Қазір қолдағы малдың жаппай төлдеп болған кезі. Яғни шаруаның малына мал қосылды. Енді оны аман сақтап, одан әрі көбеюіне жағдай жасау әркімнің де ойында бар. Әсіресе малдың күтіміне жіті қарау, оны түрлі жұқпалы кеселдерден қорғау қажет. Ал ол үшін көп нәрселерді білу маңызды. Олай болса «Замана» баспасынан шыққан «Малың аман болса, май ішесің» деп аталатын кітапты алып оқыңыз. Ол сізге бұл істе сенімді көмекші бола алады.
Жаңа кітап
Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Жаңа кітап
Тез байығыңыз келсе...
Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жеткізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.
Жаңа кітап
Шариғат шарттарын біле жүргейсіз
«Замана» Баспа үйінен «Жаназа пәтуасы. Шариғат шарттарына қатысты өзге де сұрақтарға жауаптар» атты кітап жарық көрді. Онда барлық жерде бірдей орындалуға міндетті жаназа пәтуасы мен жерлеу рәсімдері туралы айтылған, сонымен бірге дінге қатысты түрлі сұрақтарға нақты жауаптар қамтылған.
Сондай-ақ бұл кітаптан иман мен исламның шарттары жайлы, халал мен харам, неке, бал ашу, өсімге ақша алу, үлкен күнәлар және одан құтылу жолдары, тағы басқа да көптеген мәселелер жөнінде толыққанды мағлұматтар алуға болады.
Аталған кітап қазір сауда нүктелерінде сатылып жатыр. Оны барлық жердегі газет сатушылардан сұраңыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
Иманыңызды күшейтеді
Алматы қаласында тұратын оқырмандарымыздың бірі мынадай сұрақ қойды: «Мен жастықпен түрлі күнәлар жасадым. Әсіресе мектепте оқып жүргенде, студент күндерімде талай қыздың көз жасына қалғанымды енді сезінетін болдым. Бәлкім тірлігімнің кері кетіп, алға баспай қоюына сол да себеп болған шығар деп ойлана бастадым. Қазір бес уақыт намазға жығылып, Алла-тағаладан сол күнәларымның кешірілуін сұрап жүрмін. Жалпы, күнәлар намазбен жуыла ма?»
Бұл сұраққа және оқырмандардың басқа да сауалдарына берілген жауаптарды «Кәлима» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Сондай-ақ «Кәлима» газетінде бұдан өзге мынадай мақалалар жарияланған:
* Ауыз бекітпегендерге Алланың берген мүмкіндігін білесіз бе?
* Жас баланы зорлағандарға шариғатта қандай үкім белгіленген?
* Біреудің сыртынан ғайбат сөйлеп, жала жабудың күнәсі қандай?
* Иманды жандардың шаңырағы шайқалмайды.
* Қарызды қайтармай қоюға бола ма?
«Кәлимада» иманыңызды күшейтетін бұдан басқа да мақалалар бар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Қызық газет» – қызық газет!
«Қызық газеттің» кезекті, 15-ші нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөміріндегі «Әйелдерге интимдік қызмет көрсеткен жігіт» деген тақырыппен жарияланған хикаяда жалданып жүкші болып істеген бір азаматтың осы жұмыс барысында және басқа кездерде басынан өткерген ерекше оқиғалары туралы баяндалған.
Негізгі бет
Оңтүстікте ұн тағы қымбаттады
Өткен аптада Шымкент қаласында ұнның бағасы күрт көтерілді. Оның соншалықты қатты қымбаттағанына жұрт таңырқауда.
Мәселен, қала ортасындағы көтерме сауда нүктелерінде жоғары сортты бидай ұныныңбір қабы 3300 теңгеден сатылуда. Оның бұған дейінгі бағасы 2700 теңге болатын. Ал «Жақсы» деп аталатын бірінші сортты ұнның бір қабы 2700 теңгеге көтерілді. Бұған дейін оның бағасы 1700 теңге еді.
Жоғарыда аталған ұндардың 25 килолықтары 1300–1500 теңге аралығында ұсынылуда. Ал ең қымбат ұн «Дани нан» серіктестігінікі екен. Оның 25 килолығының өзі 1850 теңге болып тұр.
Біз сатушылардан ұн бағасының неге көтерілгені туралы сұрағанымызда олардың барлығы да бұл жөнінде ештеңе білмейтіндіктерін, өздеріне ұнның қымбат келіп жатқанын ғана айта алды.
Осыдан соң біз ұн өнімдерінен дайындалатын тағамдардың бағасына назар аудардық. Тек тәтті күлшелердің бағаларына ғана 5-10 теңгеден қосылыпты. Ал нан бағалары әзірге сол күйінде тұр. Дегенмен сатушылар ұнның бағасы көтерілген соң нанның қымбаттамай қоймайтынын айтуда.
Шілде айында ұнның бір килосы 5 теңгеге қымбаттағанда үлкен дау туындап кете жаздаған еді. Мәселе
Бүгінде Шымкенттің «Ордабасы» алаңындағы орталық мешіт маңынан қайыр сұрап жүрген адамдар көзге жиі шалынатын болды. Ол жерде күн сайын қолын жайып, бес-алты адам отырады.
Осындай жандардың бірі – Созақ ауданының Жуантөбе ауылынан келген Жанар Сейдахметова (суретте). Жанардың екі ұл, бір қызы бар. Өзінің айтуынша, ол қан қысымы жоғарылығы жөнінен ауруханада есепте тұрады. Күйеуі жоқ, жұмыссыз әйел үш баласын қалай асырауды білмегендіктен бес жылдан бері қол жайып көшеге шығуға мәжбүр болыпты. Кіші қызы Мәрия жасы сегізге толса да әлі мектепке бармапты. Дегенмен ағаларының көмегімен өзінің есімін жазуды үйренген.
