кешегі дүй­сенбіде Елбасы Жарлығымен Өмірзақ Шөкеев те бұрынғы лауазымына, яғни Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне қайта кірісті. Сондай-ақ Премьер-министр­дің орынбасары Ербол Орынбаев пен Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов те өздерінің бұ­рынғы қызметтерін жалғастыра беретін болды.

Read More...


Асқар Мырзахметов - бұрынғы қызметінде
18.04.2011 09:53

askarКешегі аптаның сәр­сенбі күні Премьер-министр Кәрім Мәсімов Шым­­кентке келді. Ол кезектен тыс өткізілген об­лыс­тық мәслихат сессия­сында жұртшылыққа Пре­­зидент Жарлығымен Оңтүс­тік Қазақстан облысының әкімі қыз­ме­тіне Асқар Мырзах­ме­товтің қайта тағайын­дал­ғаны туралы мәлім етті.

49 жастағы Асқар Мыр­захметов Оңтүстік Қазақстан облысын 2009-жылдың наурыз айынан бері басқарып келеді.




Алматы облысының әкімі ауысты
18.04.2011 09:51

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Серік Әбі­кенұлы Үмбетов Пре­зиденттің іс бас­қа­ру­шысы қызметіне тағайындалды. Ал ол кісі осыған дейін атқарып келген Алматы облысының әкімі қызметіне Анзар Мұсаханов кірісті. Анзар Тұр­сынханұлы Мұ­саханов осыған дейін аталған облыс әкімінің орын­басары болып келген.

Еліміздің қалған ау­мақ басшылары (Астана мен Алматы қалаларын қосқанда) өздерінің бұ­рынғы қызметтерін одан әрі жалғастыра беретін бол­ды.




Қайрат Мәми - Сенат Төрағасы
18.04.2011 09:47

kairat mamiБіріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімінің Бас директоры болып тағайындалуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы қызметінен босатылды.

Кешегі жұма, 15-сәуірде Сенаттың жалпы отырысында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысымен ҚР Парламенті Сенатының төрағасы болып Қайрат Мәми бір ауыздан сайланды. Қ. Мәми бұған дейін республиканың Бас прокуроры қызметін атқарып келген. Ол 1954 жылдың 9-мамырында туылған, заң ғылымдарының докторы.

Ал республиканың Бас прокуроры болып Асхат Дауылбаев тағайындалды. Ол бұған дейін Бас прокурордың орынбасары болып қызмет істеген.

Read More...


Облыс әкімінің үйін су алып кетті
18.04.2011 09:32

Орал өңірінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше өзен арнасынан асып, тұрғындарды әбіржітіп жатыр. Әсіресе Орал қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекендерде жағдай аса күрделі. Өткен жұмаға дейінгі мәліметтер бойынша, онда 1100 үй, 2000-ға жуық саяжайлар, 1 балабақша мен 14 қосалқы электр станциялары, 20 мың гектарға жуық күздік бидай егістігі су астында қалған. Көптеген көліктер суда жатыр, Оралдағы элиталық саналатын «Самал» мөлтекауданы, кооперативтік гараждар адам бара алмайтындай күйде. Қаладағы Президент резиденциясы, сондай-ақ облыс әкімінің үйі суда қалды. Облыс әкімі қазір қонақүйде тұрып жатыр екен. Қала мен оның төңірегінен үй-жайын су басқан алты мыңдай адам көшірілді.

Read More...



Сәрсенбі 13 Сәуір 2011

Нәпақасын қоқыс ішінен іздеп жүргендер де көп
13.04.2011 10:37

kokiskokis-2Бүгінде Шымкенттегі бұрынғы фосфор және шина зауыттарының төңірегі көптеген адамдардың нәпақасын табатын жұмыс орнына айналғаны белгілі. Тіпті ол жерлерде адам өлімі де жиі болып тұрады. Бірақ соның барлығының ажалы сол жерде жетіп тұр деп немқұрайдылыққа саламыз да, оны тиісті орындарда тіркетуді қажет санамайтынымыз да жасырын емес. Бүгінде адамдар болашақ ұрпақ қамын емес, балаларына бүгін нанды қалай тауып беруді ойлайтын жағдайға жетті, зауыттардан шығып жатқан қоқыстардың адам өміріне зиян екені де ешкімнің қаперіне кірмейді.

Шина зауытының қасындағы қоқыс тасталған алаңқайда ерлі-зайыпты кісілер үй салудың қамымен тас теріп жүр екен.

Read More...


Президент лентасын қиған зауыт көптен бері жұмыс істемей тұр
13.04.2011 10:31

zavodӨткен жылдың сәуір айында «Заманада» «Азия-керамик» Президентті алдаған ба?» деген тақырыпта мақала жарық көр­ген болатын. Онда содан аз ғана уақыт бұрын Елбасы лентасын қиған зауыт жұмысы тоқтап тұрғанын айтқан шымкенттік Оң­ғар Кенжаев пен бұл сөздер шындыққа жанаспайды деген зауыттың сол кездегі директоры Шағала Рахымжанованың сөз­дері берілген. Содан бері де арада бір жыл өтті. Ел ішінде Президент ашқан зауыт­тың жұмысы мүлде тоқтап қал­ды деген сөздер жиі айтыла бас­тады. Тіпті редакцияға хабарласқан Нұржан есімді азамат: «Бұл зауыттың салық пен коммуналдық қызмет ақысына 500 миллион теңге қарызы бар. Банк зауыттың есеп-шотын «арест­ке» қойған. Ал оған инвестор болған түріктер ақшаның барлығын алып елдеріне ке­тіп қалыпты. Жұмысшылар өткен жылдың қараша айынан бастап жұмысқа шыққан жоқ. Тек биылғы қаңтарда ғана бір ай жұмыс істеді», – дегенді айт­ты. Біз бұл сөздердің қаншалықты рас-өтірігін білу үшін аталған зауытқа бардық.

Read More...


Халық көк түтіннің ішінде отыр. Егер олар әкімдерді сотқа берсе, жеңіп шығуы мүмкін
13.04.2011 10:15

abdigani atimtaevДәл қазір аула-көшелерде тазалық жұ­мыс­тары жүріп жатқан кез. Бұл табиғат-анаға жанашырлықпен қарағанымыздың белгісі екені сөзсіз. Десек те бүгінде өңірі­міз­де экологиялық мәселелер жетерлік. Осыған орай кешегі аптада Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитеті Шу-Талас департа­ментінің Оң­түстік Қазақстан облысындағы бөлімінің директоры Әбдіғани Атымтаевқа (суретте) жолығып, сұхбаттасқан едік.

«Оңтүстік Қазақстан облы­сын­да 2600-дей мекеме бар, – дейді ол. – Соның өзі төрт топ­қа бөлінеді. Бірінші санаттағылар зауыт-фабрикалар, өндіріс ошақтары болып табылады. Осы­лардың жұмыстарын реттеп, бақылау жасап отырамыз. Ал екінші, үшінші, төртінші санат­тағы­ларды жергілікті атқару органдары, әкімшіліктер рет­тей­ді, біз тек бақылаймыз.

Жалпы, жылда бір рет жос­пар­лы түрде тексеру болады. Был­тыр облысымызда табиғатты ластаған мекемелердің 477-сі­не ескерту беріп, 779-ына әкім­ші­лік айыппұл салдық (88 миллион 810 мың теңге), табиғатқа залал келтіргені үшін 125 меке­ме­ден 220 миллион теңге өн­дірдік. Осыған қарап-ақ бізде эко­логия мәселесіне адамдар оң көзбен қарамайтынын аңғаруға болады.

Read More...


Талай жан денсаулығын тегін тексертіп алды
13.04.2011 10:11

densaulikЖыл сайын 7-сәуірді дүние жүзінің халқы «Денсаулық күні» ретінде кеңі­нен атап өтеді. Бұл дәс­түр биыл да өз жал­ғасын тапты. Дәл осы күні Оңтүстік Қа­зақстан облыстық са­лауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйыт­қы болуымен Шым­кент­тің «Қиял әлемі» және Абай атындағы саябағында қала тұрғындары мен қонақтарына тегін медициналық көмек көрсетілді. Іс-шара барысында әр адам өзін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды. Айта кету керек, «Денсаулық күні» облыста жыл сайын аталып өткенімен, бұрын мұндай іс-шара ешқашан ұйымдастырылмаған болатын.

Бұл күні таңертеңгі сағат 11-лерде біз де «Қиял әлемі» саябағында болып қайттық. Қаладағы 20 медициналық мекемеден келген дәрігерлер қызу іске кірісіп те кетіпті. Кіре берісте келушілерге түрлі оқу-әдістемелік материалдар үлестіріліп жатыр. Одан ары өткенімізде екі жаққа теңдей бөлініп, қаз-қатар тізіліп отырған дәрігерлер көзге шалынды.

Read More...


Балалар құқын қорғайтын департамент не бітіріп жүр?
13.04.2011 10:01

rahimaГазетіміздің 4-сәуір күні жарық көрген нөмірінде «Әріп танымайтын бала» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда 13 жастағы Абзал деген баланың мектеп бетін көрмегені, отбасын қайыр-садақамен асырап жүргені жазылған. Ал жалпы облысымызда осындай қанша бала бар?

Біз осы және өзге де сауалдар бойынша облыстық балалар құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Рахима Зұлпыхаровамен сұхбаттас­қан едік.

– Облысымызда мектепке бармай жүрген балалар саны қанша?

– Былтыр облысымызда мектепке бармаған балалардың саны 23 болатын. Бұдан хабардар болған біз осы істі қадағалап, 12 баланың мектепке баруына септігімізді тигіздік. Ал қалған 11 бала қылмыс жасап, полициядан қашып жүргендер болып шыққан. Сондықтан олардың мәселесінің қай тұрғыда шешілуі құзырлы органның қолында.

Read More...


"Қарқынның" қарқыны күшті. Оның өнімдері енді республикаға таралуы мүмкін
13.04.2011 09:34

karkinҚазығұрт ау­данында бір­неше бизнес-жобалар іс­ке асы­ры­лу­да. Соның бірі – Қақпақ ауылындағы «Қарқын – 2030» жа­уап­кершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы. Ашылғанына енді ғана екі жыл болған бұл кәсіпорынның бе­рері мол. Тіпті Елбасы Н.Назарбаевтың өзі арнайы келген сапарында оның «Қарқын» деген атауы­на көңілі толып, жұмысына сәттілік тілеген.

Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және кә­сіпкерлік бөлімінің бастығы Бақберген Әбеновтың айтуынша, серіктестік өткен жылы 155 гектар суармалы жерге құлпынай, пияз, жүгері, редиска, қырыққа­бат, дарбыз, сәбіз, картоп егіп, одан 1027 тонна өнім алыпты. Сондай-ақ 2010-шы жылдың мамыр айында мал сою бекетін іске қосқан. Бұл серіктестік 600-ге жуық қара мал, 6 мың күркетауықты бордақы­лаумен айналысады.

Read More...



Сейсенбі 12 Сәуір 2011

Жарытымды жалақы - Созақ жақта
12.04.2011 16:48

Таяуда Қазақстанның түрлі аумақтарындағы айлық жала­қы мөл­шері туралы мәліметтер жарияланды. Онда биылғы жыл басындағы, яғни қаңтар айындағы көрсеткіштер қамтылған. Бұл тізімде Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақы мөлшері 77 мың 464 теңге деп көрсетілген, ең төменгі көрсеткіш – 33,1 мың, ең жоғарғысы 158,6 мың тең­гені құрайды. Атап айтқанда, ең төменгі айлық жалақы ауыл шаруашылы­ғы, орман және балық шаруашылығы сала­сы еңбеккерлеріне, ал ең жоғарғысы қаржылық және сақтандыру саласы қызмет­керлеріне тиесілі екен. Бұлардан бөлек, қомақты айлық жалақыны тау-кен өндірісі мен кеніштерді жобалау-игеру саласында­ғылар (142,9 мың теңге), кәсіптік, ғылыми және техникалық салаларда еңбек ететіндер (146,9 мың теңге) алады.

Read More...


Зеравшан аршасы, Сивера алмасы, Піскем жуасы... "Сайрам - Өгемде" сайрандауға Германиядан келетіндер де бар
12.04.2011 16:39

sairam-ogemkenbaevКөктемнің екінші айы – сәуірде көптеген адамдар таудың таза ауасын жұтып, ерекше бір демалу үшін Тянь-Шаньның сілемдері – Қаржан­тау, Өгем, Қазығұрт және Қасқасу сынды тау бөктерлеріне «маевкаға» шыға бастайды. Бүгінде бұл таулардың кейбір көрікті жерлері «Сайрам – Өгем ұлттық табиғи паркіне» қарайды. Ел ішінде ондағы сирек кездесетін аң-құстар мен өсімдіктерді тамашалауға немесе аң аулауға баратын әуесқойлар да баршылық. Ондай жандарға ұлттық парк тарапынан түрлі қызметтер де көрсетіледі. Біз кешегі аптада аталмыш парктің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығы Талғат Кенбаевты (суретте) әңгімеге тарттық.

«Біздің ұлттық парктің аумағында көрікті жерлер көп, – дейді ол. – Бұл жа­ғынан ұлттық паркіміз Қазақстанда алғашқы орындардың бірін алады. Бізде тек көрікті жерлер ғана емес, сирек кез­десетін бағалы өсімдіктер де, аң-құстар да көп.

Read More...


"Тука" сияқты болғысы келеді
12.04.2011 16:33

darhanБүгінде базарларда барлық әзіл-сықақ театрлардың қойылымдары дискіге жазылып сатылып жатыр. Тек арасында «Алдараспан» театрының жаңа қойылымы ғана кездес­пейді. Соған байланысты «Алдараспанға» не болды деп жүргендер де жоқ емес. Әсіресе бұған Нұржан Тө­лендиевтің өнерін бағалайтын алыстағы ауыл тұрындары қатты алаңдаулы. Мақтаарал ауданының Атакент ауылынан келген мына хат соның дәлелі болса керек.

«Атакенттегі «Мақтаарал» жалпы орта мектебінің 5 «Б» сынып оқушысы Зұлпан Дархан есімді 10 жасар баланың (суретте) белгілі сатира әртісі Нұржан Төлендиевке деген қызығушылығы елден ерекше, – деп жазады хат авторы З.Құрал. – Дархан жас болса да Нұржанның барлық іс-қимылын айнытпай қайталап көрсеткенде таң қалдырады.

Read More...


Қазақстанға қару-жарақ қайдан келіп жатыр?
12.04.2011 16:29

Соңғы жылдары ел ішінде атыс-шабыс оқиғалары жиілеп кетті. Мұның өзі тұрғындарда қару-жарақтың көп екенін білдіреді. Жұрттың қолында қанша заңсыз қару бар екені беймәлім. Десек те Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінен алған мына мәліметтердің өзі ойландырады.

Мәселен, облыстағы полиция қызметкерлері 2010 жылы тұрғындардан 594 заңсыз қару тәркілеген. Ал 2011 жылы күдіктілерден 139 заңсыз қару табылған. Бұлар жұрттың қолына қайдан түскен? Қылмыс әлемінің астыртын қару сататын жүйесі бар ма? Біз осы сауалға жауап іздеп Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Серік Шалқа­ровқа жолыққан едік.

Read More...


Өмір бойы емделетіндер жататын мекеме
12.04.2011 10:03

mugedekter-1Көктем кезінде жүйкесінде ауытқушылығы бар адамдардың аурулары қозатындықтан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырау қаупі туындауы мүмкін. Жалпы, ақыл-есі кем, мемлекет тарапынан ұдайы көмекті қа­жет ететін науқас адамдар кез-келген елде бар. Шымкентте де сондай жандарға арналған арнайы мекемелер жұмыс істейді. Өткен аптада біз солардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облыстық №2 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

Олигофрения, шизофрения, Даун ауруы...

Есік аузындағы күзетшіден рұқсат ал­ған соң ішке ендік. Аумағы атшаптырым ке­летін кең аулада көп адам жүр. Бір­нешеуі топырлап орындықтарға жайғасып алса, енді біреулері тура сая­бақ­та­ғы­­дай бір-бірімен қол ұстасып серуендеп жүр. Жападан-жалғыз, сос­тиып, өзі­мен-өзі тұрғандар да бар.

Read More...


Жауқазын жырлы жеткіншек
12.04.2011 09:50

talant«Қазақпын мен, пір тұтамын тілімді,

Қара нар боп көтеремін жүгіңді.

«Қазағым» деп қарс айрылған жүрегі,

Бала Жамбыл мен боламын бүгінгі!» – деп жыр толғап, өлең өлкесіне емін-еркін еніп келе жатқан жеткіншек, Алматы қаласында тұратын жас өрімтал өрен Жамбыл Дүйсенов дүйім жұртты өзінің жауқазын жырларымен әп-сәтте баурап алды. Биыл мектептің үшінші сыныбында оқитын бала ақын осы уақытқа дейін Алматы мен Астанада екі бірдей шығармашылық кешін өткізіп үлгерді.

Read More...


Тарақандар қайда кетті?
12.04.2011 09:44

tarakandarСоңғы жылдары тарақан­дар­дың кей жерлерде түгелімен жоғалып, кей жерлерде тым аза­йып кет­кені белгілі. Тіпті кезін­де олардан әб­ден зәрезап бол­ғандарды да тарақандардың азайғаны бүгінде толғандырып жүр. Бұл жағ­дай егеуқұйрық­тар­дың батып бара жатқан кемеден қаш­қанын көзге елесте­теді. Ал егде адамдар өткен ғасырдың 30-шы жылдары тарақандардың жаппай қаптап кеткенін әлі де ұмыта қоймаса керек.

Сонымен, аты да, заты да жаман, жиіркенішті бұл жәндіктер қайда және не себепті жоғалып кетті екен? Бұл сұраққа жауап бе­ретін бірнеше болжам бар.

Біріншіден, азық-түлік қоймаларында немесе дүкендерде санитарлық тазалықтың жақсар­уынан олардың саны азаюы мүм­­кін. Екін­шіден, барлық кемір­гіштер мен шы­бын-шіркейлерге, зиянды ұсақ жән­діктерге арнал­ған улы заттардың көп себілуі­нен, үшіншіден кейбір кәсіп­орын­дардың төмен толқынды ды­быс­тарының әсерінен, сондай-ақ­ пластмассалық заттар мен түс­қағаздардың, линолеум мен кей­бір жиһаздардың өткір иісінен де олардың­ саны азайып кеткен болса керек.

Read More...


Жайлы ұйықтаудың амалдары
12.04.2011 09:37

Көктем айларында көп адам өзін аздап жайсыз, әлсіз сезінеді. Ұзынның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген шағы дейтін бұл мезгілде ондай құбылыстың болуы заңды да.

Мен өзім аптаның екі күні тыныш ұйқының дәмін тат­сам, бес күнінде бастырылып, шошып жатамын. Осы бір бастырылудан құтылуға бола ма екен деп көп ойланып, үлкендерге ылғи да осы сұрақты қоятынмын. Тіпті соның бірнеше жауабын тауып, істеп көріп едім амалға асты.

Бірінші, тыныш ұйықтау үшін міндетті түрде тілді кәлимаға келтіріп, білетін Құран сүрелерін айтып жату керек. Егер сіздің төсегіңіз өзіңізге жайсыз болып, бас­тырылып қалып жатсаңыз, онда төсекті бір сілкіп, бас­­қа жерге салып жатыңыз. Ал сіз жалғыз жатпаған болсаңыз, қасыңыздағы адамды, өзіңіздің жайы­ңызға жатқызып, соның орнына өзіңіз жатыңыз. Расында да осылай жасасаңыз, әп-сәтте ұйқыға кетесіз.

Read More...


Әруақ жебеп, әйгілі батыр атанған
12.04.2011 09:29

toganasОйсыл баба ұрпағы әлімсақтан қарт Қа­ратау мен Қазығұрттың арасын жайлаған. Бөген мен Сасықтың, Шаян мен Боралдайдың, Шыршық пен Жызақтың жағасын қоныс­тап, Жыл­ға мен Талдыбұлақтың, Тассай мен Қайнарбұ­лақтың суын ішіп, отын оттап, ата-қоныс еткен.

Біз осы мақалада өз бектігі мен тектілігі арқасында ел есінде қалған айтулы аталарымыз туралы аз-кем сөз етпекпіз. Мұнда біз басқаға барымызды көрсетіп, кергиін деп отырғанымыз жоқ. «Өзгеге танылғың келсе, алдымен өзіңді-өзің таны» деген қағиданы ұстап, «батыр бабалар» рухына бас имекпіз!

Он алты жасында абыройға бөленді

Қаратаудың құзар шыңдары мен Қазығұрттың бел-белес­терінде атойлап күн кешкен аталарыздың іздері жатыр.

Read More...


Ісің түсіп алдына барсаң, алақандары жыбырлайды
12.04.2011 09:24

Қоғамдағы басты мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық індеті елді алаңдататындай жағдайға жетті. Бұл дерттің асқынғаны сонша, соңғы жылдары ол шарпымаған бірде-бір сала қалмаған тә­різді. Сыбайлас жемқорлық жасау фактілері әсіресе мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңі­нен етек алған. Бұлай деуімізге құқық қорғау орындарынан алынған мәліметтер негіз болып тұр. Алдымен 2011 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы жөнінде аз-кем әңгіме.

Биылғы жылдың 1-ші тоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысында 62 қылмыс тіркеліпті. Өн­дірісте болған қылмыстық істердің 41-інің алдын-ала тергеу жұмыстары аяқталып, сотқа жолданған. Соның бірі – Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылының әкімі А. Орынбаевқа қатысты. Ол кісі Б. Қарабалаев деген азаматқа жер телімін беруге шешім шығару үшін 1500 доллар сұрап, пара алу үстінде қолға түскен. А. Орынбаев сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленді.

Read More...


Қазақ баланың ұлтын "өзбек" деп жазып жіберген
12.04.2011 09:17

ruslanТаяуда киелі Түркістанда мынадай бір оқиға орын алды. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы сотта мемлекет мүддесіне өкілеттік жасау және азаматтық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы Руслан Әбдірайымовтың сөзіне қарағанда, жасы 40-тарға келген бір түркістандық ерлі-зайыптылар бала асырап алуға бел байлапты. Асып-тасып бара жатқан байлығы жоқ, қарапайым ғана өмір сүріп отырған олар көп жылдардан бері балалы болсақ деген арманына жете алмаған екен. Ақырында бала асырап алатын болып бір шешімге тоқтаған. Сөйтіп, балалар үйіне барғанда сонда жасы үшке енді толатын кішкентай бала көздеріне оттай басылыпты. Содан әлгі баланы асырап алатын болады. Ендігі мәселе – тиісті құжаттарды жинау ғана. Ол дайын болған кезде сәбидің жаңа ата-анасы бауырына басқан ұлдарының ұлтын өзбек деп көрсетуді өтінген. Өйткені олар өзбек ұлтының өкілдері. Неге екені белгісіз, ата-ананың бұл талабын қалалық соттың бір судьясы қанағаттандырып жіберіпті.

Read More...


Әкімнің ісі сотқа жолданды
12.04.2011 09:14

Бүгінде Сайрам аудандық сотында Қайнарбұлақ ауыл округінің әкімі міндетін атқарушы А. Одамановтың қылмыстық ісі қаралуда. Оңтүстік Қа­зақстан облыстық прокуратурасы қыл­мыстық іс жүргізу заңдылығын қадағал­ау басқармасының бөлім аға прокуроры Асқар Меңлібаев­тың сө­зіне қа­рағанда, әкім пара дәметемін деп сау басына сақина тілеп алған кө­рінеді.

«2008 жылдың 16-шілдесінде Шым­кент қаласының тұрғыны Т. Ерназаров аталған ауыл әкімінен жеке тұрғын үй салу үшін 10 соттық жер телімін сұрайды, – дейді Алмас Ба­зар­ханұлы. – Әкім жерге тиісті шешім шығару үшін 1500 доллар беру керектігін айтқан. Осыдан кейін Т. Ерна­заров қаржы полициясына шағымданған. Сол жерде департамент тарапынан оның қолына диктофон беріліп, әкіммен қайтадан «келіссөз» жүргізу жөнінде ұсыныс айтылады.

Read More...


Бұл кітапханаға 80 мың доллар беретін демеуші керек
12.04.2011 09:08

kitaphanaТаяуда әлемнің көптеген ел­дерінде Халықаралық кітап­тар күні аталып өтті. Бұл мерекеден Шым­кенттегі кітапханалар да шет қалмады. Оларда түрлі шаралар ұйымдастырылды. Осыған орай біз кешегі аптада облыстық көзі көрмейтіндер және әлсіз кө­ре­тіндер кітапхана­сында болып, ондағы Брайль кі­таптарын өндіру баспаханасы бө­лімінің меңге­рушісі Тұрарбек Бө­ріха­новпен (суретте) әңгімелес­кен едік.

«Бұл кітапхананың ашыл­ғанына көп бола қоймады, – дейді ол. – Соған қарамай біз­де оқырмандар саны өзге облыстарға қарағанда анағұрлым көп. Жалпы, бізде қа­зақ оқырмандарының саны ба­сым. Облыста төрт мыңнан астам қазақтілді оқыр­ман­дар бар. Ал кітапханада қазақша кітаптар саны өте аз, бар болғаны 20 пайызға же­теғабыл. Соңғы жылдары Брайль әліп­песімен жазыл­ған қазақша кітаптарға және үн­таспа­ларға сұраныс артып келеді.