«Мен бұл жерде үш баланы қалай асыраймын деп қиналғаннан отырмын, – дейді Ж.Сейдахметова. – Табысымыз тамақ пен жатар орын ақысынан артылмағандықтан қызымды мектепке де бере алмадым. Ол да басқа қыздар секілді мектепке барғысы келеді, бірақ киетін киімі жоқ, сондықтан бара алмайды. Ертеден кешке дейін отырғанымызда сегіз жүз теңгедей табамыз. Біз жұма намазды асыға күтеміз. Сол күні ақша көбірек түседі. Одан бес жүз теңгені күн сайын пәтерақыға төлеймін. Оны бермесем пәтерден шығарып жібереді. Қалған ақшаны тамаққа үнемдеуге тырысамыз. Мұндай жағдайды
Білім күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, жұрт мәре-сәре болып жүргенде Шымкенттің іргесіндегі Ақтас ауылынан суыт хабар алдық. Бір топ ата-аналар атынан сөйлеген Қарлығаш деген кісінің айтқаны рас болса, Ақтастағы тоғыз жылдық мектепте алғашқы қоңырау соғылмай қалыпты. Себебін сұрағанымызда ол: «Бір қалталы азамат мектеп пен ауыл арасындағы жерді сатып алғандықтан оқушылар бірнеше шақырым жол жүріп, егін алқабын айналып өтуі керек. Тіке өтсе алма ағаштарына қарайтын күзетшілер ұрсады. Тіпті адам қабатын үлкен иттерді де бос жіберіп қояды. Сондықтан ата-аналардың көбісі балаларын мектепке жібермей отыр», – дегенді айтты.
Ел аман, жұрт тынышта оқушылардың мектепке бармай қалуы жақсылықтың нышаны емес. Жерді сатып алған кәсіпкердің ауыл тұрғындарының жағдайымен санаспағаны қалай?
Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында Өзбекстанмен шекара аумағындағы Арнасай мен Амангелді ауылдары туралы жиі жазылған болатын. Өткен аптада редакцияға хабарласқан Асанхан есімді азамат та бізге осы мәселе төңірегіндегі жайлар туралы айтып берді. Ол былай дейді:
«Бүгінгі таңда шекара маңындағы ауыл тұрғындары көшіп жатыр.
Осыдан бірнеше күн бұрын редакциямызға Отырар ауданынан бір азамат хабарласып, аудандық мәслихаттың сессиясы өткелі жатқанын айтты, «Мәслихат депутаттары арасында әкімге сенімсіздік білдірмек болып жүргендер көп, келсеңіздер, көзбе-көз куә боласыздар», – деді де, тұтқаны қоя салды.
Ал өткен аптада біз аталмыш ауданға бардық. Расында да жұртшылықтың аузында болып өткен сессия туралы әңгіме көп. Тіпті «Депутаттар әкімге сенімсіздік білдіріпті. Енді жақында тағы сессия шақырылады. Сол кезде көп жайттың беті ашылады» деп жүргендер баршылық. Сондықтан біз аудан әкіміне оппозициялық бағыт ұстанып жүрген депутаттың бірін тауып, әңгімеге тарттық.
«Біз аудан әкімі Бейбіт Сыздықовтың кейбір жұмыстарымен келіспейміз, – дейді мәслихат депутаты Баян Нарбекова (суретте). – Мен туралы газетке дұрыс емес мәлімет берген, төленбеген салық мөлшерін көп көрсеткендіктен қазір сотқа қатынап жүрмін. Көпшілік алдында абыройымды қорғап шығуым керек қой.
15 – 20-тамыз арасында кәсіпкерлік бағытындағы еуропалық гранттың алтын медалін алуға Парижге баруым керек еді, әкімдікпен соттасып жатқандықтан ол жаққа бара алмай қалдым. Отырарлық кәсіпкер халықаралық сыйлық алса, ол ауданға абырой емес пе? Ал бұл жақтағылар мені Парижге жіберудің орнына сол кезде сотқа шақырды.
Тағы бір жаңа оқу жылы басталды. Күн сайын таңертең мектепке асығып кетіп бара жатқан оқушыларды көргенде кімнің де болсын есіне сонау балалық шағы мен өзіне білім нәрін берген алғашқы ұстазы түсері сөзсіз. Өйткені ондай жанның орны қашанда ерекше. Сондықтан реті келгенде ең алғаш әліппені үйреткен асыл жандар жөнінде жазған ешқашан артықтық етпейді.
Біз бір сыныпта 14 оқушы едік. 1972 жылдың 1-қыркүйегінде қаздай тізіліп, қазіргі Арыс ауданының «Шағыр» орта мектебінің табалдырығын аттағанбыз. 1-сыныпта бізді Түркістан педагогикалық училищесін бітіріп келген Гүлзия Байбақова есімді апайымыз оқытты. Содан бері, міне, 38 жыл зымырап өте шығыпты. Алайда Гүлзия апайымыз есімізден шыққан емес. Жақында Мақтаарал ауданында іссапарда болғанымызда ол кісінің үйіне арнайы барып қайттық. Осы жолы кең дастархан үстінде талай қызықты әңгімелер айтылды. Сонау балалық шақтағы қылықтарымызды күліп еске алдық.
«Ол кез шынында да қызық еді ғой, – дейді Гүлзия апай. – Қазіргідей емес, алғашқы кезде кейбір оқушылардың мектепке бармаймын деп бақырып жылағаны есімде. Бір айдай осылай болды да, кейін олар бірте-бірте үйреніп кетті. Оқушыларым зерек оқыды. Барлығы сабаққа, сондай-ақ тазалыққа мән беріп өсті. Тазалық демекші, ол кезде жас кезім, анау-мынауды елей бермейтінмін. Бірде бір оқушының киімі сәл кірлегенін ескертемін деп сөз естігенмін. Қыздың анасы сенің онда не жұмысың бар деп ұрысқаны есімде.
Тауда төрт күн өрт болып, төңірегін тып-типыл етті
Таяуда Бәйдібек ауданының Борлысай ауыл окугіндегі Сүңгі тауында төрт күнге созылған алапат өрт болды. Бұл жөнінде естігесін аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы Нұрлан Оразымбетовпен хабарласқан едік.
Н.Оразымбетовтың айтуына қарағанда, жайлаудан өрт шыққаны туралы хабар түсе салысымен сол округке қарайтын «пожарниктер» іске кіріскен. Облыс орталығынан көмек шақыртылған. Сөйтіп, жалпы 265 адам өртпен күреске қатысқан. Дегенмен
Өткен сәрсенбіде Шымкенттің қақ ортасындағы Республика даңғылында орналасқан 9 қабатты ғимараттың алды ығы-жығы адамдарға толып кетті. Осы ғимараттың жоғарғы қабатынан бір әйел өз-өзін төмен тастаған болатын.
«Біз осы жерде тұрғанбыз, – дейді оқиғаға куә болған бір азаматша. – Кенет ғимараттың алдындағы бастырманың үстіне бірдеңе гүрс етіп түсті де, сосын жерге құлады. Сыртқа жүгіріп шықсақ, бір әйел жерде ес-түссіз жатыр екен. Байғұстың сау-тамтығы қалмаған. Жатқан жері қанға боялып үлгеріпті. Бастырмаға да нұқсан келген. Кешікпей ол жерге «жедел жәрдем» көлігі келіп жетті. Одан түскен медицина қызметкерлерінің бірі марқұмның сөмкесінен қалта телефонын алды да, «набранныйды» тексеріп көрді. Сосын әйелдің ең соңғы сөйлескен адамына: «Сіз мына мекен-жайға келіңіз. Әпкеңіз ауырып қалды», – деді. Содан 5-10 минут өтер-өтпесте анадайдан бір жігіт жүгіріп келе жатты. Ол жиналғандарды көрді де: «Ойбай, не болды?! Ақыры кеткенің бе? Екі балаңды кімге тастап кеттің?!» – деп өкіріп қоя берді.
Дәл осы кезде жергілікті телеарналардың бірінен тілшілер сау етіп жетіп келді. Олар дереу бейнекамераларын қолдарына алып енді түсіруге кірісе бергенде әлгі азамат оларды балағаттап қуып шықты. Оқиғаның барысы қауіпті сипат ала бастағандықтан ол жерге «спецназдарды» шақыруға тура келді. Кейіннен Абай аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері қаза болған азаматшаны «Газельмен» алып кетті».
Редакциямызға Мақтаарал ауданынан хат келді. Бір топ көпбалалы ана өздерінің жанайқайын газет бетінде жариялауымызды өтініпті. Хат мәтіні мынадай:
«Біздер, Мақтаарал ауданындағы Асықата кентінің бір топ тұрғындары 2009-жылдың желтоқсаны мен 2010 жылдың қаңтарында алтын және күміс алқа үшін тиісті құжаттарды жергілікті әкімдікке тапсырғанбыз.
Еліміздегі жұртшылық көп баратын тарихи ескерткіштердің бірі Арыстанбаб кесенесі екені белгілі. Өткен аптада Отырар ауданына барғанымызда жергілікті жұртшылықтың аузынан сол кесененің қабырғалары жарыла бастады дегенді естідік. Ғасырлар бойы сақталып келген тарихи ескерткішке төнген қауіпті алғашқылардың бірі болып айтып жүрген «Отырар» мұражайының бұрынғы директоры, тарих ғылымдарының докторы Мұхтар Қожамен (суретте) хабарласып, кесененің мұндай жағдайға түсуіне не себеп болғанын сұрадық.
«Кесенеде бұрыннан жарықтар бар еді, оларды өлшеп, «маяк» қоятынбыз, – дейді Мұхтар Бақадырұлы. – Бірақ соңғы кезде онда бұдан төрт-бес жыл бұрын байқалмаған жарықтар пайда бола бастады. Демек, онда қандай да бір өзгерістер жүріп жатыр. Мамандар соның неден болғанын анықтауы керек.
Дегенмен бірнеше жорамал бар. Соңғы уақытта кесененің төңірегіне ағаштар отырғызылып, раушан гүлдері егіле бастады. Көгалдандыру үшін бұл қазір дұрыс шығар, бірақ оның ескерткіштің ұзақ сақталуына зиянын тигізері анық. Себебі гүлдер суды көп қажет етеді. Отырарда онсыз да жерасты суы жақын. Су арқылы тұз жер бетіне шығады. Ал тұздың кез келген нәрсені бүлдіретінін білеміз. Сондықтан да кезінде марқұм Өзбекәлі Жәнібек ағамыз Арыстанбаб пен Йассауи кесенелеріне жақын жерге егіс егуге болмайтынын талай айтқан. Сол кісінің айтқандарын естен шығармағанымыз абзал.
Жуырда редакциямызға егде жастағы ер кісі келді. Үстіндегі киімі тап-тұйнақтай, бірақ жүзі жүдеу. Өзінің толық аты-жөнін айтты. Белгілі себептермен оны жария етпеуімізді сұрады. Ол кісі бұрын Ташкент облысында бір басқарманы басқарған көрінеді. Қазақстанға көшіп келгелі жолы болмай, көп қиындық көріп жүр екен. Таныстары оған көпшіліктен газет арқылы көмек сұрауға кеңес беріпті. Содан соң үміт артып редакциямызға келгенін айтады. Ол бізден өзінің басындағы ауыр хал туралы мақала жариялауымызды өтінді. Біз оның өтінішін орындап отырмыз.
«Мен Өзбекстанның Шыршық қаласында тұрған едім, – дейді ол кісі.
Осыдан 9 жыл бұрын Жетісай қаласының тұрғыны Бақтияр Сәтбаевтың жұбайы Гүлжаһан бірден төрт сәби босанған болатын. Солар биылқаладағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің 4-сыныбына оқуға барды. Біз жаңа оқу жылы қарсаңында Сәтбаевтардың шаңырағында болып, бұл балалардың жағдайларымен танысып қайттық.