Read More...



Дүйсенбі 11 Сәуір 2011

Малыңызды тегін дәрілейді
11.04.2011 15:48

arman tagaevСәуірдің алғашқы күнінен облысымызда Қырым – Конго қанды безгегіне қарсы залалсыздандыру жұмыс­тары басталды. Осыған орай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты ветеринария бөлімінің бас маманы Арман Тағаевты (суретте) сөзге тарттық.

«Биыл біз ке­неге қарсы за­лалсыз­дан­ды­ру жұмыстарын жылдағыдан ерте бастап отырмыз, – дейді ол. – Себебі был­тыр осындай уақытта облысы­мызда ондаған адамды кене шағып, одан үш кісі қайтыс болған еді. Осыны ескерген мамандар за­лалсыздандыру жұмыстарын кененің күш алмай тұрған кезінде жүргізуді қолға алды. Шымкент қа­лалық обаға қарсы стансасының мамандары кенелер сәуірдің аяғы мен мамырдың басында күш алатынын айтады. Сондықтан биыл наурыздың алғашқы күні-ақ ашық конкурс өткізіліп, жеңімпаз деп танылған мекемелер дәрі-дәрмек пен қаражатты бір апта ішінде ал­ды. Қазір аудан-аудандарда залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Биыл оған 446 миллион теңге бөлінді.

Read More...


Автокөлік ұтып алғыңыз келе ме?
11.04.2011 15:29

avtokolikОңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаменті жалпы жұртқа ортақ бір игі істі қолға алды. Аталған ме­кеменің бастамасымен «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы заңды тұлғалар бірлестігінің және «НұрОтан» халықтық-демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалдары бірлесіп Шымкент қаласында «Чек талап ет – автокөлік ұтып ал» атты акция өткізуге кірісті. Бұл жөнінде кешегі аптаның сәрсенбі күні Шымкент қаласы бойынша салық басқармасы мен бизнес өкілдері бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатында хабарланды.

«Шымкент қаласы бо­йын­ша биыл­ғы жыл басынан 12.678 заң­ды тұлға, 31.748 жеке кәсіпкер, 328 ад­вокаттар мен жеке нотариустар салық төлеушілер ретінде тір­келген, – деді осы жиында қалалық салық басқармасының бастығы Әлібек Тілегенов.

Read More...


Көп әйел алу: ол пайдалы ма, зиян ба?
11.04.2011 15:25

(Жалғасы. Басы өткен нөмірлерде).

Біз­де бәрі бар. Енем де қа­лада­ғы келініне көбірек барғыштап кетті. Әсіресе тоқал босанып, ұл туған соң, қырқы­нан шығарамын деп, сонда екі айлап жатып алды.

Сөйтіп жүргенде не керек, менің де аяғым ауыр екені бел­гілі болды. УЗИ-ге баруға қорықсам да бел байладым. Қыз болса ал­дырып тастаймын деп ойладым. Жоқ, Құ­дай көз жасымды көр­ді білем, ұл болып шықты. Көп ұзамай босандым. Енем ас­ты-үстіме түсіп, баланы бағып-қағып отыр. Күйеуім де жап-жақ­сы. Екін­ші әйелімен де тіл табысып кеттік. Бірақ бәрібір он­ың тоқал алғанын жан дү­нием­мен әлі кешіре қоймаған сияқ­тымын.

Қазір тоқалмен бірге тұрамын. Үлкен қызым оқуға түс­кен соң, қаладағы үйді соған беріп, құрбысы екеуін тұрғызып қойдым. Тоқалды ауыл­да­ғы үйге көшіріп әкеліп, бірге тұрамыз, осы үйдің тірлігін бұл да жасасын деген шарт қойдым. Ешкім қарсы болған жоқ. Енем маған да, оған да бірдей қарайды. Кішкентай­лар­ды бірдей мәпелеп отыр. Күйеуіміз де қасымызда. Тек кей-кейде жұмыстан кешіктім деп қалада қалып қояды. Он­дайда дереу үлкен қызыма звондап, әкесінің үйге келген-келме­генін тексеремін.

Read More...


"Самал" тұрғындарының сабыры сарқылуға таяу
11.04.2011 15:09

jalelСарыағаш қаласындағы «Самал» мөлтек­а­уданының сын көтермес жағдайы жөнінде газетіміздің өткен жылғы 43-ші нөмірінде «Жа­рықсыз, жолсыз, сусыз, мектепсіз, ме­шітсіз...» деген тақырыпта оқырман мақаласы жарияланған болатын. Көп ұзамай Са­ры­ағаш ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Қ.Қа­наевтан ол мәселелердің барлығы шешілетін болғаны жөнінде жауап келген. Ал кешегі аптада редакциямызға тағы бір хат келіп түсті.

«Бес жылдан бері аудан, облыс әкім­де­рінің «Самал» мөлтекауданы мәселесін ше­шеміз деген жауаптары тұрғындардың кө­ңі­лінен шықпай отыр, – дейді хат авторы Жәлел Қалтұрсынов (суретте). – Жылдың басталғанына да үш айдан асып барады. Өкінішке орай, қолға алынған бір іс жоқ. Жұ­мыстар 2011-ші жылғы құрылыс жобасынан қалып қойса, әрі қарай не болмақ? Бұл жөнінде аудандық құ­рылыс бөлімінің бас маманы Пернебай Анар­құловпен хабарласып, нақ­ты жауап беруді сұ­радық. Ол кісінің айтуынша, балабақша үшін 426 миллион теңге бөлінген. Оның сметалық жобасына да қомақты қаржы қарасты­рыл­ған. Егер жоба сәуір айының аяғына дейін дайын болса, құрылыс басталады екен. Ал дайын болмаса ше?

Read More...


Сырты жылтыр шұлықтың кесірінен қолы сынды
11.04.2011 10:59

islam gafuБүгінде көптеген адамдардың аяқтарына киіп жүргені Қытайда тігілген шұлықтар екені жасырын емес. Таяуда Шымкенттің 5 жасар тұрғыны Ислам Ғафу осындай шұ­лық­тың кесірінен мертігіп қалды.

«2-наурыз күні кешкісін үйде ересектер жағы тамақтанып отыр­ған болатынбыз, – дейді Ис­ламның анасы Балғын Жоланова. – Ал балалар көрші бөл­меде компьютерде ойнап отыр­ған. Кенет Исламның шың­ғырған дауысы шықты. Алға­шын­да балалар бірін-бірі ұрып жылатқан шығар деген оймен тұ­ра қоймадық. Бірақ Ислам шыңғырғанын үдете берді. Содан соң көрші бөлмеге барсам, балам жерде жатыр. Сол қолының терісін сынған сүйектері кө­теріп тұр, ол көзге анық көрі­неді. Исламды тез арада көлік­пен ауруханаға апардық. Ол жер­де дәрігерлер баламның қолын «рентгенге» түсіріп, бір шы­бығының сынып, екіншісінің жарылғанын айтты. Кейіннен ем-домын жасап, бәрі бір жақты болған соң Исламнан оқи­ға­ның қалай болғанын сұрадық. Сонда компьютердегі ойын­­нан жалығып, орнынан тұ­ра бергенде тайып құлағанын білдік. Оның аяғындағы Қытайдың сырты жылтыр шұлығы еді. Балам бұрын да бірнеше рет осы шұлықтан аяғы тайып жүргенін айтқан болатын».

Read More...


Рәшкүл қарындасымды қолдаймын
11.04.2011 10:56

«Замана» газетінің таяудағы нөмірлерінің бірінен төлебилік Айша есімді әйелдің «Ер­кек­тердің қолтығына су бүрікпесін» деген тақырыпта жарияланған мақаласын оқып шықтым. Ол кісі облыстық мәслихат де­путаты Рәшкүл Оспанәлиеваның көп әйел алуға және әмеңгерлікті жаңғыртуға байла­нысты көтерген мәселесіне орай осындай ой білдіріпті. Менің Айшаға айтарым мынау:

Айналайын, Айша қарағым, еркектер­дің қолтығына су бүрікпесін деп Рәшкүлді кі­­нә­лауың дұрыс емес. Ұлтымызға қатысты өзекті мәселені көтерген азаматты ол үшін айыптау орынсыз дер едім. Егер әркім өз қара басының қамын ойлайтын болса бұл қазақ қашан көбейеді? Көршілеріміз – Қытай мен Өзбекстанда халық саны өсіп барады. Қазақтың өсуін тездетпесе мына ұлан-байтақ жеріміздің болашақ иелері кім болмақ?

Read More...


Екі адам суға батып кетті
11.04.2011 10:48

kutkarushi31-наурыз күні Со­зақ ауданындағы Батпақкөлде 1979 жылы туыл­ған жігіт балық ау­лап жүріп суға батып кетті. Бұл оқиға жөнінде сол күні кешкісін облыс орталығындағы Су­да құтқару қызметіне хабар түскен. Бұдан соң құрамында алты сүңгуір маманы бар топ 1-сәуір күні барлық құрал-саймандарын алып, Батпақкөлге барған. Олар көл жағасына жеткенде ауа райы тым салқын, ал су мұздай болған екен. Соған қарамастан құт­қарушы топ мүшелері іздеу жұмыстарын жүргізіп, суға батқан адамның денесін үш метр тереңдіктен алып шыққан.

Ал 3-ші сәуір күні кешке Суда құтқару қызметіне Отырар ауданындағы Маяқұм ауылының 39 жастағы тұрғынының балық ау­лап жүріп Сырдария өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түскен. Сүңгуір мамандар оның денесін әлі іздестіруде.

Read More...


Гүл сатушыны атқан адам қолға түсті
11.04.2011 10:43

Биылғы жылдың 8-наурызында Шымкенттің Қырғы базарында белгісіз біреу гүл сатып тұрған азаматты атып, қашып кеткен болатын. Арқа тұсынан оқ тиген адам сол жерде жантәсілім еткен еді. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері сол күні-ақ қаза болған адамның Сарыағаш ауданының тұрғыны екенін анықтаған. Қылмысты ашу үшін құрылған арнайы топ жәбірленушінің араласатын дос-жарандарын анықтаумен шұғылдан­ған. Қылмыскердің фотороботы жасалып, тиісті бөлімдерге жөнелтілген болатын.

Арада екі аптадан соң оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікті қолға түсті. Ол мар­құмның ауылдасы екен. Полицейлер оны Шымкенттегі тәуліктік пәтерлердің бірінен құрықтады. Тергеу барысында күдікті жәбірленушімен мектепте оқып жүргеннен бері қарым-қатынасы жақсы болмағанын айтқан.

Read More...


Каратэші қыз алтыннан алқа тақты
11.04.2011 10:34

karateЖуырда Шымкентте жасөспірімдер арасында каратэден республикалық жарыс өткен болатын. Онда шымкенттік Мәдина Көлбаева (суретте) алтын алқа тағып, Оңтүстіктің мерейін үстем етті.

«Каратэмен айналысып жүр­ге­німе көп бола қойған жоқ, – дей­ді ол. – Соған қарамастан бас жүлдені жеңіп алдым. Спорт­­тың бұл түрімен былтыр қыр­­күйек айынан бері шұғылда­на бастағанмын. Осы алты айда түрлі жарыстарға қатысып, жүл­делі орындарды иелендім. Әри­не, әрбір жеңіс маған оңай келген жоқ. Күні-түні жаттықтым, тал­май еңбектендім. Бұл ұстазым Алмас Исатаевтың арқасы деп білемін. Ол кісі алғашқы күн­нен-ақ менің қабілет-қарымымды бай­қап, болашағыма үлкен сеніммен қарады.

Негізі мен каратэнің кекушинкай түрімен айналысамын. Ол – қол-аяғынды бірдей жұ­мыс істе­тетін тәсіл. Онымен шұ­­ғылдана­тын адам дене қи­мылын ғана емес, ойды да дамытады. Мұны мең­­герген жан өзіне төнген түр­лі қауіп-қатерден қорықпайды, әрі кез-келген сәтте қорғана бі­ле­ді.

Read More...


Үйіңізде жанғыш зат сақтамаңыз
11.04.2011 10:20

Құрметті облыс тұрғындары! Бүгінде көк­тем күшіне мініп келеді, алдымыз – жаз. Ал бұл мезгілде адамдар өрттен сақтану мә­селелерін есте ұстаулары керек. Осыған орай тұрғындардан сұранатынымыз, үй­ле­ріңіздің шатырында, жертөлелерінде жан­ғыш, тез тұтанғыш заттарды сақтамаңыздар. Өшпеген сіріңке немесе темекі қалдығын кез келген жерге тастамаңыздар, жас балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, олар­дың сіріңкемен ойнауына жол бер­меңіздер.

Сондай-ақ мекеме және шаруашылық бас­шыларына мынаны ескерткіміз келеді. Өз­деріңізге қарасты жерлерде, тұрғын үй аулаларында өскен шөптерді уақтылы ор­ғы­зып тастап отыру керек. Жол бойлары, егістік алқап жандары ені кемінде 6 метрдей болып жыртылып тасталуы тиіс. Өрт сөн­діруге арналған қажетті заттар мен техникалар жұмысқа әрқашан дайын болуы керек.

Read More...


Күшік деп асырағаны бөлтірік болып шықты
11.04.2011 10:14

kushikКөктем мезгілінде көптеген иттер күшіктеп жатады. Осындай уақытта кей адамдар әр­кімнен күшікті сұрап не­месе сатып алады. Тіпті қаң­ғы­рып жүрген күшікті көрсе, ұс­тап, асырап алатындар да кезде­седі. Осылай күшік деп асырап алғаны бөлтірік болып шыққан жайт Бәйдібек ауданындағы Жоғарғы Боралдай ауылында орын алып отыр. Бұл туралы естіген біз бөлтіріктің иесі Айдос Құрасбекке жолығып, әңгімелескен едік.

«Бұл бөлтірікті былтыр әкеммен бірге ауылдың үстіндегі қырда жүргенде кездестіргенбіз, – дейді А.Құрасбек. – Бі­рақ біз оны күшік деп ойладық. Өзі өте кішкентай екен. Бір-екі күн бұрын ғана туылғаны көрініп тұрды. Шы­жыған ыстық күнде айдалада жалғыз жүрген бөлтірікке әкемнің жаны ашып, оны үйге алып жүруді тапсырды. Содан соң үйге әкеліп, оған Арлан деп ат қойып, асырай бастадық. Ал ол өсе келе аса қабаған болып шықты. Өзге күшіктерге қарағанда ширақ қимылдайтын. Өзі жү­гіре бастаған кезінде-ақ көшеден өткен қойларды қуалап, олардың үстіне асылуға әрекет жасайтын. Сәл үл­кейген соң аулада жүрген өзіміздің бір қозыға шауып, оны тамағынан орып түсіріп, қарынын жарған. Мұнан ке­йін көршілер күшігімнің қозыға шапқанда қасқырдың тәсілін қолданғанын, оның бөлтірік екенін айтты».

Read More...


Кәрім Мәсімов Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды
11.04.2011 10:03

Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президенті өз міндетіне ресми кіріскен кезде заң бойынша Үкімет, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері өз өкілеттерін тоқтатқан болатын. 8-сәуір күні Президент Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін, сондай-ақ Министрлер кабинеті Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара беретіндігі жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Ал осы күні түстен кейін Астанада өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Президент Үкіметтің осыған дейінгі атқарған жұмыстарына жоғары баға бере келіп, Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын қайтадан ұсынды.

Read More...


Нұрсұлтан Назарбаев халық алдында Ант берді
11.04.2011 09:52

nazarbaev8-сәуірде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентін ұлықтау рәсімі болып өтті. Бұл лауазымға қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Ант беріп, жаңа президенттік мерзімге ресми түрде кірісті.

Жалпы, 3-сәуірде өткен Президент сайлауының түпкілікті нә­тижелерін Орталық сайлау комиссиясы 5-сәуір күні жария­лаған болатын. Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нұр­сұлтан Назарбаевқа еліміздегі сайлаушылардың 95,55 пайызы дауыс бергенін мәлімдеген еді. Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев ұлық­тау рәсімі кезінде Қазақстан халқына осындай зор се­нім көрсеткені үшін алғысын білдірді, өзінің басшылығымен ат­қарылған ауқымды істерге тоқталып өтті, алда тұрған мақсаттар жөнінде айтты. Мемлекет басшысының сөздерінде мы­надай жолдар бар:

Read More...



Сенбі 09 Сәуір 2011

Түрік бауырлар қазақ ақынын көкке көтерді
09.04.2011 10:35

shahanovЕліміз ұлыстың ұлы күнімен қуана қауышқалы жатқан шақта Мұхтар Ша­­ханов түрік ағайындардың қайта-қайта өті­нуімен Түркияға аттанып еді. Түркияның әйгілі Анкара қаласымен шекаралас жатқан Фетхие шаһарында «Ұлысаралық түрік мәдениеті құрылтайы» ұйымдастырылып, барлық түркі тілдес елдерден таңдаулы қонақтар шақырылыпты. Қа­зақ­станнан шақырылған жалғыз қонақ – М. Шаханов.

Күн мен түннің теңесіп, жыл бас­тауы болатын ұлы күннің келуіне түрік ағайындар аса зор мән береді екен. Ауасының тазалығы мен табиғатының ғажайып­ты­ғы жағынан Түркияның ең көр­кем курортты қаласының біріне жа­татын Фетхие шаһарының мэрі құрылтайды ашқан алғы сөзінде: «Кіндігі бір түрік халықтарының ба­бадан бабаға жалғасып келе жат­қан ұлы Наурыз тойында мы­на сұлу шаһарымызда «Ұлыстар аралық түрік мәдениеті құрылтайын» ұйым­дастыруы­мыз­дың астарында мән бар. Мұнда «бес саусақтың са­ласындай тамыры, түбі бір аға­йын халықтардың зиялыларын, мә­дениет иелерін бір-біріне жақындастырсақ, дидарластырсақ. Туысқан елдердің игі жақсылары жиі бас қосып тұрса түрік халықта­рының бірлігіне, ынтымағына тиер пайдасы молая ма еді» деген ой жа­тыр», – деп, ағынан ақ­тарылды.

Read More...



Сәрсенбі 06 Сәуір 2011

"Кісендеулі жолбарыс" атанған
06.04.2011 18:26

jolbarisҚазақ халқы небір қиын кезеңде елін қорғаған асыл пер­зенттерінен кенде болмаған. Ол бүгінгі күнге намыстан жаратыл­ған текті ұлдарының арқасында ғана аман-есен жетті. Сондай асылдарымыздың бірі – Жұмабек Тәшенев болатын. Ұлт жанашыры атанған аңыз адам тірі болғанда биыл 96 жасқа келетін еді.

Қызметке құл болмағанbashenov
Өткен аптаның сейсенбі күні Шымкенттегі Ж.Тәшенев және Бекет батыр көшеле­рі­нің­ қиылысында Жұмабек Тә­шеневтің бюсті орнатылды. Сабыр Рақымов атындағы әс­кери мектеп-интернат директоры Ұлықпан Бәшеновтің (су­ретте) ұйытқы болуымен өт­­­кізілген іс-шараға халық өте көп жиналды. Олардың ішін­де­ Астана мен Алматыдағы Тә­шеневтің артында қалған ұрпақтары да жүрді. Жиында алғашқы болып сөз алған­ Дү­ниежүзі қазақтары қауымдастығы Оңтүстік Қа­зақстан облыстық филиалының төрағасы Байдулла Қо­нысбек Тә­шеневтің өмір­бая­ны мен атқарған қызмет­тері жөнінде баян­дама жасады. Отставкадағы генерал Құлахмет Қалменов: «Жұмекең кешегі тоталитарлық режимге қарсы шыққан бірден-бір адам. Оны нашарлар қыз­метінен тайдырды. Өкі­ніш­тісі, сондай психология әлі күнге дейін бар», – деп жұрт­қа ой саларлық пі­кір айтты.
Read More...


Әріп танымайтын бала. 13 жасқа келсе де мектеп бетін көрмеген ол өзінің отбасын қайыр-садақамен асырап жүр
06.04.2011 18:19

balaОсыдан біраз бұрын Шымкенттің Тәуке хан даңғылында қайыр сұрап жүрген он жастар шамасындағы қазақ баласын көріп, оған назарымыз ауған еді. Жанына барып, сөзге тартқанымызда ол қалтырап-дірілдеп, жылап жіберген болатын. Одан кейін тұра жүгірген. Сонда әудем жерде оны біреулер сыртынан бақылап тұрғанын байқағанбыз. Жолда бәрі қосылып, бірге қашқан. Сол кезде бізге ол баланы бәзбіреулер қайыршылық жасауға мәжбүрлеген-ау деген ой келген еді. Ал жуырда қалада қайыршылық жасап жүрген тағы бір қазақ баланы көріп, оны да арам ниетті топтың тапсырмасын орындаушы ма деген оймен сөзге тарттық. Өзін Абзал Төлепбаев деп таныстырған ол бізге біраз нәрсе айтып берді.

«Сіз ойлағандай мен өзге адамдар үшін ақша жинап жүрген жоқпын, – деді А.Төлепбаев. – Өзіміз «Зеленая балкада» пәтер жалдап тұрамыз. Үйде ата-анам және екі қарындасым мен інім бар. Шешем кішкене сәбиі болғандықтан жұмыс­қа шыға алмай отыр. Ал әкем «Студенттік қалашықта» бір көпқабатты үйдің алдын сыпырады. Сол еңбегі үшін ондағы әр пәтер иесінен ай сайын 200 теңгеден ақы алады. Он мың теңге шамасында табатын ақшасы бізді асырауға жетпейді. Оның үстіне күнделікті жұмыс орнына барып келетін жолкіресі бар. Сондықтан мен де табыс табуға мәжбүрмін. Қазір қайыр-садақа сұрап, әр күні түскен ақшаға үйге азық-түлік аламын».

Read More...


Қанымша апа қайыршының күйін кешіп жүр
06.04.2011 18:06

kanimshaЖанарына мұң қатқан қартаң әйел редакцияға келді. Қасында жетектеген немересі бар. Былдырлап орыс тілінде сөйлейді екен. Көздерінен мөлдір моншақтар ағылған ақ шашты ана ішіндегі шерін тарқатқысы келетінін айтты. Жасы жетпісті шамалап қалған кісінің сөздеріне үнсіз құлақ түрдік.

«Балаларды жастайынан иманды етіп тәрбиелемесе қиын екен, – деді Қанымша апа. – Өзім мектеп­те орыс тілінен сабақ бердім. Шалым марқұм екеуміз бес ұл, бір қызымызды аяқтан тұрғызсақ деп бар өмі­­рімізді соларға арнадық. Бүгінде отағасы дүние салған. Ал өзім басымда баспана жоқ, кейде мешіттің алдына барып қайыр сұрайтын халге жеттім.

Қазір қызыммен бірге пәтер жалдап тұрамыз. Ол да әйтеуір тағдыры солай болды ма, екі баласымен күйеуінен ажыраған. Өзі Шымкенттегі мектептердің бі­рін­де жарты ставкамен мұғалім болып жұмыс істей­ді. Алатын болмашы айлығын пәтерақыға төлейді. Менің 34 мың зейнетақым өзімнің дәрі-дәрмегім мен азық-түлікке жетпейді. Оның үстіне кредитке төлейміз. Жер алып, іргетасын құйғызып қойдық. Алайда үйді тұрғызуға шамамыз келмей жатыр.

Read More...


Сіз әйеліңізбен ақылдасасыз ба?
06.04.2011 17:49

Халқымызда «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деген­ сөз бар. Бүгінде отбасылы азаматтардың арасын­да бірін-бірі «Әйелінің ықпалынан шыға алмайдыslam», «Әйелінің айтқанын істейді» деп сөгетіндер де та­бы­лады. Біз бірнеше азамат­тарға «Жоспарларыңызды әйелі­ңіз­бен бөлісіп, ақыл­дасасыз ба?» деген сұрақ қойған болатынбыз.

Слам Нұрмағанбетов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бұқарамен байланыс бөлімінің меңгерушісі, 62 жаста: – Өмірлік жолдасың болған соң ол сенің сырласың, қамқоршың, жанашырың ғой. Сондықтан да барлық мәселе бойынша, оның ішінде жұмыстағы жаңалықтар мен өзгерістерді хабарлап, туындаған проб­лемалар төңірегінде әйеліммен ақылдасып отырғанды жөн санаймын. Мұндайда бір жағынан шеріңді ақтарып, жеңілдеп қаласың. Бәрін іште сақтап, сауысқандай сақ жүру денсаулыққа зиян ғой.

Read More...


"Таудың таза ауасы да шипа", - дейді "Ақсу-Жабағылы" шипажайы директорының орынбасары
06.04.2011 17:40

tau-1Күн жылынып, көктем көркіне еніп келеді. Еліміздің ең жылы аймағы – Оңтүстікте өрік гүлдеді. Басқа ағаштар да бүршік жарып,айнала жасыл желекке орана бастады. Енді табиғаты тамаша жерлерде орналасқан шипажайларда демалып, әрі ем алушылар қатары көбейеді. Тау баурайында, табиғатының өзі жан сарайыңды ашатын керемет жерде орналасқан осындай орындардың бірі – «Ақсу-Жабағылы» шипажайы. Онда қандай ем түрлері жүргізіледі? Жолдама ақысы қанша? Біз оны «Ақсу-Жабағылы» облыстық шипажайы» ЖШС директорының орынбасары Еркен Пернебековтен (суретте) сұрадық.