«Аяғым ауырлай бастаған кезде орталық ауруханаға барып тексерілгенмін, – дейді балалардың анасы Гүлжаһан Омарова. – Гинеколог-дәрігер Мақпал Құлжанова осы жолы маған Шымкентке бару қажеттігін айтты. Себебі «УЗИ» аппараты ішімде үш-төрт баланың жатқанын көрсетіпті. Содан Шымкентке бардым. Ондағы дәрігерлер де құрсақтағы шараналарды аппаратпен анықтап, мені сол күннен бастап ерекше күтімге алды. Ол жақта босанғанша ем-дом алдым. Тууға жақындағанда тіпті жүріп-тұруым қиынға айналды. Сөйтіп, 7-мамыр күні дәрігерлер мені «кесарь тілігі» әдісімен босандырып алды. Өмірге төрт сәбиді бірден әкелгенімді естігенімде алғаш қатты қуандым. Бір ұл, үш қыз туыппын. Аяғым ауыр кезімде шіркін ұл тусам екен деп армандайтынмын. Ол тілегім орындалды».
Отырар ауданының Темір ауылындағы халыққа қызмет көрсетіп тұрған су жинағыш мұнара Мәдени мұра бағдарламасы бойынша тарихи ескерткіштер санатына қосылуы мүмкін. Ондаған жылдардан бері халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан «башняның» құжаттары дайындалып, таяуда тиісті орындарға жіберіліпті. Ал оның құрылысындағы кереметтер жөнінде ауыл тұрғындары арасында айтылып жүрген әңгіме көп.
«Бұл мұнараның құрылыс жұмыстары нақты қай жылы аяқталғанын ешкім білмейді, – дейді ауыл тұрғыны Іңкәрбек Тастанбек (суретте). – Жалпы, теміржол құрылысы 1885-ші жылы басталып, ол пайдалануға 1904-ші жылы беріліпті. Ол кезде «Ташкент – Орынбор» жолы деп аталған. Ал жұмысшылар үшін су керек болатыны белгілі, сондықтан бірінші мұнараның құрылысы басталған шығар. Ендеше, мұның жасы кемінде 125-те болады. Содан бері мұнара Темір ауылының тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетіп келді. Қазір халық саны көбейгендіктен бұл теміржол төңірегіндегі үйлерге ғана су беруде. Сыйымдылығы 40 тонналық бөшке жоғарыға орнатылған. Төменде қызметшілер жүреді. Құрылысқа Ресейден келген білікті мамандар басшылық жасап, жұмыстың барлығын жергілікті тұрғындар атқарған екен. Көп жылдан бері жөндеу көрмегендіктен сыртынан қоршаған ағаштардың бояуы кете бастады. Егер Мәдени мұра бағдарламасына енсе, бұған деген көзқарас та басқаша болатын шығар».
Күздің алғашқы айынан Қазақстанның, Ресейдің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жүрген өзбек, қырғыз, тәжік азаматтары өз елдеріне орала бастайды. Өйткені бұл уақытта кейбір аймақтарда құрылыс жұмыстары саябырсиды.
Жақында бір танысымыздың үйінде Икрам Ауданов деген азаматпен (суретте) танысып қалдық. Ол Ресейдің Новосибирск қаласына жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүргізушісі екен. Кезекті сапардан келгеніне көп уақыт бола қоймапты.
«Бұл жұмысты 2005-жылдан бері істеп келемін, – дейді ол. – Мен әрбір рейсіме 150 доллар ақы аламын. Аптасына 6 мың шақырым жол жүреміз. «Жібек жолынан» Новосибирск қаласына дейін ара қашықтық 3 мың шақырымға жуық. Біз Новосибирскіге аптасына бір мәрте қатынаймыз. Екі жарым күн жол жүреміз. «Жібек жолы» бекетінен Павлодар облысындағы «Достық» бекетіне дейін 2300 шақырым, ал Ресейдің Алтай өлкесіндегі «Құлынды» бекетінен Новосибирскіге дейін 600 шақырым. Жол ақысы – 100 доллар. Новосибирскіге бір барып қайтқанда кемі 10 мың доллар табыс табуға болады. Автобус 3 мың шақырымға 1 тонна жанармай жағады. Негізі жалпы шығынына 2 мың доллар жұмсалады.
Жолда бізді көп тоқтатады. Ресейге Қазақстан азаматтары жеке куәлікпен-ақ еш қиналмай өте береді. Ал Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтары паспортсыз өте алмайды. Олар декларация толтырады, одан бөлек кеденшілерге 4-5 мың рубль береді. Жолда тексерген МАИ қызметкерлеріне де 500-1000 рубль беріп отырады.
«Замана» газетінің маусым айындағы нөмірінде «ҰБТ: жақсы көрсеткіш үшін пәтер мен жолдама дайын» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда Отырар ауданының әкімі Бейбіт Сыздықовтың жыл қорытындысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген мектеп ұжымына – үй, ұстаздарға шетелге жолдама беруге уәде еткені жөнінде айтылған. Жаңа оқу жылы басталар күні Отырар ауданына жолымыз түскен еді, сонда тиісті қызметкерлерден осы жайдың барысы туралы сұрадық.
«Уәде орындалды, – деді аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Жалғасбек Көлбай. – Үй жақсы көрсеткішке қол жеткізген Шәмші Қалдаяқов мектебіне бұйырды. Оның кімге берілетінін мектеп ұжымы шешеді. Ал шілде айында 22 ұстаз Астанаға барып, бір апта демалып келді. Тамыз конференциясында аудан әкімі шетелге де жолдама бар екенін айтты. Мұндай ынталандыру алдағы уақыттарда да болады».
Біз бұдан кейін арнайы жолдамамен Астана қаласында бір апта болып қайтқан Жанат Әуелбекпен (суретте) хабарластық.
«Бейбіт Шалдарұлы берген уәдесін орындады, – дейді Шәмші Қалдаяқов мектебінде орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беретін Жанат Жамалбекқызы. – Жол шығынымыз бен жатар орын ақысы толықтай төленіп, біз бір апта Астананы араладық. Алған әсерлеріміз ұзақ уақыт есімізде сақталатын шығар. Тамаша жерлер көп екен, оның барлығын аралау мүмкін емес.