– Біздің шипажайды ем негізінен екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыт – ауру­дың алдын-алу, оны созылмалы кезеңге жеткізбей емдеу, екінші бағыт – созылма­лы дерттерді асқындырмай, қалыпты жағдайға келтіру. Осы екі бағыттағы жұ­мысқа біз ерекше көңіл бөлеміз.

Read More...


Ит-құс та, ескі-құсқы да осы жерден табылады
06.04.2011 11:19

nasirКөктемде Шымкенттегі тұрмысқа қатысты түрлі заттар сатылатын «Жабық базарда» адам қатары көбейе түседі. Ол жерден жаңа заттармен қатар бұрын ұстал­ған ескі дүниелерді, тіпті үй жануарларын да кездестіруге болады. Жақында біз осы базарға барып, ондағы қайнап жатқан тіршілікпен танысып қайттық.

Итін 105 мың теңгеге бермеді

Бұл базарға жақындағанда көзге алдымен ит сатып тұрғандар түседі. Олардың саудалап тұрғандары әр­түр­лі тұқымдас иттер мен күшіктер. Ара­сында қарны ішіне жабысып қалған тазы да, денесі мысықтай ғана ит­тер мен тұмсығы жалпақ булдогтар, алыс­тан қарасаң аюға ұқсас қазақы иттер де бар. Ал ең қымбат бағаланғаны Мас­тив тұқымдас ит болды. Иесі оны 1000 долларға сататынын айтты.

«Үйде итке уақытында тамақ беруге мүмкіндік болмайын деп тұр, – дейді өзін Насыр Әбдірайымов деп таныстырған ол. – Үлкен ұлым әскерде, кіші ұлым оқуда, әйел күндіз жұмыс бабымен жүреді. Ал өзім Алматы қаласына жұмыс істеуге кеткелі жатырмын. Сондықтан итімді амал жоқ сатқалы тұрмын.

Read More...


Аяқжолға қаздай тізіп, бағаналар орнатқан
06.04.2011 10:47

ayakjolКүн жылығалы адамдардың көшеге серуендеуі көбейетіні белгілі. Біреулер жеке өзі, екіншілері кіш­кентайларын қоларбаға салып таза ауада қыдырғанды ұнатады. Әрине, мұндайда адамдар аяқжолда жүру керектігін біледі. Бірақ Шымкенттің кейбір аяқ­жолдары тосқауылға толы. Мысалы, қаланың қақ ортасындағы Майлықожа көшесінің Тәшенов пен Адырбеков көшелерінің арасындағы шағын бөлігінде оннан аса кедергі бар. Бұл жолда электр және телефон желілерінің бағаналарын қоспағанда, жол белгілерінен бөлек, өсіп тұрған алып ағаштар да кездеседі. Жаяу жүргіншілерге олардың барлығын айналып өтуге тура келеді. Егер еркін жүре алмаса, онда адамдарға мұндай аяқжол неге керек?

«Мен қазір Шымкентте неге бұлай деп таңдануды қойдым, – дейді Бекжас (суретте) есімді азамат. – Біреу-екеу болса түсінуге болар, ал бас-аяғы үш жүз метр жерде он кедергінің тұрғаны түсініксіз. Бағаналардың барлығы жаңа, соған қарағанда, жақында орнатылған болса керек. Ал аяқжол бұрыннан бар.

Read More...


"Айқап" туралы не білесіз?
06.04.2011 10:41

aikapБиыл қазақ тарихында үлкен орны бар басылымдардың бірі – «Айқап» журналының жарық көргеніне 100 жыл толды. Десек те кейбір жастарымыз ол жөнінде біле бермеуі мүмкін. Сондықтан «Айқап» қандай журнал еді, сол жөнінде мәлімет бергенді жөн санадық.

«Айқап» – бұл қазақтың «Әй, қап!» деген сөзінен алынған. Оған бас редактордың журналдың бі­рінші нөмірінде жазған мақаласы дәлел. Ол: «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ісі бар? Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұ­лы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы барларымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің көзі табылмады. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай!» – дедік. Жақсы жерле­рімізді сақтап қал­мақ болдық. Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап, ынтымақсыздығымыз-ай!» – дестік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп та­ластық, қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға: «Енді сайлауда көрерміз, қап, бәлем!», – дедік. Қазақтың осындай бірнеше жерде «Қап!» деп қапы қалған істері көп. «Қап!» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкі­нішімізге лайық «Айқап» болды», – деп жазған екен.

Read More...


Қызғалдақтың жаны бола ма?
06.04.2011 10:33

tulpaniКөктемнің екінші айы – сәуірде Оңтүстік өңірлерде қызғалдақтар жаппай гүлдеп, даланы сұлулыққа бөлейді. Осындай кезде көп адамдар қызғалдақ теруге асығады. Ал көнекөз қариялар қызғалдақты жұлуға болмайтынын айтады. Неге?

Биолог мамандардың айтуынша, қызғалдақтың отаны – Қазақ даласы. Ол Жібек жолымен жүр­ген сауда керуендері арқылы алдымен Иран, Түркия елдеріне, сосын одан әрі Еуропаға тарағанға ұқсайды. ХХ ғасырға дейін Иран, Түрік сұлтандары қызғалдақты сарай ішіндегі бақтарға еккізіп, солардың әсемдігін тамашалаған деген деректер бар. Тіпті кешегі ғасырға дейін Стамбулда «Қызғалдақ мейрамы» салтанатты түрде өткізіліп, оның соңы арулар байқауына ұласқан көрінеді. 1570 жылы австриялық бағбан-ботаник Клюзиус есімді азамат­ Стамбулға келіп, қыз­ғалдақтың бірнеше түрін алып, отанына оралған. Сосын оның тұқымын Голландияға жеткізеді. Бағбан қызғалдақтарды сонда егіп, жерсіндіреді. Арада бірнеше жылдар өткенде Еуропада қыз­ғал­дақтың мәртебесі өсіп, бағалы гүлге айналады.

Read More...


Екінші әйелге үйленгісі келеді
06.04.2011 10:24

Пенденің басына Алла-тағала түрлі тағдыр жазады. Тұрмыстық мәселелерді шариғат шең­берінен шығармай шешкісі келетін оқырман­дарымыз редакциямызға жиі хабарласып жатады. Осындай оқырмандарымыздың бірі шым­кенттік Сенімжан Серікбаев кешегі аптада бізге арнайы келіп жолыққан болатын.

«Менің үйленгеніме биыл 20 жылдың жүзі болды, – дейді ол кісі. – Әйелім екеуміздің ара­мызда бір ұл, бір қызымыз бар. Отбасын­да­ еркелеу болып өскен әйелім маған мойын­сұн­байды. Тек өз айтқанымен жүреді. Мен өзім бес уақыт намазымды қаза етпей оқитын намазхан жанмын. Сондықтан жұ­ба­йыма да намаз оқуы керектігін айтсам, ол: «Құдайдың алдына барғанда мен үшін жауап бермей-ақ қой, мен өзім үшін өзім жауап беремін», – деп айтқан сөздеріме құ­лақ та аспайды. Сондай-ақ отбасылық мә­селелерді менімен мүл­дем ақылдаспай, өз қалауынша өмір сүргенді жөн санайды. Осыдан біраз уақыт бұрын ол туыстарының бірі­нен көлікті несиеге сатып алды.

Read More...


Тауып алған ақшаны жаратуға бола ма?
06.04.2011 10:14

akshaБұл өткен жылдың ақпан айы болатын. Таң енді қылаң беріп атып келе жатқанда, түнгі ауысымнан жұмыс­тан үйге қайтып келе жатқан едім. Көлік жүретін жолдың ортасында кішкентай ғана әйелдердің қол сөмкесін көзім шалды. Айналамда менен өзге жан баласы жоқ екен. Сөм­кені алып, ішін ашып қарасам, бес мыңдық пен екі мыңдық қатталған көп ақша. Жүрегім аузыма тығылып, қорқып кеттім. Соңымнан біреу келіп қалардай, алақ-жұлақ етіп, айналама көз жібердім. Аяғым-аяғыма жұқ­пай үйге қалай жеткенімді де аңғармай қалдым.

Қолдарым икемге келмей қалтырап, үйдің есігін кілтпен әзер аштым. Әлі ұйқыда жатқан келіншегімді оятып, орнынан тұрғызып алып, болған жағдайды түгел баяндадым. Ол қуанғанынан жүзі жайнап: «Құ­дайдың мұнысына шүкір. Біздің қиналып жүргенімізді көріп, Алла-тағаланың өзі берген несібе шығар», – деп балаша мәз болды. Мен оған ренжіп:

Read More...


Алланың ақ жолынан адаспайық!
06.04.2011 09:55

Мешітте әйелдерге арналған курстар бар ма?

Сұрақ: Мешіттерде жасы 40-тан асқан әйелдердің діни сауатын ашатын арнайы курстар бар ма?

(Сұрақ 8-701-620-93-56 телефон нөмірі арқылы жіберілген).

Жауап: Өзге қалаларда қандай екенін біз білмейміз, дегенмен Шымкенттегі А.Қаттани атындағы орталық мешіттің жанында ер-азаматтарға және әйелдерге арналған діни сауат ашатын арнайы курстар жұмыс істейді. Онда араб тілін үйретумен қатар, намазды қалай оқу керек, дәреттің шартта­рының бәрі де түсіндіріледі. Сондай-ақ мұн­да мұсылмандардың жасына шек қойылмайды. Жасы балиғатқа жеткен әрбір адам бұл курстардан тәлім алуына болады.

Read More...


Ұйқыға жатарда қандай амалдар жасалады?
06.04.2011 09:46

night-sky«Мұсылман ба­ласы түнде ұй­қы­ға жа­тар алдында қан­дай амалдар жа­сауы керек? Осы туралы жаз­саңыздар екен».

С. Нұрғазиева.

Қызылорда облысы.

Әрібір мұсылман баласы түнде ұйқыға жатарда дәрет алып, Алланы зікір етіп жатуы керек.­ Себебі дәретті халде Алла-тағаланы зікір етіп ұйықтаған адамның ұйқысы намаз оқыған болып есептеледі. Егер ұйқысында қимылдап және Алланы зікір етсе, бір періште ол пенде үшін Аллаға истиғфар айтады. «Кім дәрет алып пәк халде ұйқыға кетсе, ол адамның төсегінде бір періште таңға дейін қор­ғайды. Түнде қайсы сағатта оянса, пе­ріште Раббымызға былай жалбарынады: «Ей Раббым, осы пендеңнің күнәсін кешір, себебі ол пәк халде жатты». (Ибн Мубарак риуаяты).

Read More...


Ескендір патшаның құпиясы
06.04.2011 09:42

Ескендір Зұлқарнайын жасы он жетіге жетпей-ақ тақ иесі болыпты. Оның өзгелерден айырықша бір қасиеті тақ иесі болғаннан кейін белгі беріпті. Ескендірдің бұл айырықша қасиетін туған анасы да білмеген дейді көне аңыз.

Ол мәжіліс құрып тақ үстінде тапжылмай отырғанда шашы кенеттен өте жылдам өсе бас­тапты. Бір күні патша айнаға қарап отырғанда басынан қос мүйіздің нобайын бай­қаған. Келе-келе самайдан жоғары қалың шаш арасынан қос мүйіз айқын бей­неленіп патшаға аса сұсты түр сипат­ беріпті. Осы қос мүйіз патша ұйықтағанда­ қос қанатқа ай­налып, оны көтере ұшып жер әлемін шарла­тады. Құдайдың құді­реті Ескендір түсінде көрген жер жаһанды тіршілігінде жаулап алған деседі.

Ескендір осы қасиет қонған қос мүйізін жан баласына білдірмеуге ант етіпті. Сондықтан күндіз түні басындағы тәжді шешпеуге ниет қылады. Бірақ, оның қап-қа­ра шашы тіпті кеудесін жауып Ескендірді айрықша сұсты етіп көрсетіпті.

Read More...


Дүбәралар мен діндарлар қалай түсінеді?
06.04.2011 09:33

dubaralarБүгінде елімізде діни ахуал бірқалыпты. Хал­қымызға діни сенім бостандығы берілген, кім қандай дінді ұстанамын десе де еркі. Сондықтан да бұл мәселеде халық ала-құла болып барады.

Қазақ-баптист, қазақ-кришнаит...