Келісім «Абай» қонақүйімен болғандықтан сол жерде тоқтадық. Қаланы аралап, Көкшетауға барғанымызда да қонақүйдің қызметшілері қасымызда болды. Есілде пароходпен жүздік. Бізбен бірге оқушылар да мінді. Сондықтан есте қалсын, өзіміздің Оңтүстіктен келгенімізді көрсетейік деген оймен пароходта көпшілікке арнап концерт қойдық. Отырар туралы өлеңдер оқып, ән айттық.
«Замана» газетінің маусым айындағы нөмірінде «ҰБТ: жақсы көрсеткіш үшін пәтер мен жолдама дайын» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда Отырар ауданының әкімі Бейбіт Сыздықовтың жыл қорытындысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген мектеп ұжымына – үй, ұстаздарға шетелге жолдама беруге уәде еткені жөнінде айтылған. Жаңа оқу жылы басталар күні Отырар ауданына жолымыз түскен еді, сонда тиісті қызметкерлерден осы жайдың барысы туралы сұрадық.
«Уәде орындалды, – деді аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Жалғасбек Көлбай. – Үй жақсы көрсеткішке қол жеткізген Шәмші Қалдаяқов мектебіне бұйырды. Оның кімге берілетінін мектеп ұжымы шешеді. Ал шілде айында 22 ұстаз Астанаға барып, бір апта демалып келді. Тамыз конференциясында аудан әкімі шетелге де жолдама бар екенін айтты. Мұндай ынталандыру алдағы уақыттарда да болады».
Біз бұдан кейін арнайы жолдамамен Астана қаласында бір апта болып қайтқан Жанат Әуелбекпен (суретте) хабарластық.
«Бейбіт Шалдарұлы берген уәдесін орындады, – дейді Шәмші Қалдаяқов мектебінде орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беретін Жанат Жамалбекқызы. – Жол шығынымыз бен жатар орын ақысы толықтай төленіп, біз бір апта Астананы араладық. Алған әсерлеріміз ұзақ уақыт есімізде сақталатын шығар. Тамаша жерлер көп екен, оның барлығын аралау мүмкін емес.
Келісім «Абай» қонақүйімен болғандықтан сол жерде тоқтадық. Қаланы аралап, Көкшетауға барғанымызда да қонақүйдің қызметшілері қасымызда болды. Есілде пароходпен жүздік. Бізбен бірге оқушылар да мінді. Сондықтан есте қалсын, өзіміздің Оңтүстіктен келгенімізді көрсетейік деген оймен пароходта көпшілікке арнап концерт қойдық. Отырар туралы өлеңдер оқып, ән айттық.
Бұдан біраз уақыт бұрын газетімізде Отырар ауданындағы облысымызға танымал бір әулеттің 30 жылқысы ұрланып, иелері оларды тікұшақпен іздеп жүргені туралы хабарланған болатын. Ал жуырда сол жылқыларды ұрлаған адамдар ұсталған көрінеді.
Біздің сұрауымыз бойынша редакциямызға облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мал ұрлығы жөнінде мәліметтер келіп түскен еді.
Бүгінде Шымкенттің көшелерінде қайыршылар көзге жиі шалынатын болды. Олар ораза айын жарылқаушы ай ретінде күтетіні байқалады. Қайыршылардың арасында қайыр сұрауды кәсіпке айналдырып алған жандар да бар секілді. Солардың көпшілігі көрші Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген. Бұлардың тірлігін бақылап, қайдан келдің, не істеп жүрсің деген құқық қорғау қызметкерлерін көре алмадық.
Негізінен қайыршылардың шоғырланатын жері – базар төңірегі. Біз Қырғы базардағы жерасты жолында қолына екі-үш жасар баласын құшақтап отырған әйелді (суретте) әңгімеге тарттық.
«Мен Өзбекстаннан келдім, ол жақта күн көру қиын. Жұмыс жоқ. Жұмыс істесең де жалақы ала алмайсың. Бұл жақта да бізге жұмыс бермейді. Аштан өлмес үшін осылай өткен-кеткеннен қайыр сұраймыз. Балам болса ауру, тоңып қалмас үшін түнде әр қуыстарды паналаймыз», – дейді ол.
Дегенмен сол жерде сауда жасайтындар осында бала құшақтап келетіндердің кейбірінің балаларының ешқандай ауру еместігін, кешке саудаларын жасап, өз аяқтарымен қайтатынын айтады. Тіпті сол балалар олардың өздерінікі екені де күмән тудырады деседі.
Бүгінде Шымкенттегі Қырғы базарға барып жатқан адамдар өте көп. Біреулері «банка» жабатын жеміс пен көкөніске барса, екіншілері ауызашарға керек-жарақ алады. Ал қаладағы алаяқтар осы күндерді барынша пайдаланып қалуға тырысып жүргендей.
Бұрындары Қырғы базар айналасында үстелдерін қойып жіберіп жұртқа түрлі ойын ойнататындар көбіне бірер сағат тұрып кетіп қалатын, ал қазіргі сауданың қызған уақытында ол ойындарын таңертеңнен ұйымдастыратын болған.
7 жасар бүлдіршінді қинағандардың бірі бостандықта жүр ме?
«Замананың» өткен нөмірінде «7 жасар бүлдіршінді қорлаған» деген тақырыпта мақала жарияланды. Онда шымкенттік Гүлниса Рахматуллаева деген кішкентай қыздың (суретте) әлдебір қаскүнемдердің қолынан мерт болғаны жөнінде жазылған. Мақала жарық көрген соң марқұмның анасы Зияда мен оның сіңлісі Мәлика редакцияға келді. Олардың айтуынша, қазіргі кезде Гүлнисаның өліміне себепкер болған деген күдікпен қамауға алынған Э-нің үстінен тергеу амалдары жүргізілуде екен.
«Біз осы іске байланысты алғашқыда Жанна деген қорғаушыны жалдағанбыз, – дейді марқұмның анасы Зияда Құрбанова. – Алайда оның сылбыр қимылы көңілімізге ұнамаған соң Абай Бейсеновті жалдауға тура келді. Ол кісімен әлі жөнді танысқан да жоқпыз. Ал тергеуді қазір Сәбит Мұсабеков жүргізуде. Дегенмен қазір бізге күдіктінің біреу емес, екі адам екендігі жөнінде мәлім бола бастады. Оның аты-жөні бізге белгілі. Қазір ол бостандықта жүр».
Зияда Құрбанова жалғыз қызын айуандықпен өлтірген қылмыскерлер тезірек анықталып, тиісті жазаларын алса екен дейді. Ол осы мақсатта республиканың Бас прокуроры Қайрат Мәмиге, басқа да көптеген құзырлы органдарға хат жолдапты. Хатта болған оқиғаны бүге-шігесіне дейін жазып көрсеткен.
Өткен аптаның сәрсенбісінде Ордабасы ауданының Берген ауылында тосын оқиға орын алды. Осы күні ауылдың маңынан өтетін Арыс өзенінде суға шомылмақ болған екі жігіт қайғылы жағдайға душар болған. Оқиға орнына сүңгуірлерді бастап барған облыстық суда құтқару мекемесінің арнайы жасақ бастығы Орынбасар Төртбаевтың (суретте) айтуынша, марқұм болғандар Қазығұрт ауданына қарасты «Шанақ» елді мекенінің тұрғындары екен.
«Бізге қазаға ұшырағандардың аты-жөндері белгілі болды, – дейді О.Төртбаев. – Олар 23 жастағы Алдияр Садырбаев және 19-дағы Ергенбай Наурызбаев деген азаматтар. Екеуі Бергенге жоңышқа оруға барыпты. Түскі сағат бір жарымның шамасында күн қатты ысығандықтан олар сол маңдағы көпірдің астында суға түсіп салқындауды ойлаған. Бірақ суға түскен екі жігітті иірім тартып кеткен. Біздіңше, екеуі де жүзе алмайтын сияқты.
Бүгінде ел арасында қауын мен дарбыздан уланып жатқандар да жоқ емес. Жақында Шымкент қаласында лауазымды бір кісінің алты жасар қызы дарбыздан уланып қайтыс болды деген әңгіме тарады.
Ал кешегі жұмада көршіміз Айсұлу мен оның бес жасар ұлы Сұлтанбектің дарбыздан уланып, бір өлімнен қалғандарын естіп, үйіне көңілін сұрауға бардық.
«Бұл жағдай демалыс күні болды, – дейді Айсұлу. – Кешқұрым дарбыздың бір бетін балам екеуміз жақсылап жегенбіз. Арада жарты сағат өтер-өтпес уақытта жүрегім айнып, мазам кете бастады. Аяқ-қолдарымнан әл кетіп, ішім қатты бүріп ауырды. Мен осылай әбіржіп жүргенімде балам да басының қатты ауырып жатқанын айтып жылады. Содан жағдайымыз тегін еместігін біліп, үйге «жедел жәрдем» шақырдым».
Айсұлу мен ұлын дәрігерлер тексеріп, «марганцовкамен» бірнеше рет асқазанын тазалап, дәрі-дәрмектерін беріпті.
Біз бұдан кейін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына хабарласып, мұндай оқиғалар жиі болып тұра ма деп сұрадық. (Естуімізше, биылдыққа осындай жеті-сегіз оқиға болған көрінеді).
Жақында базарда Динара есімді танысымызбен кездейсоқ жолығып қалдық. Балаларының мектепке керек-жарағын алып жүрген беті екен. Біздің көріспегенімізге көп болып еді. Амандық-саулықтан соң базар ішіндегі шағын ғана дәмханаға кіріп, өткен-кеткенді айтып біршама уақыт отырдық. Динара әңгіме арасында өзінің үшінші мәрте тұрмысқа шыққанын айтты. Оның бұл жолғы тұрмыс құруы адам таңданарлық жағдайда болған екен.
Алып қашып кеткен еді
Динараны бала кезімізден білетін едік. Өзі аса сұлу болмаса да сүйкімді қыз еді. Бір жағынан ол пысық әрі көпшіл, ақкөңіл, аңқылдап қалған қыз болатын. Осы қасиеттері адамды өзіне еріксіз тартып тұратын.
Ол мектепте өте жақсы оқыған. Бірақ университетке оқуға түсе алмай қалды. Оны мектеп бітірген жылы өзінен үш жас үлкен Асанәлі деген жігіт алып қашты. Қарсылық білдіріп, қанша туласа да әйелдер Динараны сол отбасыда қалуға ақыры көндіреді. Оның түскен отбасы бақуат тұратын. Жігіт те жаман болмай шығады. Алғашқыда бәрі жақсы еді, бірақ көп кешікпей күйеуі үйіне ішіп келуді жиілетіпті. Ақырында Динараға тыныштық бермей, қол жұмсай бастайды.
Күздің алғашқы айында Шымкентте пәтер жалдаушылардың қатары көбейеді. Өйткені бұл уақытта жазғы демалысқа кеткен студенттер мен жұмыс істейтін адамдар қалаға қайта оралады. Осы кезде пәтер ақысы да күрт қымбаттап, пәтер табу да қиындай түседі. Осы орайда, біз қаладағы бір жылжымайтын мүлік агенттігіне кіріп, жалға берілетін пәтерлердің бағасы туралы мәліметтер сұрастырған едік.
Өзін Динара деп таныстырған қызметкер екі аптадан бері жалға пәтер іздеушілердің саны көбейгенін, сондықтан жалға берілетін пәтерлер қат болып тұрғанын айтты.
«Жалға берілетін пәтерлердің бағасы осыдан бір ай бұрынғы бағамен салыстырғанда 5-10 мың теңгеге қымбаттап кетті, – дейді ол. – Жаздың басында бір бөлмелі пәтерлерді 15 – 20 мың теңгеге оңай табуға болатын еді, ал қазір 25 мың теңгеге бір бөлмелі пәтер табыла қоюы екіталай. Ал екі бөлмелі пәтерлер ақысы 30 мың теңгеден кем болмай тұр. 3-4 бөлмелі пәтерлерді адамдар жалға ала бермейді. Себебі қыста олардың жылу, газ, су, жарық ақысын төлеу оңай емес. Жоқ дегенде оған айына 10 мың теңге төлеуің керек. Сондықтан 3-4 бөлмелі пәтерлерді 30-35 мың теңгеге оңай табуға болады».