Еліміз егемендік алғалы бергі уақыт ішінде бұрынғы ұстанып келген дәстүрлі діндер – ислам және христиан діндерінің жаңа ағымдары пайда болды. Тіпті адамдардың өздері ойлап тапқан, дін деп аталып жүрген сек­талар да Қазақстанға орнығып алып, өз әрекеттерін жасап жатыр. Бір қынжыларлығы, оларға өз заңымыз кеңшілік беріп, тайраңдатып­ қойған. Олардың өздері келген жақтан ғана емес, өзіміздің тұр­ғылықты халықтан да қолдаушылары бар. Бұған етіміз өлгені сонша, қазақ-католик, қазақ-баптист, қазақ-иеговашы, қазақ-евангелист, қазақ-кришнаит көрсек, оған  таң­қалмайтын болдық. Ашық күнде адасқан ондай бауырларымыздың өзімізді де сол діндер мен секталарға тартуға әрекеттенген істеріне куә болып жүрміз. Бұлардан бөлек өзіміздің мұсылман дінінің де кейбір ағымдары жұрттың басын айналдырып жүр.

Read More...


Иман деген не?
06.04.2011 09:24

Халқымыз тәрбиелі, көргенді, инабатты, жүзі жылы адамды иманжүзді екен деп жатады. Сондай-ақ өмірден өтіп кеткен адамға иманды болсын, өліге иман, тіріге береке берсін деген сөздерді жиі естиміз. Олай болса, иман деген не? Иман тек өлген адамдарға қажет нәрсе ме? Иманның тірі адамның өміріндегі мәнісі қандай?

Иман – араб тілінен аударғанда сенім деген мағынаны білдіреді. Иманды болу Құранда «әәмәнә» деген етістікпен беріледі. Өз кезегінде бұл сөз «әмн» қауіпсіздік деген мағынаны білді­реді. Қысқаша айтқанда иманды адам екі дү­ниеде қауіпсіздікте болады. Бұл дүниеде тір­шіліктің сергелдеңі мен уайымынан, мәңгі өмірде күйзелтуші мәңгі азаптан аман болады.­

Read More...



Сейсенбі 05 Сәуір 2011

"Қайтейін, кеш жолықтың лала-гүлім..." немесе бір өлеңнің кейіпкері жайлы толғаныс
05.04.2011 18:00

23333Жасың ұлғайған сайын өткеніңе ойша жиі шолу жасап, қайта оралмас жастық дәу­реннің тәтті күндерін санаңда тірілтіп, көз алдыңа елестетіп, бойыңды өзің де біліп түсіне бермейтін сағыныш билеп жү­регің сыздайды екен. Сондайда аль­бом­ды ақтарып, естелік-суреттерді қарау менің дағдылы әдетіме айналған. Ештеңеге айыр­­бастамас сол қымбат күндерді еске алып, фотосуреттермен ойша тіл­де­сіп отырған сондай сәттердің бірінде көзіме оттай басылған балаң жігіт бейне­сін көріп, жүрегім аунап түскендей болды.

Иә, альбомдағы фотосурет, бейкүнә көз­қарастағы балаң жігіт бейнесі менің жүрегіме соншалықты жақын, ыстық, қимас та қымбат жан болатын.

1975 жылы КазГу-дің журналистика факультетінің дайындық бөліміне оқуға түстім. Алғашқы жылдары әкеме туыстық жақындығы бар жандардың қалада тұратын қызының үйінде жаттым.

Мұғалім болып қызмет істейтін ол әпкеміздің үйінде қаладағы мектептің 10-шы сыныбында оқитын туған інісі де бірге тұратын. Інісінің сыныптастары үй­ге жиі келетін.

Read More...


Телефон арқылы да диагноз қоятын қасиеті бар
05.04.2011 17:53

ospanovaЗәуре Оспанованың (суретте) есімі Оңтүстік жұртшылығына жақсы таныс. Көріпкелдік пен емшілік қатар қонған жанды кезінде көпшілік «Магнит адам» деп те атайтын. Ол кісіге алыс-жақыннан келетін жұрт түрлі кесел­дерінен ғана емес, алдын ораған сәтсіздіктерінен де арылатынын естіп жатамыз. Сондықтан ол кісімен арнайы сұхбаттасуды жоспарлап жүргенбіз. Сәтін салған шығар, Ордабасы ауданына қарасты Көктөбе елдімекенінде тұратын емші редакциямызға өзі келіп қалды. Асығыстау екен, дегенмен бір-екі ауыз тілдесуге уақыт таптық.

– Зәуре апай, Сізді сыр­қат жанды көрмей-біл­мей, телефонмен-ақ диагноз қойып береді дейді.

– Ол рас. Сөйлесіп жат­қан адамның өзін көрмегенмен, даусын естісем болды,­ оның қандай жан – толық па, арық па, бойы қандай, түсінігі мен адамгершілігі, жан-дүниесі қандай, біліп қоямын. Оны не мазалайды, нені уайымдайды, қандай­ ауруы бар, ол да мәлім болады.

Дегенмен бұл кез-келген жанға телефонмен диагноз қоя беремін деген сөз емес. Маған қаралуға ниет еткен жан Ал­ладан тілек тілеп, өзі келуге тиіс. Үйінде немесе жұ­мысында отырып менің қай жерім ауырады деуге бол­майды ғой.

Read More...


Бірден үш бұзау туған сиыр
05.04.2011 11:46

ush buzauОңтүстік өңірі кейінгі кезде жұртшылықты өмір­ге үшем сәбилердің жиі келуімен таңдандырып жүр. Ал мұндай құбылыс жануарлардың, әсіресе үй жануарларының арасында көп кез­деспейтін еді. Таяу­да Бәйдібек ауданындағы Жоғарғы Боралдай ауылында бір сиыр үш бұзау туып, жұртты таң-та­маша етті. Осыны естіген біз аталған ауылға арнайы барып, ерекше сиырдың иесі Ғалым Бектұрбековке жолығып, сөзге тарттық.

«Соңғы кезде буаз сиырымыздың қарыны тым үлкейіп кеткен еді, – дейді Ғ.Бектұрбеков. – Іші ісініп кеткендей болғанда сиырдың өзі өте арық көрінеді екен. Сондықтан оны көтерем бо­лып жүр ме деп те ойладық. Өйткені қазір жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы ғой. Келіншегім екеуміз оның бұзаулайтын күнін бол­жап жүргенбіз. Бір күні таңертең қораға барсам, оны толғақ қысып жатыр екен. Дереу ке­ліншегімді ертіп әкеліп, екеуміз жанында тұрдық. Сиыр қиналып біраз жатты да, бойында күші тау­сылғандай болдырып қалды. Содан өзім жең­дерімді түріп жіберіп, оның жеңіл босануы үшін көмекке кірістім. Санаулы минуттардан кейін іші­нен бұзау шықты.

Read More...


Үйленбей кеткен ұлының баласын бауырына басқан
05.04.2011 11:34

dinadina-2Мен он жылдан бері «Замана» газетін үзбей оқып тұрамын. Әсіре­се адамдардың басындағы ауыр жағ­­дайлар жөніндегі шытырман оқиғаларды бірнеше реттен оқи­мын. Сондықтан сүйікті газетім арқылы отбасымызбен араласатын бір құр­бымның басынан өткерген жағ­дайды оқыр­ман назарына ұсын­ғанды жөн көрдім.

Сайрам ауданындағы Жұлдыз ауылдық әкімшілігінде ұзақ жылдар бойы жауапты қызмет атқарған Ди­на Мырзадинова алдағы 15-сәуірде еңбек демалысына шыққанын тойлағалы отыр. Өткен жылы күзде мем­лекеттік мекемелерде қысқарту басталғанда зейнеткерлікке шы­ғуы­на әлі алты ай барлығына қарамастан Дина Әбу-Асқарқызы өзі сұ­ранып, орнын жастарға босатқан-ды. Біреу­лер үйреніп қалған қыз­меті­нен кеткісі келмей, басшылықты сотқа беріп жүргенде бұл кісінің мұн­дай қадамын ауыл әкімі Қажы­мұхан Сұлтанов та жоғары бағалап, әріптестерін құрметпен шығарып салған болатын. Осындай жаны жайсаң, кең пейілді жанның өз­гелер үлгі тұтарлық тұстары көп.

Read More...


"Шолпанның" тұсаукесерінде жұрт көзіне жас алды
05.04.2011 11:17

Сонау 1922-жылы Ташкент қаласында қазақ зиялылары бірігіп, «Шолпан» атты журнал шығарған. Тәуелсіз ел болуды көксеген Алаш арыстары бұл журналды ұлтымызға қажетті маңызды мәсе­лелерді қозғап отыратын насихат құралы ретінде пайдаланып, онда қоғамның түрлі салаларын қамтитын мақалаларын жариялап тұрыпты. Алайда тоталитарлық билік оны көпке ұзатпай жапқызып тас­таған. Таяуда осы «Шолпан» журналында жарияланған дүниелер топтастырылып, көлемді кітап болып басылып шыққаны белгілі.

Кешегі аптаның бейсенбі күні аталған мұражайда осы «Шолпан» кітабының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Оған зиялы қауым өкілдері, арнайы шақырылған қонақтар, Оң­түстік Қазақстан Мемлекеттік университеті та­рих факультетінің студенттері, бұқаралық ақ­парат құралдарының өкілдері қатысты. Жиын­ды мұражай директоры Ханбибі Есенқарақызы ашып, кіріспе сөз сөйледі, кітапты жа­рық­қа шығару жолындағы атқарылған істер, ал­дағы мақсаттар жөнінде әңгімеледі.

Read More...


Аллергия мазалап жүрген жоқ па?
05.04.2011 11:10

allergiaАғаштар бүршік жара бастайтын қа­зір­гідей кезде ел ішін­де жөтеліп, түшкіріп, тынысы та­рылып, көзі жасау­райтындар кө­бейе тү­седі. Бұл – көк­темгі аллергия. Жыл сайын қайталанатын бұл мазасыздықтан қалай құ­тылуға бо­лады, біз осыған тоқталмақпыз.

Бүгінде аллергияның түрі көп. Ол қандай­ да бір нәрсеге (дәрі-дәрмек, сабын, та­ғам) ағзаның кері әсер беруінен туындайтын кесел. Дегенмен ол әркімде әр түрлі өршиді: біреулерде дене тастай болып ісініп, дуыл­дай қышыса, екін­ші­лерінде мұрыннан су ағып, көз жасаурап, қызарады немесе тыныс ауырлап, де­мікпе басталады. Аллергия, әсіресе, белгілі бір жыл маусымында, сондай-ақ белгілі бір затты қолданғанда күшейе түседі. Ал көктем кезінде көтерілетін ал­­лергия өсімдіктерден, шаң-тозаң мен темекі түтіні, көліктен шығатын улы газдан өршиді. Құрт-құмырсқа белсенді қимылға көшкенде қозатын аллергия да­ бар. Сондай-ақ күнделікті өмірдегі күйзеліс те осы ауруға себепші болады екен.

Аллергия инфекция емес, ол бір адамнан екінші адамға берілмейді. Дегенмен аллергиясы бар адамдардың балалары да осы кеселге бейім келеді, яғни дерт тұқым қуалайды.

Read More...


Атақтан шатақ шығып жатыр ма?
05.04.2011 11:07

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында жер-жерлерде аудан мен ауылдардың Құрметті азаматы атағы бе­ріліп жатты. Ал мұндай атақ Отырар ау­да­нында ешкімге бұйырмады. Бұл мәселе жөнінде редакциямызға хабарласқан Дүкенбай есімді азамат былай дейді:

«Негізі «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» деген қағиданы басшылыққа алған отырарлық депутаттар бұл атаққа мәслихат хатшысы Әділхан Мақатай, депутаттар Мәрия Белгібай, Баян Нарбекова, Пернебай Шынпейіс се­кілді әріптестерін лайық көріп еді. Бірақ Бейбіт Сыздықов олардың ұсынысын қабылдамай тастады. Өз кезе­гін­де депутаттар да әкімнің ұсынған адамдары ауданның Құрметті азаматы атағына лайықты емес деген пікірге тоқталды».

Read More...


Жыныстық адалдықты сақтайтын дәрі ойлап тапты
05.04.2011 11:03

izmenaЕлімізде ерлі-зайыптылардың бір-біріне жыныстық адалдығын сақтауға көмектесетін дәрі ойлап табылғаны туралы ақпарат таралғалы да біраз болды. Ол Астанамыздың дәріхана­ларында сатылып жатыр деген де сөз шыққан. Сонда бұл қандай дәрі?

Жарияланып жатқан деректерге қарағанда, бұл дәріні өткен ғасырдың 60-шы жылдары кеңестік ға­лымдар жасап шығарыпты. Оны ойлап тауып, өндірістік жолға қоюды ғалымдарға сол кездегі Кеңес Одағы компартиясының бас хатшысы Никита Хрущев тапсырған деседі. Содан ғалымдар кеңестік азаматтарды жан жарына опасыздық жасайтын мұндай қылықтан қорғайтын дә­ріні ойлап шығарыпты, оны сынақтан өткізіп, оң нәтижеге қол жеткізген. Яғни ұнтақ түрінде шығарылған ол дәрі адамның некелі жұптасына деген адалдығын сақтауына түбегейлі әсер ететін болып шыққан.

Read More...