Биыл қауын мен дарбыз былтырғыға қарағанда ерте пісті, қымбаттығымен ерекшеленді. Осыған қарап жұрт диқандарды пайдаға белшесінен батып жатыр деп ойлауы да мүмкін. Ал шындығында олардың көпшілігі дарбыз егуге кеткен шығындарын ақтай алмай жататын көрінеді. Бізге бұл туралы біраз жылдан бері диқаншылықпен айналысып жүрген шардаралық Еркеқара Нұрпейісов (суретте)айтып берді.
«Біздің Ұзыната ауылында адамдардың көбі егін егіп күн көріп отыр, – дейді диқан. – Кеңес үкіметі кезінде ауыл күріш егумен айналысқан. Бертін келе мақта, қауын-дарбыз егуге машықтанып алды. Әркімнің өздеріне тиесілі егістік жері бар. Мәселен, бізге 13 гектарға жуық жер телімі тиесілі. Оған мемлекетке жыл сайын 25 мың теңге шамасында салық төлейміз. Жеріміз құр жатпай, өз шығынын өтесін деп жыл сайын қауын-дарбыз, мақта егеміз. Оның еңбегінен бөлек суына, дәрісіне көп шығын кетеді. Биыл біз 13 гектар жердің 1,5 гектарына дарбыз, 2,5 гектарына қауын, ал қалған аумағына мақта еккенбіз. Дарбыз жақсы өнім беріп еді, бірақ әрқайсысы 20 мың теңге болатын екі «ГАЗель» өнім сатқаннан басқа ешқандай пайда көрмедік. Қалғаны егіндікте шіріп жатыр. 1,5 гектар жердегі дарбызды енді амал жоқ малға азық ретінде береміз. Әзірге ауыл адамдарына тегін таратып отырған жайымыз бар. Ал 2,5 гектар жерге егілген қауынды алыпсатарлар дәу деп алмай жатыр. Биыл «жұлдыз» деген қауын егіп едік. Мұндай қауынды алушылар көбіне Ресейге әкетеді. Өйткені оның қабығы қалың әрі жолға шыдамды. Ал «гуляб», ақ қауын, кемпірқауын, басыбалы қауын дегендер алысқа алып кетуге шыдамайды, тек өзімізде ғана сатылады. Сондықтан диқандар оларды аз егеді.
Биылғы жылдың 2-ші ақпанында «Заманада» «Суық үйде шақалақ шырылдайды...» деген тақырыппен мақала жарияланған болатын. Онда Гүлбану Тұрғынбекова есімді жүйке ауруына ұшыраған әйелдің қыстың күні жыртық кебіспен, қасындағы немересінің тәпішкемен жүргені, оның балаларымен, немерелерімен жылуы, газы, электр энергиясы жоқ пәтерді жалдап тұрып жатқаны туралы айтылған еді.
Таяуда біз Гүлбанудың отбасының бүгінгі ахуалын біліп қайттық.
Мекемеде Конституция күніне арнап қабырға газеттері шығарылды. Спорттың теннис, шахмат, дойбы, нарды, волейбол ойындарынан жарыстар өткізілді. Жарыста бірінші, екінші, үшінші орын алғандар марапатталды. Көркемөнерпаздар конкурсының жеңімпаздары, жазасын өтеуші А.Рахымбаев домбырадан, Т.Юсупов гитарамен өнер көрсетіп, құнды сыйлықтармен марапатталды. Волейболдан бірінші орын алған 8-жасақтың командасына сыйлық ретінде «Тефаль» шай қыздырғышы, үлкен қабырға сағаты берілді.
Шахмат ойынынан бірінші орынды А.Балабаев, теннистен Ж.Мыңбаев, дойбыдан Ю.Курушбаев, түрнекке тартылудан В.Урахаев алды. Оларға түрлі сыйлықтар тапсырылды.
Көрмеген болсаңыз, оны көруге сізде мүмкіндік бар!
Ал сіз иесіз иттерді қалай аулайтынын, өлген иттерді қайда апарып тастайтынын білесіз бе?
Әрине, оны білу де өзінше бір қызық.
Көшеде ән салып күн көретін адамның өмірінен хабарыңыз бар ма?
Ал көзі мүлде көрмейтін зағип жанның кәдімгідей қой сойып, жиһаз жөндегенін естіп пе едіңіз?
Міне, бұл айтылғандардың бәрін де естіп қана қоймай, сіз өз көзіңізбен көре де аласыз.
Мұның бәрі «Замана-фильм» студиясы түсірген заманауи бейнебаяндарда қаз-қалпында көрсетіледі.
Қазір барлық жерде сатылып жатқан «Замананың» №2-ші дискісінде жоғарыда аталған тақырыптармен бірге басқа да қызықты әрі тың мазмұндағы он түрлі фильм топтастырылған.
Ол фильмдердің бәрі де өмірдің өзінен алынған, оқиға ортасынан түсірілген. Сөз жоқ, оны көрген адамдардың өмірге көзі ашыла түседі, ойына ой қосылады, ең бастысы, алуан түрлі ақпарат алады.
Ендеше, «Замана-фильмнің» заманауи бейнебаяндарын көруге асығыңыздар!
«Замананың» бұл дискілерін Қазақстанның барлық жеріндегі газет сатушылардан сұрауларыңызға болады.
Әрбір дискінің босатылу бағасы – 150 теңге. Оның қолда сатылу бағасын 200 теңгеден асырмауды сұраймыз.
Жұлдызнама
(06.09 - 12.09)
Тоқты (21.03-20.04)
Бұл аптада жұмысыңыз көбеюі мүмкін. Уақытты тиімді пайдалансаңыз, біраз шаруаны еңсересіз.
Торпақ (21.04-21.05)
Ойға алған істеріңіз рет-ретімен шешімін таппақ. Жағымды жаңалықтар мол болғалы тұр.