Бұрынғы бастық кейінгісін мойындамай жүр екен
05.04.2011 10:58

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір құзырлы мекеменің басшылығы ауысты. Оны ұзақ жыл басқарған азамат кенеттен орынбасарлыққа төмендеді де, бос қалған орынтаққа басқа облыстан келген адам жайғасты. Соңғы кездері бұл жөнінде әртүрлі әңгімелер айтыла бастады. Тіпті орынбасары бастыққа бағынбайды екен деген де сөз шықты. Ал шындығы қалай? Бұрын сол жерде қызмет атқарған бір азамат бұл кикілжің жөнінде былай дейді:

«Бұл мекеме жөнінде әртүрлі әңгімені мен де естідім. Егер сенімді адамдарыңыз болса, шындығын айтып береді. Бұрынғы бастық жаңадан келген кісіні толық мойындамай жүр деген сөзді мен өтірік дей алмаймын. Себебі, сол жердегі таныстарымның айтуына қарағанда, бұрынғы бастықта біршама кемшіліктер болған сыңайлы. Ол жәйттер жоғарыдан келген тексеру кезінде анықталған.

Read More...


Менмін деген әртістерді Шымкенттен көрдік біз
05.04.2011 10:51

asanali ashimovКешегі аптаның дүйсенбі күні Шым­кенттегі Ж.Шанин атындағы об­лыстық қазақ драма театрында «Театр көктемі – 2011» атты рес­пуб­ликалық және аймақтық театр фестивалі аяқталды. Үш күн­ге со­зыл­ған фестивальда өнер көрсеткен әртістер арнайы дип­лом­­дармен марапатталып, ақшалай сыйлық­тар­ға ие болды.

Белгілі өнер қайраткері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы бас жүлдеге Е.Тұрысовтың «Ұлы көшін» ла­йық деп тапты. Оны сахналаған Ж.Шанин атындағы облыстық қа­зақ драма театрының ұжымы «Ең үздік тақырыптық қойылым» жүл­десімен қоса 700 мың теңгеге ие болды. Ал Е.Жуасбектің «Сен үшін...» қойылымын сахна­ла­ған ас­таналық Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры ұжы­мы «Ең үздік қойылым» жүл­десімен ма­ра­патталып, 400 мың теңгені ен­ші­леді. Аталмыш театр әртісі Лейла Бекназар – Ханинга «Ең үздік әйел бейнесі» жүлдесін же­ңіп алды. Сон­дай-ақ Оңтүстік Қа­­зақстан об­лыс­тық өзбек драма театрының әртісі Рүстем Сайдхожаев «Ең үздік ер адам бей­несі» жүл­десімен мара­патталды.

Read More...


Көп әйел алу: ол пайдалы ма, зиян ба?
05.04.2011 10:47

(Жалғасы. Басы өткен нөмірлерде).

– Алғашында күйеуім еш­нәр­сені ашып айтқан жоқ. Бі­рақ жұмыстан үнемі кеш ке­летінді, мереке күндері, әсі­ре­се Жаңа жыл, 8-Наурыз әйел­дер мерекесінде міндетті түр­де сылтау тауып, «қызметтестермен бірге тойлаймыз» де­генді шығарды. Бастапқыда мән бермегенмен келе-келе күдігім ұлғаймаса, сейіле қоймады. Құрбыларым ана жер-мына жерден өзге қыз-келін­шектермен бірге көріп қалатынын алғашқыда жасырып жүрген екен, кейін келе маған олар жасырмай айтатынды шығарды. Бар ойым кө­рін­генмен көңілдес болып бір пәлеге ұрынбаса болғаны дегеннен әріге бармады. Екі баламыз бар. Алды студент болып қалды, – дейді Света ЖОМАРТҚЫЗЫ. – Бір күні әң­гімені өзім бастадым. Кү­йеуім ақталып, мойындамай, өзіме пәле жауып әуре ете ме деген ойым да болды. Сөйт­сем, жоқ, бар мәселені қаз-қал­пында ақтарды.

Read More...


ХХІ ғасырдың дәрісі атанған жапсырманың ерекшелігі көп
05.04.2011 10:37

xxi dariОқырманның сәлемдемесін газет бетіне жариялай отырып, біз аталмыш компанияның емдік тауарларымен танысуды жөн көрдік. Бұл қандай пластырь? Оның емдік құпиясы неде? Оны қалай қолданады және қандай ауруларға ем? Осы сұрақтарға жауап іздей отырып көптеген қызықты деректерге тап болдық.

Ең алдымен анық­тағанымыз, «Nano Рatch» халықаралық компаниясының денсаулықты нығайтуға арналған пластырь түрлері Еуропада 1982 жылдан бастап қолданысқа еніпті. Одан кейін 20 жыл уақытта бұл жаңалықтың ав­торлары – Американың Пан­силь­вания штатының ғалымдары плас­тырьдің денсаулыққа пайдасын, ағзаға әсе­рін, емдік нә­тижесін сарапқа сал­ған. Нәти­же­­сінде емдік шөп­тер тұн­басының қасиеті сіңіріл­ген жапсырма­лардың кез-келген дә­ріден кем емес әсері бар екеніне көз жет­кізген. Ең бастысы, ол дәрі емес, оны ішке жұтпайтын­дықтан ас­қазан-ішек тітіркен­бейді, ағзаға зияны­ да бол­майды. Оны қол не аяққа жапсырып қойса бол­ғаны, 24 сағат ішінде ондағы емдік қоспалар тері нүктелері арқылы ағзаға сіңе береді екен.

Read More...



Дүйсенбі 04 Сәуір 2011

"Бас пайдасы үшін ұлтын сатып жіберетіндер бар", - дейді әртіс әрі ақын Байғали Есенәлиев
04.04.2011 17:55

baigali esenalievТаяуда Шымкентте өткен «Театр көктемі – 2011» фестиваліне Алматыдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, әртіс әрі ақын Байғали Есенәлиев те (суретте) келді. Ол кісі қазылар алқасының мүшесі болды. Біз сонда Байекеңнің өзімен жолығып, фестиваль төңірегінде әңгіме өрбіттік.

– Байеке, «Театр көктемі – 2011» фес­тиваліне сахналанған қойылымдар мен өнер көрсеткен әртістер деңгейіне қандай баға берер едіңіз?

– Әрбір театрда, әртістерде ізденіс бар. Бірақ кейбір тұстарынан көңілім қал­ды. Өзбек және орыс театрын көргенде қат­­ты ішім күйді. Өзбек әртістері жұмыл­ған жұдырықтай екен. Оларда ұйымшылдық жоғары. Ал орыс әртістері нысананы дәл көздеген, артық дүниелері жоқ, жи­­нақы. Осы екі қасиет біздің театр­ларымызға бұйырмай-ақ қойды. Бізде дра­матургияны айтпағанда, әртістік өнер ақсап жатыр. «Ана – Жер-Ана» қойылымы керемет-ақ дүние. Оны Шыңғыс Айтматов қазаққа арнап жазды. Шығармадағы кейіпкерлердің бәрі – қазақтар. Ал оны Жамбыл облыстық қазақ драма театрының режиссері қырғыздың әндері­мен әрлеп шыққан. Қойылым қазақы мінезден алшақ жатыр.

Read More...


Айтсаң - сөзің өтпейді...
04.04.2011 17:29

hanbibiШымкенттегі Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызының бас­тамасымен таяуда «Шолпан» атты кітаптың дүниеге келгені туралы біз газетімізде хабарлаған болатынбыз. Бұл кітапта Алаш ардақтыларының осыдан 90 жыл бұрын «Шолпан» журналында жарық көрген туындылары топтастырылған. Кешегі аптаның бейсенбі күні аталған мұражайда осы журналдың кітап болып шығуына байланысты тұсаукесер рәсімі болып өтті. Мұражай директоры Ханбибі Есенқарақызының өзінің де халық алдындағы еңбегі мол екені анық. Ол кісіні де қоғамдағы көп нәрсе толғандырады. Сол толғаныстар қағазға өлең болып түсіп жатады. Осы орайда біз ақынның әр жылдары жазған бірнеше өлеңдерін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Read More...


Анасына АҚШ-тан автокөлік жіберген студент
04.04.2011 17:07

begaimsubaruМерекелі де берекелі наурыз айын да шығарып салдық. Бұл айда әсіресе әйелдер қауымы түрлі сыйлықтарға қарық болғаны анық. Осындай үлкен сыйлықтың бірін анасына өткен 8 – наурыз мерекесінде Нью–Йоркте «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүрген Нұрқанат Сүттібаев жасады. Ол анасы Бегайымға қымбат көлік сыйлапты дегенде біреулердің сенбестік танытқаны рас. Өйткені құны 35 мың АҚШ долларын құрайтын «Субару-Трибека В-9» джипін сыйлау екінің бірінің қолынан келе бермесе керек.

Нұрқанат қарапайым отбасыдан шыққан. Гүлнұр есімді әп­кесі мен Абат деген ағасы, Жақұтбек деген інісі бар. Әкесі Орынбасар Сүттібаев Тө­леби аудандық «Төлеби туы» газетінде редактордың орынбасары, анасы Бегайым Ибрагимова (суретте) Маятас ауылындағы Б.Момышұлы мек­тебінде директордың тәр­бие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.

Бұл отбасының үлкені Гүлнұр Жарасбаева бүгі

Read More...


Әулие аралау аурудан айығуға көмектесе ме?
04.04.2011 10:58

nazarbai maldibaevКөктем шыға көптеген адамдар әу­лиелі жерлерге зияратқа шыға бастайды. Олардың арасында бойын меңдеген дертке шипа іздейтіндер де жетерлік. Ал әу­лие аралау шын мәнінде аурудан айы­ғуға көмектесе ме?

Көмегі көп екеніне сенемін

Назарбай Малдыбаев, Сәбден баба әулиенің шырақшысы (суретте): – Сәб­ден бабаға зиярат жасап көп­теген адамдар жыл бойы ке­ліп жатады. Оның көпшілігі сыр­қатына шипа іздегендер. Бір айдай бұрын Жетісайдан бір әйел енесі мен екі баласын ертіп келді. Оның 16 жас­тағы қызы айкезбе ауруымен ауырады екен. Әр күні түнде таза киім киіп, әжетхананың адам сыймайтын көздей ғана тесігінен шығып кетіп, таңға жақын қайтып келетін көрі­не­ді. Неге өйтетінін сұраған әке-шешесіне ешқандай жауап айта алмайды. Ал 18-ге келген баласының бойы өс­пей қалған. Сол кісілер үйі­нен шығарда Сәбден бабадан шыққаннан кейін Арыстан бапқа, содан соң Қожа Ахмет Яссауиге зиярат ете­міз деп ниет қылыпты.

Read More...


Полиомиелит түшкіріктен де жұғады
04.04.2011 10:53

Таяуда елімізде балаларды полиомиелит ауруына қарсы егу жұмыстары жүр­гі­зілді. Ал оның қандай қауіпті дерт екенін жұртшылық түгелдей біле бермейді. Сон­дық­тан оқырман­ға оның қалай жұғатыны жөнінде айта кетуді жөн көрдік.

Полиомиелит инфекциясының бастапқы белгілерінде оған ұшыраған баланың дене қызуы жоғарылайды, жүрек айнуы және аяқ бастарының ауыруы байқалады. Жұқтырудың әрбір 200 жағдайының кемінде біре­уінде науқас сал ауруына ұшырайды. Көп жағ­­дай­ларда дәрігерге қаралу үшін жет­кі­лікті бел­гілері көрінбей, ауру жасырын түр­де өтуі мүмкін.

Read More...


"Білімді ұрпақты" 1500 долларға бермеді
04.04.2011 10:45

tolebaevmusinЖетісай қаласында Тұрсынбай Төлебаев деген мүсінші (суретте) бар. Ол өзінің «Білімді ұрпақ» деп аталатын мүсініне «құда түскен» адамдарға оны төрт жылдан бері 1500 долларға сатпай келе жатыр екен. Жуырда біз Т.Төлебаевқа жолығып, оның мәнісін сұрадық.

«Мен 15 жасымнан бастап шеберлік жұмыспен айналыстым, – дейді Т.Төлебаев. – Содан бері көптеген дүниелер жасадым. Олардың арасындағы кейбір мүсіндер көпшілік тарапынан қызығушылық тудыруда. Мәселен, 2007 жылы ағаштан жасаған бір мүсінді «Білімді ұрпақ» деп атадым. Оның биіктігі де, ені де 1,5 метр. Бұл мүсінді 1500 долларға сұрағандар болды. Әлі де сат деушілер көп. Алайда мен оған келіспедім. Өйткені менің жұмысым тым арзан бағаланып тұрғандай.

Өзім мектепте мұғалім болып істеймін. Мүсіндерді түнгі ұйқыдан қалып жасаймын. Яғни еңбегімді өзім дұрыс бағаламасам болмайды. Менің «Ана мен бала махаббаты», «Періште», «Тектілік», «Жанұя» деген де мүсіндерім бар. Солардың кейбірін 2007-2008 жылдарда өткен облыстық мұғалімдер арасындағы шығармашылық олимпиа­далары мен 2010 жылы «Оңтүстік көркі» галереясына апа­рып, үш рет бірінші орын алдым».

Read More...


Сәуірде сергек болудың жолдары
04.04.2011 10:39

Жақында Ресейдің «Жизнь» газеті көктемде көбірек мазалайтын созылмалы дертті жеңіл өткізудің жолдары жайлы мақала жариялады. Онда иммунолог-дәрігер Олег Назар көптеген кеңестер айтқан екен. Біз оқырманға сол кеңестерді ықшамдап аударып беруді жөн санадық.

Сонымен, дәрігер айтады:

* Көктемде көбіне жүйке жүйесі аурулары сыр бере бастайды. Әлсіздік, ашушаңдық та осы кезде күшейеді. Кейбіреуде себепсіз бас ауырады. Осындай жайсыздық мазалайтын жандар міндетті түрде сәуір айы­ның басында дәрігермен кеңесе отырып, витаминдер кешенін қа­былдағаны жөн. Сонда қыстан әлсіреген ағза көктемнің соққысына ұшырамайды.

Read More...


Маймен сылап, массаж жасап емдейді
04.04.2011 10:23

nisanbaevГазетіміздің қаңтар айындағы нөмірінде диагнозды тамыр ұстау арқылы анықтайтын емші Әбдіха­мит Нысанбаев (суретте) жайлы жазған болатынбыз. Бас, бүйрек ауруларын, көзден болған сырқаттарды, түрлі жараларды, омыртқа арасындағы грыжаны емдейтін бұл емшіге алғысын айтып, редакцияға хабарласқан оқырмандар өте көп болды.

Алматы, Астана, Қызылорда қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудан­дарынан хабарласып, Әбдіхамит емшінің мекен-жайын сұрағандар да жетерлік.

«Жасым 57-де. Ауырмайтын жерім жоқ, – дейді емшіге қаралған алматылық Раушан Әлімбекқызы. – Соңғы уақытта көзіме ақ түсе бастады. Дәрігерге қаралсам, көздегі шелді операция арқылы сылып тастайтындарын айтты. Қартай­ған шағымда наркозды жүрегім көтере ме, жоқ па тағы белгісіз. Сол жағын ойлап, қорқып жүргенімде «Ауырмаңыз!» газетінен Әбдіхамит балам жайлы оқып, емделуге ниет еттім. Телефонына хабарласып едім, ол өзі үйге келіп емдейтінін айтты. Қуанып кеттім. Ол маймен сылап, массаж жасап емдейді екен. Бүгінде денсаулығым жақсы, қолы жеңіл деп риза болып қалдым. Әбдіхамитке алғысымды газет арқылы жеткізгім келеді».

Read More...


Жүрегіңіздің жағдайын біліп жүргейсіз
04.04.2011 10:09

Жуырда редакциямызға шымкенттік Мұса Ермахан деген оқырман хабарласты. Оның жасы 55-те екен. Ол өмір бойы күтініп, ауыр жұмыс істемей, денсаулығына ерекше мән берсе де жүрек ауруына ұшырағанын айтты.

«Жас кезімнен бері спортпен шұ­ғыл­данып келемін, әлі де таңертең жү­гіріп тұрамын, – дейді М.Ермахан. – Жа­қында Астанада жүргенімде жүрек тұсым сыздап ауырды. Кардиоорталық дәрігер­леріне қаралып едім, олар жү­регім ауыратынын, бұл сырқат менде бірнеше ай бұрын басталғанын айт­ты. Тіпті инфаркт алғансыз деді. Ал ме­­нің жүрегім бұрын-соңды ауырған емес. Сондықтан дәрігер­лерге сенің­кіремей, тек­серу қорытындысын таныс арқылы Мәскеудегі медакадемияға жі­бердім. Ондағы профессорлар да жү­ре­гі ауырады деген тоқтамға келіпті. Мен сонда барып кардиологтардан кей адам өзінің жүрек ауруына ұшыра­ғанын білмей жүре беретінін естіп, ойланып қалдым. Оның үстіне, өмір бойы күтініп жүретін және спортпен шұғылданатын мен ауыр­сам, тағдыр тау­қыметі мен тіршілік теперішін көргендер не істейді?

Read More...


Шылым шегуді шектейтін темекі
04.04.2011 09:41

temekiЖақында Шымкенттегі Тәшенов көшесінің бойынан «Понс» шылым шегуді тастауға көмектеседі» деген жарнамаға көзіміз түсті. Қызығушылығымыз оянып, жарнамада көрсетілген мекен-жайға бардық.

«Понс» – темекіге ұқсайтын ерекше электрондық құрылғы, – дейді жеке кәсіпкер Нұржан Құдайберген. – Оны Шымкентке әкелгенімізге екі апта болды. Оған жұрттың қызығушылығы оянып, көптеп сатып алуда. «Понсты» бұзылғанша пайдалануға болады. Бағасы – 15.500 теңге. Оны пайдаланған адам темекіден біржола құтылады. «Понстың» иісі жоқ, әрі оны ұзақ уақыт пайдалануға болады. Сондай-ақ ол ұялы телефон секілді электр тогынан қуаттандырылып тұ­рады. Біз оны сатып алушыларға бір жыл кепілдікпен береміз».

Нұржан бірнеше жылдан бері күніне екі қорап шылым шегіп келіпті. Ол «Понсты» алдымен өзі шегіп көрген. Нәтижесі жаман болмаған. «Понсты» пайдаланып жүргеніне енді бір ай болса да ол темекі тартуды азайтып, күніне бір-ақ дана шегетін дәрежеге жеткен.

Read More...


"Ил-76" ұшағының иесі айыппұл төледі
04.04.2011 09:37

Таяуда Оңтүстікте кедендік ережені бұзған алып лайнерге қатысты әкімшілік сотта қаралған іс өз мәресіне жетті. «ИЛ-76 ТД» ұшағы Қазақстан аумағынан шығып кету мерзімін сақтамаған. Сондықтан оның иесіне 15 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде айыппұл салынды. Яғни кедендік рәсімдеу кезінде Қазақстанға кірген кез келген транспорттың елден шығып кету мерзімі белгіленеді, ал ол заңды бұзуға ешкімнің құқы жоқ.

Мұндай жұмыстардың барлығын Шымкент көлік прокуратурасы бақылап отырады. Өткен жылы кеден істері саласында жиырма құқық бұзушыға қатысты іс әкімшілік соттар арқылы қаралған. Құқық бұзушыларға 1.053.651 теңге айыппұл салынып, ол мемлекет пайдасына толығымен өндірілген.

Read More...


Құлағыңыз түрік жүрсін!

umitbek-v

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама

juldyz

(18.08 - 24.08)

Тоқты (21.03-20.04)
Ұстамдылық керек. Әсіресе қандай да бір зат сатып аларда абай болғаныңыз абзал.
Торпақ (21.04-21.05)
Табысыңыз да, шығыныңыз да бірдей жүреді. Ақша үнемдегеніңіз өзіңізге жақсы.
Егіздер (22.05-21.06)
Күндер құбылмалы әсер етуі мүмкін. Денсаулық мәселесіне де мән бере жүргейсіз.
Шаян (22.06-23.07)
Көп жұмыс тындыруға мүмкіндік бар. Жалқау болмасаңыз, ақшаңызды көбейте аласыз.
Арыстан (24.07-23.08)
Апта басынан қарқын алғайсыз. Сізге дүйсенбі – сәрсенбі арасы тиімдірек болмақ.
Бикеш (24.08-23.09)
Зеректігіңіздің пайдасын көресіз. Тың табыс көзіне жетелер жол табуыңыз ықтимал.
Таразы (24.09-23.10)
Негізгі шаруаларды апта басында реттестіріп алыңыз. Жұмысыңыз көбейеді.
Сарышаян (24.10-22.11)
Барынша мұқият болуға тырысыңыз. Апта ортасына қарай олжа иеленуіңіз ғажап емес.
Мерген (23.11-21.12)
Ойыңызда жүрген мәселе шешімін табады. Бір қымбат бұйым сатып алуыңыз мүмкін.
Тауешкі (22.12-20.01)
Жайлы күндер жалғасады. Қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмауға тырысыңыз.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Сізге аптаның алғашқы бөлігі тиімдірек. Негізгі жұмыстарды осы күндері реттестіріп алғайсыз.
Балық (20.02-20.03)
Шаруаларды үлкен-кіші деп бөлмеңіз. Қаржы еселеудің сәті түседі, белсендірек болыңыз.

Құлағыңыз түрік жүрсін

auyrmanyz

«Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірі жарыққа шықты. Газеттің бұл нөмірінде оқырманға мынадай тақырыптағы мақалалар ұсынылып отыр:

* Жазда да балалардың мазасызданып, сырқаттанып қалатын кезі көп. Оның кейбірі ата-аналардың білместігі мен жауапсыздығынан туындап жатады. Жаздағы жайсыздықтар неден болады және мұндайда балаға қандай күтім жасаған жөн?

* Аптап ыстықта адам ағзасы басқа мезгілдегідей көп энергияны талап етпейтіні анық. Соған байланысты бұл мезгілде тамақтануға да басқаша мән беруге тура келеді. Әйтпесе денсаулығымыз сыр беруі әбден мүмкін. Күн ыстықта қалай тамақтану керек?

* Кейбір адамдар артық салмақтан арылу үшін аздыратын шайлар пайдаланады. Бұл шайлардың бәрі де ем­дік шөптерден жасалатыны белгілі. Алайда мамандар олардың пайдасымен қоса зияны да барын айтады. Аздыратын шай туралы не білеміз?

...Газеттің жаңа нөмірінде денсаулық күтімі, аурудың туындау себептері мен емделу тәсілдері жайлы бұдан басқа да тақырыптағы мақалалар жарияланған.

«Ауырмаңыз!» газетіне жазылу жалғаса беретінін естеріңізге саламыз. Біздің индексіміз – 64233.

 

Құлағыңыз түрік жүрсін!

til

Қыстың да таңқалдырар
құпиялары бар
* Қыс мезгілінің құпиялары.
* Төрт түлік пен табиғат құбылысы.
* Қымыранның құдіреті.
* Жұлдызыңыз не дейді?
* Жұмбақ кейуана бақыт сыйлады.
«Замананың» қосымшасы – «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірі жарық көрді. Жоғарыда аталған тақырыптарды қамтитын мақалалар газеттің осы нөмірінде жарияланып отыр. «Тылсым дүниенің» жаңа нөмірінен тылсым сыр, ғажайып жайлар, табиғат құбылыстары мен құпиялары туралы бұдан басқа да тақырыптардағы мақалаларды оқи аласыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

 * Умеренная цена

 Наш адрес:

г. Шымкент,
 ул. Акпан батыра, 23.
 (уг. улицы Майлыкожа.).

 Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

 Будьте нашим гостем!

Құлағыңыз түрік жүрсін

kerek-2014-15

«Керек кеңестерде» кеңес көп
Тұрмыс-тіршілікте, жалпы, өмірдің барлық салаларында адамның түрлі ақыл-кеңестерді қажет ететіні рас. Ондай пайдалы кеңестер керек кезінде табылып жатса, адам адаспайды, дұрыс шешімдер жасайды. Осы орайда оқырманға «Замананың» жанынан шығатын «Керек кеңестер» газетінің де берері мол.
«Керек кеңестер» газетінің редакциясына еліміздің түкпір-түкпірінен хабарласып, ой бөлісетін, өз кеңестерін ұсынатын жандар көп. Басынан өткергендері жайлы жазып, жұрттан ақыл сұрайтындар, оларға шама-шарқынша көмек қолын ұсынып жататындар да бар.
Міне, көпшілікке берері мол осы «Керек кеңестер» газетінің жаңа нөмірі жарық көрді. Одан сіз мынадай мақалалар мен кеңестерді оқи аласыз:
* Қария қиналған қызға қол ұшын беруге дайын.
* «Баламның жалғыздығын уайымдаймын», – дейді редакцияға хабарласқан ана.
* Өз туған қызы өзіне келін болды.
* Оның екінші мәрте қателескісі келмейді.
* Тілекті дер кезінде, белгілі бір тәртіппен тілесеңіз, кереметін көресіз.
* Танымал болу қиын емес.
* Ыстықтан қорғану әдістері.
* Қандай әйел мен қандай еркек үйлеседі?
* Бақытқа жетелейтін бұл жолдарды жаттап алыңыз.
«Керек кеңестердің» жаңа нөмірінде бұдан басқа да кеңестер бар. «Керек кеңестер» Сізді ешқашан жалықтырмайды, өкіндірмейді.