Егіздер (22.05-21.06)
Жұртпен аралас-құраласыңыз арта түседі. Сәрсенбіде бір маңызды мәселеңіз шешімін таппақ.
Шаян (22.06-23.07)
Отбасылық шаруалармен көбірек айналысасыз. Сізге бауырларыңыздың көмегі тиюі мүмкін.
Арыстан (24.07-23.08)
Көптен бері мазалап жүрген мәселе сіздің пайдаңызға шешілмек. Сейсенбіден қуаныш күтсеңіз болады.
Бикеш (24.08-23.09)
Жолыңыз ашық, көңіліңіз көтеріңкі болады. Бір жақсы адаммен одақ құруыңыз ықтимал.
Таразы (24.09-23.10)
Қолыңыздан не келетінін көрсетуге қолайлы апта. Сәрсенбіде мақтау сөз естуіңіз мүмкін.
Сарышаян (24.10-22.11)
Сізге аптаның алғашқы жартысы қолайлы болмақ. Негізгі істерді осы күндері қолға алғайсыз.
Мерген (23.11-21.12)
Жақсы қасиеттеріңіз жарқырай көрінеді. Өзіңізге сеніміңіз артып, ізгі істерге құлшына түсесіз.
Тауешкі (22.12-20.01)
Шаруаларыңыз жүйеленіп, тың іске аңсарыңыз ауады. Жаныңызға жақын ортада жиірек боласыз.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жұмысыңыз бір қалыпты жүреді. Бұл аптада бойыңызда ерекше жігер пайда болуы мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Бастаған ісіңізді жеріне жеткізіп, көңіл демдейсіз. Жұмадан жағымды жаңалық күтіңіз.
Біздің газеттер
Құлағыңыз түрік жүрсін
Ауырмаудың жолы бар
Алда жаңбырлы күндермен қатар тұмау сынды қауіпті вирус маусымы келе жатыр. Бұл кезде көпшілік тұмауратпаудың амалдарын қарастыра бастайды. Жеке тәжірибеңіздегі сол тәсілдердің ішінде қарапайым, оңай әрі сенімді амалдардың да жүргені жақсы ғой. Ал ол қандай амал? Оны «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар.
«Ауырмаңыз!» газетінен сондай-ақ әрбір шаңыраққа қажетті мынадай пайдалы ақпараттарды алуға болады:
* Бір айда барлық аурудан айықтыра алатын дәрігер.
* Қобыз арқылы сырқатынан сауықтырған.
* Қатерлі ісік неден пайда болады?
* Кезек айы деген не?
* Алаяқ дәрігерлер арамызда жүр.
* Ұзақ өмір сүруге болады екен.
* Әжімді кетіретін дәрі жасап шығарыпты.
* Борсық майын қалай таңдау керек?
* Лямблиоз деген қандай құрт?
* Иммунитетті қалай көтеруге болады?
* Бүйректегі құмды су арқылы алады.
«Ауырмаңыз!» газетінде бұдан басқа да қызықты мақалалар көп.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
"Шартарап" арқылы әлемді шарлайсыз
«Замана» газетінің қосымшасы – «Шартарап» басылымының жаңа нөмірі оқырманға жол тартты. Газеттің бұл нөмірінен әлемдегі ең қызықты оқиғалар туралы оқи аласыз.
...Өткен шілде айының соңы Ресей үшін аса жайсыз қалыптасқаны белгілі. Онда мыңдаған гектар жерді алған орман өрттері болып, халықты қатты әбіржітті. Ал осы өрттің шығу себебі неде?
...Елімізде шетел асып жұмыс істеп жатқандар қатары көп. Солардың кейбірінің тасы өрге домалап, үйлеріне жақсы табыспен оралса, енді біреулері елге аман-есен жеткеніне тәубе етіп жатады. Ал жұмыс іздеп барып, жат елдікке бала болып қалған жан туралы естуіңіз бар ма?
...Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Карлос Слим байлығының жартысын қайырымдылық қорына беруден бас тартыпты. Олай етуіне не себеп болды екен?
...Өнерімен көрерменді өзіне тәнті еткен атақты кино жұлдызы асқа құрт-құмырсқа жейді екен. Ал оның пайдасы қандай?
Осы және басқа да қызықты тақырыптағы мақалаларды «Шартараптың» жаңа нөмірінен оқи аласыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
"Сәуегейде" қандай болжамдар бар?
* Теңгенің құны көтеріле ме?
* Алдағы қыс қандай болады?
* Тек қана әйелдерді емдейді.
* Тұмар мен тәспі қатерден қорғай ма?
* 2029-жылы адамзатты не күтіп тұр?
* Қытайда апаттар неліктен көбейді?
* Украина мемлекеті жойыла ма?
* Сегізаяқ тағы да сәуегейлік жасады.
Осындай тақырыптағы мақалаларды сіздер «Замананың» қосымшасы – «Сәуегей» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Басылымның жаңа нөмірінде бұдан басқа да қызықты болжамдар, жұлдыз-жорамалдар молынан жарияланып отыр.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!
«... Өзге біреумен кездесіп тұрады деп әйелінен күдіктенетін Мұхит Зарифаның өзінің қызы екеніне сенбейді. Сол себепті сотқа әкеліктен бас тарту туралы арыз тастаған болатын. Олардың қан құрамдарын 15 түрлі тексеруден өткізген генетикалық сараптама күтпеген қорытынды шығарыпты».
Туған қызынан бас тартқан шымкенттік азаматтың соты жайлы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Заңнама» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен оқи аласыздар.
«Заңнамада» бұдан басқа мынадай тақырыптағы мақалалар жарияланған:
* Кафеде төбелес шығарған қай әкім?
* Шымкентте қанша нашақор бар?
* Қыз сатуды кәсіп еткен екен...
* Прокурорды «қораға» кіргізбек болды.
* Сатып алған үйіңіздің қарызы көп болса не істеу керек?
«Заңнамада» оқырманның құқықтық сауатын арттыратын бұдан басқа да мақалалар молынан жарияланған.